ДҮниені кӨркем ИГЕРУ

 

Дүниені көркем игерудің бірегей тұтас тарихының айрықша парағына, ол ежелгі көшпелілердің де, қазақтар этногенезіне ат салысқан көне түркі тайпаларының да көркемдік әрекетін өзіне қосып алған, қазақ өнері жатады. Олардың шығармашылық стихиясында халықтың эстетикалық тәжірибесі, оның ұлттық ерекшелігінің байлығы ашылады.

Қазақстан мәдениеті түпнегізді көшпелі-отырықшы тұрмысты және оны жасаушылардың үздіксіз сапарын бейнелейді. Түрлі құрамдас бөліктердің – қозғалыс пен статиканың – қосылуы қазақ өнерінің мазмұнын анықтайды, құбылыс ретіндегі оған тұтастық пен шексіз мүмкіндіктер белгісін берді. Көшпелі және отырықшы стихиялардың бірлігі халықтың рухани табиғатын айдындады. Бұл жиынтықта көшпелілік айрықша рөл атқарады. Тіршілік логикасы – қозғалыс, жаңғыру – дүниені танушы, қазақ өнері поэтикалық ерекшелігін нәрлендіреді.

Адамзат ортақ тарихи жәйттердің эволюциялық тәжірибесі туралы жадыны көшпелі өмір салты қастерлеп сақтайды. Сондықтан аңшылыққа, көшпелілікке іштей ыңғай танытумен жеңіл қоштаса алмаймыз. Сол арқылы оның ерекшеліктері әлеуметтік-тарихи тамырлармен және көркем құралдардың айрықша жинағымен байланысты, олардың төлтума эстетикалық тәжірибесімен қоса, Қазақстан номадтарының мәдениеті үлкен қызығушылық тудырады.

Адам мүмкіндіктері байлығын ашу үшін ең жақсы жағдайға қоршаған ортаның көптүрлілігі, таным жаңашылдығын қамтамасыз ететін динамика жатады. Тұрмыстың аз емес ауыртпалықтарына қарамайтын, тынымсыз қозғалыстағы өмір, дүниеде батыл бағдарланатын, субьектінің ашықтығына және еркіндігіне, белсенділігіне және әрекетшіл бастамасына қолдау жасап отырды. Отырықшылықтан тыс адам мүлкі қозғалмалы және сондықтан жаттанған формада болады, ал материалды жағдайлар мен өмір салты, болмыс қозғалысында қуатқа ие, тұрақты ізденіске қабілетті индивидтерді қалыптастырады.

Жаңа қоныстарды іздестіруге деген ұмтылыс және өз жігеріне кеңеттен пайда болатын жағдайларды бағындыру қашанда адамзатқа тән. Сондықтан адамның жаңа көркем концепциясын жасап шығаруда, өнерде ең толық кейіптелген, көшпелілер тәжірибесі маңызды.

Өнер адамға әлемді оның әсемдігі мен көптүрлілігінде ашады. Ол адам алдында, оларды практикалық және рухани меңгеру қажет болатын, көптеген құбылыстардан тұратын, әлдебір шексіз ретінде көрініс табады. Әлемнің түйсінілетін үйлесімдігі адамды жетілдіреді. Сол уақытта әсемдік мәңгі емес – ол адамның заттық іс-әрекетінде айқындалады, нақтылы-тарихи сипатқа ие.

Ғасырдан ғасырға қазақ өнері біліммен құнарланып келеді. Оның дамуының әрбір кезеңі көркем танымның қажетті буыны бола бастайды. Дүниені игерудің бірінші белгі сатысын кейінгі палеолит суретшілері ашады, олардың ең жақсы туындылары өнер дамуының жоғары деңгейін куәландырады. Онда практикалық руханилықтан ажырамаған, табиғатқа нақтылы қатынастағы сол дәуір адамның сезім-күйлері оларды қайталанбайтын түрде берілген.

Әлемді шығармашыл жаңғырту – адам іс-әрекетінің басты мақсаты. Әлемді әрекетшіл қайта құру қабілеттілігіне адамның рухани күштері мен талпынастарын бекіту арқылы шындықты меңгеру ретіндегі өнер қызмет етеді. Көркем танымның өзі – көрінетін және сезілетін әлемге апаратын, ашық жүйе.

Қазақстанның жартас суреттері мен графикасында мыңдаған жылдар бойында бізден алыс тұрған қашықтықтар тірі кейіпке енеді. Адамзаттың көркем дамуында скиф-сармат өнері (б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ.) ерекше орын алады. Орасан зор кеңістікті мекендеген көшпелілер, соның негізін қалаған, олардың батырлық эпосы біздің күндерге дейін жартас суреттерінде, декоративті-қолданбалы өнер туындыларында жетті.

Жартас суреттері пайда болуының себептері көптүрлі және көпмағыналы. Ежелгі өнер біздің алдымызда «үрейді» жеңілдету үшін қиял мен көрнекі рәміздердің туындылары ретінде, осыны табиғат туғызатындардан босану үшін жасалған сияқты болып көрініс табады. Алайда жартас суреттері құрастыратын, сол эстетикалық феноменнің пайда болуы себебі, үрей мен магияға бейімділіктен шықпайды.

Көркем іс-әрекет – дүниені игерудің және оған адамның белсенді араласуының бір формасы. Қоғамдық-тарихи практика процесінде, ол үшін шығармашыл әрекет тәсілдері әлемі болып табылатын, объективті табиғатта адам өзін жүзеге асырады. Адамның жалпы белсенділік шеңберінде эстетикалық іс-әрекет айрықша орын алады. Дүниені өнермен тануда оның құбылыстарының адами әрекет және дүниетүйсіну ерекшеліктерімен бірлігі және байланыстылығы ашылады. Эстетикалық обьектіде дүниені меңгеру дәрежесі ашылады.

Орасан зор кеңістіктік-уақыттық әлеммен күрес және қажетті келісім күйінде өмір сүрген, көшпелі халықтар өнерді жасап шығарады, ол оның табиғи жалғасы бола отырып, бұл дүниемен қисынды үйлесті1. Скифтердің негізгі кәсібі – малшылық пен аңшылық – бейнеленетін құбылыстардың тақырыптық шеңберін анықтады. Бірінші дәрежедегі, шешуші маңыздылыққа ие жануар, дүниені танудың өзінше негізі бола бастады, оны ұғыну адамзат дамуының сәбилік уақытында басталды.

Жалпы табиғи стихияның маңызды қыры болып табылатын жануарға қатысты, адам өзін жасампаз күш ретінде бекітті. Көшпелі қоршаған ортамен сан-алуан сезімдер және түсініктермен байланысты болды. Көпсырлы жануарлар дүниесі өзімен жау және дос, қарама-қарсы таң қалу және үрей шақыратын, адамнан ажырамайтын бастау болып табылады. Осының бәрі скиф өнерінің нақтылы шынайы, рәміздік және абстрактылы бейнелеуінде қорытылып шығарылады.

