Экономика әлеуметтік сала ретінде

Экономикалық социология экономиканың әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық және әлеуметтік ұғымдарды анықтап алу қажет. “Әлеуметтік” дегенде сол қоғамдағы индивидтер мен топтардың нақты орны мен уақыты жағдайында ортақ іс-әрекет процесінде топтасқан қоғамдық қатынастардың жиынтығы түсіндіріледі. Әлеуметтік - адамдардың өзара әрекеттесуі барысында туындайды және бір-біріне қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге әр түрлі қатынастар барысында көрінеді.

“Экономикалық” деген ұғым адамдар арасындағы өндірісті ұйымдастыру мен материалдық игіліктерді тұтынумен байланысты қандай да бір қоғамдық қатынастарды білдіреді. Экономика өндірісті, еңбек нәтижелерін алмастыруды, өндірілген нәрсені таратуды, тұтынуды қамтиды. Экономика социологиялық көзқарас тұрғысынан екі жақты қарастырылуы мүмкін - шаруашылық іс-әрекет және осы әрекеттерді реттеуші институттар жүйесі ретінде. “Шаруашылық” ұғымы экономиканың синонимы болып табылады және ол адам мен оның айналасындағылардың өмір сүруге қажетті игіліктерді өндіру мен тұтыну мақсатындағы өзара әрекеттесуі деп түсіндіріледі.

Бұл тұрғыда экономика қоғамның жеке адам қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін шектелген қорларды пайдалану жайлы шешім қабылдайтын және оны іске асыратын саласы.

Екінші жағынан, қоғамда шаруашылық іс-әрекет процесінде белгілі бір экономикалық институттар қалыптасады. Дәл осыларда, әлеуметтік тәжірибе, ең қолайлы әлеуметтік-экономикалық нәтижені алуға мүмкіндік беретін, шарушылық субъектілерінің нақтылы материалдық-техникалық ортамен өзара әрекеттесуінің тұрақты әдістерін бекітеді. Нәтиже жекелеген әлеуметтік топтар көзқарасы тұрғысынан алғанда аса мықты емес, алайда халықтың көпшілігі үшін ең қолайлысы, өйткені ол қоғамның шаруашылық іс-әрекетінің тұтастығын қамтамасыз етеді. Экономика бұл жерде материалдық сала ретінде емес, Парсонс бойынша көбіне бейімдеу бағытына ие қоғамдық ресурстарды өндіру механизмі, институттар жүйесі ретінде қарастырылады.

Қоғамдық қатынастардың кез келген жүйесі (экономикалық, саяси және басқалар) адамдардың бір-біріне және қоғамға деген көзқарасын білдіреді. Экономикалық құбылыстар мен процестер өзінің әлеуметтік негізіне байланысты болады. Әлеуметтік процестер экономикалық аясына кіреді немесе керісінше. Мысалы, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік көбінде адамдардың экономикалық позицияларымен (меншікке ие болумен, табыс деңгейімен, кәсіби жұмыспен қамтылумен) анықталады. Экономика индивидтерді топтық және жекелік байланыстар жасауға итермелейді, олардың арасында өзара әрекеттесудің өзіндік ерекшелігі бар түрлерін жасап шығады, олардың жүріс-тұрыс шеңберлерін белгілейді. Алайда, адамдардың жүріс-тұрысы тек ұтымды себептермен, экономикалық қинаумен ғана реттелмейді, сонымен қатар, ерекше тарихи және мәдени жағдайларда қалыптасқан әлеуметтік байланыстар, құндылықтар, жүріс-тұрыс нормаларымен де реттеледі.

Экономикалық социологиядағы әлеуметтік өмірді талдау бастау алатын негізгі категориялардың бірі “экономикалық іс-әрекет” және “экономикалық жүріс-тұрыс” болып табылады.

Экономикалық жүріс-тұрысты шығын мейлінше азайып, таза пайда мейлінше көбейетін ұтымды таңдау жасау мақсатымен экономикалық байланыстарды кеңейтуге байланысты жүріс-тұрыс деп бағалауға болады.

