Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 8 страница

Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адамзат табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамдардың табиғат өзіне-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде дайындайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді.

Екінші бөлімінде адамға тоқталады. Адам өмірі дейді философ – қозғалыс, әрекеттің ерекше түрі. Адам философтың ойынша – табиғат пен қоғам арасында, ал бір жағынан, ол табиғат денесінің күрделісі, екінші жағынан, әлеуметтік дененің жасанды конструкторы. Жасанды әлеуметтік дене адамдар арасындағы келісімнің негізінде қалыптасады және ол ешқандай тәңірлік күшке ие емес. Жалпы Гоббстың ойынша, адам ол тек қана табиғаттың жемісі, оның ақылы, санасы, ойы, зердесі жаратылыстану ғылымы арқылы түсіндіріледі. Мұндай көзқарас адамның негізгі мәнін ашудан аулақ жатыреді. Сондықтан болар ол сайып келгенде Гоббс «адам адамға дос болмайды, керісінше адам адамға қасқыр деген идеяны ұсына отырып, жеке меншік тудырған мораль мен парасатты қатты сынады. Бірақ адамды механикалық негізде қарау Гоббстың философиясында үлкен қайшылықтарға ұғындырды. Мұндай көзқарас жаңа қоғамда өмір сүрген адамның рөлін қоғамдық еңбегінің мәнін ашып бере алмады. Сондықтан ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы метафизикалық материализм үстемдік етіп тұрған кезеңде адамға деген дұшпандық көзқарас пайда болды. Міне осының кесірінен адам жай механизмнің, яғни машина деген ұғымның айналасында қалды. Жалпы Адам қоғам өмірінің екі дәуірінен өтеді:

1. Табиғи.

2. Азаматтық.

Бұл жағдайда адам баласының жойылып кетуіне әкеліп соғады. Олай болмауы үшін адамдар бірігіп әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа көндіреді. Ол жалпы ырық – мемлекет деген қорытындыға келеді. Сөйтіп ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шақырады. Демек мемлекетті жаратқан құдай емес, оны адамның өздері қолдан жасаған қоғамдық құбылыс деп түсіндіреді. Екінші дәуір бұл азаматтық та, мемлекет жасанды да сөйтіп адамдар өздерін қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындауы керек. Себебі ол қоғамдық талап сұраныстарды түсініп білгендіктен дұрыс айтады. Мемлекеттік биліктің құқығы Гоббстың пікірінше ХVІІ ғасыр ортасындағы буржуазияның революцияны жасаушы үстем таптың қызығушылығымен сәйкес келеді.

Гоббстың ілімі буржуазиялық еркін ойлаушылар қатарында құрметті атақты алады. Киринализмның ымыраға келмейтін қарсыласы, шіркеулік қағидалардың өткір сынаушысы, діни фанатизмнің жауы Гоббс атеизмнің, философиялық негізделуіне маңызды енгізулер қосты.

Гоббстың материализмі мен атеизмі он жыл аралығында дін мен идеализмді жақтаушылар тарапынан шабуыл және сынның нысанына айналады. «Гоббизм» ұғымы ХVІІ ғасырда сенбеушілік ресми дін мен шіркеуді қабылдамаудың синонимі ретінде қолданылды.

Гоббстың іліміндегі дін ағылшын философы, әлемдік дін католицизмге, әлемдік үстемдікке талпынған Рим папасына қарсы шыққан, бірақ ол кез-келген ұлттық шіркеулердің беделін мойындауға дайын деді. Дін – ол игілік, егер мемлекеттің күшеюіне бағытталып әрекет етсе ол қайырым-сыздық болады. Гоббс дінді үзілді-кесілді жоққа шығарып, оның ғылымға қарсы келетінін ашып көрсетті, бірақ бұқара халықты тізгінде ұстау үшін дін қажет деп баса айтты.

Сонымен Томас Гоббстың саяси-әлеуметтік көзқарасы, оның мемлекет, қоғам, адам туралы ойлары кейінгі дәуірге ерекше әсер етті.

Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) Ағылшын материалистерінің ірі өкілі Гоббстың идеяларын жалғастырушы Джон Локк Пуритандық адвокат семьясында 1632 жылы дүниеге келді. Оксфорд университетінде бакалавр, одан кейін магистр дәрежесін алады. Отыз алты жасында патшалық қоғамның мүшесі, бір жылдан кейін кеңес мүшесі болады. Осы уақыттарда Локк медицина, жаратылыстану, экономика, саясат, педагогика мәселелерімен шұғылданады. Джон Локктың шығармалары: «Адам ақыл ойы жайлы тәжірибелер», «Діни еріктік туралы», «Мемлекетті басқару туралы» 2 трактат, «Тәрбие туралы еңбек».

