Білім беру тәрбиелеу дамыту нәтижелерін ынталандыру бақылау нәтижеоерін талдау

Білім беру[1] — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасынжетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.[2]

Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 — 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:

1) қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;

2) орыс-қазақ мектептері; 3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер. икипедия— ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады

Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұлкөркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады.Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді!», «Ұш, көңілім, кекке, кергі енді!», «Өрбі, сезім, өрбі енді!» деген шумақ аралық жолдар дамытуға құрылған. Сондай-ақ, ақынның Отыз жетінші сөзінде: «Биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады...» немесе Бесінші сөзіндегі «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» деген жолдары да дамыту әдісіне жатады

Ынталандыру дегеніміз-адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі. Ынталандыру адамды басқарудың негізін құрайды. Басқарудың тиімділігі көп дәрежеде,қаншалықты ынталандыру процесі табысты жүретініне байланысты. Ынталандырудың қандай мақсаттары бар екендігіне байланыыты оны екі негізгі түрге бөлуге болады:

адамға сыртқы әсер ету жолы арқылы іс-әрекетке белгілі ынталарды туғызады. Олар адамды белгілі қалайтын нәтижесіне әкелетін нақты іс-әрекет жасауға түрткі болады. Ынталандырудың мұндай түрінде адамды қандай себептер қалайтын іс-әрекеттерді жасауға түрткі ететін және сол себептерді қалай шығару керек екенін білу керек. Ынталандырудың бұл түрі көп жаңдайда сауда мәміленің түрін еске түсіреді: «Мен саған сенің қалайтыныңды беремін,ал сен маған мен не қалайтынымды». Егерде екі жақта да қатынасу нүктелері болмаса, онда ынталандыру процесі де іске аспайды.

адамның нақты ынталандырушылық құрылымын қалыптастыру. Бұл жағдайда басты көңіл субъектінің қалауы бойынша ынталандыруды күштейтін және керісінше адамды тиімді басқаруға бөгет жасайтын кейбір себептерді азайту керек. Ынталандырудың бұл түрі тәрбиелендіруші және білім беруші сипатта,сонымен қатар көп жағдайда адамның қызметінің нәтижесінде күтілетін нақты қорытындылар мен іс-әрекеттерімен байланысты болады. Ынталандырудың екінші түрі оны жүзеге асыру үшін көп күш-жігер, қабілеттілікті талап етеді, бірақ та оның нәтижелері көбінесе ынталандырудың бірінші түрінен асып кетеді. Оны ұғып алған және өз тәжірибелерінде қолданатын ұйымдар өз жұмыскерлерімен нәтижелеу және басқаларына қарағанда табыстылау басқара алады.

Ынталандыру келесі қызмет сипаттамаларына әсер етеді:күш салу, тырысу, қайсарлық, адалдық, бағыттылық.

1. Бір жұмысты адам әр түрлі күш-жігер жұмсап істей алады. Ол барлық күшін салып жұмыс істеуі жартылай күш салып жұмыс істеуі,оңайлау жұмысты алуы немесе өте күрделі шешімді іздеуі мүмкін. Бұл адам өзінің жұмысын атқаруға салған күш-жігер шынында қаншалықты ынталандырылуына байланысты.

2. Адам ұйымда өз рөлін атқарудың әр түрлеріне тырыса алады. Бір адам еңбегінің сапасына қалай болса солай қарауы мүмкін,ал басқа адам бәрін жақсы жасауға,толық қайтарымдылықпен істеуге,жұмыстан ауытқып кетпеуге,өз мамандығын жоғарылатуға,өз қабілеттіліктерін жетілдіруге тырысады.

бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады

14) Лекция оқу әдістемесі. Лекцияның анық жүйесі және мазмұндау логикасы, жоспардың болуы, оған қатал бағыну, жоспардан ауытқу және т.б. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді айту – лекцияның басында, оның барысында немесе соңында; негізгі және қосымша немесе тек негізгі әдебиет беріледі; ұсынылған әдебиетті таңдаудың дұрыстығын бағалау және т.б. Барлық жаңа терминдердің және ұғымдардың ұғымдылығы мен түсініктілігі. Дәлелділігі мен қисындылығы. Негізгі ойлар мен түйіндерді бөліп көрсету. Пысықтау тәсілдерін пайдалану – қайталау, түсінігін тексеруге сұрақтар қою, игеру және т.б., лекцияның соңында әр мәселені қарап болған соң, қорытындысын шығару және т.б. Көрнекі құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдалану. Дәріскердің тірек материалдарды пайдалануы және т.б.

15) Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.