Радаев Вебердің экономикалық іс-әрекет социологиясы дәстүрін жалғастыра отырып, оны ішкі дәлелденген және басқа адамдардың әрекеті мен қолда бар нормаларға бағыт алған әлеуметтік әрекет ретінде қарастырады. Ол экономикалық іс-әрекетті “өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетусіз әдістермен шектелген ресурстарға бақылау орнату” деп түсіндіреді.

Адамдардың экономикадағы әрекетін социологиялық тұрғыдан түсіндіру экономикалық-социологиялық адам үлгілерінің түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны суреттеудің көптеген нұсқамаларына қарамастан, оларды негізгі төрт алғышарттарға бөлуге болады.

Егер де “экономикалық адам” - ол тәуелсіз, өзімшіл, рационалды және хабардар адам болса, “социологиялық адам” қоғамдық нормаларға бағынады және өзгешілдікке жақын, өзін иррационалды тәртіпсіз түрде ұстайды, ақпараты мардымсыз және табыс пен шығындарды есептеуге қауқарсыз. Адамның социологиялық-экономикалық жалпы үлгісі, адамды осындай екі радикалды позициялардың ортасына орналастыруды меңзейді. Бұл жағдай адамды қалыптасқан жағдайға аса икемді және белсенді етеді: жай ғана ақпаратқа ие емес, сонымен қатар, оны танып білуші, жай ғана нормаларды орындаушы емес, сондай-ақ әлеуметтенуші етеді. Адамдардың шаруашылық әрекеті экономикалық сана мен ойдың типімен, экономикалық мәдениеттің даму деңгейімен анықталады.

Экономикалық сана, экономикалық қатынастардың көрінуі мен тану амалы ретінде қызмет атқарады, тиісінше бұл білімдер экономика саласындағы процестерді реттеу үшін қолдануға қажет. Ол, әлеуметтік топтар мен индивидтердің, тікелей экономикалық нақтылықты бейнелеуші және нақтылы бір тарихи сәтте қоғамдағы әр түрлі құбылыстарға өз ойын көрсетуші экономикалық білімдер мен идеялар, көзқарастар жиынтығын білдіреді.

Экономикалық сана-сезім экономикалық тәжірибе барысында қалыптасады, оның иеленушілері жекелеген индивидтер, топтар бола алады. Білімнің санаға ауысуының басты өлшемі, әлеуметтік топтар мен индивидтердің экономикалық идеяларға, көзқарастарға және теорияларға қажеттілігі болып табылады. Экономикалық сана-сезімнің дамуы агенттіктердің экономикалық мүдделерін табысты іске асыру үшін маңызды. Мысалы, нарыққа өту халықтың нарықтық білімнің негізін игеруді, жекешелендірудің механизмдерін, жеке істі ұйымдастыруды, сауда ережелерін және маркетингтік қызметтерді түсінуді талап етті.

Экономикалық сана теориялық сана-сезім мен эмпирикалық ой болып екіге бөлінеді. Сана-сезімнің теориялық деңгейі экономикалық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары мен байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін категория мен тұжырымдама формасында жүйеленген экономикалық білімді көрсетеді. Экономикалық ой шарушылық өмірдің іс жүзіндегі тәжірибесінен туындаған көзқарастарды қамтиды. Адамдар күнделікті өмірінде, қандай да бір тұрғыда әрекет етуге шешім қабылдай отырып, осындай үйреншікті сана-сезімді басшылыққа алады.