Оның философиясының шығармашылығы Англияда революциядан кейінгі қалпына келу заманында шығады.

Галилей, Гоббс бастаған схоластикаға қарсы күрес ең бірінші таным теориясы жайлы сұрақты шығарды. Осы мәселе 1660 жылы жазған «Адам арқылы туралы тәжірибе» еңбегінде қарастырылады. Локктың трактаты Декарттың «туа біткен идеяларын» сынаудан басталады.

Локктың айтуынша, адам ақылында ешқандай туа пайда болған идеялар адамгершілік болған емес. Барлық идеялардың қайнар көзі тек тәжірибелер. Осы жерде Локк тәжірибені екіге бөлді:

1. Сыртқы.

2. Ішкі.

Бірінші ол түйсікке, сезімге әсер ететін заттар, яғни материалдық дүние. Екінші ол рефлексия, оған адамның қайғылы қуанышы, жұбанышы т.б. эмоциялар кіреді. Сезімдік идеялар біздердің барлық идеялардың қоры. Рефлексиялық идеялар бізде пайда болып, біздердің жанымыздың әрекетімен ақылдың сыртқы жағдайын қарастырады. Сезімдік идеялар арқылы біздер қарастыратын заттардың сапасын қабылдаймыз. Бұл сапалық идеяларды Локк екі топқа бөледі. Бірінші сапалық идеялар олар заттардың өзіндік сапасы, олар денеден бөлінбейді және әр қашан сақталатын тұрақты идеялар. Алғашқы сапалық идеялар өзінің сапалық көшірмесі.

Ал екінші сапалық идеяларға денелердің түсі, дауысы, дәмі жайлы идеялар.

Джон Локк бойынша сезімдік және рефлексиялық идеялардың қайнар көзі тәжірибе. Олар білетіні тек материал. Бірақ білім емес. Білім алу үшін осы материал белгілі бір өңдеуден өтуі қажет. Осыдан идеялардың қайнар көзін жәй және күрделі деп анықтайды.

Ол танымдағы идеялардың құндылығын зерттейді. Бірақ олардың бәрі бірдей құнды емес. Біреуі айқын, анық болса, екіншісі бұлыңғыр, байлаңқы. Өз маңыздылығына қарай білім идеясы 3 топқа бөлінеді.

1. Шындық оған қарсы фантастикалық

2. Адекватты және адекватсыз.

3. Ақиқат және жалған.

Локк өзінің «Ақыл туралы тәжірибелер» еңбегінде тіл жайлы ілімді шығарады. Локк бойына сөз адамға пікірлесу үшін қажет сезімдік белгілер дей келе, былай деп айтты: «Сөзді түсіндіріңдер және сіздер адамзатты 50% қажетіліктен құтқарасыздар».

Джон Локктың таным теориясы үш принципке бағытталған:

1. Декарттың «туа біткен идеяларына» қарсы болып, таным тек тәжірибенің көмегімен пайда болды деген бағытты ұстайды.

2. Адам дүниеге келгенде анық миы таза тақта тәріздем. Өмір өзінің шимақтарымен миға кіреді.

3. Ақылды сезім мен түйсіктер арқылы келген хабар ұғымдар басқа ештеңе болмайды. Жалпы дүниенің қайнар көзі түйсік сезімдер.

Таным обьектісі мен субьектісі тек сезіммен байланысты, яғни Локктың танымдық схемасы сенсуалистік бағытта. Локктың діни позицияда екі жақты дейст болған. Ол құдайды мойындады және ақыл мен сенімді біріктіру арқылы рационалды дін жасауға тырысқан. Құдай алғашқы дүниені жаратушы, адам кейінгі өмірдің табиғаттың дамуына араласуын тоқтатқан, сондықтан құдай қазіргі өмірді өзгертуге дәрменсіз. Демек, ол діни басшыларды, діни адамдарды мойындамаған. Оның тұжырымдауынша, дін мемлекетпен саясатқа араласпауы қажет. Ол жеке адамдарды біріктіру үшін қажет.

Локк мемлекеттік басқару (билік) құқық жайлы ілімдерді қалып-тастырды. Бұл ілім ХVІІ ғасырдағы табиғи құқық теориясы деп аталады. Бостандық пен қатар, Локктың пікірінше адамдардың табиғи жағдайда еңбекпен келген жеке меншік тән. Ол абсолюттік монархияға қарсы болып, конституциялық монархияны жоқтаған. Мемлекет еркін адамдардың табиғи құқықтан, өзін өзі құтқаруынан пайда болады. Табиғи жағдайдан азаматтыққа өту себебі құқықтық табиғи жағдайға сенімсіздік. Мемлекеттің пайда болудағы мақсат еркіндік пен жеке меншіктің сақталуы.

