Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 17 страница

Махаббатыың алтын тұғыры – тұрақтылық. Тұрақтылық, опалылық, адалдық жоқ жерде шынайы сүйіспеншіліктің болуы мүмкін есес екені айдан анық. Шынайы махаббатқа ол жеткізу және соның шырқау биігінде тұрақтап қала білу кім көрінгеннің қолынан келетін шаруа емес. Оның және бір аса маңызды шарты – ерлік. Ерлік жоқ жерде махаббатта жоқ.

Адамның өзіне-өзі, одан кейін ең жақын, ең жақсы көретін адамына тілейтіні не? Бақыт, әрине. Адамзатты алға ұмтылдырып келе жатқан ұлы күш те – бақытқа жетуге талпыныс, бақытты іздеу. Адамзат тарихынан адамды құр байлықтың, тек қана тақ-лауазымның бақытты етпейтінін көрсететін сансыз мысалдар табамыз. Сонда, К.Тилье сөзімен айтқанда: «Сүйікті болу бай болудан артық, өйткені сүйікті болу – бақытты болу деген сөз».

Махаббат – адамға көп қуаныш әкелуші, екі адамның бір-біріне ризалық, өмірге көзқарас ұқсастығы, ортақ мақсат жолында бірлесіп күш жігер жұмсауға, қажет болса құрбандыққа бару қабілеттілігі сияқты сипаттардан құралып, адамның ең асыл қасиеттерін жарқырата көрсетуге себепші болатын жасампаз киелі сезім. Бірақ бұған қарап, махаббат тек рақаттан, қуаныштан, нұр жайнаған әсемдіктен, жеңістен, т.б. кілеңге жанға жағымды да жайлы нәрселерден тұрады екен деп ойлауға болмайды. К.Д.Ушинский айтқандай: «Онда да азап-рақат, қуаныш-қайғы, қорқақтық-батылдық, ыза мен өшпенділік сияқты сезімдер шарпысып жатады. Оның қайғысы мен қуанышының алабөтен болатыны сондықтан».

Әрине, барлық адамның сүйіспеншілігі шығармашылығынан көрініс тауып отырмайды. Бірақ шынайы махаббат сезімі бойын кернеген адам бақытты, жігерлі, құдіретті. Өйткені құс ұшуға жаралағаны сияқты, адам сүюге жаралған. Олай болса, ең ұлы арманына ұмтылған немесе оған қолы жеткен адам бақытты болмай, кім бақытты болмақ?! Махаббат өз бойына адамгершілікті, адалдықты, ақ пейілді тазалықты, имандылықты, инабаттылықты, парасаттылықты, мейірімділікті, ізгілікті, ерлікті тоғыстырған. Сол себепті оны өмірдің мәңгілік жаңғырытып, жаңар-тушысы деудің қисыны бар.

Махаббат – таңғажайып кереметтерді дүниеге әкелуші. Адамзаттың көркемдік тарихын мәдениет пен махаббат тарихы деуге де болады. Тұңғыш суретшінің қолфына құрал ұстатып, жартасқа бейне салдыртқан, тұңғыш ақынға шабыт сыйлап, өлең жаздыртқан осы махаббат екені даусыз. Ең ұлы көркем туындыларын авторлар махаббат сезімінің әсерімен шығарғаны тарихтан аян.

2. Ал ортағасырда мұсылман ойшылдарымыз махаббатты сопылық мәселесімен етене қарасырған. Сопылық - өте күрделі философиялық діни феномен. Ол мұсылмандық шығыс халықтарының рухани өмірінде маңызды рөл атқарған көрнекті ағым. Ол ислам дінінен тарады, содан нәр алды, соның жүйесіне сүйенді. Бірақ ислам дініне тараған бағыттарға қарағанда, сопылық көлемі жағынан да, сенім, дүниеге көзқарас, дүниені қабылдау, дүниеге қарым-қатынас сияқты аса маңызды мәселелерді іздестіру тұрғысынан күрделі ағым.