Қоғам - тұтас дүние. Екіншіден, экономикалық сала өзөзінен дамымайды. Оны ұйымдастыру, басқару қажет. Оның ұдайы өсуіне ықпал ететін объективті жағдайлармен қатар субъективті факторлар барлығын ұмытпауымыз керек. Яғни экономиканың дамуы адамдардың субъективті іс-әрекеттері - санасы мен қабілетіне, ақыл-ойы, көңіл-күйі мен ықыласы, біліміне, белсенділігіне мен еңбекқорлығына байланысты. Сол себепті қандай да бір экономикалық құбылыс, үдеріс болмасын, оларды талдауды, анықтауды әр уақытта нақтылы жеке адамның, жеке топтың іс-әрекеті мен қызметінің жемісі ретінде қарау қажет. Өзінің «Сот реформа жайында жазбасында» ұлы ғалым саясатты экономикалық реформаны жүзеге асырудың құралы ретінде қарағанын еске сала кетсек артық болмас. Экономика әлеуметтануының «еңбек ету себебі», «еңбекпен қанағаттану», «әлеуметтік еңбек», «әлеуметтік мінезқұлық», «әлеуметтік ісәрекеттің экономикалық факторлары» және т.б. мәселелерді зерттегендегі мақсаты – адам, оның қажеттіліктері, мүддесі, өмір сүруі, яғни экономикалық үдерістердің адами өлшемдері, әлеуметтік аспектілер. Сонымен экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілері дегеніміз адамның ең жоғары қасиеттері — білім деңгейі мен мамандығы, санасы мен ынтасы, ұқыптылығы мен жауапкершілігі, белсенділігі мен еңбекқорлығы және т.б. Бұлар - адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық өндірісті дамытып, еңбек өнімділігін молайтуға, тауарларды сапалы шығаруға тікелей әсерін тигізетін әлеуметтік факторлар. Экономикалық даму еңбектің мазмұны мен ұйымдастырылуына, яғни әлеуметтік, психологиялық факторға - еңбектің әлеуметтік қажеттілігіне, еңбек ұжымындағы адамдардың жеке мінез-құлық ерекшеліктеріне қатысты. Сондай-ақ әлеуметтік аспектілеріне әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдай жасалу да жатады. Мұнсыз ешқандай еңбек пен жұмыстың ұйымдастырылуы, материалдық ынталандырудың ең тамаша жүйесі жұмыскерді жеткілікті деңгейде қанағаттандыра алмайды. Әлеуметтік-психологиялық қолайлы көңіл-күйді өндірістен тыс мәнді жайттардың кешені - қоғамдық-саяси жағдай, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени жағдаяттар және отбасындағы құқықтық-психологиялық ахуал да жасайды.

Экономика әлеуметтануының негізгі мақсаты, біріншіден, экономика қаншалықты дәрежеде адамдардың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады, әлеуметтік институттардың қызметіне және адамдардың мінез-құлқына әсер ететінін білу болса; екіншіден, адамдар мен оның бірліктерінің әлеуметтік сапасы қоғамның экономикалық саласына қандай ықпал ететінін анықтау. Былайынша айтқанда, қоғамның экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ олардың басқа салаларымен байланысын анықтау болғаннан соң экономика әлеуметтануының зерттеу пәні экономикалық және әлеуметтік факторлардың өзара әрекетін талдау, экономиканы дамытудың әлеуметтік тетіктерін (адамдардың санасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын және т.б.) және адамдардың әртүрлі экономикалық қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру болып табылады.

Әлеуметтану ғылымының негізін салушы О.Конт бір ғана ғылымды, экономиканы зерттейтін әлеуметтануды ғана мойындады. Бұл идея француз әлеуметтану мектебінде жалғасын тапты. Француздың әйгілі әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм қоғамтану ғылымының бір саласы ретінде экономикалық әлеуметтануды жасау идеясын ұсынған болатын. Германияда экономика әлеуметтануы экономиканы, тарихты және әлеуметтануды біріктіретін сала ретінде қалыптасты.

