Таңдалған технологиялық процесті талдау және орнықтыру

Екшелеу. Парақтарды өзара екі перпендикуляр жақтарымен тегістеу процесі. Қағаз парақтарының арасына ауа кіргізу арқылы парақтарды біркелкі етіп стопаға жинайды. Бұл операцияны басылмаған таза парақтарға да, басылып кітапшалау-түптеу цехына келіп түскен парақтарға да орындайды. Екшелеу операциясының сапасы мен еңбек сыйымдылығына қағаз парағының форматы, қағаз парағының массасы, тегістігі, ылғалдылығы үлкен әсерін тигізеді. Екшелеуді қолмен немесе арнайы екшелеу автоматтарында орындауға болады. Оның сапасын қағаз табағының дұрыс жақтарын вейер сияқты төгіп тексеруге болады. Екшелеуден кейін болашақ басылымның толық таралымын қамтамасыз ету үшін санау керек. Ол қолмен немесе арнайы санау құрылғыларында жүргізіледі. Екшелеудің дұрыс жасалуы нәтижесінде келесі операциялардың – кесу мен бүктемелеудің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі.

Кесу.Кітапшалау-түптеу процесі басылған парақтарды кескілеуден басталады. Қағазды кесу кезіндегі кішкене ғана қажетті өлшемнен ауытқулар соңғы өнімнің сапасына ақау тудыруы мүмкін. Этикеткалар мен бағалы қағаздарды жасау кесудің жоғары дәлдігін қажет етеді. Оның дәлдік шегің 0,1 мм болу керек, өйткені этикалық машиналардың жұмысында қателіктер болуы мүмкін банкоматтардың және және ақшаларды санайтын машиналарда ондай қателіктер болмау керек.

Қағаз табағында бірнеше баспа табақ орналасса, кесуге жібереміз. Кесу терминінің екі мағынасы бар: разрезка, подрезка. Разрезка – қағаз табағында орналасқан өнімдерді бөлікке кесу. Ал подрезка – ­­­форматқа келтіру.

Кесу өте жауапты операция. Себебі ГОСТ пен белгіленген сызықтық өлшемдерінде ауытқу пайда болса, ол ақауға соқтыруы мүмкін. Кесу операциясы бір пышақты кесу машиналарында кіші форматты өнімдер үшін арналған стол кескіште орындалады.

Кесілетін өнімнің сипатына байланысты пышақтың ұшы әр түрлі бұрыштан немесе ұштаудың әр түрі болады. Пышақты ұштаудың 2 түрі бар:

- тік сызықты;

- екі тік сызықты.

Басылған табақтар керекті санына кесілгеннен кейін келесі бүктемелеу операциясына келіп түседі.

Бүктемелеу. Кітап немесе кітапшалау басылымдардың белгілі форматтардың рет-ретімен бүктеу операциясы. Бүктемелеу кезінде бүгілім сызығы бойымен орналасқан қағаз талшықтарының деформациясы пайда болады. Бүгілім саны және олардың орналасуына байланысты табақтарды бүктемелеу әр түрлі болып бөлінеді.

Бүгілім саны бойынша бүктемелеуді 1,2,3,4 етіп бөлінеді. Менің өнімім бүгілім саны бойынша 3 бүгілімде бүгіледі. Орналасуы бойынша: перпендикуляр, параллель және де аралас бүктеледі. Осылардың ішінде перпендикулярлы бүктемелеуде әрбір келесі бүгілім алдыңғы бүгілімде перпендикуляр болып орналасады. Сондықтан мен осы бүгілім түрін таңдадым.

Парақты басу машиналарында басылған өнімдерді бүктемелеу кассеталы, пышақты жəне осы екі əдісті де қолданатын арнайы бүктемелеу машинасында орындалады. Бірінші бүктемелеу секциясында кассеталық, ал барлық басқа секцияларында пышақты əдіс қолданылады.

Кассеталы бүктемелеу əдісі, қағаздың форматына қарай минутына 330- ден 750-ге дейін парақтарды бүктейді. Бұл əдіс бір рет бүктелген дəптерлер мен параллельді бүктелген буклеттерді дайындауға ыңғайлы.