Бұл ойда суфизмге тән қасиеттер–нұрлана отырып құдайға жақындау, шаттану арқылы–сезімді және рационалды танымға жету. Сопылық ойшылдар рационалды білімді толықтай теріске шығармаса да, оның мүмкіндіктерінің шектеулігін көрсеткен. Сопылар үшін таным дінмен шектелген. Олардың іздестіретін басты жауабы, тұрмыс бірлігінің ақиқатын табу. Сопылар ақиқатқа жеткенде, қиялды байытатын махаббат, эмоцияға кенеледі. Қиял, ғашық жүректе туатын болғандықтан, жүрек мистикалық танымның ерекше құралы болады.

Сопылардың таным туралы ойларын сипаттай келе Тәжікова К.Х. былай деп жазады: «Сопылардағы құдайды тану мистикалық сүйіспеншілікке тікелей байланысты, сондықтан да сопылар сүйіспеншілік– танымның дәл өзі деп есептеді». Тәжікова К.Х. бұл пікірінде, сопылардың құдайды тануға ұмтылысы сүйіспеншілікпен теңестірілді, құдай сопылар үшін өзінің сүйіктісі бейнесінде көрінді, ол өздерін шексіз сүюші деп санады.

Сопылық символикада жүрек құдай сәулесі көрінетін айна деп есеп-теледі, ал одан құдайды көру үшін жүрек тазару керек. Осыны таныған адам өз күшжігері мен ынтасын моральдық жағынан жетілдіруге жұмсайды. Осылайша, жүректі «жібітетін» жолдардың құдай ілімін танудағы дайындығымен әрине, адамға тән тілектер мен қызығушылықтардан бас тарту сопылық гносеологияны құрайды.

Сол махаббатты әрбір субъект «Адам - Әлем» қатынасының өзегі етіп алса, онда көптеген мәселелер шешімін тауып, тұлға үнемі дамып, жетілуге мүмкіндік алатынын айтты. Сол себептен де тәрбиенің мақсаты да – баланың өз ар-ұяты мен бірлікте болып, адамшылықпен өмір сүруі болып табылады. Осыған байланысты Абай Құнанбаев: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ» - дей келе асыл сезімді жүректе мәңгі сақтап, өмірге арқау етуді өсиет етеді. Абай адам өмірін ізгіліктендіруде адамшылықыты басты рөл атқарады деп тапқан. Міне, сонда ғана дамудың моральдық ұстанымдары өзінің рухани мүдделеріне ұштасады.

3. Дін - әлемдік өркениетттегі барлық қоғамдарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Адам рухымен тікелей байланысты дін адамзатпен ықылым замандардан бері бірге жасасып келеді. Дін сан қырлы, күрделі және нәзік нәрсе. Дінді Жаратушы мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығына сенуі және илану деп анықтауға болады. Діннің мәнін анықтаудағы барлық тұжырымдамаларды дүниетанымдық жағынан дінтанулық және теологиялық( діни ) деп екіге бөліп қарастыруға болады. Дінтануда дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық болып бөлінеді.

Дінтанулық тұрғыдан дін - қоғамдық сананың бір түрі, дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, адамның сезім дүниесі, адамның туа біткен қасиеті, этностың қалыптасуы мен ұлттық мәдениеттің факторы. Дінтанулық тәсілдердің барлығы жеке-жеке алғанда діннің мәні,дін қалай пайда болды, ақиқат дін қайсы деген сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Қазіргі кезде дінтануда діннің жүзден астам анықтамасы бар. Жалпы алғанда дінтануда дін әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы,жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарастырылады.

Теологиялық тұрғыдан дін - Құдай мен адам арасындағы байланыс.Дін адамның жаратылысынан келетін сезімі,адам бір нәрсеге сеніп өмір сүруге, өміріне мән-мағына беруге мұқтаж. Исламдық тұрғыдан адамзаттың алғашқы діні кемел дін яғни ислам діні.Адамдар кейіннен басқа қате сенімдерге бойұсынып, Алладан басқаға табынған. Ұлы Алла адамдарды алғашқы дініне қайтару үшін пайғамбарлар жіберген, кітаптарды аян етіп түсірген. Сонда да адамдардың ішінде илахи (құдайлық) дінге сенбеген өздері шығарған діндерге сыйынғандары болған. Сондықтанда адамзат әлемінде илахи діндермен қатар адамзаттық діндерде жасап келеді. Діни сенім тұрғысынан дін - Алланың пайғамбарлары арқылы адамдарға түсірген екі дүниеде бақытты болу жолын көрсететін қағида ережелерінің жиынтығы.