Неолит мифінде, номадтардың ежелгі батырлық эпосында күресуші күштер де, үйлесімділік те – осының бәрі жануар бейнесінде түрге енді. Бұл адамзат олармен қоршаған шындықты меңгеретін, дүниені, өзін, өз тарихын философиялық ойлы түрде игеретін, сол бастапқы бейнелердің бірі болды.

Көшпелілер өнерінің тамаша үлгісіне, 1966 ж. А. Медоев ашқан (Хантау, Балқаш маңы), скиф бұғылары жатады. Бұғы – бұл жарықтық, күн құдайының көрініс кейіпі, Азия скифтерінің мифтері мен жартас суреттерінің жиі кездесетін қаһарманы, олардың дүниетанымының маңызды элементі. Жиі ретте күн шығыстан батысқа қарай қозғалып бара жатқан алтын мүйізді бұғы түрінде бейнеленеді. Оның үстіне, космогониялық аңыздарда бүкіл Ғалам, дүние орасан зор бұғы-марал бейнесінде суреттелді[281].

Хантау тауы бұғыларының суреттерінің, атақты Ласко мен Альтамир үлгілерінің тамаша кейіпкерлерінен, ештеңесі төмен емес. Олар жануар нобайымен әсем де күшті тәнді сызып өтетін, үздіксіз нүктелік сызықтармен берілген. Фигуралар қатаң түрде профиль бойынша, оң жақта орналасқан. Сызық формасында скиф суретшілерінің өмір сүрудегі ассоциативтік ойлау мәнері берілген. Ерте тас дәуірінде өмір сүрген, белгісіз авторлар, өздерінің бұтақты мүйіздерімен алға қарай сенімді қозғалып бара жатқан, еркек бұғылардың позаларын дәлме-дәл жеткізген.

Бұғыларды бейнелеу мәнері де айрықша. Оның әрқайсысының тасасында оны жасаушылардың жеке-даралығы көркем түрде көрініс табады. Бір бұғының мүйіздері үлкен емес, басы алға қарай иілген. Алға қарай ұмтылыстың әсері анық байқалады. Басқа жануардың артқы жағы созылған денесімен салыстырғанда тым аумақты, ерекше бұрылған, іші тым тартылып тұр. Кішкене басындағы мүйіздері көп бұтақталған, өрнекті шеңберленген, олар арқасының бойында созылған. Бұғының бірінші бейнесі табиғи ұқсастықтан алыс, графикалық батыл шешілген. Екіншісі көбірек стильденген, көшпелілерде келесі ғасырларда басымдыққа ие болған, орнаменттік бастамаға жақындайды.

Қазақ өнері дамуының бүкіл кезеңдерін қамтып өтетін, «Аң стилінің» сарындары дәстүрге айналады. Әлдебір сыртқы субстанция ретінде жануарлар тіршілігін дәріптеу барған сайын артушы жеке-даралықпен, адамның ішкі дүниесімен байытылады. Магия мен рәсімдік салттар емес, ал сезімдік-практикалық әрекеттің, жартастарда іздерін қалдырған, көшпелілердің анималистік өнерінде жалғасын табады.

Мифологиялық ойлау дүниеге эстетикалық қатынастың алғашқы сатысы болып табылады. Көшпелілер мифологиясының негізі алғашқы-қауымдық құрылыс болып табылады. Дүние ажыратылмай, қарапайым әрі тұрпайы, бірақ үйлесімді формалардағы орасан зор тұтастық ретінде қабылданады. Шынайы өмірлік түсініктер көркем өнермен қиылысып кеткен. Дүние туралы адамның білімі толық және жүйелі емес, түсіндіру мен талдаудан алыс, бірақ фантастикалық бейнелерде үлкен ақиқатты ашады. Жануарлар дүниесі, табиғаттың көптүрлі құбылыстары – осының бәрін ол өзімен біріктіреді, теңестіреді.

Бастапқы ғылыми білімдер көркем формада, миф-аңыздар формасында, шындықтың оймен құрастырылғанның қиылысуында көрініс табады, зооморфтық түсініктер ғарыш әлеміне ауысады және ежелгі астрономияның негізі бола бастайды. Солай, Есекқырғын (Юпитер) – есектерді жоюшы жұлдыз. Ол керуендерді уақытта бағдарлану кезінде адастырады. Онымен көшпелілер таңертеннің жақындағанын анықтайтын, Шолпаннан (Венерадан) кейінгі ең жарық жұлдыз. Есекқырғын туа сала, оны Шолпан деп қабылдап керуеншілер сапарға аттанады. Ерте басталған ұзақ жол бірінші кезекте есектерді құртады[282]. Осылай аспан аңшылар мен малшылардың бейнелерінде көрінеді. Жылдар да жануарлардың атымен аталған.

Аңыздар мен шежірелерде, эпос пен өлеңдерде дала тұрғындары өмір жағдайларымен тығыз байланысты дүниенің құрылысы туралы түсініктер көрініс тапқан. Аспан әлеміне олар уақыт пен кеңістіктегі өзінің жерлік бағдарларын ауыстырады, оны өздерінің нақтылы қоршаған ортасындағы жануарлармен мекендетеді. Бекерден-бекер кемпірқосақ атауы аспанда өзінің жерлік тіршілігімен – қойларды арқанмен матап жүрген кемпірдің есімінен алынбаған[283]. Жер сияқты аспан да, тұрмыспен еңбек процестерімен байланысты.

Табиғатта адам өз тіршілігінің мәнін ашады. Табиғаттың өзіндік қозғалысы формасы ретіндегі табиғат құбылыстарымен оның табиғи жан ретіндегі заттанған формасының өзара әрекеті жүзеге асады. Заттар адамның өзінің заттануы «оның индивидуалдығының сол заттармен бекітілуі және жүзеге асуы бола бастайды, ал бұл заттың оның өзі бола бастағанын білдіреді»[284].

Адам өмір сүру шеңберіне ендірілген, әлем өнерде бейнеленеді. Эстетикалық алдымен практикалық әрекетпен бірге көрінеді, болмыстың бөлігі, оның маңызды құрамдасы ретінде қарастырылады. Қазақстан номадтары дүниетанымының ерекшеліктерін, басқа халықтар өнеріндегі әлем суреттемесімен ұқсас және сонымен бірге одан айрықша әлем суреттемелері оларда жасалып шығарылатын, мифтер аңыздар, ертегілер және Эпос көрсетеді.

Әлеуметтік орта, тіршіліктің табиғи өтуі, малшылық және аңшылық тұрмыс қазақ өнерінде бейнеленеді. Ұлттық дәстүр, эстетикалық талғам, тәжірибе, әдет, ойлау мәнері табиғатпен үйлесімділікте көрініс табады. Солай, оған табыну ежелгі түркілік қасқырға тәу етуде («қасқырдың жүзі игілікті» маңызды орын алады. Атақты оғыз эпосы «Қорқыт кітабында» Салор-Қазан, бақташыларды, аттарды, түйелерді иттерді үркітетін, қасқырға былай дейді: «Қараңғы кеш келгенде сен үшін күн шығады; жауында, қарда, сен қасқыр тұрасың»[285].