Пышақты бүктемелеу əдісі бойынша бүктемелеу дəлдігі жоғары болады, бірақ жылдамдығы жағынан кассеталы бүктемелеу машинасынан 25-11% төмен. Перпендикулярлы бүктемелеуде жылдамдығы сағатына 25000-нан бастап, ал параллельді бүктемелеуде 40000-ға дейін жетеді.

Менің өнімім перпендикулярлы бүктелетін болғандықтан мен пышақтық бүктемелеу әдісін қолданамын. Пышақтық бүктемелеу бүктелінген парақ бүктемелеу пышағы мен бүктемелеу білікшелері арасына беріледі. Бүктемелеу пышағы парақты бүгілім сызығы бойымен бүктемелеу білікшелер арасымен соғады. Одан кейін олардың арасымен өткенде бүгілім пайда болады [2].

Негізгі дәптерге форзац біріктіру.Форзац қатты мұқабаның негізгі элементі. Оның көмегімен кітап блогы мұқабамен бекітіледі. Форзац – екіге бүктелген екі қағаз парағынан тұрады. Кітап блогы алдыңғы және соңғы бетте орналасқан екі форзацтан тұрады. Алдыңғы форзацтың түбі, кітап блогындағы бірінші дәптердің түбіне, ал соңғы форзац соңғы дәптердің түбіне желімденеді. Форзацтың қарама-қарсы жағы түптеу қабына тұтас желімденеді.

Форзацқа кітап тақырыбына сәйкес келетін суреттер, ою-нақыштар басылады немесе ештеңе басылмай таза қарапайым болады. Менің өнімімнің форзацы қарапайым.

Форзац блокты жинақтау алдында дәптерлерге желімденеді. Форзацқа арналған қағазды кесу барысында ол қағаздың барлық шеті жан-жағынан кесілуі керек. Бүктемеленген форзацтың форматы үш жағынан кесіліп дайын болған кітап блогының форматына тең болу керек. Ені және ұзындығы жағынан тең болуы керек. Ені және ұзындығы жағынан +-2 мм. Ауытқуын жіберуге болады. Желімденетін форзацқа арналған қағаздың талшықтары ұзын жағына қарай бағытталған жағынан (қағаз талшықтары кітап түбіне параллельді орналасуы керек) кесіліп-пішіледі. Бетінде ештеңе басылмаған форзацтағы бояудың түсі, қолданған желімнің әсерінен өзгеріп кетпеуі керек.

«Колбус» ағынды желісі. Жіппен тігілген блоктар кітап блогын өңдеуге жіберіледі. Ол «Колбус» ағынды желісінде жүргізіледі.

Ол ағынды желі келесі агрегатардан тұрады:

- АВ 370 блокты өзі беру жүйесі;

- RB 462 блокты ИҚ кептіріп, желімдеу жүйесі;

- FN 400 кітап блогын престеу;

- FSL 1032 үш пышақты автоматты кесу;

- SD-75 конвейер беру жүйесі;

- AR блоктың түбін қысу, яғни тігінен өңдеу;

- HL 501 қапталды бөлігі (приклейка, марля, қағаз, қапталды лента);

- EMP 582 блокпен мұқабаны кигізу;

- FE 604 престеу.

Ағынды желіден дайын кітаптар шығады, олардың сапасы тексеріліп, оратылып дайын өнім қоймасына жіберіледі.

Дәптерлерді блокқа жинақтау. Бүктелген дәптерлер мен қосымша элементтерді ретпен жинақтау. Жинақтаудың 2 тәсілі бар: бірінің ішіне бірін кигізіп (вкладка), бірінің үстіне бірін қойып (подборка) болып бөлінеді.

Менің өнімімнің көлемі 80 беттен асатын болғандықтан, тек подборкамен жинақталады. Подборкада блоктағы дәптертерлердің дұрыс орналасуын қадағалау керек. Кітап блоктарын өңдеу басылымның түбінің беріктігі мен жинақтылығын арттыратын, сыртқы түрі мен пайдалануға қолайлығын жақсартатын операцияларды біріктіреді.