Мемлекеттік билік өз еркімен кетпеуі тиіс. Оның міндеті заң шығару, азаматтарды сыртқы жаулардан қорғау, сондықтан мемлекеттік билік заң шығарушы, федеративті болып бөлінеді. Локктың саяси көзқарасы либералдық саяси партияның бағдарламасын түсіндіру және теорияны анықтауға әкелді. Сөйтіп ол феодализмнің мәнділігіне қарсы шықты.

Осымен қатар Локк: «құдай бар екендігін біз анық біле алмаймыз» деп жазды. Бізге құдай өзі туралы туа біткен идеялар бермегенімен, ол біздің зердемізге алғашқы белгілерін жазбағанымен, осымен оның болмысы туралы оқуымызға болады, сонымен бірге, ол бізге мүмкіндіктер берді, осы мүмкіндіктер мен біздің ақылымыз үлестірілді және өзі туралы куәлар қалдырып кетті. Құдай молшылықта бізге оның танылуына және ашылуына құрамдар берді, бұл біздің болмысымыздың мақсаты және біздің бақытымыз үшін қаншалықты қажетті екен. Туа біткен идеяларға қарсы болып, Локк біздің барлық біліміміз тәжірибеден, сезімінен жиналады деп тұжырымдады. Адамдар дайын идеялармен туылмайды. Жаңа туылғанның басы - таза тақта, оған өмір өзінің өрнектерін салады, яғни білім. Осылай Локк Р.Декарттың рационализіміне қарсы сенсуализмді негіздеді. Р.Декарттың туа біткен идеяларын сынай келе, Локк: «Егер идеялар туа біткен болатын болса, онда олар жас балаға, да үлкен адамға да, ақымаққа да, қарапайым адамға да бірдей болуы керек деп ойлайды». Локктың негізгі тезисі: ақылда, ойда ешнәрсе жоқ, оған дейін түйсікте ешнәрсе болмаса, түйсік біздің сезім мүшелерінің ішкі заттарының әрекетінің нәтижесінде құрылады, пайда болады. Мұнда ішкі тәжірибе тұрады. Ішкі тәжірибе (рефлексия) – ақылдың өзінің іс-әрекетіне және оның пайда болуының тәсілдеріне бақылау. Локк, бірде ішкі тәжірибенің рационализмге әсерін баяндауда, ақылдың ойдың өзі бір ғана спонтандық (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсермен болмаған) күш тән, тәжірибеге тәуелді емес, яғни рефлекция ішкі тәжірибеге қатыссыз тіршілік ету, уақыт, сан идеяларын туғызады. Туа біткен идеяларды тәжірибеден тыс және тәжірибе дейінгі ретінде терістей отырып, Локк мың талаптың ақылда бар болуын немесе осы басқа әрекетке бейімділігін мойындады.

Ол білімнің анықтылық деңгейіне қарай үшке бөлді: бастапқы (сезімдік тікелей), жеке бір заттарды беруші білім, ой қорытынды арқылы көзілтетін білім. Мысалы, ұғымдарды салыстыру және қатынас арқылы, жоғары түр - интуитивті білім, идеялардың бір-бірімен үйлеседі және үйлесімсіз ақылмен тікелей бағалау болып табылады.

Т.Гоббстың тілмен ойлаудың байланысы идеясын дамытып, Локк семиотика ұғымын таңбалардың жалпы теориясы ретінде және олардың танымдығы рөлін қозғады.

Бенидикт Спиноза. ( 1632-1677). Спиноза Бенедикт нидерланд, көрнекті философ-материалист болды. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында 24 қараша 1632 жылы дүниеге келген. Ал 21 ақпан 1677 жылы қайтыс болған.

Ата-бабасы оны діни қызметші болуын қалайды. Бірақ ғылыми еңбектермен танысу, әсіресе Р.Декартқа еліктеу оны өз қауымынан қуылып шығып, өмірінің қалған жылдарын ауыр күйзелісте өткізуге себеп болды. Негізгі еңбектері: «Діни - саяси толғау», «Декарт философияның қағидалары», «Этика» т.б.

Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін үғым ол - субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер.

Б.Спиноза өзінің рационалимінде сол кездегі дедукциялық геомет-риялық әдісті пайдалана отырып, ойлау мен болмыстың арасындағы қатынасты логикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысты, ойлау қара-пайымнан күрделілікке, абстрактіліктен нақтылыққа қарай өрлеу процесінде сезімділікке, тәжірбиеге сүйенбай-ақ жаңадан білім бере алады.

