Стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау басқарушылармен қабылданған ұйым мақсатына жетуге арналған спецификалық стратегияларды жасауға апаратын шешімдер мен іс-қимылдардың жиынтығы болып табылады, яғни кәсіпорынның нәтижелілігін ұзақ мерзімді қызмет ету мен жаңа мүмкіндіктерін білу мақсаты болады. Осылайша ең алдымен қоршаған ортамен байланысты барынша берік иелену керек. Және оларды келістіру керек.

Бақыланбайтын күштер мен критикалық тенденциялар қоршаған орта жағынан алдын алуы және оның кәсіпорынға әсер ету мүмкіндігі шектеулі болу керек. өзінің негізгі сипаттарын мақсаты бойынша, идеяны тасушы, проблема, горизонт, интенсивтілігі, қамтылатын облысы және принциптері бойынша ие болады.

 

Ағымдық жоспарлау

Оперативті жоспарлау сондай-ақ өзінің ерекше белгілеріне ие, жоспарлау идеияларын ұстаушыларымен, міндеттерімен, интенсивтілігімен, ауқымымен, жоспарлау үшін негізбен байланысқан. Тактикалық жоспарлауда қаржыландыру, персоналдар, нәтижелер қамтылады. Оперативтік жоспарлауда ең алдымен кәсіпорынның бөлек функцияналдық аймақтарында қамтылады: өткізуді жоспарлау, өнідіріс (мысалы, өндіріс шығынының масштабтарын), дайындаушылар (мысалы, сатып алу бағасын), кәсіпорын персоналын (мысалы, жұмыс уақытын, еңбекақыны және жолақыны), қаржыны (мысалы, капиталға, қаржыға және қаржыландыруға қажеттілік) жоспарлау.

Жоспарлау шеңберінде кәсіпорындарға көптеген проблемаларды шешуге тура келеді. Оның себептері болып келесілер табылады: қалыпты жағдайдың ерекшеліктері, соңғы жағдайлардың ерекшеліктері, альтернативті генерациялау мәселелері, жоспарлау құралын қолдану мәселелері, жоспарлау бойынша көптеген бөлімдердің құрылымы мен шешім қабылдаумен байланысты мәселелер, жоспар үшін жауапкершілік, жоспарды бақылау.

 

Дебиеттер: 2, 3, 6, 13, 17, 18

Тақырып. Менеджменттегі мотивация

1. Мотивация мәні

2.Мотивацияның мазмұндылық теориясы.

3. Мотивацияның процессуалдық теориясы.

 

Мотивация мәні

Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі-өзінің қарамағындағы адам ресурстарын тиімді пайдалану. «Біздің ең зор байлығымыз-адамдар» деген сөз тегін айтылмаған.

Басшы ойлаған мақсатына тиімді жету үшін, ол жұмысты дұрыс ұйлестіріп адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы мотивацияның негізгі принциптерін қолданады.

Мотивацияны басқару міндеттеріне жататыны-амалдар мен құралдар жиынтығы. Басқарушы мұны негіздеген мақсаттқа жету үшін ішкі қозғаушы күштерді (мотивтерді) пайдаланады.

Әр адамның мінез-құлық ерекшеліктерінің өзіндік себептері бар. Біреулер жұмысқа жанын салып кіріседі, ал екінші біреулер қасақана бас тартады. Мұндайда мінез – құлықтағы мұндай өзгешеліктердің себеп-салдарын іздестіруі қажет.

Біреудің тапсырмасымен адамдардың қандай жағдайда жұмыс істеп жатқандығын басшы әр қашанда біліп отыруы тиіс. Кезінде адамдарды үркітіп-қорқытып құл ретінде жұмсаған болса, келе-келе оларға бас бостандығы берілген, ерікті түрде бағынатын, жұмысты өз қалауынша істейтін жұмысшылар қатарына қосылды. Адамдар не ғұрлым ерікті болған сайын, оларды басқару күрделене түсті.

Бұл бағыттағы алғашқы жүйелі зерттеулер АҚШ-та Э.Мэйо және оның қызметкерлері «Вестерн Электрик» компаниясындағы Хоторне заводында жүргізген болатын. Бұл зерттеулер көп жылдар бойы жүргізілді. Мұнда сыртқы жағдайлар, климат, жұмыс бөлмесі мен машиналардың жарықтануы, сырлануы,жұмыс орнын ұйымдастыруы, өндіріс процестерінің ара шамасын реттеу,т.б. жайттар зерттеледі.

Нәтижесінде: адамдар өзін құрметтеуді ұнатады.

Алайда, Хоторндегі эксперименттер мотивация моделін бере алмайды, мұнда еңбеке қозғау салатын, жұмысты ілгері бастыруға ықпал ететін себептер толық ашылмады.

«Менеджмент негіздері» кітабінің авторлары (Мескон М.Х. , Альберт М.,Хедоури Ф.) мотивацияның мазмұндық және іс жүргізу теорияларын ажыратады.

Мотивацияның мазмұндық теориясы,адамдарды көздеген мақсатқа орай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды теңдестіруге негізделген. Бұл теорияның өкілдері А.Маслоу, Д.Маккеланд, Ф.Герберг және т.б. жатады.

Мотивацияның іс жүргізу теориясыкейінірек п.б. Ол негізінен алғанда, бірінші кезекте адамдардың түсінігі мен танымын ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтығына негізделген. Мотивацияның бұл категориясына Портер Лоулердің үміттену теориясы (теория ожидания) , әділдік теориясы және мотивация моделі жатады.