Экономика әлеуметтануы экономиканың әлеуметтік қатынастарға ықпалын, әлеуметтік топтарға бөлінудің экономикалық себептерін ашады. Экономикалық әлеуметтану пәнін түсіну үшін «экономика» және «әлеуметтану» деген ұғымдардың мәнін ашқан жөн. «Экономика» ұғымының түп төркіні гректің oikonomia – шаруашылықты басқару деген сөзінен шыққан. М.Вебер экономика әлеуметтануының пәнін «әлеуметтік –экономикалық құбылыс» деп түсіндіреді. Ал әлеуметтік-экономикалық құбылыс дегеніміз адамның өзінің өмір сүруі үшін және идеалды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін біріге және ұйымдаса тіршілік ету. Сонымен экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері, экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің бір-бірімен тығыз байланысы және қарым-қатынастары жатады. Үшіншіден, экономикалық әлеуметтанудың табиғатын танып-білуде оның оъектісін айқындау маңызды. Осындай экономикалық кеңістікте басты назар ең алдымен алуан түрлі мамандықтағы адамдардың, топтардың санасына, біліміне, мінез-құлқына, іс-әрекетіне аударылады. Сонымен экономика әлеуметтануының зерттеу объектісі экономиканы дамытуға қоғамның әлеуметтік сипаты әсерінің нақты жолдары мен әдістерін, сондай-ақ экономиканың жағдайы мен дамуының әлеуметтік қатынастарға ықпалын айқындау болып табылады. Экономика әлеуметтануының бір ерекшелігі оның экономикалық құбылыстар мен үдерістерді адамның немесе топтың экономикалық жай-күйі мен материалдық жағдайымен, осылардан туындайтын әлеуметтік құбылыстар мен үдерістермен тығыз байланыста қарастыруында жатыр. Сөйтіп бұл пән экономиканы реттеу мен басқарудың әлеуметтік механизмдерін (экономикалық сана мен ойлау, экономикалық ынта мен ықылас, еңбек мәдениет мен кәсіби мамандық және т.б. мәселелер) зерттеуді. Экономикада адамдардың жұмысын, тәртібін, басқа да жағдайларын қадағалап отыру өндірістегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандырудың амал-әдістерін толық қамтиды. Сондықтан бұлар бұзылса, оларға құқық ережелері қолданылады, сөйтіп еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Мұның өзі өңдірісте еңбекті қажетті бағытта жүргізуге зор ықпал жасайды. Екінші жағынан, адам факторының өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтік реттеу, басқару құралдарына әсері күшті. Еңбекті ұйымдастыру, өндіріс ұжымдарын басқарудың негізінде қызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан тип, бір жағынан, ең жоғары адамгершілік қасиеттерді танытады. Оларға еңбек сүйгіштік, сенімділік, әділеттілік, еңбекке саналықпен қарау, еңбекті сапалы әрі тез істеу, адамның еңбек үдерісінде өзінше шешім қабылдауы, жауапкершілік, белсеңділік және т.б. жатады. Екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтары да ашылады. Кейбір еңбеккерлер мен қызметкерлер өзінің Отан, халық алдындағы борышына немқұрайды қарайды, тапсырылған жұмысты, қызметті қалай болса солай істейді, өз міндеттеріне жауапсыздық танытады. Осыларға сәйкес әрбір жұмысшы мен қызметкердің типін анықтау үшін экономикалық әлеуметтану олардың әр қайсысының барлық қасиеттерін терең талдап, содан кейін оның мінез-құлқының, тәртібінің өндіріс үдерісінде қай жағы басым екенін салыстырады. Осыған орай өндірісте алуан түрлі еңбек ұжымдары мен топтары қайта құрылып, қалыптасып жатады. 4. Экономикалық әлеуметтану жалпы экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің қарым-қатынас және даму заңдылығын зерттейді. Ал, зандылықтар деген не? Олар байланыс пен қатынастардың ең тұрақты, қайталанатын, қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығы. Осы заңдылықты басшылыққа алсақ, экономикалық әлеуметтану, бір жағынан, әлеуметтік алуан түрлі топтардың, жіктердің мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілегін қанағаттандырып, іске асыру жағын ойластырса, екінші жағынан, жалпы экономикалық дамудың факторлары мен алғышарттарын, экономикалық және әлеуметтік дамудағы байланыс-қатынастардың мәнін зерттеп, анықтайды.

Экономикалық әлеуметтану өз объектісін, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістердің қарым-қатынас, даму заңдылықтарын зерттегенде төмендегідей әдістемелік қағидаларды басшылыққа алады:

1) Қандай бір экономикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттесек те экономикалық кеңістіктегі әрбір әлеуметтік топтың өмір сүру жағдайларын, мұң-мұқтажын, мүдде мен талап-тілегін, олардың меншік нысанына қатынасын нақты ескеру керек.

2) Экономикалық қатынастарды дамытуға, бір жағынан, әлеуметтік факторлардың, екінші жағынан, экономикалық факторлардың әлеуметтік қатынастар мен үдерістерге тигізетін әсерін ескеріп отыру.

3) Бұдан шығатын қорытынды – экономика әлеуметтануы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірыңғай байланыста қарауды қажет етеді.

4) дегенмен экономикалық міндеттерді шешуде әлеуметтік аспектілердің басым түсетінін әр уақытта ескерген жөн.

5) Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен зерттеу объектісін айқындаудың өзі оның негізгі функцияларын талдауға алып келеді. Олар мыналар:

1. Танымдық функция, яғни тауар өндіру және бөлумен, қызметпен байланысты экономикалықәлеуметтік қарымқатынастарды, әлеуметтік құрылымдарды, институттарды, мәртебелер мен рөлдерді, жинақтай айтқанда экономикалық қарымқатынастағы адам факторының рөлін зерттеу, білу.

2. Диагностикалық функция, яғни әлеуметтікэкономикалық саланың дамуындағы проблемаларды айқындау және оның жағдайын талдау, ұсыныстар дайындау.

3. Технологиялық функция, яғни белгілі бір өндіріс саласындағы жаңа әлеуметтікэкономикалық технологияларды пайдалану.

4. Болжамдық функция, яғни өндіріс саласын дамытуда қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар жасау.

5. Басқарушылық функция, яғни әлеуметтікэкономикалық үдерістерді басқару саласында әлеуметтанушы-экономистердің ғылыми-тәжірибелік қызметтерінің нәтижесін ендіру. Өндіріс саласында қажетті заңнамалар мен басқа да жарлықтар, қаулылар қабылдаудың, басқарушылық шешімдер жасауды ғылыми негіздеу. Аталған функциялар бүгінгі тәуелсіз еліміздің төл экономикасын жасауда ерекше маңызды болып отыр. Өйткені «тәуелсіздіктің» ажырағысыз үш тұғыры бар, соның бірі - экономикалық тәуелсіздік. Мұнсыз азаттығымыз мәңгілік бола алмайды. Сонымен экономикалық әлеуметтану қоғамның экономикалық жүйесінің әлеуметтік қырын зерттейтін пән ретінде жалпы әлеуметтану ғылымының аса бір маңызды саласына айналып отыр.

Экономикалық әрекеттер қоғамның жинақтаған тәжірибесін және білімін шаруашылық тәжірибе барысында қалыптасқан дәстүрлер мен жүріс-тұрыс нормаларын өзіне сіңірген әрекет етудің дайын тұжырымдық схемасына негізделеді. Адам тек қана экономикалық мүдделер мен ниеттерінің тасушысы ғана емес, сонымен қатар мәдениет иеленушісі мен жасаушының өнімі ретінде көрінеді.

Экономикалық мәдениет экономикалық жүріс-тұрыстың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, жүріс-тұрыс үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен символдардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, индивидтер мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу).

Отандық экономикалық социологияның табысты дамуы Батыс социологиясындағы құрастырылған бай ұғымдар мен операциялық зерттеу схемаларын игеріп, қайта қорытуға байланысты. Социологиялық-экономикалық зерттеулердің жұмыспен қамту және еңбек нарығының қатынасы, кәсіпкерлік, келісм-шарттық қатынастар, формальді емес экономикада экономикалық жүріс-тұрыс саласын зерттеудің кеңеюі талдау категориясының мазмұнын тереңдете түседі, оларды эмпирикалық сипатпен толықтыра түседі.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Экономиканың әлеуметтік аспектілері дегенді қалай түсінесің?

2. Экономикалық әлеуметтану ғылыми пән ретінде мәні.

3. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі не болып табылады?

4. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу әдістерін ата?

5. Экономикалық әлеуметтанудың функцияларын атап көрсет?

Негізгі әдебиеттер:

1. Социология (жауапты ред. Ә.Нысанбаев). – Алматы: 2002 ж 47-55 б.

2. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии. – Алматы, 2000 г. 39-54 б.

3. Смелзер Н. Социология. – М., 1994 г. гл. 9 390-426 б.

4. Социология (под ред. проф. В.Н.Лавриненко) М., 2000 г.

5. Социология. Курс лекций. – Ростов-на-Дону 1999 г. 193-220 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Серікбаева К. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні. // Саясат 2003, №10, 28-31 б.

2. Д.Өмірқұлова Нормативтік бейімделу ерекшеліктері. // Саясат 2003, №10, 32-34 б.

3. Ковалева А.И. Социализация личности: норма и отклонения. – М., 1996 г.

4. Интернет көзі: http://12fan.ru/1046801826.html