Б.Спиноза дүние бір негізден тұрады, ол – табиғат деп есептеді. Яғни Декарттың айтуынша екеу емес, ол-жалғыз. Табиғат- субстанция, себеп-салдарлы байланыстар өзіне-өзі себеп болып дамиды. Сонымен Спиноза өзінің философиясында субстанция- табиғатты құдай деп қарайды. Бұл жаңа дәуірде орын алған пантеистік (құдай мен табиғат қатар жаратылған деген ілім) көзқарас болып табылады.

Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім (қүдай да, табиғат та) жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болуына себепкер. Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай а) кеңістікте көсілу атрибутынан - қозғалыс және тыныштық модустары, б) ойлау атрибуттарынан - ақыл ой және жігер модустары, болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелар - модустар. әлем түпнегізбен пара -пар болғандықтан, бүл модустар - түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. Әлем универсум (әмбебап жалпы үғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлемнен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке дене-лердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.

Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке денелер мен құбылыстарды қамтиды.

Осы модустардың әр қайсысы өздеріне лайық жеке денелерде әр түрлі болып кездеседі. Егер жануарларда - жан, адамдарда - жан, рух, ақыл - ой, жігер модустары болса, басқа заттарда - тіршілік модусы ғана болады. Бұл жерде Спиноза тіршілік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге дейінгі өмір сүруін айтады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан бастап жанды заттар ретінде қарастыруы философияда гилозоистік құқықтың жанданып, одан әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.

Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге идеялар да - модустар. Олай болса адамдар аз мүмкіндіктерін, және табиғаттың зандылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым мол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінуге жақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға деген сүйіспеншілік те біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың іс - әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.

Табиғаттың, адамның өмірінің себептілік заңдылығына бағынышты екенін түсіну үшін ойлаудың математикалық тәсіл қолданып, оларды зерттеу керек, себебі тек осы тәсіл ғана бізді ақиқатқа жеткізеді.

Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі -сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл - күйге байланысты болады; екіншісі - рационалдық таным, басқаша айтқанда ақыл - ой арқылы таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшінші - интуиция, немесе заттар мен құбылыстардың мәнін түсініп - білу арқылы олардың түпнегізін (құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.

Спиноза адам туралы проблемасында, адамды, «құдай» дәрежесіне дейін көтермейді, керісінше, оны сол қалпында, оған тән кемшіліктерімен, жетістіктерімен талдауға әрекеттенеді. Спинозаның айтуынша, құдай бар, бірақ оны адамдар басқаша бейнелейді. Құдай дейді, адамдарға түсініксіз, оларға ешқандай ұқсастығы жоқ абстрактілі белгісіз бір нәрсеге айналады. Сондықтан оны жеке алып бейнелеу, суреттеу, ол жөнінде дәлелді пікір айту өте қиын. Осыдан келіп, ол «құдай» деген тек жалаң ұғым, ал шын мәнісінде ол - табиғат болып шығады.

Сөйтіп, құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдардың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы; 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.

Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап түру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.

Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVII ғасырдағы француз ағартушыларының еңбектерінде әрі қарай өріс алса, оның дедуктивтік тәсілі мен таным процесіндегі кейбір соны идеялары (интуиция т.б.) Шеллингтің, Канттың, Гегелдің философиясында дамытылды.

Джордж Беркли (1685 – 1753 ж.ж.) Субьективті идеализмнің негізін салушы Беркли дворяндық отбасында дүниеге келген. Жеті баланың үлкені болып, 11 жасынан ғылым мен өнерге қызығушылық тудырып, он жасынан дін қызметкеріне шақырылды.

Шығармалары: «Ой өрісінің жаңа теориясының тәжірибесі», «Адам білімнің принциптері туралы трактат» (1710ж), «Гилас пен Филонус арасындағы үш әңгіме» (1713) ж.

Беркли материалисттерге қарсы соққы беріп, олардың материалистік ұғымдарына қарсы шықты. Оның жазуы бойынша «мен барлық уақытта материяның өмір сүрмейтіндігіне сенемін, оның өмір сүретіндігі, ақылсыздық, маған құдай куә». Олай болса не өмір сүреді.

