Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

Менеджменттің негізгі мақсаты:

- техникалық және технологиялық базасын дамыту мен өндірісті басқару,

- әр жұмыскердің шығыармашылық белсенділік пен біліктілік арттыру.

- кадрлық потенциалын тиімді қолдану.

- өндіріс процесін рационалды ұйымдастыру

- кәсіпорынның пайдалы қызметін қамтамасыз ету.

Пайда фирманың болашақ қызмет етуінің белгілі кепілдемелерін қалыптпстырады. Себебі, тек қана оның әр түрлі резервтік қорлар түрінде, тауарларды өткізуімен байланысты тәуелдіктерді шектеу мен құтылуына жол ашады. Нарықтағы жағдай үнемі өзгерісте болады: бәсекелестер жағдайы, қаржыландыру формалары мен шарттары, жалпы мемлекетте немесе саланың конъюнктурасы, әлемдік тауарлық нарықтарындағы сауда жүргізу шарттары да өзгеріп отырады. Осыдан тұрақты тәуелділік пайда болады.

Менеджменттің мақсаты тек қана нақты жағдайда емес, сонымен қатар болашақта да тәуелділіктен құтылу болып табылады. Ол, өз кезегінде, тез өзгеретін жағдайларға шұғыл икемдеу мақсатында белгілі дәрежеде еркіндік пен резервтік ақша құралдарын талап етеді.

Менеджменттің маңызды шешетін мәселесі кәсіпорынның рентабельділігін мен оның нарықтағы тұрақтылығын қамтамасыз ету және қолдағы материалдық пен адамдық ресурстары негізінде тұтынушылар сұранысымен есертесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіруді ұйымдастыру болып табылады.

Бұл орайда, менеджменттің шешетін мәселелеріне мыналар кіреді:

- жоғары білікті жұмыскерлерді таңдау мен өндірісті автоматтандыруды қамтамасыз ету;

- жоғары еңбек ақы белгілеу мен қызметкерлер үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру арқылы ынталандыру;

- кәсіпорын қарекетінің тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізу және оның барлық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;

- жаңа нарықтарды тұрақты іздеуі мен оларға енуі.

Сонымен қатар менеджмент шешетін мәселелеріне мыналар жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың басымдылығын, олардың шешілу керектігін айқындау;

- фирманың даму стратегиясына кіретін шаруашылық мәселелері мен оларды шешу жолдарын табу;

- әр түрлі уақыт мерзімдеріне белгіленген мәселелерді шешу үшін іс – шаралар жүйесін қалыптастыру;

- қажетті ресурстар мен оларды қамтамасыз ететін қайнар көздерін анықтау;

- қойылған мақсаттарды жүзеге асырылуына бақылау жасау.

Басқарудың шешетін мәселелері материалдық, қаржылық, еңбек және т.б. ресурстардың ұлғайып отыратын көлемдерін талап ететін өндіріс масштабтарының өсуі барысында күрделенеді.

Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен к/о-ның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану.

Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты менеджмент функцияларына келесілер жатады:

- өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету және жоғарғы квалификацияға ие жұмысшыларды табу;

- ең жақсы еңбек ету жағдайларын жасау жолымен және жоғарғы еңбек ақыны орнату;

- кәсіпорын жұмысының тиімді жүзеге асырылуын мерзімді түрде бақылау;

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын координациялау;

- жаңа нарықтарды әрдайым іздеу және оларға шығу жолдарын табу;

Сонымен қатар, менеджмент шешетін мәселелерге келесілер жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың болымдылықтарын, олардың орындалу тәртіптерін анықтау;

- фирма дамуының стратегияларын жасау;

10. шаруашылық мәселелерді және шешу жолдарын қарастыру және т.б.

Дебиеттер: 1, 3, 5, 9,10, 16

Тақырып . Менеджмент эволюциясы

1. Басқарушылық ойдың эволюциясы

2. Менеджменттің қазіргі концепциялары