Азақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы. 5 страница

Социализм тұсында теріс бағытта белең алған (үлкенді, ата-ананы сыйламау, алауыздылық, қызғаншақтық, күншілдік, бақталастық, арызқойлық, рушылдық, дүниеқоңыздық, енжарлық, ішімдікке құмарлық, неке бұзарлық т.б) әр түрлі келеңсіз қасиеттердің пайда болу себептері мен олардың қайткен күнде арылуға болатындығы жайлы ізденістерді жүргізу де осы Ұлттық тәлім-тәрбие қауымдастығы жүргізіп жатқан зерттеулердің бір тобы. Жоғарыда аталған ұлттық сананың түрлі көріністерінің бесіктен қалыптасатындығына орай ғылыми ұжым өз жұмысында сәбилер мен бөбектердің, балдырғандар мен жасөспірімдердің үйде де , түзде де, мектеп жағдайында қалайша дамып, қалыптасып отыратындығына ерекше көңіл бөлмекші. Имандылық, инабаттылық, мейірімділік секілді қазақ этносына ерекше тән қасиеттердің түп-төркіні, ілкі бастаулары қалайша шешек атып, өркен жаятындықтарын танып білу, осыған орай эксперименттік зерттеулер ұйымдастыру, кейіннен бұларды, ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне айналдыру мәселесі де қауымдастық айналысатын проблемалардың қатарына жатады. Қоғамдық негізде құрылған ғылыми практикалық ассоциация (ол шағын кәсіпорын статусын иеленбейді) қаладағы ұлтжанды қазақ зиялыларының ынтымақтасуымен бір сыдырғы іс тындырды деп айта аламыз. Мәселен, ол соңғы бірер жыл ішінде орта, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарына жалпы саны 20 астам этнопедагогика мен этнопсихология дәрістік бағдарламалары («Салт-дәстүр психологиясы», «Этнос психологиясы», «Отбасы және тіл психологиясы», т.б) бірнеше оқу құралдары мен жинақтар құрастырып (екі томдық «Қазақ тәлімінің тарихы», «Қазақтың тәлімдік ой пікірантологиясы» т.б) баспаға ұсынды. Қауымдастық ұлттық тәлім-тәрбие мәселелеріне бағышталған ғылыми-тәжірибелік конференцияның ( Білім министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясының философия институты, Алматы облыстық білім басқармасымен бірлесіп ) үш рет өтуіне мұрындық болды. Ассоциациясы мүшелері жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арнап «Әдеп және жантану» (таралымы 100 мың дана) оқу құралын құрастырды.Қазір олар бастауыш сыныпқа арналған «Әдеп әліппесі», ортаңғы сынып шәкірттері үшін «Әдеп негіздері»атты оқу құралын жазу үстунде.

Қауымдастық алдағы жерде де еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың мақсат мүддесін, жақсы болашаққа деген заңды ұмтылысын, оның мәдениет, ғылым-білім салт-дәстүр, әдет ғұрып, дін, тағы басқа да салаларында ғасырлар бойы жинап терген небір асылдарын барынша қолдап, осылардың өркен жая түсуіне бар қажыр-қайратын жұмсайтын болады.

Президентіміз Н.Назарбаевтың жуырда жарық көрген «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде қазақ ұлтының біріктіруші ролі, әсіресе, азаматтардың қазақстандық патриотизмін тәрбиелеу жөнінде жақсы айтылған. Бұл түйіндердің халқымызға үлкен міндет артатыны хақ. Олай болса, біздер мінез-құлқымыздағы, тыныс-тіршілігіміздегі көлеңкелі көріністерді бет бетіне жібере бермей, ұлт болашағы мен абыройына иненің жасуындай болса да көмек тигізетін саңлау тетіктерді іздестіргеніміз. Осы айтылған шағын ұжымды демеп, жебеп, әр жерден оның үлкенді кішілі ұяларын ашуға қол ұшын берсек, нұр үстіне нұр болар еді

24-лекция.Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастың психологиясы.Топаралық және тұлғааралық қарым-қатынастар

Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениет және тіл белглері, мінез-құлық, қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және бақа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халқтық өнер, әдет-ғұріп, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компоненттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі – мәдени құндылықтар.

Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұріп, мәдениет, т.б. бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгілі этникалық мәдениетті құрады. Әдеттте этнос территориялық және экономикалық бірлік негізнде құралады. Қазіргі ұлттар – дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халықтық этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.

Қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дай-дамайлы

Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдары:

«Мен» - «Басқа» жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.

1. «Топ» - «Мен» жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену – даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.

2. «Мен» - «Топ». Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі – адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.

Қарым-қатынас психологиясы адамдармен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.

Қарым-қатынас психологиясының маңызы зор. Адам өмірін қарым-қатынассыз, арақатынассыз, топішінде және топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиынҚандай бір қайшылықтар мен қиыншылықтар болмасын, Қазақстандағы мекендеген халықтар өзара достықта өмі сүрді. Бір-бірімен қароым-қатнастары тығыз болды, өзара достық қалыптасты. Қазақ халқы республикаға келген басқа халықтарға кең пейілдік білдіріп, көмек көрсетті. Қазіргі азаматтық татулықтың негізі қаланды. Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ – ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың трақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері, территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдік, хандық-сұлтандық сияқты толып жатиқан ұсақ феодалдық қуымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады. Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт-капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б.талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Еуразияның екі аймағының - Орта Азия мен Сібірдің арасында орналасқан ірі мемлекеттің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ халқының алыптасуына негіз болған этногенетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірден басталады. Қазақ хақын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегінде біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түрегеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т.б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде XY-XYII ғасырларда оның қазіргі ұлттық аймағы қалыптасты. Қандай қиыншылықтар мен шапқыншылықтар болса да, қазақтар өз тілін, туып-өскен ждерін сақтап қалды, этностық компоненттерді дамыта түсті.

 

25-лекция.Тақырыбы:Этностық ұқсастықтың қалыптасу кезеңдері.

Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектлері. Урбанизация, оның тұлғаның этнопсихологиялық келбетін қалыптастырудағы әсері. Әр түрлі этникалық топтардың (оқушы, студент, жұмысшы, шаруа, зиялы және т.б) жас ерекшелік, жыныстық, кәсіптік, антропалогиялық жақтарына байланысты ерекшеліктері, мұның кәдуілгі санадан орын алып отыратындығы. Этникалық генофонд туралы түсінік.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жағандандану (глобализация) үрдісі жүріп жатыр. Оның екі жағы бар екні белгілі. Бірі - әлемдік экономикалық интеграция болса, екіншісі- рухани бірігуге бет алу. Біріншісі- біздің өмірімізге әлдеқашан енгені мәлім. Бұл обьективтік құбылыс. Оған қарсы тұруға ешқандай шара жоқ. Ал, елдігімізді, өз рухымыз бен мәдениетімізді жағандануға жұтқызуды қолға алмасақ, бұдан зор зардап шегетінімізді ештен шығаруға болмайды. Боған тосқауыл жасамасақ, бара –бара дербес ұлт болудан қаларымыз хақ. Мемлекттік тіліміз бен ұлттық тәлім –тәрбиеміздің жөнді өріс ала алмай отырғаны да осы жағандандыру үрдісінің қырсығы. Сондықтан да 300 жылдай құлдық психологияның шырмауына мықтап шалынған қазақ халқы осы мәселенің төрірегінде тек ойланып, толғанып сөз қосып қана қоймай, нақты іс-шараларды жүзеге асыруы қажеит. Ол үшін әрбір жергілікті ұлтжандылар өз қызметі саласында қолдан келген тіршілігн жасауы тиіс.

Ұлтаралық қатынастар мәдиеті-кең ұғым. Ол біріншіден, адамдардың айналадағы болып жатқан процестерге жалпы азаматтық позициядан ғылыми түсінік пен баға беруін белгілейді. Екіншіден, әрбір жеке адамның бойында адамгершілік қасиетін, халықтардың достық сезімін қалыпиасиыруды реттейді.