Сезіммен қабылданатын, табиғи әлем – көшпелінің ұлттық дүние түйсінуі өсіп шыққан, негіздердің бірі. Әрбір халықта - өз жер бедері, оны қабылдауда оның мәдени дәстүрлері шағылып шығады. Табиғаттың өнерге ықпалы туралы В.Г. Белинский жазады: «Сәулет нысандарының орасан үлкендігі, үнді мүсіндерінің керемет зорлығы – Гималай, пілдер, питондар елінің шамадан тыс үлкендігінің анық бейнесі. Грек мүсіндерінің жаланаштығы Элладаның жанға жайлы ауа-райымен азды-көпті байланыста тұр... Жұтаң және жабайы – ұлы Скандиванияның табиғаты норманндар үшін олардың тұңжырған діні мен қатал-ұлы поэзиясының кіре берісі болды»[286]. Қазақ халқы үшін табиғаттағы осындай анықтаушы кешенге тау мен дала жатады. Шексіз кеңділік пен биіктік көшпелі тайпалардың өміріне күмәнсыз әсер етті. Оларда қатал тұрмыс биіктік пен руханилыққа ұмтылыспен үйлесті.

Табиғат – адамзат тарихының қажетті алғы шарты. Өзін дүниеде бекіте отырып, оны бағындыра келе, адамзат өз кезегінде, оның ықпалына ұшырады, табиғи процестердің ырғақтары көшпелінің тіршілігіне, оның күнделікті мұқтаждары мен рухани құрылысына әсер етті. Сол уақытта табиғилықтың өзі тарихи дамудың жемісі болып табылады. Дегенмен географиялық фактор мағынасында табиғат баяу өзгереді. Өзгерістерді оған адам енгізеді. Оның белсенділігін дүниеге деген қызығушылықты арттырады.

Мифтерде адам табиғатты интунтивті таниды, Әлемді, Ғарышты, Ғаламды ассоциациялармен, өте бай қиялмен қамтып алғысы келеді. «Дүниені тануға деген жоғары ұмтылыс» (Абай), оны ашуға деген құштарлық, оның түрлі қырларымен ләззаттану дала фольклорының белгісіз жасаушыларын жігерлендіріп отырды. Таулар мен далалардың мүлгіген әлемімен, оның толыққанды стихияларымен күресі және қосылу сезімі, табиғи ырғақтар мен циклдерге бағыныштылық, тірілу мен өлудің мәңгі айналымдағы өмірдің табиғи ағынында үйлесімді болу ежелгілердің дүниені қабылдауы үшін сипатты. Еңбекте, жасампаз әрекетте адам өзінің табиғаттан тәуелділігінен арылады. Әлемге қатысты ол әмбебаптылығы мен білімімен, дағдыларымен анықталады. Адам - шексіз әлемнің орталығы, онда жоғалып кеткен бір тіршілік емес, ол оларды бірден қамтып өту мүмкін емес, мәңгі аспан, шексіз дала сияқты, құдіретті және шектелмеген, оның бөлігі «Мен – құдіреттімін, тек мен тағдырды сараптай аламын, кім далада туса – оның күштері де орасан зор!» – дейді, мақтанышпен Гильгамеш туралы эпостағы тау мен дала ұлы, ежелгі көшпелі Энкиду[287]. Әлем адаммен салыстырғанда тым аумақты. Бірақ «іс-әрекетте, бүкіл әлеммен бірегейленуде адам өз мәнінің шыңдарына дейін көтеріледі.

Табиғатты қабылдауда, терең өзгерістерге ұшыраған, әлеуметтік шындықтың әсері қашанда сезімді. Табиғатты көркем көре білу, эстетикалық мұқтаждықтар, мақсаттар мен мұраттар тарихи нақтылы және адамның сезімдік-практикалық әрекетімен себептелген. Дүниеге эстетикалық қатынастың өзі әлеуметтік-тарихи қатынастардың негізінде өсіп шығады. Кейін қазақ халқын құрастырған тайпаларда, рулық дәстүрлер ерекше қуатты болды. К. Маркс пен Ф. Энгельс бұл жүйенің ғасырлар бойында жоғары өміршеңдігін және беріктігін атай келе, шығыстық, азиялық қоғамды ауылдық қауымдар жүйесі деп атады»[288]. Алғашқы-қауымдық және патриархалды-феодалдық құрылыс – қазақ өнерінің тарихи негізі болған, екі басты формациялар.

Өз дамуында ол заттарды фетишизациялау, мотивтерді қаһармандық өңдеудің анималистік тақырыбы кезеңдерінен өтеді. Миф этика мен эстетиканың тұтастығында, жанрлық ажыратылмағандықта, өлім мен өмірдің мәңгі ауысуына қызығуында, жануарлардан, титандардан, құдайлардан пайда болуда, органикалық және органикалық емес табиғаттың бірлігінде – осының бәрінде, тұтас ежелгі өнерге тән, ортақ белгілер мен заңдылықтар көрініп тұр. Сол мезгілде қазақ өнері айрықша және қайталанбайды. Әлеуметтік институттар, өмірдің көшпелі салты, дүниетүйсіну мен өзін танудың ерекшеліктері ғарыштың ұлттық суреттемесін жасап шығаруға себепші болды.

Көшпелілердің фантастикалық бейнелерінде (Эбалгер, Жалмауыз Кемпір, Жезтырнақ) – дала стихияларының алыптылығы салынған. Жер күштерін бастапқыда оның міндеті игілікті және ізгілікті болған, бәрінің алғашқы тудырушысы Жалмауыз Кемпір кейіптейді. Патриархат орнаған соң, ол зұлымдықпен теңестіріледі, адамға жау күш ретінде көрсетіледі.

Дала тайпалары дүниені үш бөлікке бөлді: жер беті, жер асты және аспан, олар бірегей және бірдей маңызды. Ежелгі түсінікте үш қабатта да, жердегіге ұқсас, әлемдер бар. Жер бетінде жер астына қарай тесіктер, жолдар, жырылыстар бар. Тұлпардың астынан жер екіге айрылып кетті. Атымен бірге Ер-Төстік жер астына құлады. Төмен қарай олар ұзақ құлдырады. Ақырында тоқтады»[289]. Жер асты әлемі, «жетінші жердің қойнауы, номадтардың түсінігінде - әлемдік құрылыстың түбі». Аспан қабаттары жеті, бәрінің үстінде – қозғалмайтын жұлдыздар әлемі. «Қырандар жігітті қанаттарына отырғызды да, жетінші аспанға көтерілді»[290].

Космогониялық аңыздарда және әфсаналарда көптүрлі қуып жетулер туралы, жерді ұстап тұрған, алып жануарлар (өгіздер, бұғылар) туралы баяндалады[291].

Әлемді фантастикалық және көптүсті бейнелейтін ертегі де мифке жақын. Тірі организм ретіндегі дүние туралы ежелгі түсініктердің жаңғырығы, хтонизм, стихияларды кейіптейтін құдайлар, қоршаған нәрселер мен құбылыстарды фетиштеу және сиқырлы ету, материя формаларының тұтасып кетуі, кесір күштерге (құбыжықтар, албастылар, т.т.) сену қазақтың таңғажайып ертегісі үшін сипатты.

Батырлардың ғажайып тірілуі – фольклорда жиі кездесетін тақырып. Сонымен бірге адамның жануарларға үйленуі сияқты ғажайып тақырыптар, адамдарға көмек беретін, оны керемет қуаттылықпен қаруландыратын, ізгілікті және құдіретті тотем-аңдарды құрметтеу де кең тарады.

Жаратылыстан тыс күш пен білімді ертегі кейіпкері тікелей табиғаттан, өз тотемімен қатынаса отырып алады. Бұл үшін ол немесе аңның құрсағына ену керек, немесе одан құдіретті рәмізді – құс қанатын немесе аң жүнін – алуы керек. Адам тірі емес материяның, сөздің мағынасына шынайы сенеді. Ежелгі халықтардың сенімі мен дәстүрлеріне сай табиғатта тұрақты түрде оның формаларының басқа түрге енуі, жан алмасуы, бөтен кейіпке ену жүріп жатады. Магиямен, аспанға, тауға табынумен және қасиетті жануарлар культі, әруақтарды құрметтеумен қосылған, шаманизм адамзат ойының сәбилік шағын білдіреді.

Мифтер мен ертегілерде адам қоршаған дүние мен қоғамды өзінше түсінуін білдіреді. Аңшы-батырлар тек жер бетінде әрекет етпей, жер асты әлеміне түседі, одан қайтып шығады, аспанда, су астында, құбыжықтардың аспандарында өмір сүреді. Сол атаудағы ертегі кейіпкері Ер-Төстік, олардан құламай өте алмайтын, жер асты дүниесінің шөлейіт даласы арқылы, оның үстінен қарсы ұшып өте алмайтын, өтілмейтін өлі шөл арқылы, жер бетінде жердегі сияқты, оның өз аспаны бар. «Алыстағы жер астындағы елде алтын ағаш өсіп тұр», - делінеді «Күнікей сұлу» ертегісінде[292].

Шеңбермен өмірдің мәңгі айналымы, жарық пен қараңғының, күн мен түннің ырғақты ауысуы сипатты. Күн аспанда өз жолымен жүреді, кейін жер астында, өлілер әлемінде қозғалысын жалғастырады. Ол жер астына кетеді, одан көтеріледі, өледі және тіріледі. Дәл солай қайтыс болған кейіпкерлер де магияның көмегімен тіріледі, өмірге қайтып келеді. Арғы тектердің рухы нақтылы адамдар мен жануарларға ұқсас. Олар қоректенумен сусындануға зәру, тірілер сияқты әрекет етеді. Адами түсініктегі табиғи стихиялар ізгі және зұлым құдайлармен, құбыжықтармен теңестіріледі. Әрбір руда, әрбір адамда өз жебеушісі – тотемі болған. Бұл жебеуші – құдайлар аспанда өмір сүреді, жер бетіне және жер астына түседі, өледі, жоғалады және кейін тіршілкке қайтып келеді.

Адамның уақыттағы болашағы ұйғарылады. Шексіз созылған уақыт мифтік ретінде көрініс табады, мәңгілікпен теңестіріледі. Оны қабылдау шеңберлік сипатта болады.

Өмірдің мәні мәңгі, уақыттан тыс, бәрі өз ұғынылуы шамасында өмір сүреді. Ежелгілер мәңгілік деп өмірлік бастаманың түпсіздігін, шексіздігін, берілген әлемнің тағдырлығын есептеді. Оның жерлік, аспандық және жер астылық шеңберлері кереметтер мен айналуларды, мәңгі өлу мен тірілуді, туындау мен жойылуды, жандар ауысуын, жаратылыстан тыс үйлесулерді талап ететін, барлық заңдылықтарды өздеріне енгізді. «Күнікей сұлу» ертегісінің кейіпкері ханды қасқырға, ал оның уәзірін түлкіге айналдырып жіберді.

Жер – құдайлар мен адамдарды тудыратын, өңір. Адамның өзін жүзеге асыруында тамаша құрастырылған әлемнің, түпсіз мәңгі тіршіліктің түйсігі пайда болады. Құбыжықтар және алыптардың үстінен салтанат құруда оның артушы қуаты, табиғат туралы білім аумағының ұлғаюы көрініс табады.

Қауымдық-рулық формацияның ыдырауымен адам мифтік дүниетанымнан босай бастайды. Қаһармандардың басты міндетіне әлемдегі зұлымдықты – табиғаттың дүлей күштерін білдіретін, құдайларға бағынбау, жер мен аспандағы қауіпті құбыжықтарды жою жатады. Дірілдеп тұрған тау, ғарыштық құйын суреттері, ол әлі мифке жақын, эпоста басымдылық танытады.

Әлемдегі күресуші бастамаларды мадақтау, күресу қажеттілігіне сенімділік пен бұл дүниемен үйлесімділікті сезіну эпос қаһармандарының табиғатына деген өмірлік – практикалық ұстынды білдіреді. Оның аяқталуы мен жетілу тұтастығындағы табиғи, тікелей әлем барған сайын жақындай береді.

Қоршаған дүниемен адамның күресінде табиғат сезімі, оның үйлесімділігі, әсемдігі және жетілгендігіне сенімділік арта берді. Өз күштеріне сенімділікке ие бола отырып, адам бір кезде құдіретті жануарлар дүниесінің қорғаушысына айналады. Оның дүниені қабылдауының негізі ретіндегі аң өнерде адам мен әлемнің тең ұлылығында көрініс табады.

Эпикалық дүниетүйсіну рулық қатынастар дәуірін қамтиды. Адам әлі өзін индивид ретінде сезінбейді, оның армандары мен үміттерін білдіре отырып, ұжымда өмір сүреді. «Индивид ретінде адам тек тарихи процесс нәтижесінде жекеленеді. Бастапқыда ол рулық адам, тайпалық жан, табындық жануар сияқты алға шығады», – деп К. Маркс жазған. Эпоста жалпылық индивидуалдықтан басым. Тұлға әлі бұғаудан босамаған, адам өзін табиғаттан, қоғамнан бөлек сезінбейді. Эстетикалықтың өзі қоршаған ортаға деген сезімдік-практикалық утилитарлық қатынаспен күрделі тоғысқан.

Жануарларды үйрету және жер өндеуді бастаумен адам табиғатқа жаңаша қарай бастайды. Оған деген аналитикалық ұстындағы поэзия, белсенді қайта құру бастамасы өнерге енеді. Көшпелі қоғамда табиғи қатынастар, патриархалдық әлі үстемдік етеді. Оның өнерінде шексіз әлемнің құдіретіне деген сенімділік ұзақ ғасырлар бойында сақталады. Табиғат сезімі артады, пісіп-жетілген бола бастайды, оның жетілгендігіне деген сенім айқынырақ бола берді. «Шығыстың халық өмірінің тек бір саласында – руханилықта табиғи бастаманың үстемдігі, мәнісінде, шектелмеген еді. Шығыс рухы адамдардың материалдық қатынастар жүйесінде табиғи бастамалардың үстемдігін білдіреді; ол табиғатта құлдық күйінде тұрды»[293] – деп, М.А. Вяткин атап өтеді.