Епископ Берклидің пікірінше біздердің түйсікпен қабылдауларымыз өмір сүреді. Біздерде материяның сезімдік қабылдауы жоқ және болуы мүмкін емес. Біз тек жеке заттарды ғана қабылдаймыз, әр қабылдау жеке идея, түйсіктердің жиынтығы, демек адамның дүниені тануы әр түрлі түйсіктердің комбинацияларының сипаты. Мысалы: дәм, иіс, түс, темпе-ратура т.б. түйсіктер идея. Яғни, өз өзіміздің идеяларымызды қабылдамаймыз. Дүниеде түйсік идеялардан басқа ештеңе өмір сүрмейді және идеялардан басқа ешнәрсе қабылданбайды.

Адамның өзінен туа пайда болған идеялардың өмір сүретіндігіне сенген, яғни ол былай айтады: «Роза гүлінің иісі шықпайды, егерде оны ешкім иіскемесе».

Философтың пайымдауынша «біздің ақыл, заттар туралы жалпы идеяларды құрастырады». Болу, яғни қабылдауда болу, қабылданған зат, денелер нақты өмір сүреді олардың сыны біздердің түйсігіміз. Осыдан, оның мынандай тұжырымымы шығады: «Бар болу, яғни қабылдауда болу».

Беркли пайымдауынша «идеялар» көшірме бола алмайды. Демек, Локктың материалистік сенсуализіміне Беркли идеалисттік сенсуализ-мімен қарсы шығады.

1. Локк философиясы бойынша қабылдаудың қайнар көзі сыртқы дүние, ол біздің санамыздан тыс өмір сүреді. Беркли субьект арқылы айқын қабылдауда түйсік идеяны негізгі деп біледі.

2. Беркли Локктың абстракциялық әдісіне қарсы, оның пікірінше абстракциялық идеяның болуы мүмкін емес, ол абсурд, ішкі қарама-қайшылық, біз оларды қабылдамаймыз, басқа идеяны да әкеле алмайыз.

3. Беркли материяның бірінші және екінші саналық іліміне қарсылығын білдіре отырып, барлық идеялар тек қана жанда өмір сүреді.

Беркли материализмді теріске шығара отырып, субьективті идеализмді қуаттады. Ол солипсизмнен арылуға талпынады. Солипсизм дегеніміз дүниеде тек адам және оның санасы ғана бар, ол басқа обьективті дүние барлығы жеке адамның санасында ғана өмір сүреді деген философиялық ілімі.

Демек, Беркли обьективті реалды идеялардың өмір сүруін жоққа шығара отырып, олар тек біздің ойларымызда дейді.

Бұл жерде Беркли мынадай түсініксіз сұраққа бетпе-бет келеді. Біздердің ойымыздағы қайдан келеді. Осы жерде ол қозғаушы күшті «құдайға» барлығын қосады.

Сайып келгенде, Беркли мынадай қорытынды жасайды: «Дүние менің түйсігімсіз жоғары бір себептің нәтижесі екен, құдай табиғат заңдарын, олардың мәселелеін құрастырушы».

Давид Юм. /1711-1776/ Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілі Давид Юм (1711-1776) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.

Д.Юм Локк бастаған эмпиризм философиясын әрі қарай дамыта отырып, таным теориясының тек сезім мүшелеріне ғана сүйенетінін, сөйтіп түйсіктердің дәріптелетінін атап көрсете отырып, орын алған қайшылықтарды шеше алмады. Д.Юм өзінен бұрынғы ойшылдардың ізімен адам танымынынң шығатын арнасы сезімдік тәжірбие деп мойындады. Яғни, адам дүниені сезім мүшелері арқылы ғана танып, одан шығып кете алмайды. Біз сезім мүшелерімізден тыс ен бар екенін білмейміз, оны ақыл да айыра алмайды.

Д.Юм өзінің «Адамның табиғаты туралы трактат» деген еңбегінде материалдық дүниенің бізден трыс өмір сүріп тұрғандығы, оны танып білуге болатындығы жөнінде күмәнданады. Мұндай күмандану скептикаға апарып ұрындырды. Философтың айтуынша, адамдардың ақыл-ойы, зердесі өз басының рухани тәжірбиесіне ғана сүйенбейді. Д.Юм зеденің бір уақытта әлемге әйгілі болып үстемдік еткенін мойындайды. Бірақ, кейін оның маңызы төмендеді. Философ өз шығармасында зерде туралы: «Зерде әуелі өз билігін әлемге жүргізіп келді. Одан соң оған деген бағыныштылық туды. Оған қарай икемделу, оны құптаушылық пайда болды Бірақ бірте-бірте оған қарсылар шығып, зерденің күшін азайта бастады. Сөйтіп зерденің өзі скептикаға ұрынып, одан соң догмалық қағидалармен қарулануға мәжбүр болды», - деді.