Блокты жіппен тігу. Бұл бекітудің ең тиімді әдісінің бірі. Бір жіп түйіндегіш және екі жіппен тізбектеп тігу орындалады. Кітап және кітапшалық блоктарға жинақталған дәптерлерді бір-бірімен жіппен бекітіліп келесі операцияға жіберілуі керек.Жіппен бекітудің дәптерлік әдісі – кітап блогының әр дәптері түптік фальц арқылы тігіліп, келесі дәптер алдыңғы дәптермен сол жіппен тігіледі. Қарапайым түптік тігіс – қарапайым брошюралық тігістегідей бір-бірінің астында орналасады, өлшемдері әр түрлі. Бір дәптердің ішкі тігістері келесі дәптердің тігісінен кіші болады. Бұл тігіс марлямен және жіппен тігеді.Блоктарды дәптерлік әдіспен тігу әмбебап жіппен тігу машиналарында және автоматтарында 4 түрлі тігіспен орындалуы мүмкін: қарапайым кітапшалық, қарапайым түптік, ауыспалы түптік және ауыспалы кітапшалық. Технологиялық тәртіптің дұрыс орындалуын қадағалау үшін тігістердің айырмашылықтарын білу керек:

1) қарапайым тігісте тігілген блоктың барлық дәптерлерінде ішкі тігістердің жіптері бір-бірінің астында орналасқан;

2) ауыспалы тігісте ішкі тігістер дәптерлерде біріншісі екіншісіне қарағанда аралас болып келеді;

3) кітапшалық тігістің біржіпті бөліктерінің сыртқы элементтері түпке қарама-қарсы орналасқан түзу сызықтарды қалыптастырады;

4) түптік тігістің біржіпті бөліктерінің сыртқы элементтері зигзаг тәрізді тігістермен толтырылған;

5) қарапайым кітапшалық тігістерден басқа барлық тігістерде бір-бірінің астында орналасқан дәптерлердің бүгілімдерінде жіптері жоқ тесіктер болуы мүмкін.

Маған керекті тігіс, қарапайым түптік тігісі көлемі 8 беттік дәптерден жинақталған 10 дәптерге дейінгі, тығыздығы 100 г/м² және одан да көп болатын қағазда басылған марліге тігілетін блоктар үшін, 16 беттік дәптерлерден жинақталған көлемі 20 дәптерге дейінгі блоктарды тігу үшін, 32 беттік дәптерлерден жинақталған көлемі 30 дәптерге дейінгі блоктарды тігу үшін қолданады. Бірақ іс жүзінде осындай блоктарды ауыспалы тігіспен тігеді. Егер жіппен тігу автоматы әдетте ауыспалы түптік тігіске келтірілген болса онда жеке басылымдар үшін қарапайым түптік тігіске ауысу мақсат емес [2].

Блок түбін қысу. Жіппен тігілген кітап блоктарын өңдеу блок түбін қысудан басталады. Бұл операция жіппен тігілген блоктардың түптерін мыктылату үшін колданылады. Және блок түбін желімдеу кезінде желім дәптердің ішкі беттеріне өтіп кетпеу үшін қажет. Блок түбін қысу үшін әртүрлі жабдық колданылуы мүмкін. Ол жеке қысу прессі немесе кітап блогын өңдейтін арнайы ағынды желіде орындалуы мүмкін.Жіппен тігілген кітап блогінің өнделуі түбін қысудан басталады. Барлық блокты өндейтін және оны қапқа кигізетін ағымды желілерде бірінші түбін қысу операциясы орындалады.

Блок түбін желімдеу. Блок түбі қысылғаннан кейін желімдену керек. Яғни блок түбінен керекті мөлшерде желім жағылады. Желімдік қабат блок түбіне қаттылық береді және келесі операциялардың сапалы өтуін қамтамасыз етеді. Блокты желімдеу сапалы өту үшін және барлық талаптарға сәйкес болу керек. Желім блок түбінін тегіс пленкамен жауып дәптер арасына өтіп кетпеуі қажет. Кітап блоктарының түбін желімдеу операциясының сапасы желімнің құрамына байланысты болады. Желімдеу үшін желім созылмалы болу керек.

Кітап блогын желімдеу процессінің механикаландырылған түрі арнайы блокжелімдеуші RB 462 станогында жасалады. Бұл станокта электр келтіргіштен айналатын бірқатар біліктер бар. Біліктер бетіне автоматы түрде желім қабаты жағылады. Желімденетін блоктар түбімен білікке қарап орналастырылады, ол дөңгелектер арқылы қозғалысқа келеді. Біліктер бетінде желім қабаты болғандықтан, желім дәптерлердің түптік бүгілімінің бетін жауып және белгілі тереңдікке сіңеді. Барлық біліктерді өтіп, блок қабылдауыш столға келіп түседі, оны қолмен алып кептіруге жібереді.

