Психологияны оқытудағы басқа ғылыммен баиланысы

Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердщ басқа ғылымдарда пайдалану мүмк iндктерi н жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзi не қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес. Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема — шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк жəне философиялық ғылымдар қонақтаған — үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады.

Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi — зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстктері eiрiктiрiп, байланыстыру.

22. Психология және әлеуметтану байланысы әлеуметтік психоло- гияны жарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі өзекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас;

тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы, еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт айырмашылықтарын ажырату қиынға

соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психо- логиядан бөліне көрінетін тұсы – ондағы зерттеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбылыстарды

қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы. Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетік- тер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты. Психологияжәнемедицина байланысы медициналық психологияның туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ере-

кшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика 0

бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияның психологиялық әдістерін орайластырады.

Психология және саясаттану байланысынан саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана, астар сана, адам көңіл күйі, еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясат психологиясы пайда болды. Бұл ғылым адам әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып, оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының нәтижесі деп біледі. Себебі тұлға әрекеттері сыртқы ықпалдар мен психологиялық талдаудың тікелей нысаны болған субъекттің оларды қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.

 

23. «Болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру» ұғымын талдау «ұйымдастыру» терминінің мағыналық маңызына сүйенеді. Ұйымдастыру (орысша – организация) сөзі гректің «оргон» – «жұмыс» және латынның organ дегенінен шыққан, бастапқыда «музыкалық аспап», кейіннен «ұйымдастыру» (организация) – функционалдық жүйедегі, немесе жүйенің өзіндегі элементтер жиынтығына айналу үдерісі дегенді білдіреді . «Ұйымдастыру» терминінің тұтас семантикалық екі мағынасы оны екі позиция (ұстаным) тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді: басқару позициясы және мақсатты болжамдау мен дамудың ішкі процестері позициясы. Осыдан келіп, біріншіден, ұйымдастыру бұл жоспарлау, үйлестіру, мотивация және бақылау функцияларының өзара байланысы үдерісі, және екіншіден, субъектілер тұлғасының қалыптасуы бағыттарында ұйымдық дамуы үшін және олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау және талдау шығатынын көруге болады. педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру үдерісі – қолданыстағы бар ұйымдастыру мақсаттарын, педагогикалық шарттарын, әдістерін, тәсілдерін, жетістік құралдарын және сатыларын қарастырады.

Мақсат, біздіңше, болашақ педагог-мамандардың дамуы мен қалыптасуын, кәсіптік қызметіне қабілеттілігі ретінде анықталады. Мақсат жетістіктерінің практикалық міндеттері болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру біртіндеп, сатылы түрде жүзеге асырылады.

 

24. «Оқыту формасы – оқу материалын меңгеруден оқушылардың өзара әрекеті». Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады. Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

 

 

25. Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.)
Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін.
- Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ; білімді тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексеру сабағы; аралас сабақ формалары.
- Дидактикалық мақсаттарға орай – теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формалары;
Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу.
Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды.
Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары.