Кесте - Sprintere/e XL табақ жинақтау машинасының техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштер
Дәптeрдің түбі бойынша ұзындығы, мм 105-370/105-485
Дәптер ені, мм 75-320/ 75-320
Өнімділігі, блок/сағ 1000-8000
Автономды жұмыс кезіндегі өнімділігі, блок/сағ 1000-5000

7-кестенің жалғасы

Атауы Көрсеткіштер
Транспортталатын канал ені, мм
Станциялардың максималды саны 4-28/4-32
Электр тұтынуы, В/Ф/Гц/кВт 380/3/50/6,5
Алатын аумағы, мм 7909×1870/8746×1870
Салмағы, кг 2390/2650

Жіппен тігу машинасы.Кітапты құрайтын дәптерлерді түбінен тігіп кітап топтамасының (блогының) түбін жіппен бекітуге арналған. Жіппен тігу машинасы жартылай автомат, автомат әмбебап (төрт түрлі тігу әдісін атқара алатын) және арнайы (тек бір тігу әдісіне арналған) түрлері болады. Purlux SX-01A тігу машинасының техникалық сипаттамасы 8-кестеде берілген [4].

Кесте - Purlux SX-01A тігу машинасының техникалық сипаттамасы

 

Атауы Көрсеткіштер
Головкалар саны
Дәптерлер форматы, мм мин.150×10, мак.460×310
Шығарылымы, тетрадей/мин 40-50
Тігістің ұзындығы, мм
Қажетті қуаттылығы, кВт 0,55
Электрқажеттілігі, В, Гц 380, 50
Өлшемдері, мм 1300×1200×1500
Салмағы, кг

 

Кітап даярлауға арналған Kolbus Compact 2000 ағымды желісі. Ағымды желі альбомның түбін дөңгелету, каширлеу, марля, қағаз сызықтарын, капталды лента жапсыру және кітап блогын қатты, жұмсақ немесе пластикалық қаптарға кигізуге, және де фальцты штрихокалау мен кітапты қысу үшін арналған. Блоктары желімдеу тәсілімен бекітілген мұқаба қаптамалы кітаптарды шығару үшін көптеген шетел фирмалары (мысалы «Колбус» және «Валенберг», ГДР, «Мюллер-Мартини», Швейцария: Харрис, АҚШ, ЛБВ, бұрынғы ГДР т.б.) негізінен блоктар олардан жазық жиектелінген түппен шығатын желілер модельдерін шығарады. Бұл модульдер іріктегіш және тігусіз бекіту (жиектеп) машиналарынан тұрады немесе үш жақтан кесетін автоматтық машинаны біріктіреді: блоктарды өңдеу, қондыру, кітаптарды престеу мен штрихтау блоктары дәптерлер бойынша жіппен тігілген кітаптарды шығаруда қолданылатын модульдерде орындалады. Автоматтық желілер басылымның, материалдардың т.б. ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес келетін басылымның, материалдардың т.т. ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес келетін жеке тапсырыстар бойынша қалыптастырылады.

Кітап даярлауға арналған Kolbus Compact 2000 ағымды желісінің техникалық сипаттамасы 9-кестеде көрсетілген [5].

 

Кесте - Kolbus Compact 2000 ағымды желісінің техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Арналуы Ағымды желі
Блоктың максималды қалыңдығы, мм
Обрезканың максималды ені, мм
Обрезканың максималды ұзындығы, мм
Қуаттылығы, (кВт)
Максималды жылдамдығы, цикл/мин
Габариттері, м 9×2,4×2,3
Салмағы, кг

Collomatic жоғары өнімділікті жартылай автоматты форзац жабыстыруға арналған машина. Дәптерлерді жүктеу және бүктелген форзацтар нон-стоп режимінде қолмен орындалады. Пневматикалық присоскалар дәптер бүгілімін бөледі, ал арнайы пинцеттер дәптерді бірінші самонакладтан алып, оны тасымалдаушы астауышқа береді. Дәптерге приклейка кезінде арнайы Jet желімдеу жүйесі арқылы дәптер бүгілімінің сызығымен 2мм-лік клей жағады. Содан соң дәптерге форзац желімденеді. Collomatic жоғары өнімділікті жартылай автоматты форзац жабыстыруға арналған машинасының техникалық сипаттамасы 10-кестеде көрсетілген [5].

 

Кесте - Collomatic жоғары өнімділікті жартылай автоматты форзац жабыстыруға арналған машинасының техникалық сипаттамасы

Атауы Көрсеткіштері
Дәптердің максималды форматы, мм 280×360
Дәптердің минималды форматы, мм 100×150
Өнімділігі, цикл/сағ
Габариттері, м 2,2×1,4

 

BL-500 қап кигізу машинасы. Кітап блогының түптеу қабына бекіту –кигізу деп аталады. Блокты түптеу қабына кигізудің сапасы қолданылатын желімнің құрамына және блоктың қалыңдығына байланысты.Блокты түптеу қабына кигізу кітаптық басылымдарды даярлаудың соңғы операциясы емес. Блоктың сыртқы қабына, сапалы енуі үшін, алдымен блокты ортасынан бөлетін пышақ арқылы ұстап тұрады. Сонда қажетті желімдер блокқа жағылып, түптеу қабына кигізіліп, қысым беріледі.BL-500 түптеуп қабын кигізу машинасының техникалық сипаттамасы 11-кестеде келтірілген [5].