Табиғатта тұтқында болуды, оған табынуды, көшпелінің онымен үйлесімді бірлікте болуын, осылардың тұтастығында эпос өнері бейнелейді. Табиғатқа сену, күмәндану бастауымен лайланбай, субьективтіктен алыс, қоршаған дүние құрылысын поэтикалық кейіпке айналдырып, тереңдетілген қабылдаудағы жан ырғақтары арқылы эпикалық суреттемелерде басымдық танытады.

Адам әлі дүние дамуы заңдылықтарының мәнісін ашудан алыс. Оның көркем шығармашылығында аңдаушы-поэтикалық та, тұтас және аналитикалық тереңге баратын бастама да өзінің толық қайшылықтығында ашылады. Барған сайын байыпты жетілетін, табиғи әлемнің әсемділігі өнерде толығырақ және көпқырлылау бола бастайды. Ш. Айтматов көшпелінің айрықша пантеизмі туралы былай дейді: «Бұл көзқарас пен ұғынуға ашық, ода адам өмір сүрген және одан ол тәуелді болған, сол кеңістіктегі әлем еді, бұл әлем, құдай сияқты, жердегі құдай тәрізді, құдіретті және игілікті болды»[294].

Дүниетану эпоста жоғары әмбебаптылыққа, оның толықтығына, қайшылықтар үйлесімділігіне, дүлей күштердің күресіне, құбылыстар жетілгеніне жетеді. Оларда айрықша түрде әлем дуализмі, ондағы қарама-қарсы бастаулардың күресі ашылатын, «қос ұғымдар» тәсілі ода кең тараған. Жер адам үшін – бұл таулар және далалар, биіктік – кеңдік. Жер, таулар - қаралар; орман, теректер – ақтар. «Қашан ақты қарадан ажырата бастағанда, Күн шығады». (Қорқыт кітабы)[295]. Әлем барлық жерде құйылған жақсылық пен жамандықтың, алма-кезек ауысатын жарық пен қараңғының тұтастығы түрінде көрініс табады.

Танымды аңсау ешқашан адамзаттан тыс болған жоқ. Көшпелі халықтар үшін жаңаға ұмтылу, динамикалық – оларда ұрпақтар ғасырлар бойы әрекет еткен, табиғи күй. Олар табиғатқа арнаулы шығармаларды, жанрларды арнамайды, өйткені ол көшпелі үшін сыртқы өңір, суреттемелердің тізбегі емес, ол өмірдің ажырамас бөлігі, оның қисынды, өте маңызды бөлігі.

Өнерде бірегей орасан зор, үлкен сандық байланыстарының бөлінгеніне қарамай, шексіз көптүрлі әрі тірі әлем өміршең бола бастайды. Табиғат болмысының сезімдік-нақтылы бірлігі, толыққандығы, жүзеге асқан әсемдігі, материалды «жалпы абстрактылы толықтықтардан емес, ал өмір толықтығынан алатын болған»[296].

Өнер иелерін ол шабыттандырады. Табиғат өнерде өз заттылығының көрнекі-нысаналығымен көрініс табады. Көркем игерудің айрықшалығы формаға енген, ретке келтірілген, таңдаулы эстетикалық заттық сезіммен қабылдануында және сондықтан қайталанбайтындығында тұр.

Суретші табиғатты оның бүкіл гүлденуші тамашылығы мен құдіреттілігінде қабылдайды.

Эпостың пейзаждық бейнелерінің аумақтығында, динамикасында, дүлей күштердің ғарыштық салтанатында, енді өнделген, көркем бейнеленген, хтоникалық әсер байқалады. Құдайлар, демондар, әлі адам үстінен үстемдік ететін, табиғаттың дүлей күштері – осының бәрі мифтерден, аңыздардан алынады, бірақ жаңа эстетикалық ұстын, өзіндік көркем түрде әлемді көру қабілеті артады және күшейеді.

Қайталанбайтын әлем «Күлтегін туралы жырда» ашылады. Бұл сол уақыттың дүниетанымын білдіретін, көрнекі эпикалық шығарма. Ежелгілердің эстетикалық қабылдауында жалпы қамтушы бірлік ретінде – материалды және идеалды, рухани, зат және бейне, болмыс және сана өмір сүреді. Табиғаттың әрбір құбылысы басқаларымен байланысты, өзіне бүкіл әлемді енгізеді. Сондықтан эпоста ғарыштық дүние қабылдаушы обьективизмі басымдық танытады. Дүлей күштер, жалпы орасан зор әлем, игерілмеген күштер ретінде адамға қысым жасайды. Бұл эпикалық кейіпкерлердің құдіреті және оңайға келмейтін әлемге қатысты мінездеріндегі монументальдықты анықтайды. Табиғи бастама бәрінен қуатты, ол бүкіл баршылықтың негізі, адам әлі үстемдік етпейтін, тұтастықты бағындырмаған, оның бір бөлігі. Ондағы барлық игі-жақсы – қуатты алғашқы табиғи күш, ашықтық, сенімділік – табиғаттан пайда болады. Адамдар жер мен аспанның ортасында өмірге келеді. Уақыт ұрпақтар алмасуымен өлшенеді. Аспан, жер және су - әлемнің ең қуатты күштері. Олар тұтас халықтарды көтере де, құрта да алады. Аспан адам тағдырын, оның тіршілік уақытын анықтайды. Эпоста айтылғандай, аспан, жер және су мәңгі және әділ, олар түркілерге қайтадан өзін халық ретінде сезінуге көмектеседі.

Әлемді көреген игеруде құбылыстар, олардың өзіндік өлшеміне сай, шынайы обьективтігінде бөлініп көрсетіледі. Қабылдаушы санасында жай ғана құбылыс бейнесі емес, қатынастар бейнесі сай келеді. Эстетикалық обьектіні таңдауда адамның өзіндік жеке әрекеттінің шарты ретінде, оның қасиеттері дараланады. Әлем адаммен, оның өмірімен байланысты, бүкіл сезіммен қабылданатын табиғатпен обьективті-нақтылы қарым-қатынастарында танылады.

Қуаттылық пен эпикалық кеңдік және алыптылыққа қазақ фольклорының көркем бейнелері толы. Мәңгі аспан, таулар мен дала – оларда поэзия бастаулары мен діни түсініктер күрделі қиылысқан, әмбебап алғашқы бейнелер. Таулар мен далалар – ежелгілердің іс-әрекет өрісі. Әрекетшіл адамдар мен бағынбайтын табиғат күрес және бірлік қатынастарында тұр. Эпос көшпелінің өмірін идиллиялық түрде бейнелеуден алыс. Табиғатпен мәңгі күрестегі суреттер қауіп-қатерге, қайшылыққа, кернеуге толы.

