Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 16 страница

Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс - материяның ажырамас мәнді қасиеті атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.

Ең жалпылыма мағынада алғанда, қозғалыс дегеніміз – кез келген өзгеріс, Қозғалыс дегеніміз – материяның жалпыға ортақ атрибуты, оның өмір сүру тәсілі. Дүниеге қозғалыссыз материяның болмайтынын сияқты, материясыз қозғалыстың болуы мүмкін емес. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер ете алады.

Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті – тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек те, бірге де емес, ол – бар болғаны қозғалыстың бір сәттік тұрақтығы. Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. Дамудың нәтижесінде жансыз маетриядан жанды материя пайда болады. Жанды материя жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Тыныштық – бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатынастың бәрінде ол да қозғалыс.

Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі күрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс – механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды т.б. Ең жоғары әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады.

Сонымен қозғалыс материяның қасиеттерін, құрылымдық жиынтығын және оның өмір сүру сипатын айқындайды.

Кеңістік пен уақыт қозғалыс сияқты материяның ішкі ажырамас (атрибуттық) қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады.

Денелердің көлемі, белгілі бір сыртқы формасы болады. Материя қозғалысының әрбір формасы денелердің орын алмасуына байланысты, яғни денелер, заттар кеңістікте өмір сүреді, кеңістік материя қозғалы-сының шарты болып табылады.

Кеңістік дегеніміз – қозғалушы материяның объективті түрде өмір сүруінің формасы. Кеңістік ұғымы заттардың бір-бірімен қатар және бөлек өмір сүруін, олардың тұрқын, олардың бір-біріне қатысты алғандағы орналысу тәртібін білдіреді.

Материалдық процестер рет-ретімен өтеді, өзінің ұзақтығы жағынан айырмашылығы, бір-бірінен өзгеше кезеңдері болады.

Уақыт дегеніміз – қозғалушы материяның объективті түрде өмір сүруінің формасы. Ол материалдық процестер өрістеуінің жүйелілігін, бұл процестердің түрлі сатысының бір-бірінен бөлек екенін, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды.

Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру формасы екендігі туралы қағида олардың тек объективті реалды екендгігн ғана сипаттамайды. Ол бұлардың қозғалушы материяның ажыратылмас байланыста екендігін бейнелейді. Материядан тысқары кеңістік пен уақыттың болмайтыны сияқты, материясыз кеңістік пен уақытта болмайды, болу да мүмкін емес.

Кеңістік үш өлшемнен – ұзындық, ен және биік өлшемдерінен тұрады. Бұл өлшемдер тек заттарға ғана тән емес, процестерге де тән. Уақыт бір өлшемді. Уақыттың ағымы өткеннен қазіріг арқылы келешеккке бағытталған белгілі бір заманнан өзінді бір белгілері бар басқа заманда қайталанып отырады.

Кеңістік пен уақытты тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттардың, құбылыстардың барлық формаларымен, материяның барлық түрлерімен байланысты. Сонымен кеңістік пен уақыттың әлеуметтік формалары адамзаттың қоршаған ортаны, табиғаттағы кеңістік пен уақыт түрлерін өз практикасында игеріп, одан әрі дамытуы барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.

 

4. Бақылау сұрақтары:

1. Болмыс пен материя ұғымдарының айырмашылықтары қандай?

2. Заттар мен процестер болмысы дегеніміз не?

3. Адам болмысы дегеніміз не?

4.Әлеуметтік болмыстың мәні неде?

5. Рухани болмыстың сипаты?

 

 

№12 Лекция сабағының тақырыбы:Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы.

 

1. Сабақ жоспары:

1. Қоғамның тарихи типтері, құрылымы

2. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас.

3. Мәдениет және өркениет.

4. Мәдениеттегі материалдылық және руханилықтың арақатынасы.

 

2. Сабақ мақсаты:

Қоғам оның құрылымы және мәдениеттегі оның рөлі мен маңызын болашақ мамандарға түсіндіру.

 

3 Лекция мәтіні:

1. Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен көріуге болмайды.

Қоғам деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық , феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам, т.б. бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болшағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.

Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Адамдар белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметті, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынасдеп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады; 2) субъект (жеке адам, адамдар) тотптық сипатта болады; 3) қоғамның объективтік сипаты болады; яғни қоғамға адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқпа, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынсын ахырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық, т.б.) – адамдардың руахни-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстардың нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар өзара байланысу арқылы қоғамның дамуына ұйтқы болды.

Қоғамды табиғаттан ерекшелейтін сипаты неде? Табиғат апаты үздік-создық болып тұрады. Демек, табиғатта стихиялық сипат бар. Ал қоғамдық дамудың ортасында санасы мен еркі билеген адам тұрады. Табиғат қоғамнын және адамнан тыс, өзіне тән заңымен дамиды. Алайда адам қоғамы мәдениетті жасайды, табиғатты да өзгертеді. Демек, адам және қоғам өз іс-әрекеті арқылы табиғатқа қарсы тұрады екен. адам мәдениетті жасаумен бірге, табиғатты бағындыра да біледі. Себебі табиғат пен қоғам тікелей байланыста, өзара қатынаста болады. Біріншіден, табиғи орта географиялық және климаттық ерекшеліктер қоғамның дамуына белгілі дәрежеде әсер етеді. Бұл факторлар ел мен халықтың дамуын жеделдетеді немесе қиындатады, қоғамдық еңбек бөлінісіне әсер етеді. өзендер мен көлдер, ауа-райы шаруашылыққа, өмірге қандай әсер ететінін күнделікті өмірден білеміз. Су арқылы табиғи байлықты иеленеміз, егін егіп, жеміс-жидек өсіреміз, оларды тіршілігіміз пайдаланамыз. Ал айналадағы ортаның ластануы, табиғи байлықтың азая бастауы экологиялық дағдарыс туғызады, адамдардың өмір сүруіне қауіп төндіреді.

Адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы айналадағы табиғи ортаны өзгертеді. Көптеген аймақтардағы батпақты жерлер құрғатылып, шөл далалардың баққа айналғанын жақсы білеміз. өзен суы негізінде су әлектр станциялары жұмыс істейді. Сонымен қатар шаруашылықты дұрыс жүргізбеу салдарынан теңіз-көлдердің тартылып, құнарлы жерлер тозып, елсіз бос далаға айналып кеткенін де жақсы білеміз. Бұлардың бәрі – адамның іс-әрекетінің нәтижесі.

Адамдар ертеден-ақ қоғамның өмір сүруін түсінуге ұмтылды. қоғам қалай пайда болады? Ол қалай дамиды? Оның даму бағыты, болашағы қалай болады? Бұл нақтылы қоғамның даму дәрежесімен анықталады.

2. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды – адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғат адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы ғана емес, оның өзгертушілік іс-әрекетініңі кеңістігі, ортасы. Адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы екі түрлі: өмір сүрудің қайнар көзі болып есептелетін – табиғи байлық (көмір, мұнай, ағын су мен желдің энергиясы, т.б.). қоғам дамуының ерте кезеңдерінде адамдардың ынтасы «бірінші құбылысқа» көп аударылды, ал кейін өндіріс күшінің дамыумен байланысты «екінші құбылысқа» ауысты. Себебі табиғи байланыстар өндіріс дамуының, бүкіл қоғам дамуының алғышартына айналды. Адам, сонымен қатар, жасанды ортада - «екінші табиғатта» да өмір сүруде. Жасанды орта заттық негізде ғана жинақталмайды. Адам қоғамдық қатынас жүйесінде өмір сүреді, іс-әрекет жасайды. Ондай қоғамдық қатынас белгілі бір материалдық дүниеде ғана іске асырылады. қоғамның дамуы жасанды ортаның рөлін арттыра түседі. қазіргі замандағы ғылыми-техникалық революция мен технологиялық жетістіктер нәтисінде адам баласы өмір сүрудің жасанды ортасын жасады және ол табиғи ортадан ондаған, жүздеген есе өнімді болды. Адамдар өзінің іс-әрекеті арқылы геологиялық құрылымдарды өзгертті, аса зор табиғи суқоймаларын жасады, т.т. Сөйтіп, адамның өмір сүретін жасанды ортасы біртіндеп табиғи ортаға шабуыл жасай бастады. Дегенмен табиғи орта адамның өмір сүруінің материалдық негізі ғана емес, өндірістің бастапқы обьектісі, сонымен қатар әстетикалық және адамгершілік қатынастың да обьектісі саналады.