Дін сөзі араб тілінде заң, қағида, жол, бағыт, сот, жаза және т.б мағыналар береді. Дін адам үшін, ол адамның пайдасын көздейді,адам жаратылысындағы сенім сезімін күшейтеді. Дін сезімі жаратылыстан келеді. Дін - адам рухының азығы. Рух пен тәнді тең дәрежеде қанағаттандыратын адам өз жаратылысының мақсатын жүзеге асырады. Дін адам мен қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды, тек ғана адамның пайдасын мақсат етеді. Дін адамның мінез-құлықтарын жақсартып қабілеттерін жетілдіреді.

Дін анықтамалары:

1. Дін - кез келген мәдениет пен өркениеттің негізі,қозғаушы күші.

2. Дін - адам өміріне мән-мағына беретін сенім,ілім.

3. Дін - адамшылық өмірдің негізі.

Дінге қарсы атеизм жайлы айта кету қажет. Атеизм (а-жоқ, теизм-құдай) - дінге қарсы дүниетанымның бір түрі. Атеизмнің радикалды және жұмсақ екі түрі бар. Радикалды атейзмді кешегі кеңес өкіметі жүргізді. Ал жұмсақ атеизм - дінге қатысты қазіргі дінтанудағы ұстаным, оның мәні мынада діннен адам мен қоғамға дәл қазір пайда бар ма, онда дін бола берсін, келешекте ғылым білім дамыған кезде дін өмірден қалады деген көзқарас. Діннің дінтанулық тұжырымдамаларының барлығын осыған жатқызуға болады. Өйткені бұл көзқарастың басты ерекшелігі жоғарғы тылсым күшке сенбеуі. Ал өз кезегінде теологиялық бағыт барлық нәрсені бір жаратушыға сенім тұрғысынан қарастырады.

2. Діннің құрылымы.

Дін құлшылық жолындағылар мен Құдіреттің арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім бір діни ілім түрінде тұжырымдалып,тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді.Ол құрылымдық жағынан діни сенім, дін ілімі, діни ғұрып және діни ұйымнан тұрады. Енді осыларды жеке-жеке қарастырамыз.

а) Діни сенім. Діннің негізін сенім (иман) құрайды.Сенім-адамның ешқандай күдіксіз (күмәнсіз) бір нәрсені қабылдауы немесе сол нәрсеге илануы, басқаша айтқанда адамның психологиялық ахуалы. Сенім адамның табиғи жаратылысынан келетін сезімі. Сенімнің басты ерекшелігі шеткі даралық және сенім обьектісіне тікелей қатынас.

Сенім мен білім арақатынасын айта кеткен жөн. Білім сенімге қарағанда теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген, қисынды және дәлелді. Ал сенім құбылысын ғылым табиғи психологиялық бастаулардан шығарады. Мұндай негіздерге жататындар:

-эмоция және сезім-жақсы және жаман сезімдер

-ерік

ә) Дін ілімі. Діни ілім - сенім мазмұнының жүйелі баяндалуы, яғни ешқашан өзгермейтін ақиқаттар. Маңызды жүйелі діндерде дін ілімі қасиетті кітаптарда негізделеді. Қасиетті кітап мәні жағынан «аян» ( орыс тілінде откровение ) деп аталады.

б) Діни ғұрып. Діни ғұрып - жеке және ұжымдық рәсімдердің белгілі бір нақты жүйесі, олар арқылы адам Құдаймен мистикалық тұрғыда байланысқа түседі. Діни ғұрып рәміздік іс әрекеттердің жиынтығы. Оған жататындар рәсім, дұға, ғибадат және т.б. Ғұрыпсыз дін болуы мүмкін емес, өйткені діни сана практикада ғұрып арқылы көрініс береді.

в) Діни ұйым. Әрбір діннің өз ұйымы бар. Діни ұйым –дінге сенушілердің әрекетін реттейтін және олардың қажеттіліктерін қаматамасыз ететін бірлестіктер жүйесі мен іс-әрекет түрі. Діни ұйымның негізгі түрлеріне жататындар: діни топ, діни қауым, деноминация, шіркеу және секта.

а) Діни топ-діни рәсімдерді бірге атқаратын кішкентай ұжым.