Динамикалық, қозғалыс өмір көңіл-күйінің көшпелілік типінде анықтаушы болып табылады, онда әлемді қабылдау кинетикалық, туғаннан өлгенге дейінгі бүкіл өмір онда – жол, қозғалыс. Табиғат суреттемелері қашанда ауысып отырады. Суреттемелер динамикалы, қазіргі түсінікте экспрессияға толы.

Тұрақты қозғалыс – түркілердің табиғи жайы, жұлдыздарға жететін тұлпар кеңістікті игерудің, әлемді меңгерудің рәмізі.

Ежелгі көшпелі халықтар көңіл-күйінің материалдық жағдайларын, нақтылы-тарихи тәжірибесін ұғыну олардың өнерінің ерекшелігін түсінудің, оның шынайы терең мағынасын айқындаудың кілті. Көшпелінің шексіз жолы уақыт циклдерімен, ат шаптырым қашықтықпен (бес айлық жер кеңдігіндегі дала аумағы) өлшенеді. Қашықтықты шектеу сатыларының атпен көшу арқылы мөлшерлеу – бұл да уақыт пен кеңістікте дүниені айрықша игеру. Кеңістікте бағдарлану жердің төрт шартарапымен анықталады. Қозғалыс күн бойынша шығыстан басталады. Кеңістік сипаттары тік сызықпен – аспан - жер; бойлық бойынша – шығыс (алға), батыс (артқа), оңтүстік (оңға), солтүстік (солға) бойынша құрастырылады.

Даланы көшпелі, оны тұтастық ретінде шар формасында, ортасында адамның өзі тұрған болмыстың өз шындығы ретінде түсінеді. «Шөл шеңберлеп жалғаса берді»[297]. Шеңбер формасындағы түпсіздік ретіндегі әлем, үйлесімдік рәмізі сапасында эпикалық суреттемелердің негізінде жатыр:

Жер шеңбері біткенде,

Жол аспанға кетті ...[298]

 

Адамның табиғатпен нақтылы байланыстары ол туралы эстетикалық түсініктердің алдын алды. Қоғамдық-тарихи практикада олардың қайшылықтарға толы қатынастары – бірлік және күрделі текетірес, үйлесімділік және қақтығыс, тікелей тірек байланыс және тереңдетілген аңдау – жүзеге асып отырады. Өнерде адамның қоршаған ортамен қилы қарым-қатынастарының көп түрлі формаларын бейнелеу орын тапты.

Әсемдік сезіммен қабылданатын табиғат құбылыстарында нақтылы түйсініледі. Ежелгі көшпелі халықтар орасан зор әлемді игергісі келеді, одан өзінің ажырамайтындығын, онымен толық үйлесімділігін, оның нақтылы тұтастығын айқын сезінеді. Мәңгі қозғалыс пен өзгерістегі табиғатты тікелей өміршең аңдауда, талдаусыз-ақ, синкретті көре білу адам қиялын, шығармашыл фантазияны дамытты. Көшпелі табиғаттан бөлінбеген, қашанда оның ішінде. Ол, әсіресе, қоршаған ортаны терең және бойлаушы аңдаудың мүмкіндіктерімен оны тұтас және жетілген формада бейнелей алады.

Әсемдік адаммен шындықты игеру өлшемін білдіреді. Ежелгілердің санасы болмысты эстетикалық бағалаудың нормасы ретіндегі мөлшерлестік ұғымымен толықтырылған. Мөлшер өмірдегі шамамен, заттық дүниедегі сәйкестілікпен, оның жетілген құрылымымен, адам қабылдаулары формаларымен, жолды өлшеумен себептелген. «Күйіп тұрған Бетпақ-Дала шөлімен олардың жолы қырық күнге созылады»[299].

Көне өнер бізге дейін табиғатты меңгерудегі, жолда бағдарланудағы, мөлшерді айқындаудың ерекшеліктерін жеткізді. «Алға, күннің шығуына дейін, оңға, шаңқай түске дейін бәрі артқа, күннің батуына, солға, түн ортасына дейін – осылардың шектерінде бәрі маған бағынышты!»[300].

Өзінің алыс өткенін көшпелі, олар алдымен құдайлар және демондардың арасында өмір сүрген, ұрпақтар қатары ретінде түсінді. Бұл өмірді және қоршаған ортаны игерудің мифологиялық формасы, онда адам өзін табиғаттан шамалы ғана ажыратады. Циклдер мен ұрпақтар-уақытты есептеудің тетіктері. Көшпелі, әдетте, жеті атасын біледі және уақытты ұрпақтар алмасуымен, олардың сабақтастығымен өлшей келе, оларды қатарға қояды.

Осылай адам табиғатта беки берді. Дүниені оның тұтастығында, нақтылы жалпылығында аңдау бұл дүниені фольклорда қайтадан құрып шығуға себебін тигізді. Эпостағы адамдық болмыс пен әрекеттің маңызды құрамдас бөлігі – табиғат. Табиғи құбылыстармен кейіпкердің көңіл-күйі, оның іс-әрекеттері қатар қойылды.

Орасан зор обьективті әлем, рухтанған, тірі және тұтас, қаһарманның іс-әрекеттеріне бірге қатысады, ауыртпалық күндері бірге қайғырады және жеңістерін бірге тойлайды. Көшпелі әлем мен табиғи болмыста ол қосылып кеткен. Адамдар әлемі, оның қамдары мен қуаныштары табиғатта жаңғырығын табады. Эпикалық пейзаждар толыққанды және айқын. Суреттер лаконизмі табиғи құбылыстардың көпмағыналы сипаттамаларымен үйлеседі.

Ежелгі көшпелі халықтардың эстетикалық қабылдауы өмірлік қажетті нәрселермен органикалық қосылып кеткен. Табиғат құбылыстар мен адам іс-әрекеттерін бағалау сыртқы сипатқа ие («найза бойлы қар үстінен жол салды»[301]). Көшпелі қабылдауындағы эстетикалық элемент ерекше күшті және қоршаған табиғатқа іштей тән әсемдіктен, адам әрекеті жағдайларынан шығады. Мөлшер категориясының ерекшелігі оның құрылымдық тәндік-сезімдік сипатында тұр. Эстетиканың әмбебап категориясы ретіндегі мөлшер, әлемді көркем шынайы игерудің құралы, оның үйлемді құралуының негізі бола тұрып, бәрінде сақталып келеді. Осыдан әсемдік деген мөлшерлестік болып шығады. Онда бәрі мөлшерлес, шынайы, сезімдік қабылданатын әлемнің өзінде әсемдік тұр. Адам өміріндегі әсемдік, оның сыртқы кейіпі табиғилықпен теңестіріледі.

Көшпелінің орасан зор үйі табиғат – тек күш салудың өрісі емес, сонымен бірге оған қуат, батылдық беретін, одақтасы. Адам оның құбылыстарына нәзік сезімде, жақын. Тұрақты мекен ауыстыру, жаңаны аңсау оған қоршаған тілін түсіну шеңберлігі сыйлайды. Бұл, өзінше жерді, аспанды қайта құратын, эпос осы жарқын, төлтума әлемді бейнелейді. Адам табиғатты тұтас қамтиды, өзін осы әлеммен бір ырғақта сезіне отырып, оның әсемдігімен бірге өмір сүре келе, әсемдікті үйлесімділіктен көреді:

Отты шаң-тозаңда шомыла келе,

Күн аспанның биігіне жетті[302].

 

Суретші табиғат құбылыстарын олар көріністерінің жалқы ретінде көреді және оларды тұтастық бөлігі ретінде ретке келтіреді, оларды ұйымдастырады. Эпос өзімен эстетикалық сананы, әлемді көркем игеруді паш етеді. Табиғатты эстетикалық қабылдау адам өмірінен, оның еңбек әрекетінен ажыратылмайды, ол ода барған сайын күш пен қуатты, болмыстың жарқын қуанышын бағалайды.

Атап айтқанда көркем қабылдауға қоршағанның бүкіл толықтығын аңдау, адам тағдырының табиғаттан бөлек еместігін, оның ырғақтарына бағынуды сезіну тән. Әсіресе эпос қаһармандарына, мәңгі тірі шексіз әлем ретінде, табынуға лайық, дала қымбат. Өмірден кете бере, Төлеген («Қыз-Жібек») бұл әлемнің сұлулықтарын енді көрмейтініне қатты қынжылады.

Жер бедерін бейнелеуде фольклор үлкен шеберлікке жетеді. Бұл онда нәзік сезімді байқаушылардың дарыны көпқырлы табиғатты тануды аңсаумен қосылған, сөзбен берілген пейзаждық сурет. Онда таным мен әлемді эстетикалық қабылдау үйлескен. Табиғат мұнда - өзінің танушы және оны өз әрекетінде өзгертуші адаммен органикалық қосылған тұтастығы.

Көшпеліге таулар да жақын әрі қымбат. Оның бейнесімен ол өзі үшін ең қымбат пен мәңгіге – биіктік пен тазалықты – байланыстырады. Олар – мәңгі өмірдің рәмізі, оның түпкі отаны. Тау бейнелері салтанатты және поэтикалық: арудың пәктігі, тұңғиықтар мен жетпейтін шыңдар, қанатын жайған қыран, айбынды арыстан т.т.

Табиғатпен динамикалық тепе-теңдіктегі, үйлесімділіктегі эпикалық кейіпкер – ішкі және сыртқы жетілудің үлгісі. Ол – рудың, жердің қорғаушысы, ол ғарыштан, өзінде бәрін қамтиды – табиғат ырғықтарын, дүлей күштердің қайтадан тіріліуін көрсетеді. Батырдың сезімдері тұтас, толық. Эпикалық батырдың көзімен көрінген табиғат та тұтас, құдіретті және жетілген, оның құбылыстары айқын әрі аумақты, онда ұсақтық жоқ. Эпоста батырларды табиғат пен салыстыру пластикалық аумақты, бедерлі, сезілетін және сенімді. Міне бірегейлік және теп-теңдіктің күшінде табиғат адамды, оның сыртқы және ішкі дүниесін ашады. Солай, қыз бен жігіттің әсемдігін жануарлар әлемімен салыстыратын зооморфизмде мифология, алғашқы қауымдық дүние түйсінудің ерекшеліктері, адам өзін әлі табиғаттан бөлмеген уақыттағыдай, анық көрінеді.

Сұлулық онтологиялық. Эпоста ұжымдық санада тұрған, сұлулық туралы түсінікті қайтадан жасап шығарады. Оның теріс кейіпкерлері табиғаттың қиратушы күштерімен теңестіріледі. Төменгі, пасық өз халқы, жері үшін күресіп жатқан, қаһармандар бейнелеріндегі көтеріңкіге қарсы қойылады. Батыр қуатты, төзімді, батыл. Оның батырлық өмірі әсемдікпен көмкерілген. Шайқаста жеңу және өлу тамаша. Батырдың тірі табиғатпен, сұлулық үлгісімен, ең тамашамен байланысы қисынды:

 

Көлді жартасты жағалау көркейтеді,

Сарбазды қасиетті ерлік көркейтеді[303].

 

Ауызекі поэтикалық шығармашылықта сұлулық табиғатқа да, адамға да тән. Бұл тіршілік қуанышы, оның обьективтілігі мен үйлесіміндегі табиғаттың гүлденуі. Әсемдіктің негізі, сұлулықтың қайнары – шындықтың өзінде, нақтылы сезімдік дүниеде.

Әсемдік эпикалық жағынан құрылымдық тұтастықтың сыртқы ерекшелігі ретінде бағаланады, ішке қарай тереңдемей, жалпы бөлінбеген түрінде көрініс табады. Онда сұлулық өмірлік-тәжірибелік те, идеалды және материалды да, нәрселермен таза эстетикалық сүйсіну де, заттарға практикалық-утилитарлық ұстаным да. Сұлулық өмірге керек, пайдалы заттарда сезіледі.

Симметрия ұстыны, ырғақты ұйымдасу қазақ өнерінде үйлесімді байыптылықты, әлемнің мөлшерлестігін білдіреді, көшпелінің қабылдау ерекшелігін, бөлек пен тұтастықтың шексіз байланысындағы, табиғаттың шынайы тұтастығын сипаттады. Симметрия, үйлесімділік, мөлшерлестік табиғи материалдық үстінен билік жүргізу туралы, оны игерудің жоғары дәрежесі туралы куәландырды.

Жасалған нәрселердің әсемдігі орасан зор дүниенің ажырамас бөлігі ретінде обьективті, әмбебапты. Адам мұқтаждық ететіннің бәрі: киім, қару, қалқан ж.т.б. тамаша. Өйткені адамдық әрекет өз табиғатында, мәнісінде тек утилитарлы болмады. Әдемі затта, ат әбзелінде, қаруда адам өз шеберлігінің табиғат материалынан үстемдігін көрді. Заттарды өндіру шығармашылықтың түрі болып табылады. Олардың әсемдігі пайдалылықтың негізінде пайда болады, бірақ тек оған келіп тірелмейді. Ол мақсатқа сәйкестілікке жақын, оның ең жоғары көрінісі болып табылады.

Эстетикалық сезімдер қоғамдық өндірісте, ғасырдың саяси, ақыл-ой, адамгершілік ахуалында қалыптасады. Сол уақытта олардың арасында тікелей тәуелділік жоқ. Материалды өндірістің даму деңгейі өнердің нақтылы-тарихи мазмұнымен бірдей емес. Әлемді барған сайын терең игеруде жетістіктер ғана емес, бірақ жоғалтулар да бар. Күрделі көркем даму процесінде адамзат бастапқы ежелгілердің эстетикалық түсініктерінен айырылмайды, ал оларды дамытады және байытады. ХХ ғ. адамына табиғатқа деген тұтас көзқарас, алдынғы ұрпақтармен ауызекі аңыздар, ертегілер, өлеңдер, эпикалық туындылар түрінде үзілмейтін тізбекте берілгеннің әсемдігін және үйлесімділігін қабылдау қажет. Олар құдайлар мен адамдарға да, дәстүрлер мен сенімдерге де, әлем және адам тағдыры туралы пайымдарға да, сонымен бірге ғасырлардың рухани тәжірибесінен алынған барлық игі-жақсыға, ежелгілердің дүниетаным ерекшеліктеріне де, олардың армандары мен үміттеріне де орын бар.

