Азақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы. 4 страница

Атап айтсақ, әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адамға боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретінжолын білуге керек», - деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескерте отырып, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.

Психология оқулығында оқушылардың психологиялық таным процестері мен жеке ерекшеліктері қалай қалыптасып, дамитындығы жөнінде нақты мағлұматтар берілген. Онда адамның, тіпті жан-жануардың қоршаған ортаны танып білуі түйсіктен басталатыны айтылған. Түйсік жөнінде Ш. Құдайбердиев:

«Тән, сезім, құлақ естіп, көз көрмек,

Мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек», - дейді

Бірақ түйсіну жекелеген сезім мүшелерінің қызметі арқылы іске асатын болғандықтан, әсер еткен тітіркендіргіштің мазмұны жөнінде бала ештеңе білмейді.

Абай этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа шашпақ», - деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөске жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол : «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейшілік – бәрі осыдан шығады», - деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді.

Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айына бір - өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға, өзінің өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады.

Данышпан ақынның этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалық және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған әмбебеп тұлғаға айналу жолын ол өнер, сөз, поэзия арқылы эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген.

Әрбір есі кіріп, етек жапқан адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-кемі өмір тәжірибесі, білімі, өзіне тән жеке-дара өзгешеліктері (мінез, темперамент, қабілет, қызығу) өзгешеліктері болады. Жаңа туған бала, есі кіресілі-шығасылы, жүйкесі ауру кісі, ойын баласы жеке адам атқа ие бола алмайды. Өйткені онда өзіндік сана, жеке тәжірибе, тиянақты білім, нақтылы әрекет түрі жөнді байқалмайды. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүние танымы мен сенімінен, талғам-мұраты, ұстанған бағыт-бағдарынан, өмірдегі атқаратын рөлінен, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік, қоғамдық прогрестің туындысы. Жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүретін ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, идеологиялық) тәуелді. Оның жеке дара қсиеттері бір сыдырғы тұрақты келеді. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психологиялық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түсіп отырады. Жеке дара қасиеттердің дамып, қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады...

 

21-лекция.Тақырыбы:Ұлттық мінез бен менталиттет.

Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн. Діл "біз және біз емес" деген ажыратушы оппозицияға негізделеді. Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар.Діл — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады. Ғылыми-публицистикалық және саяси әдебиеттерде діл туралы соңғы жылдары ғана айтыла бастады. Сондықтан бұл ұғымды түсінуде кейде бірмағыналылық жетіспей жатуы мүмкін. Соған қарамастан, бір мәселенің басы ашық деп сеніммен айтуға болады. Ол қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік прогреске жету үдерісінде бұқараның саяси ділінің шешуші рөлін атқарады.Ділдің табиғатын түсіну үшін, оны, алдымен, мына үш қырынан қарастырып көрейік. Біріншіден, діл жеке адамның немесе әлеуметтік топтың сана деңгейін көрсетеді, санамен тығыз байланыста болады. Сонымен қоса ділдің санамен шектелмей, одан тысқары жаткандарды да қамтитынын ұмытпау керек.Мысал үшін бір стандартты ахуалдағы саяси сана деңгейі түрліше екі азаматтың әрекетін алып қарайық. А деген азамат, үнемі әлеуметтік белсенділік танытады, ел ішінде немесе сыртында болып жатқан оқиғаларға қатысты өзінің; тұрғысын ұстанып, белгілі бір саяси кештерді белсенді қолдайды, кейбіреулерінің әрекетіне сыншылдықпен қарайды. Ол саясатты бүкілхалықтық іс деп біледі, өзін де саясаттың әрі объектісі әрі субъектісі деп есептейді және содан туындап жататын жауапкершілікті түсінеді.Екінші Б деген азамат өзін саясаттан тысқарымын деп есептейді. Оның саяси партиялармен ісі жоқ, олардың бағдарлмалары, басшылары оны қызықтырмайды. Сайлау кезінде дауыс беруге бармайды, өзін сайлауға да қарсы. Мінеки, бұл мысалдан біз саяси санаға қатысты ділдің, бірінші жағдайда — саяси белсенділік, екінші жағдайда енжарлық сипаттағы көрінісін байқаймыз.Жеке азаматтар ғана емес, ірі әлеуметтік топтар да бүкіл қоғам осындай саяси сана деңгейіне пропорциялы белсенді немесе пассивті болуы мүмкін.Мынадай сұрақ туындайды: пассивті қоғам немесе азамат Б өз әрекетімен өздерін саясаттан аулақ үстай алды ма? Әрине, жоқ. Олар саяси енжарлығымен-ақ өздерінің саяси тұрғысын білдірді. Келтірілген жағдайда олар билікке әділ емес жолдармен келгісі келетіндердің пайдасына әрекет жасады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: ешкім де саясаттан тысқары бола алмайды, авторлық қоғам мүшесінің саясатқа араласпауының өзі — консерваторға көмектесуден көрініс беретін саясатқа араласу.Бұдан шығатын екінші қорытынды: саяси сана деңгейі ділдің критериі ретінде көрініс береді. Саяси белсенділік жағдайын қоғам динамикалы дамиды, өз келешегін өзі жасай алады. Екінші жағдайдағыдай, қоғам мүшелері белсенділік танытпаса, оның тағдырын билік басындағылар шешеді.Ділдің екінші кыры адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке және ойлауга қабілетінен көрініс береді. Ол ақыл сапасының көрсеткіші ретінде жеке адамдардың немесе топтың рухани жағдайын, нағыздықтың түсінілу бейнесін айқындайды, ойлау тұрпаты және ұжымдық калыптасатын ойлау мен тәртіптің құрылымы ретінде көрініс береді.Қоғам өзінің дамуы кезінде түрлі сілкіністерге, дағдарыстарға ұшырап отыруы мүмкін. Осындай төтенше жағдайларда кейбір қоғамдар тығырықтан жол тауын шығады, енді біреулері құрып кетуі мүмкін. Бұл қоғамның өрекетке және ойлауға кабілеттілігіне байланысты.Өткен ғасырдың екінші жартысында коммунистік билік орнатқан бірқатар елдер бұқаралық апат жағдайларын бастарынан кешірді. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде Камбоджада 8 миллион адамның 3 миллионы қырылып калды. Эфиопияда екі-ақ жылдың ішінде халықтың жартысына жуығы жойылды. 1929-1933 жылдардағы казақ халқы басынан кешкен нөубет бұлардан асып түсті — этностық қазақтардың үштен екісі қырылды және шет елдерге босып кетті.Билікке күмәнді жолдармен келіп алып, ойына келгенін істейтін үкіметке сеніп, оған қарсы шыға алмай, екінші сөзбен айтқанда, ділдің мешеулігі салдарынан өрлеуден аулақ қалу, құрып кету каупі қазір де сейілді деп айтуға болмайды. XX ғасырдың екінші жартысында мұндай жағдайлар Индонезияда, Ауғанстанда, бұрынғы Кеңес Одағының қарауында болған ұлттық республикаларда көрініс берді.Ділдің келесі, үшінші кыры—адамдардың дүниені белгілі бейнеде қабылдауы мен сезінуінен, прогреске дайындыгынан, зауқынан көрініс береді. Ділділік — индивидтің немесе топтың әрекетіндегі ділдің көрінісін, демек, оның айшықтығын немесе көмескілігін бейнелейді. Мысалы, бұқара демократиялық құндылықтарды санасына жақсы сіңірген болса, онда ол саяси мәдениетінің, құкықтық сауаттылығының жоғарылығымен қоғам өміріне белсене араласады, үкіметтің қызметін бақылауға алады, өз құқықтарын корғап қалады. Мұны ділділіктің көрінісі деуге әбден болады.Бір ескеретіні, бұқара ділділігін ұнамсыз жағынан да көрсетуі мүмкін. Мысалы, ол саяси белсенді емес, өз құқықтарын қорғай алмайды, қоғамдық бірлестіктердің, өзге ұйымдасулардың жұмысына қатыспайды, соның салдарынан қоғамда болып жатқан саяси құбылыстардың мәнін түсінбейді, сонысымен өзіліп отыра береді, жеңіледі, қырылады, қашады. Демек, ділділіктің жоғарыда аталғандай, құпталатын керінісі сияқты, құпталмайтын, жағымсыз көрінісі де болады. Бір халықтың саяси белсенділігі мен құқықтық сауаттылығын көрсетуі ділділік болғаны сияқты, екінші халықтың саяси бұйығылы мен құқықтық сауатсыздығын көрсетуі де ділділікке жатады. Өйткені екеуі де ділді (құпталатын немесе құпталмайтын) айшықты көрсетіп түр. Ділділіктің елшемін оның құпталатынына немесе құпталмайтынына қарап бағалауға болмайды. Ділділік — бар немесе жоқ, көрініс беріп тұр немесе көрініс беріп тұрған жоқ— сонысымен ділділік. Ал құпталу немесе құпталмау — ділділіктің сапалық критериі.Ал ділсіздік ұғымында мағына жоқ. Өйткені бұқара бар жерде — жақсы немесе жаман болсын діл бар. Діл бар жерде, жақсы немесе жаман болсын, оның көрінісі бар. Ділдің қандайының болса да, жақсы немесе жаман болсын, көрінісі ділділік болып табылады.АҚШ халқының ділінің мынадай ерекшеліктері бар: саясатқа белсенді араласады, Қоғамдық психологияда белгілі деңгейде көрініс бергенімен, жоғарыда аталған жағымсыз құбылыстарды ұлттық психологияға жатқызуға болмайды. Ол — тарихтың белгілі бір кезеңінде билік иелері жүргізген саясаттың салдары, демек, ділдегі өзгерістер. Енді идеологиялық тәрбиенің бағытын өзгерту арқылы ділдегі келеңсіздіктерді түбегейлі өзгертіп жіберуге болады.Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай геноцид, зиялы қауымды қырғынға ұшырату бұқаралық санаға арызқойлық пен жалақорлық психологияны орнықтырып кетті. Кадрларды іріктеу мен қызметке орналастырудағы әділетсіздіктер, жоғарыдағылардың төмендегілерді жеке басына берілгендік ұстанымымен тағайындауы жағымпаздықтың өршуіне себеп болды. Жоғары лауазымдарға кәсіпқойлығымен емес, пысықтығымен немесе сыбайластықпен келіп алған, ұлттық мүддені көздеуді білмейтін, ру мүддесімен күн кешіп жүргендер жойылып бара жатқан рушылдықты қайта коздырады. Осылай түрлі келеңсіз құбылыстардың бәрі өз себептерімен қоғамдық санадан орын алып жатты. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт, патшалық Ресейге бағыныштылық және коммунистік билік тұсында бұқаралық санаға ұялағанның бөрі тек қазаққа ғана тән емес.