3-4. Мәдениет өмірдің барлық саласымен байланысы бар бірыңғай өмір сүру тәсілі. Мәдениет мәні әрбір тарихи дәуірде толықтырылып тұруымен қатар, о бастағы қалыбын жоғалтқан емес. Әрбір ұлттың өзіндік келбетін сақтауға және болашаққа бой сермеуіне мәдениетттің ықпалы зор. ХІХ ғасырда ғылыми тәсілін қалыптастыра бастаған мәдениет туралы ілім адам мен қоғамды зерттеу нысанасы етті.

Мәдениет, қоғамдық құбылыс ретінде адамның бүкіл үйренгендері мен барлық өзара бөліскендерін өз ішіне алатын жалпы түсінік. Себебі, тәрбиелік білімдерге тақырып болар әрбір нәрсе, мәдениетте бітімін табады. Мысалы, жаңа туған нәресте, тілін, дінін, жеп-ішетіндерін, қоршаған ортасын, әлеуметтік өмірді, бала тәрбиелеуді, білім құралдарын, рухани құндылықтарды белгілі бір мәдениет қалыбы ішінде үйренеді. Адам, тек кейбір құндылықтарды, діни және әлеуметтік қатынастарды үйреніп, қоғамдық құбылысқа айналады. Мәдениет деп аталар құбы-лыстың қарапайым түрі осыны үйрену нәтижесінде құрала бастайды. Басқаша сөзбен айтсақ, нені жасап, жасамау керектігіміз, кімдерді құрметтеп немесе жақсы көруіміз керек және өмірімізді қалай тәртіптейміз сияқты мәселелерге қатысты өлшемдер береді. Ғалымдар мен ойшылдар мәдениетті түрлі жақтан зерттеп, анықтауға тырысқан. Бұл анықта-малардан кең таралған бірнешеуін берейік: Тайлор мәдениетті былай анықтайды: “Ғылым, дін, өнер, талғам, әдет-ғұрып бар қоғамның бір бөлшегі болу шартымен шыққан әдеттер мен басқа да өнер түрлерін қамтитын жинақ”. Висслер, мәдениетті былай анықтайды: «Мәдениет - бір халықтың өмір сүру тәсілі». Турнвальд бойынша: «Мәдениет - талғам, жүріс-тұрыс түрлерінен, әдет-ғұрып, ой-пікірлерден, түрлі мекемелерден тұратын жүйе болып, тарихи ұйымдасқан салт-дәстүрге бағымды бір қоғам ішінде мәдени қарым-қатынастардың нәтижесі ортаға шығарған әлементтермен араласып, бір бүтін халге келеді».

Мәдениеттің өмір сүру шарты - ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырады. Адам өзін-өзі адам қылып дүниеге келтіруі қажет. Сондықтан, мәдениеттанудағы – «оқыту - рухани дүниеге келу» деген принциптің жалпы азаматтық мәнінің маңызы анықтан-анық.

Мәдениетке қатысты көзқарастар мен теорияларды жинақтап, қорытынды мынадай анықтамаларды беруге болады:

Мәдениет-ақыл-ой, көркем мәдениетпен шұғылдану, қабылданылған өзін-өз ұстау нормаларымен тікелей байланысты іс-әрекеттің ерекше формасы және сферасы.

Мәдениет – «жабайылықтан өркениеттілікке» өту барысында қоғамның, оның ағартушылығы мен санасының даму деңгейі.

Мәдениет - адамды табиғаттан жекелейтін және биологиялық детерминация шегінен шығаратын қоғамдық жетістіктердің жиынтығы.

Мәдениет - бір қоғамды екіншісінен ажырататын, оның дамуы мен өзіндік келбетке ие болуына ықпал ететін нормалар, құндылықтар мен мағыналардың ерекше жүйесі.

Мәдениет - әрекеттің себебін, принциптерін, ережелерін, мақсаттары мен мағыналарын қалыптастыратын кез келген іс-әрекеттің рухани өлшеуіші.