Блок түбін кептіру. Кітапшалау түптеу цехында жартылай фабрикатты кептіру техникалық процесстің әртүрлі стадияларында орындалады. Кептіру әртүрлі желімдік ертінділер қолданылатын операциялардан кейін орындалады. Кептіру дегеніміз – желімдік қабаттан артық қабатты жою. Кітап блоктарының түптерін желімдегеннен кейін кептіру табиғи және жасанды жағдайда орындалады.

Блок түбін кептіргеннен кейін қысу. Блок түбін желімдегеннен кейін қағаз талшықтары ісініп, бірнеше деформацияланады. Ал кептіру процессінен кейін блоктар бос қалыпта болады және дәптердің түптік фальцтары қопсыланады. Сондықтан блок түбін қалыпты жағдайға келтіру үшін оларды кептіргеннен кейін қысу керек. Бұл операцияны да блок түбін өңдеуге арналған AR станогында орындауға болады.

Блокты үш жағынан кесу. Желімденген және кептірілген кітап блоктарына түптеу қабын кигізбес бұрын үш жағынан кеседі. Үш жағынан кесу кітапты қолдануды ыңғайлы ету үшін, бүктеу кезінде пайда болатын тегіс емес жақтарын кесу үшін қажет. Кесу бір пышақты кесу және арнайы үш жақты кесу машиналарында жүргізілуі мүмкін.

Колбус фирмасында үш жақты кесу машинасы FSL 1032 өңделген. Онда кесу бір пышақпен іске асады, ал блок арнайы гидравликалық қысқышта қысылған, ол белгіленген көрсеткіштер бойынша бұрылып отырады. Түбі бойынша қысылған, желімденген және кептірілген блоктар келесі үш жағынан кесу операциясына түседі. Ол фальцтарды жоғары, төмен және алдыңғы жағынан кесуді қарастырған. Үш жағынан кесілген блоктардың форматы сәйкес келу керек. Блок кесудың келесі нормаларын бекіткен: блоктың ені бойынша – 5 мм (алдыңғы жағы), биіктігі бойынша – 10 мм(төменгі және жоғарғы жағы) [2].

Блокты түбін өңдеу.Қарастырылған өніміме байланысты келесі операция кітап түбін тігінен өңдейді. Қолдану кезіндегі дайын кітап беріктігі, көбіне блок түбін өңдеуде жүргізілетін блок түбінің формасына байланысты. Блок түбінің формасын таңдау көбіне қолданылатын ортаға, блок қалыңдығына және бекіту түріне байланысты.

Блоктың түптік бөлігінің құрылымын құру негізгі технологиялық нұсқамаларда, түбіртекке механикалық өңдеуден кейін беріктік беретін материалдар желімдеумен аяқталады. AR агрегатында блокты өңдеу кезінде, мұндай беріктік беретін метериалдар марля және капталды – қағаз тілімшесі. Беріктік беруші өңдеулер мына мақсатта жасалады:

- түбіртектің қосымша бекітілуі;

- блоктың жылжуға беріктігін арттыру және түбіртекті механикалық

- өңдеу кезінде алынған формасын қатайту;

- блок және түптеу қабын біріктіру кезінде беріктікті қамтитын блок

- түбінің құраушы элементтерінің құрылуы;

- түбіртектің үстінгі және астынғы жағының беріктігін

- арттыратын және безендіру ретінде капталды тесма жапсырылады. Осы операцияны аяқтаған соң блокты өңдеу процесі аяқталып, тек дайын блокты түптеу қабымен біріктіру ғана қалады [2].

Блоктарға мұқаба кигізу. Блоктарға мұқаба кигізу процессі блок өңдеумен қатар жүреді. Ол қатырманы пішуден басталады.

