Ақша айналымының статистикасы

Ақша базасы (Б) – ҚР-дың Ұлттық банкімен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма- қол ақшалар (Ұлттық банктік емес) және Ұлттық банктың міндетті резервтері (депозиттер) кіреді.

Ақшалай базаның құрамына Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақшалар, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері және қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының депозиттері жатады.

Ақша массасы –шаруашылық айналымына қызмет көрсететін мемлекет экономикасында барлығы мойындаған төлем қаражаттарының жиынтығының көлемі. Ақша массасының өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар табылады.

Қазақстанда ақша массасы М0, М1, М2, М3 агрегаттарына бөлінеді. Ақшалы агрегаттардың құрамы келесідей:

М0 – айналымдағы қолма-қол ақша, жинақтау қаражаттары, яғни құн, жинақтау, тауарлар мен қызметтерге төлем құралы ретіндегі физикалық және заңды тұлғалардың банктен тыс монета, банкнота сомалары;

М1- агрегат М0 + халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютада аударылатын депозиттері;

М2 – агрегат М1 + ұлттық валютадағы басқа депозиттер және шетел валютасында халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың аударылатын депозиттері;

М3 – агрегат М2 + шетел валютасындағы халықтың басқа депозиттері + банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері.

Ақша мультипликаторы (m): m= М / Б, мұндағы,

М – айналымдағы ақша массасы;

Б – ақша базасы.

Ақша мультипликаторы ақша массасы динамикасын бақылау үшін және экономикаға коммерциялық банктердің несиелік салымдарының көлемдеріне талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша массасы М3 ақша агрегаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффициент ретінде банктік резервтерді өзгерту жолымен жүретін айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды. Егер ақша айналымдары каналдары артық ақша массасымен толса, сонымен қатар мұндай ақша массасы сәйкес тауар массасымен қамтылмаса, яғни ақша массасының өсу қарқыны тауар мен қызмет өндірісінің өсу қарқынынан асса, онда инфляция пайда болады.

Ақша массасы (агрегат М3 үшін) өсімінің факторлық талдауы:

 

,

 

Мұндағы, М1, М0 – есепті және базисті кезеңдегі М3 агрегаты үшін ақша массасы;

- есепті және базисті кезеңдегі ақша мультипликаторы^

Б1, Б0 -есепті және базисті кезеңдегі ақша базасы.

Соның ішінде факторлардың әсер етуі есебінен:

А) ақша мультипликаторының өзгеруі:

 

ә) ақша массасының өзгеруі:

 

 

Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы:

 

 

Ұлттық валютаны сатып алу қабілеттілігінің есептелуі

1 теңгені сатып алу қабілеттілігі =1 тұтыну бағасы

Теңгенің сатып алу қабілеттілігінің номиналды индексін, АҚШ долларына қарағанда, теңге курсының өзгерістерін және жалпы ақша массасында шетел валютасындағы ақша айналымының бөліктерін есепке ала отырып, есептеуге болады:

1 теңгені номиналды 1

сатып алу =

қабілеттілігі 1 АҚШ долларына теңгенің қатынасының курсы

 

Айналымдағы ақша саны (V) немесе ақша бірлігі айналымының жылдамдығы:

V = ЖІӨ / М3,

мұндағы

ЖІӨ - ағымдағы бағалардағы жалпы ішкі өнім;

М3 – кезеңдегі ақшаның орташа қалдығы.

Ақша айналымының саны жалпы ішкі өнімнің қызмет атқаруы үшін кезеңдегі төлем қаражаттарының ақшалай бірліктерінің орташа қайталамаларын сипаттау үшін қажет.