Ұлтардың дамуында экономикалық базаның жетілуі негізгі рөл атқарады. Еліміздегі әлеуметтік –экономикалық дамудың қайта құрылу стратегиясында көптнген кемшіліктердің жойылуын төлеп етіп отыр. Еңбек бөлінісінің обьективті құрылмауы, табиғат қорларының тиімді пайдалануы, шикі зат ара салмағының дұрыс жүзеге аспауы сияқты, факторлар республикамызда шаруашылық есепті жаппай өндіруді мен өзін-өзі қаржыландыруға көшуге түсеу болуда.

Алайда өзін-өзі басқарудың көптеген бағыттарын және республиканың экономикасын кешенді дамытудағы ықпалы арттырудың, қоғамдық өндірістің озық құрылымын қалыптастырудың көптеген мәселелері шешімін күтіп тұр. Бұл қағидаларда ең алдымен Қазақстан экономикасының шикізат өндіру бағытының басымдығына байланысты әлеуметтік жағдайдың, экологиялық күйдің нашарлауынан туатын ерекшіліктер баса көрсетілген.

Республиканың өзін -өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруға дәл бүгінгідей экономикамен көше қалған күнде салалар арасындағы сәйкессіздік, әлеуметтік және экологиялық мәселелер өзінен-өзі жойыла қоймаса анық. Ендеше, материалдық өндіріс базасын дамытудың аймақтық факторларын, шаруашылық есеп мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланып, нарық экономиканың негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығы мен республика арасындағы қарым қатынасты реттеу, кәсіпорындарды сол аймақ мәселелерін шешуге белсендірек қатыстыру –бүгінгі күннің көлемі міндетті.

Нарықтық қатынастардың қарсаңында республиканың экономикалық қиыншылықтарға неліктен тап болғанын, барынша айқындап алуымыз керек. Бірінші, мұның басты екі себебі бар: олар-шикізат өндіруге бағытталып отырған экономикамыздың құрлымыздың мөшеулігі мен шикізат пен жартылай өнімдерге дұрыс баға белгілеудегі кемшіліктер. Байлығы үшін- теңіз аса қуатты республика, міне осы факторлардың салдарынан әлеуметтік даму мәселелерін өз қаражатымен шеше алмайтын дәрмессіз күйге түсті. Бұл сәйкессіздік негізінен одақтық ведомостардың төр ұғымдағы салалық мүдделері мен өктемділігінен болғаны анық.

 

 

26-лекция.Тақырыбы:Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың мехаиизмдері.

Біз жоғарыда негізгі этностық белгілер ретінде тіл, халқтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, дағды т.б. атап көрсеттік. Осылар арқылы бір халық екіншілерінен ажыратылады. Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады, ұлттың негізгі белгілері баии түседі. Бұл құндылықтардың көпшілігі бұзылды, орыстандырылды. Ұлттық өнерді, киімдерді, үй жиһаздарын музейден көқретін болдық. Ұлттық камзол, көйлек киген,

орамал тартқан тамаша қазақтың қыз-келіншектерін ескінің қалдығын насихаттаушылар деп түсіндік. Қазақтың ұлттық ойындары да ұмытыла бастады, олар арақ-шарап ішіп, аяғы төбелеске айналатын жиындармен алмастырылды. Қыз ұзату, келін түсіру, дәстүрлері мазмұнын өзгерте бастады. Қазақтың қараша үйлері, ат-тұрмандарына көшпелі халықтың дәстүрі деген баға беріле бастады. Үлкенге құрмет, екі қолын беріп амандасу, жол беру т.б. әдептер өзінің ұлттық мазмұнын жоя бастады. Дінге деген көзқарас өзгерді, түгелдей атеистерге айналдық.

Дегенмен, ұлтаралық қарым-қатынастың қайсібір жағымды жақтарын да атап айтқан жөн. Кеңеси өкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды. Республикада 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрды, қазір де солай. Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамай, қазақтар мен басқа да өкілдері Қазақстан халқын құрап отыр.

Ұлт саясатының жақы нәтижесін берген бір саласы – халыққа білім беру саласы. Халықтың білімділігі жағыфнан біз бірқтиар дамыған елдерден кем емеспіз. Сауатсыздық деген атымен жорйылды. Жаппай жалпыға бірдей орта білім беруге көшкенбіз. Әрбір үш жарым адамның бірінің жоғары және ортиа арнаулы білімі болды. Жоғары потенциалды ғылымның берік негізі қаланды.