Қатырманы пішу. Қатырма қаптама өлшемдеріне қарай кесілуге жататын табақтар түріне жеткізіліп беріледі. Мұндайда қатырманы қуыс бағыты блоктың биіктігіне сәйкес келуіне назар аудару қажет, өйткені бұл қаптаманың сапасының жоғаы болуын қамтамасыз етеді. Қатырма табақтары қатырма кескіш машиналардың дискілі пышақтарымен кесіледі. Қазіргі қатырма кесу құралдары автоматтық өздігінен бергішпен, бұрыш астында орналасқан екі дискілі пышақ торабымен және автоматты шығарумен жабдықталынған. Көлденең кесуі жапқыш түрінде құрастырылған қатырма кесуші машиларда да ұсынылады.

Түптеу материалдарын пішу. Түптеу материалының парағын кесу үшін бірпышақты кесу машиналары қолданылады. Рулондық материалдан қажетті пішім алу үшін арнайы мата кесуші құрылғыларда өңделінеді, оларда ұзына бойы кесу дискі пышақтармен, ал көлденеңдері шапқыш кесумен іске асырылады [2].

Отставты даярлау. Оставтар (жақтаулардың арсасына желімденетін жапсырмалар) үшін қатырма немесе қағаз материал рулон күйінде түседі. Рулондар жіңішке жолақтарға кесіледі, түпкілікті пішімдерге кесу қаптама жасайтын машиналарда іске асырылады.

Мұқаба қаптамаларын безендіру. Көп таралымды басылымдарда полиграфиялық фольгаларды өрнектеу үшін қолданылатын штампқа ұқсас штамптар қолданылады. Қаптамаларды полиграфиялық безендірудің бұл тәсілі кезіндегі латун штамптардың таралымға төзімділігі 90 мың да, дюралюминийлік штамптікі 200 мың баспа-таңба.

Мемлекеттік стандарт бойынша полиграфиялық өндірісте қаптамалар мен мұқабалардың тоғыз түрі пайдаланылады және олар түрлеріне сәйкес нөмірленеді. Менің өнімім №4 мұқаба болып табылады. №4 – түбі оконтовкаланған құрамдас мұқаба. Мұнда мұқаба екі детальдан: жақтар мен түптен тұрады. Блок подборкамен жинақталады.

Мұқабалық қағаз бетіне пленка престеу. Менің қарастырған өнімімнің мұқабасын мөлдір полимерлік пленкамен қаптаймыз. Бұл әдіс түптеу қабын өңдеудің ең жиі қолданылатын түрі болып табылады. Пленка желімдеу басылым реңін жақсарту және бояу таңбасының сыртқы әсерлерден қорғау үшін қажет. Пленкадағы желім қалыңдығы 10-12 г/м2 болуы керек. Желім аз болған жағдайда пленкада жылтырлық, көп болған жағдайда сызықтар пайда болады. Пленкадағы желімді кептіру режимі, пленка алынғаннан кейін сәл қолға жабысуы керек. Желім қабатында еріткіштің көп болуы көпіршік пайда болуына алып келеді. Бұл операцияны FN-400 станогында орындауға болады.

Блокты түптеу қапқа біріктіру. Түптеу қабында кітапты өңдеудің соңғы процесі – өңделген блок пен дайын түптеу қабын біріктіру. Бұл процесті механикаландыру үшін кітап қоюшы станок ЕМР-582 қолданылады. Желім блок форзацқа жағылып, арнайы столға қойылған түптеу қабы блокқа кигізіліп, дайын өнім блок және түптеу қабы біріктірілген кітап алынады.Біріктіру кезіндегі қосымша операция штрихтау түптеу картон мен отстав арасына қойылатын ойық, ол кітап жақсы ашылуын қамтиды. Ол мақсатқа престеу штрихтау машиналары қолданылады.

Кітапты штриховкалау. Бұның нәтижесінде мұқаба қаптамасының сыртқы жағында бүгілім із (биговка – мұқаба жақсы ашылуы үшін сол жақ жиегіне із салу, қағазға, картонға оңай бүктелуі үшін тік сызықты із салу процесі).

Сапаны бақылау. Тираж басу барысында және басылып біткеннен кейін оның сапасын эталонға, тапсырушының қойған талаптарына жауап беруін тексеру.

Дайын өнімді орау. Ең соңғы операция. Өңделіп болған баспа полиграфиялық өнімдер дұрыс орап буылып, тапсырыс берушіге немесе дүкендерге таратылады. Орамалаудың мақсаты: дайын өнімді тасымалдау кезінде кездейсоқ бүлінулерден сақтандыру [2].