 

22-лекция.Тақырыбы:Мәдениаралық ерекшеліктердің психологиясы.Әлеуметтік психологиядағы салыстырмалы-мәдени тәсілдер.

“Мәдениет” атауы латын тілінде алғашында “топырақ өңдеу” дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзеше , адам әрекетінен табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет түсінілді. Кейіннен “мәдениет” сөзі адам жасағанның бәрі білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыдан алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз – белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершіліке құндылықтарының жиынтығы.

Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісті де туғызады. Оы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрніс табуының, олардың табиғат пен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады.

Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына келетін болсақ, онда оны адамдардың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет өркенді мәдени құндылықтар жиынтығы, тиісті мәдени ағарту мекемелерінің құндылықтар ы мен мен өзінік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі.

Мәдениет өз бойынаматериалдық және рухани өндіріс нәтижелерін бейнелендіріп сіңіреді. Сондықтан осығане сәйкес мәдениетті материалдық және рухани деп негізгі екі салаға бөледі.

Материалдық мәдениет матерниалдық қызметтің барлық саласын қамтиды және оның нәтижелері адам идеяларының материалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып табылады.

Рухани мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формалары мен деңгейлерін, білім мен тәрбие жүйелері, мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделәі де көпжақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің, өнердің, философияның, діннің, ғылымның, адамгершіліктің барлық формалары мен түрлері осыған жатады.

Әлеуметтік психологаяның ерекше саласы - каузалды этрибуциядеп аталады. Зерттеушілер Г.Келли, Э.Джонс,^К.Дэвис, Д.КенноуіТ" Р.Нисбет, Л.Стрикленд. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге келеді. Латьш тілінен аударғанда "саша" — себеп, яғни каузалды атрибуцияны — себеіпі телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар "туралы алынған мөлімет жеткіліксіз болганда, оның мүмкін өрекеттері мен қасиетгерін тауып, сол объеюіге телу жағдайы. Г.Келли атрибуцияның үш түрін қарастьфады: жеке түлгалық атрибуіщя, объектілік атрибуция жөне жағдайлық атриіэуция. Ьақылаушы көбше жеке тұлғалық атрибуцияны пайдаланады (әрекет себептері сол әрекетгі жасаушыға телінеді), ал қатысушы көбінесе жағдайлық атрибуцияны (әрекет себептері жағдайларға телінеді). Мүндай жағдайлар, өсіресе табысқа жету мен сөтсіздік себептерін теліғенде айқын көрінеді: өрекетке қатысушы сәтсіздік себептерін жағдайлармен байланыстырса, ал сырттан бақылаушы сәтсіздік себсбін ең алдымен орындаушыдан көреді. Атрибуция қүбылысының маңыздылшы көптеген экспериментгік зерттеулерден айқын көрінеді.