Қарым-қатынас барысында өзін-өзі, өзгені білу және тану механизмдеріне идентификация, эмпатия, аттракция, рефлексия жатады.

Идентификация - өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату. Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез-құлықтары, әдеттері өз бойына сіңіріледі. Идентификация, әсіресе, жасөспірімдерге тән құбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі (олардың ойы бойынша) не істесе, бұлар да өз іс-әрекетін соған ұқсатуға тырысады. «Оның орнында болсам, мен не істер едім?» сұрағына жауап іздейді. Кішкентай қыз ойнағанда өзін мамасына теңестіреді, анасы қалай сөйлесе, сондай дауыс ырғағымен бұл да қуыршағымен сөйлеседі. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген мақал соның дәлелі болар.

Эмпатия – эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу. Эмпатияның негізінде жатқан жәйт - өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу. Эмпатиясы жоғары дамыған адамның айырмашылығы – бір оқиғаны әр адам әртүрлі қабылдайтынын, солай қабылдауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындауында. Эмпатия, ортақтасу серігімен эмпатиялық қарым-қатынас құру – педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің маңызды кәсіби қасиетінің бірі. Эмпатиялық қабілеттерді дамыту адами ортақтасумен тікелей шұғылданатын мамандардың басты міндеті болып табылады. Бұндай қабілеттер психологиялық машықтар арқылы шынығады.

Аттракция - өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Ортақтасу серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негізделген қарым-қатынас себепкер болуы даусыз.

Әлеуметтік рефлекция – қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі. Ортақтасу серігі мені танып-білу туралы білім, өзге адам мені қалай қабылдайтынын («сен мені қалай білетініңді мен білемін») елестету қабілеті әлеуметтік рефлекция деп аталады. Басқа адамдармен неғұрлым байланыстары көп болса, басқалар туралы елес мол болса, өзіне басқалар қалай қарайтынын талдай алса, соғұрлым адам өзін терең танып біледі. Өзгелерге өзін аша білу - өзіндік танудың шарты. Ортақтасу барысында басқаларға өзіміздің ішкі дүниемізді айқара ашқан кезде өзіміз де өз жанымыздың байлығына сүңгиміз. Сондықтан, «өзіңді білу үшін өзгеге ашыл» ережесін пайдалануға болады.

Тұлғалық атрибуция - әр оқиғаның себепшісін, әр жағдайда нақты кінәлі адамды іздеп табатындардың тәсілі. Мысалы, балгерлер «жаныңда бір сары кісі жүр екен, содан сақтан» дейді. Кеңес өкіметі «халық жауларын» іздеп құртуды көздеген. Мұғалім бүкіл сыныптың олқылығын старостыға жүктеп қоюға дайын тұрады.

Жағдайлық атрибуция – нақты адамды емес, жағдайды кінәлайтындардың тәсілі. Мысалы, «газ жоқ болғандықтан, тамақ піскен жоқ»,

Стимулдық атрибуция – адамның өзін, заттың өзін кінәлайтындардың тәсілі. Күзе құлап сынды – күзе өзі кінәлі. Әйелін күйеуі ұрса - әйелдің өзі кінәлі. Мысалы, жетістіктердің себептері деп адам өзін санаса, ұтылыстың, жеңілістің себебін жағдайға сілтей салады. Емтиханды жақсы тапсырса – һзі «кінәлі», ал тапсыра алмаса – не мұғалім, не жаман жағдай «кінәлі».

Кей кезде психологиялық проекция жала жабу мен қарсы келумен көрінеді. Топаралық деңгейде екі негізгі атрибутивті процесс жүреді.

1- каузальды атрибуция, яғни басқа адамның мотиві мен қимыл әрекетінің қабылдау себептерінің процесінде адамның интерпретациясын көрсетеді.

Каузальды атрибуция зерттеулері көрсеткендей: - адамдар бір-бірін тани отырып іштей бақыланып алынған мәліметтермен тоқталмай сонымен қатар олардың мінез-құлық себептерін анықтауға тырысады.