Уранидтер мен кронидтердің күресі туралы ежелгі мифтердің бірінде[304], дүлей күштерге тең, титандар мен алыптар, өздерімен аса зор және бұғауланбағандықты көрсеткенімен, бәрін жұтушы уақыт құдайы, Кроностың ақылды балаларынан жеңіліске ұшырайды. Жеңімпаздардың басында Зевс – құқықтық тәртіп пен мемлекеттіліктің, өсуші және нығаюшы өркениеттің рәмізі тұрады. Жер құдайы Гея мен Аспан құдайы Ураннан туған, табиғат балалары – қаны-тәнімен содан шыққан, өздерінің тұтас, қарапайым, тұрпайы шектелген, бірақ тамаша, сәбилік шынайы көруімен, өздерін оған қарсы қоймайтын, халықтар Әлемі, Алыптар әлемі жеңіліп қалады.

Алайда алыптар әлемі, онда табиғат-адамға бағынбаған, оған өз еркін танитын, оны өз ырғақтарына бағындыратын, құдіретті субьект, өнерден, адамның дүниені қабылдауынан кетіп қалмайды. Бүкіл дәуірлерде ол айрықша «руссошылдықпен», табиғат құдіреттілігіне сеніммен қайтадан түлейді. Көшпелі халықтардың өнерінде бұл мотив ең бастылардың бірі.

Материалды өндірістің жоғары месе сатысы, қоғамдық қатынастар мен таптық жіктелудің ерекшеліктері қазақ өнері дамуының сәбилік сатысын барлық оның артықшылықтары және кемшіліктерімен себептейді. Табиғатта оны жасаушыларды оның нақтылы-тарихи көріністерінің жалпы маңыздылығы және тірі тұтастығы қызықтырады. Суретшілер нәрселердегі тұтасқа көтеріледі, оны тұтас пластикалығында ашады. Әлемді жарқын көптүстілігінде көру, сонылық және өткірлік, әлем күрделілігін көркем ойдан шығарылғанда қамтып алу қабілеті, қиялдың тоқтаусыздығы, оны бейнелерде ұғыну – осының бәріне Қазақстанның көне өнері толы.

Алайда табиғат жай ғана енжар, одан суретші өнер нәрсесін құрастыратын, пластикалық емес. Бұл құралдардың қоймасы емес. Эстетикалық қатынас әлемді оның табиғи жайында, динамикалық және үйлесімді тепе-теңдігінде сақтайды, ал оны бүлдірмейді, бөлшектемейді. Суретшілер заттылыққа бойлап кетеді. Сол уақытта ежелгі өнерде талдау, оның заңдылықтарында әлемді білу жоқ, оның пайымдары жиі қарадүрсін, аңғал.

Өнермен дүниені игеру оны жасаушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін байытты және кеңейтті.

Алдымен әлем тотем, жебеуші, бағынбайтын дүлей күш, дүние құрылысының ең қаһарлысы және қажеттісі ретінде аң арқылы қабылданды. Бұл – палеолит, мезолит, неолит дәуірлерінің алғашқы қауымдық өнерінің басты кейіпкері. Оған адамзат мәдениеті тарихының жарқын парағы, ерекше скифтік аң стилі арналған. Оның шынайы бейнесі кейін ою-өрнекте шартты бола бастайды.

Ары қарай әлем зооморфтық бейнелерде, космогонияларда тіріле берді. Көркем қиял, фантастика, дарынды ойлап табулар, ғажайыпқа сену, алғашқы материализм мен идеализм – бәрі айрықша мифологияда қиылысады. Құдайлар, құбыжықтар, хтонизм мен тотемизм, қиялдың батылдығы, көрегендік ырымдармн бірге өнерде бірігеді. Мифология, әсіресе, материалдының ауысуыларына, өмір мен өлімнің мәңгі алмасуына ден қояды.

Кейін басты орынды табиғат пен адамдарды қорғаушы алды. Әлем байлығын сақтау қажеттілігі туралы аңыздар пайда болды. Табиғат адаммен, оған шынайы адамдық қаьынас мұратымен үйлестірілді[305].

Дүниемен бірегейлену, табиғатпен игілікті жасапаздық одағы мотиві көшпелілер өнерінде жетекші бола бастайды. Аң тақырыбы оның дамуының көптеген кезеңдерінде қайтадан жаңғыра береді. Қаһарлы субьект, өзімен қысым жасаушы ретсіз дүлей күш белгілерін жоғалтып, жануар табиғи бастамамен теңестіріледі, эстетикалық сүйсіну, өзіндік көркем меңгеру обьектісіне айналады.

Адамның табиғат әлемімен бірлігіне, поэтикаландырылған өнермен, қобыздың үні маңайындағының бәрін сиқырландырған, Қорқыт туралы аңыз арналған. Дала Орфейінің жігерлі және тамаша әуендерін тыңдау үшін, Сырдария уақытша өз ағысын тоқтады[306].

Табиғатпен күрес және оған деген сенім, оның тұтастығынан, табиғилығынан ләззат алу – бұл негізгі бағдарлардың қиылысуында қазақ өнері дамыды.

Табиғатты адам қиялына, оның ойластырғанына бағындыратын аңыздар, оны тұтас қамтитын және түсіндіретін болғанымен әлемді көркем игерудің негізгі формасы болудан қалады және жаңа негізде қайтадан түлейді. Мифологиялық, әлем заңдылықтарын білмеу, соқыр сенім белгілерімен бірге жалпылау, сонда да әмбебаптылыққа, тұтастыққа, батыл жалпылауға деген талпынысты өзімен алып жүрді.

Мифология, ал кейін эпос барған сайын әлемді индивидуальды көрумен ауысты. Оның суреттелген пластикалық әсемдігімен, әлемді игеру неғұрлым көптүрлі бола бастағанда, соғұрлым танымда субьективтіктің, жеке-дара қабылдаудың байлығы басымдық таныта берді. Миф эпосты тастап кетеді, барған сайын әлемді көркем өзіндік поэтикалық көру орын ала береді. Табиғатқа, пластикаға, жарықтық және түстік тәсілдерге қызығушылық артады, құбылыстарды суреттеу барған сайын көпбояулы, көптүрлі бола бастайды. Әлемнің өзі көбірек көркем өңделеді. Дүниені тануда субьектілік, тұлғалық бастама, психологизм күшейе түседі. Табиғат өзіндік-көркем қарастырудың, игерудің обьектісі бола бастайды.