ә) Діни қауым-орталықтанған басшылығы жоқ діни қызметті бірге атқаратын ұжым,оған тән белгілер ерікті мүшелік және ғұрыптың жоғарылығы. Діни қауым өткен және қазіргі уақыттада діни ұйымның кең таралған түрі болып табылады.

б) Деноминация (латын.denominatio -арнайы ат беру) - ұйымдасу деңгейіндегі діни бірлестік. Бұл терминнің синонимі конфессия.

в) Шіркеу-сенім мәселері мен діни ғұрыпты реттеп отыратын діни қызметкер және қарапайым дін өкілдерінің орталықтанған сатылы бірлестігі.Шіркеудің классикалық үлгісі христиандықта.

Д) Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым.ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді.Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім,оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік,секта мүшелерінің теңдігін жариялау, дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу, келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу.

 

4. Бақылау сұрақтары:

1. Махаббаттың түрлері?

2. Мұсылман ойшылдарымыз махаббатты сопылық мәселесімен қалай қарастырды?

3. Дін дегеніміз қандай құбылыс?

4. Діннің құрылымы қандай?

 

№14 Лекция сабағының тақырыбы:Тарих және саясат философиясы.

 

1. Сабақ жоспары:

1. Тарих философиясы туралы түсінік.

2. Саясат философиясының генезисі мен мәні.

 

2. Сабақ мақсаты:

Тарихты нақтылаудағы формациялық және өркениеттік қарым-қатынастарды болашақ мамандарға түсіндіру.

 

3. Лекция мәтіні:

1. Тарих философиясы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны туралы ой толғауларын дәлел етуге болады. Адам мәселесі, оның ішінде оның шығу тегі, мәні мен табиғаттағы орны, қоғамдық өмірдегі ролі мәселелері фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғаннан, қазіргі уақытқа дейін адам оның назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әртүрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылым салалары пайда болды.

Философия мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа материяға субективті, (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: Адамның сана – сезімі мен ақыл ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаға ортаға қатысы қандай, табиғатпен қоғамның адамға, оның рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.

Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстармен қимыл - әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі.

Ал, адам дегеніміздің өзі не? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұған оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімінің әкесі де, әйелі де, баласы да, өзі де – адам, айнала жүргендердің бәрі - адам. «Адам дегеніміз не?» деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар? Деген сұрақтардың ойға оралуыда мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңілсек, адам ерекшелігінің табиғатының ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Осы мәселе-лерді қарастырып көрейік.

Жер бетінде адамнан қастерлі адам артық ешнәрсе жоқ. Себебі, адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Олай болса, адамды философиялық тұрғыдан түсінудің өзі ауызға сыймайтын, кең ұғымды білдіретін, жан – жақты зерттеп, зерделеуді талап ететін тұтастай ғылым.

Өкіншіке орай, адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан, оның шығу тегі де, жердегі өмірдің қай кезде пайда болғаны да қазіргі ғылым үшін жұмбақ күйінде қалып отырғанын мойындауға мәжбүрміз.

Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болған көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.

Адам туралы алғашқы ілімдер Шығыс мемлекеттерде пайда болды. Ежелгі Үнді философияда адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жануар мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Өзінің эмпирикалық болмы-сындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына зор ықпал етті. Әсіресе, ол жайнизм, буддизм, индуизм, санкхъя, йога ілімдеріне мол әсерін тигізді.

Ал ежелгі Қытай философиясында адам туралы өзіндік ілім қалып-тасырылды. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - Қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу – Конфуция дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Кун Фу цзы ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі.

Қытайдың алғашқы философиясында аспан жер және адам мәселелерінің жалпы сипаттары қаралады. Бұрын аспан мәселесіне біржақты басым көңіл бөлінді де адам туралы астарлап айтылса, жер туралы әңгіме арнайы қозғалмады. Кун Фу цзы аспанды өзіндік болмысы бар дүние ретінде ең жоғарғы құдіретті күш ретінде қарастырды. Аспан, әділеттілік аясы, аспан өз еркін әр адамға білдереді, өз үкімін күллі аспан астындағы елдерге, мемелекеттермен қоғамға таратады. Аспан туралы жеке адамдық түсінікте кездеседі. Содан аспан ұғымы Конфуция философиясында діни, саяси этикалық қызметте атқарады.