- бақылау процесінде алынған ақпарат негізінде басқа адамдар жайлы жақсы нәтижелер алу үшін жеткіліксіз болғандықтан, бақылаушы олардың мінез-құлқы жайлы мүмкін болатын себептерді алады және оларға қосымша жазып береді.

- Бұндай себепті интерпритация бақылаушының өзінің әрекетіне және қылықтарына оның басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етеді.

Этномәдени бағыттылық. Этностық білімдерінің негізінде 6–7 жаста балада өзіне, өзге адамдарға, қоршаған дүниеге, мәдениет құндылықтарына ерекше (жартылай ұғынылмаған және ұғынылған) қатынасы – эмоциялық–бағалау сезімі пайда болып, этностық автотаптаурындар қалыптасады.

Ұлтық–мәдениетке сәйкес түсініп, әрекет ету. Баланың этностық–танымдық, эмоциялық–мотивациялық және сезімдік сферасының дамуы оның өз шамасына лайық дүниені түйсінуі мен этностық дүниетанымын қалыптастырады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жастың соңында өзін әрекет субьектісі ретінде саналы ұғынаты бала, ұлттық тәлім–тәрбие арқылы белгілі бір ұлттық мінез–құлық нормалары мен ережелерін орындаушы субьект ретінде де түсіне алады. Екінші кезекте ол өзін этносаралық қарым–қатынас субьектісі (әлеуметтік субьект) ретінде де саналы ұғына бастайды. Өзінің осы этностық әлеуметік Менін түсіну және осының негізінде пайда болатын ішкі бағдары этностық дүниетанымға сәйкес қажеттіліктер мен ұмтылыстарды тудырады.

Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы 6–7 жастағы балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастыру әдістемесі өзара байланысты үш сатыдан тұрады.

1–сатыда шындықтың ұлттық саласына эмоциялық–мотвациялық қатынасты құру арқылы ұлттық мәдениетпен сәйкестену механизмі іске асырылады. Осының арқасында:

а) балалардың «ұлт», «ұлтқа қатыстылық» туралы түсініктері қалыптасады;

б) іс–әрекет пен мінез–құлықтықтың адамгершілік–моралдық нормалар мен ережелерге сәйкес келуін қамтамассыз ететін ұлттық дәстүрлердің мәні мен мазмұны ашылады.

2–сатыда ұлттық мәдениетке эмоциялық–бағалау сезімін қалыптастыру арқылы белгілі бір мәдениет өкілі ретіндегі өзінің бірегейлігіне, өзіндік құндылығына оң қатынасы өндіріледі.

а) өзінің ұлттық мәдениеті мен құндылықтарын қабылдауы мен жағымды әсер алуы, мақтан тұтуы мен сүйіспеншілік сезімі оянады;

б) өзге ұлт мәдениетіне толеранттық сезімі тәрбиеледі.

3–сатыда таңдаудың еркіндігі жаңдайында ұлттық салт–дәстүр тұрғысынан әрекет етуге ішкі қажеттілігі қалыптастырылады. Осының нәтижесінде:

а) балада жалпы ұлттық құндылықтарға бағытталудың адекваты мотивтерінің және екінші сатыда пайда болған жаңа құрылымдар: өз ұлтының құндылықтарын өзіне жақын қабылдау, жағымды әсер алу, сүйіспеншілік сезімдерінің негізінде ұлтішілдік және ұлтаралық қарым–қатынастарда нақты ұлт өкілі ретінде әрекет ету қажеттілігі қалыптасады.

б) ұлттық қатынастарға дұрыс бағыттана алу қабілеті рефлексияны – қамтамассыз ету арқылы «ұлт», «ұлттық» бұл кеңістіктен және уақыттан тыс өмір сүретін абстрактылы адамдар емес, ұлттық мәдениетті (эмоциялық ассоциациялар тілді және тілдік шығармашылықты, дағдылар мен әдеттерді еңбек іс–әрекеті мен көркемдік кәсіп, балаларды тәрбиелеу дәстүрлері) нағыз алып жүрушілер екендігі туралы дүниетанымы (этностық дүниетанымы) дамиды. Осының негізінде олардың өзіндік санасында аса маңызды бағдар – өзімен тепе–тең ретінде адамның адамға қатынасы қалыптасып, балалар оң ұлтаралық қатынасқа бағытталады.