Мәдениет туралы түсінік көне дәуірлерде-ақ қалыптасқан. Ол варварлыққа қарама-қарсы қоғам мен жеке тұлға ұғымын береді. «Культура» сөзі латын тілінен аударғанда «өңдеу», «құнарту» деп аударылып, алғашқы кезде егіншілікті сипаттауға қолданылды, яғни өндірудің даму деңгейін білдірді. Орта ғасырларда “культура” ұғымы концептуалданып, тұлғалық және қоғамдық шығармашылықты сапалы түрде бағалау үшін қолданылды. Варварлықтан мәдениетке өту әдетте әлемдік діндерді еске түсіреді, яғни уақыт ағымында қоғамның пайда болғанынан, пұтқа табынудан адамзаттың қазіргі діндеріне дейінгі дамуын көрсетеді. Қазіргі жағдайда неотомизм де осы позицияда тұр, ол тарихты ақиқат, қайырымдылық пен көркемдік сияқты діни идеалдардың қайта жандануы деп түсіндіреді /Ж.Маритен/. Бұл пікірді ірі орыс діни философтары да ұстанған /В.С.Соловьев, Федоров, т.б./.

Жаңа дәуірде адамзаттың мәдени дамуының эволюциялық концепциясы ағартушылық түсінікпен алмасты, ол бойынша адамзат дамуы мынадай жалпы схемадан тұрады-жабайылық, варварлық, өркениет /Тюрго, Вольтер, Фергюссон/, яғни үздіксіз биологиялық әволюция іспетті. Рухани дамудың кемелденген кезеңі ретінде қай қоғамдық сана формасы алынуы керек: философия ма /Гегель/, әлде ғылым ба /Конт/, осыны анықтау үшін пікірсайыстар жүрді. ХІХ ғ. екінші жартысындағы қоғамдық сананың жаратылыстанушылық бағыты, дүниені құраудың универсалды заңы ретінде эволюцияны мойындатты /Г.Спенсер/. Неке /Мак-Леннан/, дін /Леббок, Фрәзер/ формаларын, жалпы әлеуметтік құрылымды /К.Маркс, Тайлор, Морган/ эволюциялық жолмен түсіндіруге талпыныс жасалды.

Әсіресе, эволюционизм /историзм/ қоғамның, тарихи қозғаушы күштердің қайнар көзін табуға жұмылдырылды. Бірақ бүкіл әлемдік тарихи даму концепциясы принципиалды түрде қиындыққа тап болды, өйткені түрлі халықтар мәдениеттерінің өзар ұқсастықтары өте аз. К.Брейзингтің пікірінше, көне дәуірде халықтардың барлығы бастан кешірген, ортағасырлар-еуропалықтар мен үнділіктерге, ал жаңа мен қазіргі дәуір тек Еуропаға ғана тән. Ал «қалыс қалған» халықтар, «өркениетті» қоғамдар бастан кешірген даму сатыларын болашақта бастан кешіреді делінеі .

ХІХ ғ. екінші жартысында эволюционизмнің атақты радикалды ойшылдары К.Маркс пен М.Бакунин мынадай концептуалды негіз жасады: эволюционизм тек теория ғана емес, ол әлеуметтік әрекет қаруы да. Бір жағынан қарағанда историзм бұқара халықты қоғамдық формацияның өзгеретіндігіне сендіру құралы, басқа жағынан қарағанда, ол оны құрау да құралы болып табылады. Осы орайда К.Маркс тарих бірқатар әлеуметтік күйзелістерден құралып, бұл қоғамның сапалы өзгеруіне алып келеді деп есептеді. Ол әлеуметтік катастрофалардың шарты мен механизмін сипаттап, оларды жандандыру жолын да көрсетіп берді. Бұл теорияның әсіресе осы революциялық бағыты К.А.Сен-Симонға философияны, теріс, ыдыратқыш білім деп бағалауына себепкер болып, ХVІІІ ғ. соңындағы француз революциясын дайындаудағы рөлін де көрсетіп берді.

Тарих ұғымы әр мәдениетте жеке қарастырылуы керек сияқты, даму /прогресс/ ұғымы да әр мәдениетте өзіндік сипатқа ие.

