Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

Студенттің білім, іскерлік, дағдысы келесі жүйе бойынша бағаланады:

% Әріппен бағалау Ұпай Дәстүрлі
95-100 А Өте жақсы
90-94 А- 3,67
85-89 В+ 3,33 Жақсы
80-84 В
75-79 В- 2,67
70-74 С+ 2,33 Қанағаттанарлық
65-69 С
60-64 С- 1,67
55-59 D+ 1,33
50-54 D-
0-49 F Қанағаттанарлықсыз

Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде студенттердің оқу жетістіктері 100 ұпайлық шкала бойынша әр орындалған тапсырма үшін (ағымдық сабақтарда жауап беру, үй жұмысын, студенттің өздік жұмысын (әрі қарай - СӨЖ) тапсыру, аралық бақылау) бағаланады және үлгерімнің ағымдық бақылауының соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың ортақ арифметикалық сомасының есебімен жүргізіледі.

Дәл осы әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін де қолданылады (қараңыз: ҚР БҒМ 2008 жылдың 18 наурызындағы №125 бұйрығымен (ҚР БҒМ 2010 жылдың 13 сәуіріндегі № 168 бұйрығы және ҚР БҒМ 2010 жылдың 1 қарашасындағы № 506 бұйрығы бойынша өзгерістерімен) бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің Типтік ережелерінің» 7 тармағымен.
Семестр бойы студенттің жұмысын бағалау кезінде келесілер есепке алынады:

- Практикалық сабақтарға белсенді және тиімді қатысу:

- Негізгі және қосымша әдебиеттерді оқып білу:

- СӨЖ-ді орындау:

- Барлық тапсырмалардың уақытылы тапсырылуы

Академиялық мінез-құлық саясаты және этика.

Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін құрметтеңіз. Қарсы пікіріңізді сыпайы түрде білдіріңіз. Плагиат және жұмыстың басқа да, адалсыз формаларына жол берілмейді. СӨЖ, аралық бақылау және қортынды емтихан тапсыру кезінде айтып кеңес беруге, көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тиым салынады.

Көмек: Өзіндік жұмыстарды (СӨЖ) орындау бойынша кеңес алу, оларды тапсыру және қорғау үшін, сонымен қатар өткен материал бойынша қосымша ақпарат алу үшін және оқылған курс бойынша басқа да сұрақтармен оқытушыға оның офис-сағаттары кезеңінде хабарласуға болады.

Оқытушының талаптары:

- Сабаққа кешікпей уақытында келу.

- Егер студент белгілі бір себептермен сабақтан босатылса (мекемеден арнаулы қағазы болса ғана), кейін ұпайларды толығымен орындамаған тапсырмаларды істеу арқылы алады

- Егер студент себепсіз сабақты босатса – ұпайлардың бір бөлігін ғана, кейінгі сабақтарда орындалған тапсырмалар үшін алады.

Студент міндетті:

- дәрістік сабақтардың барлық түріне (дәрістер, практикалық сабақ, семинарлық сабақ, зертханалық жұмыс) және оқытушының жетекшілігімен өтетін студенттік өзіндік жұмыс сабағына үнемі қатысуға,.

- ұсынылған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, басқа да әдебиеттерді кітапхананың оқу және интернет залдарында қолдана отырып, студенттік өзіндік жұмысты (СӨЖ) берілген көлемде және белгіленген мерзімде орындауға;

- берілген көлемде жазба жұмыстарын ( СӨЖ) тапсырудың графигін қатал сақтауға;

- рейтингтік және қорытынды бақылауда өзі қатысуға;

Аяқталмаған жазба жұмыстары есептелмейді.

Жазба жұмыстарын (СӨЖ) уақытылы, толық, сапалы және таза орындағанына, шығармашылық жағынан, оқу процесінде белсенді қатысқанына, студенттік конференцияға қатысуына, түрлі әдебиет және электронды ақпарат көздерін қолданғаны үшін студентке сыйлық баллдары беріледі.

Жазба жұмыстарын (СӨЖ) уақытынан кеш, толық емес, сапасыз және кір орындағанына, дәрістік сабақтарға (дәріс, практикалық сабақ, семинарлық сабақ, зертханалық сабақ) және оқытушының жетекшілігімен өткізілетін студенттік өзіндік жұмыс сабақтарына қатыспағанына (кешіккеніне), сондай-ақ оқу корпусы мен сабақта өзін ұстау этикасын бұзғандығы үшін студент штраф баллдарын алады.

Консультация жеке бекітілген графикке сәйкес өткізіледі.

 

Дебиеттер тізімі

9.1. Негізгі әдебиет:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.Педагогика.-Алматы,2002-384б.

2. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы:Дарын,2004-152б.

3. Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика- Алматы:Дарын,2004-448б.

4. Педагогика. Оқулық/ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы-Алматы:Print-S 2005-429б..

5. Сабыров Т.С.Оқыту теориясы.-Алматы, 2000

6. Коджаспирова Г.М.Педагогика.-М.:Гардарики, 2007-528б.

7. Пидкасистый П.И.Педагогика.М.: Высшее образование, 2007

8. Ситаров В.А. Дидактика. М.:2002

9. Харламов И.Ф. Педагогика. –М.: Гардарики, 2007

9.2. Қосымша әдебиет:

1. Ж.Әбиев. Педагогика тарихы.-Алматы,2006

2. В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев Педагогика.Уч.пособие.-М.,2002

3. Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы.-Алматы:Рауан,1995

4. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы.-Алматы,1984

5. Сейталиев Қ.Педагогика тарихы.-Алматы,2008

Пәннің жетекші оқытушысы:

Аға оқытушы Таджибаева Жібек Алдабергеновна, кабинет 219___

(лауазымы, толық аты, әкесінің аты, тегі, кабинет нөмірі, ішкі электрондық поштасының мекен-жайы және қолтаңбас