Ежелгі Шығыстың адам философиясын сипаттай отырып, оның маңызды бөлігі жеке тұлғаның әлеметтік әлемге де, табиғи әлемге де бірдей өте құрметті және гуманды қатынас жинайтын бағдары екендігін атап өтуге болады. Сонымен бірге бұл философиялық дәстүр адамның ішкі әлемін жетілдіруге бағытталған. Адам өзінің жетілдіру жолын өзі анықтайды және өзінің құдайы мен құтқарушысы болып табылады.

Ежелгі грек философияда адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді.

Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық әтиканың негізін қалаған Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. Ал Демокрит болса, адам туралы іліміндегі материалистік монизмнің өкілі. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Оның айтуынша, өмірдің мақсаты - бақыт, ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл-күйде болуы. Оның маңызды алғы-шарты ақыл-ой.

Ал Платон болса, Демокритпен салыстырғанда, жан мен тән антропологиялық дуализмі позициясын ұстанады. бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ал тән оған қарсы материя ретінде қарастырылады. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және жан мен тәннің қарама-қарсылығында.

Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлкеттік, саяси деп қарастырылады. Адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарларадан да, «адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден» де, «жоғары адамнан» де ерекшелендіреді. Сондықтан да ол былай жазады: егер кімде-кім өзіне-өзін жеткілікті санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабілетті болмай, оған деген қажеттілікті сезінбесе, онда ол мемлкетін әлементін құрамайтын не жануар, не құдай болғаны. Сонымен, Аристотельдің пікірінше, адам - ақылға ие қоғамдық жануар.

Осы ежелгі грек философиясы шығыс философиясынан айырмашылығы, мұнда адамның әлемге қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсенді позиция ұстанылды.

Адамдардың ғұмыр бойы ақыл-ойдың толысу дәрежесене жете де алмай қалуы қажап емес. Өйткені ақыл-ой практикалық қызметпен байланысты бола отырып, әрбір адамның дүниеге кең пейілмен,адал жүрекпен, ыстық сезіммен қарауды, адамзаттың тағдырына, қоғамның дамуына барынша назар аударып, соған атсалысып, үлес қосуды талап етеді. Ендеше ақыл-ой әрбір адамды, жеке индивитті қоғам өмірінің қайнаған мыс қазанына қарай жетелейді. Сол қазанның қайнауынан өткен индивид қана ақылға ие болып, қоғамдық өмірдің мәнін түсіне алады. «Практикалық мақсаттар көздеген күшті ақыл-жер бетіндегі ең жақсы ақыл» - деген болатын И.Гете. Ал, Л. Толстой болса «Адамды билейтін де, илейтін де – орта» депті. Олай болса, сол ортаның өзіне, яғни адамның ақылына сыйымсыз болған, нашар қоғамға қөңіл аудару, оны ақылды турде өзгертіп, адамның ойын, санасын азғындықтан, топастықтан тазарту өте күрделі мәселе екендігі рас.

Адамның адамгершілігі – оның ең жоғары қасиеті былайша айтсақ, кісілігі. Оның негізгі белгілерінің бірі - өзі үшін ғана емес, елі, қоғамы үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуы, соған дайын болуы. «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, - өзі үшін ортаға хайуанның бірі боласың. Досыңа достық - қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» ақылды, мейірімді адамды кез келген уақытта өзінің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам - ардақты. Біздің өткен тарихымыз – біздің арымыз. Арымыз таза болса, тарихымызда таза.

Жеке адамның қоғамда өмір сүре отырып жететін сапасы нәтижесінде олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсалалы қатынастары анықталады.

2. Саясаттану сµзі («политология») гректіњ «политика» – жєне логос деген сµздерінен шыќќан, саясат туралы ѓылым деген маѓнаны береді. Басќа ќоѓамдыќ ѓылымдардыњ ішінде саясат танудыњ орыны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рµл атќарады. Мысалы, мемелекет агрессиялыќ яѓни басќыншылыќ соѓыс саясатын ж‰ргізсе оныњ саладары бірнеше жылдарѓа созылатын ќайѓы ќасиетке соќтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ѓылыми дєлелденген тиімді бейбіт саясат ж‰ргізсе, еліне ќолайлы, халќына жайлы боларыда белгілі.