Мәдениеттің тірі организм сияқты жастық шақ, бозбалалық шақ, кемелдену және қартаю сияқты кезеңдері болады. Оның өмір сүру ұзақтығы анықсыз болғанымен, гүлдену шағы қысқа болады, ал одан кейін қартаю және өлу келеді. Халықтардың барлығы өзіндік мәдениет құра бермейді, мәдени типтер де /өркениеттер де/ оңда, теріс те бола береді. Данилевский бары-жоғы 12 мәдени-тарихи типті бөліп қарады, оған жаңа-славян типін қосады. Түрлі мәдениеттердің түрлі негіздері бар: еврейлік-діни, грек-көркемдік, рим-саяси негізге ие, алмандық, романдық типтегі негізден-саяси және ғылыми-индустриалды, ал славяндық 4 негізден құралады. Бұл концепцияны жалпы алғанда органицизм деп сипаттауға болады.

Мәдениет - бұл адамның ақылы, таланты, еңбек таңбалары бар бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың әлемі. Бұл өзінен өзі туындайтын табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Оның әртүрлі анықтамалары мәдениеттің түрлі сферасын анықтайды: Біріншіден - ол, адамдар жасап шығарған мәдениеттің заттай дүниесі. Оның негізгі екі сферасына - материалдық мәдениет және рухани мәдениет жатады. Екіншіден - адамның өзі, белгілі бір кәсіби топтармен, мекемелері арқылы ерекшеленетін қоғам және жеке адамның жеткен мәдениеттілігінің деңгейі. Үшіншіден - әдетте мәдениетті жаттап алынған мәдениеттілік, «үлгілі тәртіптің комплексі», «өмірді анықтайтын үлгілердің жиынтығы» деп белгілейді. Осыдан мәдениеттің мәнін анықтай отырып, оның үш жағын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, адамның материалдық және рухани қарекеттерінің материалданған бұйымдарының аяқталған үрі, екіншіден, мәдениеттің субъектісі, жасаушы және иеленуші түрі, үшіншіден, жеке адамдардың субъективтік әрекеттерін объективтік жобаға айналдырған институтционалдық байланыс түрі.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Маркс бойынша қоғамның түрлері?

2. Мәдениет пен өркениеттің айырмашылығы?

3. Мәдениеттің қоғам дамуындағы ролі қандай?

№13 Лекция сабағының тақырыбы:Махаббат философиясы.Дін философиясы.

 

1. Сабақ жоспары:

1. Махаббат феномені.

2. Суфизмдегі құдайға деген махаббат.

3. Дін философиясындағы мәселелер.

 

2. Сабақ мақсаты:

Махаббат пен дін арасындағы байланысты түсіндіру.

 

3. Лекция мәтіні:

1. Қадым заманнан ерекше әспеттеліп келе жатқан махаббатты – адам өмірінің ұлы жарастығы, адам жанының гүлдеп, шешек атуы; сүйіспеншілік жанарымен қарағанда ғана ашылатын әлемнің керемет сұлу суреті, өмірдің ыстық демі, ардақтылығы десе керек. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол – адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезмдері жігерлендіріп, дем беріп отырады. Адам біреуді сүйгендіктен яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнрепаздықпен жайшылықта қолан келмейтін үлкен істер тыныдырады. Әйтпесе, яғни сүйіспеншілік жоқ жерде, өмір мәнінен, бар әдемі бояғынан айырылып, көңілсіз, жансыз сұрқайлыққа айналады. Демек, махаббат - өзін үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, айналаға соның көзімен қарау, сол арқылы тіршіліктің қадір қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз. Адам жанынынң білгірі, орыстың ұлы философ жазушысы Л.Н.Толстой: «Сүю дегеніміз – сүйген адамның өмірімен өмір сүру», - дейді. Бұл даналық нақылда махаббаттың анықтамасы беріліп, сонымен қатар оған қойылатын талап та айтылған.

Шынайы махаббаттың басты белгісі - құлай сүйген адамына ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез жай сезімдерден айырмашылығы сонда. Алтын қазақ қағидасы да бар: «Сенен артық жан жоқ деп, ғашық болдым, мен не болсам , болайын, сен аман бол».