 

 

23-лекция.Тақырыбы:Мәдениеттің реттеуші функциясы.

Соңғы жылдары, елімізде ұлт пен ұлысқа қатысты психологиялық мәселелерді зерттейтін арнаулы ғылыми орталық болған мен Осы тарихта біршама жұмыс жүргізілген сияқты. 80 ші жылдардың басында ұлт психологиясының төңірегінде бір докторлық, бінеше кандидаттық диссертация қорғалды, жекелеген еңбектер жарық көрді. Осылардың ішіндк «Қазақстандағы оқу тәрбие ісінің ұлттық астары, - «Қазақ мектептеріндегі оқу тәрбие процестерінің этнопсихологиялық аспектлері», «Қазақстандағы педагогикалық психологиялық ғалымдардың проблемалары» сондай-ақ студенттер үшін ұлттық психология мен тілім тәрбиеге байланысты бағдарламалар (арнаулы курстар үшін,) жинағы жазылып, оқу орындарына жіберілді. Білім министрлігі жоғары оқу орындарында этнопедагогика және этнопсихология кафедраларын ашты, ұлттық тәлім-тәрбиенің бағдарламаларын жасады. Орта мектепте « Әдеп және жантану» пәні енгізілді. Жекелеген университеттер мен пединституттарда ұлт тілінде психалогия кадрлары даярлана бастады. Аспиранттардың зерттеу жұмыстарыны халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасын игеру төңірегіне бағыштай бастауы да құптарлық іс болды.

Өткен жылы Ұлт психологиясы, оның сан алуан тәлім-тәрбиелік астарын зерттеу мақсатында астана жұртшылығын қамтитын «Ұлттық тәлім тәрбие қауымдастығы» дүниеге келді . Ассоцация өз жарғысында осынау ұлан ғайыр жердің ежелден иесі –қазақ этносының, сондай-ақ республиканы мекендеген ұлттар мен ұлыстардың әдет ғұрып ,салт-дәстүр, жөн-жосық, жол жоралғы секілді ерекшеліктерінің психологиялық астарларына бойлап бұлардың қайталанбас белгілерінің дамуы, қалыптасу жолдарын іздестіру мен айналысатындығын паш етті. Мәселен, осы қауымдастық қарастыратын тақырыптарының бірі – халқымыздың кезінде барша жұртты тамсандырған үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иманжүзділік, қонақжайлылық, бауырмалдылық, қайырымдылық, суырыпсалмалық, ақынжандылық сияқты тамаша қасиеттерін тереңдете зерттеп, бұларды жас ұрпақтың жан дүниесінде дамыта түсуге келіп тіреледі.

Халқымыз ежелден өз ұрпағын жақсы адам, абзал азамат етіп тәрбиелеуді ерекше қастерлеп, мақсат тұтқан. Қазақ даласындағы жау десе қару жарағын сайлап, ел десе еңіреген ерлер, әділдік пен шындық, адамдықты ту еткен ақын жыраулар, бармағынан бал тамған ісмерлер мен зергерлер, от ауызды, орақ тілді небір шешендер мен ақылман ақсақалдар, еміренген абзал аналар сан ғасырлар бойы қазақы тәрбиенің жемісі екендігі хақ Олар дүниеге іңгәләп келгеннен бастап, ананың ақ сүтін еміп, уызына жарыған, қазіргідей балабақшада «өнегелі» тәрбие алмаса да (Алматыдағы қазақ балабақшаларындағы бөбектер мен оның тәрбиешілері бір-бірімен орыс тілінде шүйіркелесетінінің талай куәсі болдық.-Қ.Ж ) мектеп қабырғасынан өркениетті білім алмаса да,бесік таңбасы белінде,ана сүті ауызында,»Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер»,» Қарт қойнында байлық бар, барар жолыңды соңан қарап сайлап ал» ,»Ата сөзі-бата сөз»деген мектептен өткен,елім,жерім десе жан беруге даяр,ақсақал айтса,бір сөзін де бұлжытпай орындайтын азамат болып өсетін.Олардың адал еңбегі таих тегершігімен біздің заманға жетті де келе-келе бұлар біртұтас өмір мектебіне, бұлжымас қағыдаға, халықтың заңға айналды. Заман ағымына сай жетіле берді, шыңдалды. Өмір қиындығына төзіп бақты, халқымыз небір қиындықтарды көрсе де, өз маржанынан айырылмады, асылын ұмытпады, керегіне жарата алды.