Кесте - Кітапшалау-түптеу процесінің маршрутты-технологиялық картасы

 

Технологиялық операциялар, орындалу тәсілі Қолданылатын жабдықтар Осы оперциядағы жобаланатын әдістер мен сапа бақылауының техникалық құрауыштары
Қағазды екшелеу Қағаз екшелеу столы Қағазды екшелеу – қағаз парағы басу процесінде алдыңғы және бүйір тұстарынан тіреуге қойылатын бумадағы қағаздарды өзара перпендикуляр жағынан теңестіру. Қағаз екшелеу қолмен, не арнайы итергіш машиналармен жасалынады
Бүктемелеу Бүктемелеу машинасы GUK FA-74 Бұл жоғары өнімді перпендикуляр, параллель бүктемелеу машинасы. Машинаның артықшылығы болып бүктемелеу кассетеларын тура күйге келтіру болып табылады.Бүктемелеу пышағы парақты бүгілім сызығы бойымен бүктемелеу білікшелер арасымен соғады. Арасымен өткенде бүгілім пайда болады.
Мини фальцовка MORGANA Major Folder мини фальцовкаға арналған машинасы.   Қолданыста өте қарапайым және реттеу уақытын қысқартады. Қызмет көрсету, ақаулардың диагностикасы дисплей бетіне бірнеше тілде көрсетіліп тұрады. Өзібергіште тіреу бойынша орналасқан парақ ұзындығын өлшейді.

16-кестенің жалғасы

\

Технологиялық операциялар, орындалу тәсілі Қолданылатын жабдықтар Осы оперциядағы жобаланатын әдістер мен сапа бақылауының техникалық құрауыштары
Бүктелген дәптер-лерді престеу   D NH-80 қысу машинасы Блоктар мен кітап бумаларын қысуға арналған пресс бұл электр қозғалтқыш жетегімен және қысуды қадағалап жұмыс істейтін винтті пресс. Қысу 500-ден 5000 кг шамасында бума санымен және қағаздың түріне сәйкес бақыланып отырады.
Дәптерлерді блокқа жинақтау Sprinter e/e XL табақ жи-нақтау машинасы Sprinter e/e XL модельді принцип бойынша құрастырылған, яғни бір түзу бойымен де автономды да жұмыс істейді, машинаның барлық модулі АСС жүйесімен жабдықталған, самонаклад станциясының автоматты күйге келуі қағаз немесе дәптер қалыңдығын таңдайды. Дәптер жинау үшін де,парақ жинақтау машина ретінде де жұмыс істейді.
Жіппен тігу Purlux SX-01A тігу машинасы Кітапты құрайтын дәптерлерді түбінен тігіп кітап топтамасының (блогының) түбін жіппен бекітуге арналған. Жіппен тігу машинасы жартылай автомат, автомат әмбебап (төрт түрлі тігу әдісін атқара алатын) және арнайы (тек бір тігу әдісіне арналған) түрлері болады. Әмбебап түрі шағын кәсіпорында, ал арнайы түрі ірі не орташа өндіріс орындарында қолданылады.
Кітап блогын өңдеу   Бұл процесстердің негізгі мақсаты сапалы және тікпей желіммен берік бекітілген және түптеу қабына қондыруға дайын кітап блогын дайын-дау. Жинақталған блоктар пресстеліп, болған соң, үздіксіз ағынмен, түптерін төмен қаратып, тікпей желіммен бекітетін агрегатқа беріледі. Агрегатта блоктың түбі 3 мм-ге торшонирленеді, бірақ форзацқа ештеңе тимейді.

16-кестенің жалғасы

 

Технологиялық операциялар, орындалу тәсілі Қолданылатын жабдықтар Осы оперциядағы жобаланатын әдістер мен сапа бақылауының техникалық құрауыштары
Мұқабалық қағаз бетіне пленка престеу Vektor TYP-660 Пленкамен престеу машинасы Кітап өндірісінде мөлдір полимерлік пленкамен қаптау, түптеу қабын өңдеудің ең жиі қолданылатын түрі болып табылады. Пленка желімдеу басылым реңін жақсарту және бояу таңбасының сыртқы әсерлерден қорғау үшін қажет. Пленкадағы желім қалыңдығы 10-12 г/м2 болуы керек.
Мұқаба қап даярлау BL-500 қап кигізу машинaсы Тип №4. Түбі оконтовкаланған құрамдас мұқаба. Мұнда мұқаба екі детальдан: жақтар мен түптен тұрады. Блокты түптеу қабына кигізудің сапасы желімнің құрамына блоктың қалыңдығына байланысты. Блоктың сыртқы қабына, сапалы енуі үшін, алдымен блокты ортасынан бөлетін пышақ арқылы ұстап тұрады
Форзац жабыстыру Collomatic жоғары өнім-ділікті жартылай авто-матты форзац жабыс-тыруға арналған машина Форзацтың қызметі кітап блогын түптеу қабымен біріктіру. Форзацты даярлау үшін арнайы форзацтық қағаз қолданылады. Дәптерлерді жүктеу және бүктелген форзацтар нон-стоп режимінде қолмен орындалады. Пневматикалық присоскалар дәптер бүгілімін бөледі, ал арнайы пинцеттер дәптерді бірінші самонакладтан алып, оны тасымалдаушы астауышқа беріледі.
Дайын кітап өнімін алу - блокты қысу; - желімдеу; - кептіру; - түбін қысу; - 3 жағынан кесу; - жиектерін бояу; - түбін дөңгелету; - бүгілімдерді бүгу; - ляссе жабыстыру; - түптік материал; - қаптал желімдеу; - толық өңдеу;   Kolbus Compact 2000 ағымды желісі Кітап даярлауға арналған Kolbus Compact 2000 ағымды желісі. Блоктары желімдеу тәсілімен бекітілген мұқаба қаптамалы кітаптарды шығару үшін: - блоктарды жинақтаудан бастап дайын кітаптарды қаттамаға жинауға дейін бүкіл процестің технологиялық операцияларын үзіліссіз орындаумен; - технологиялық процесті екі сатыда іс жүзінде екі желіде орындалады. Бірінші кітап блоктарын даярлау, екінші блоктарды өңдеу, қаптамаға қондыру, престеу және штрихтау.  

16-кестенің жалғасы

Технологиялық операциялар, орындалу тәсілі Қолданылатын жабдықтар Осы оперциядағы жобаланатын әдістер мен сапа бақылауының техникалық құрауыштары
Орап-буу   BSF-5540 орап-буу машинасы BSF-5540 орамалау машинасымен жұмыс істеген кезде оператор өнімді пленкаға содан соң термоусадты камераға салып, қолымен қақпағын жапқан соң автоматты түрде ормалау циклі қосылады) және одан кейін өнімді камерадан қолмен алып тастайды.