Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы

Әл-ауқат жаңа классикалық экономикасының негізгі теоремасы бойынша, бәсекелестің барлық шарттарын сақтай отыра, экономика Парето – нәтижелі жағдайға ұмтылады. Басқаша айтқанда, нағыз бәсекелестің бары нәтижелі өндіріс пен үлестіруді ұйғарады. Игіліктердің үлестіруі пайдалылық шегіне сәйкес деңгейде қамтамасыз етіледі. Әл-ауқат экономикасының теоремасына сәйкес қоғамдық әл-ауқат функцияларына анықтама беруге болады. Әр жеке адамның әл-ауқаты сияқты, қоғамдық әл-ауқат қоғам түтынған игіліктер сонымен анықталып, қоғамның әр мүшесі пайдалылығының жиынтық функциясы болып табылады, яғни қоғамдық әл-ауқат тең

f(UA, UB, …., Un), мұнда UA, UB, …., Un – қоғамның әр мүшесінің пайдалылығы. Егер «қоғам» 2 адамнан тұрса, қоғамның әл-ауқат функциясының графикалық түрі осындай болады:

UA

 

UB

98 сурет. Қоғамдықәл-ауқаттың өсуі

 

98 суретте қоғам мүшелерінің пайдалылығы үшін салынған парықсыздық қисық сызықтары көрсетілген. Қоғамдық әл-ауқат қоғам мүшелерінің пайдалылықтары жоғарылаған сайын өседі. Парықсыздық қисық сызықтарының жағымсыз еңкіштігі мынаны көрсетеді: егер бір субъектінің пайдалылығы азайса, қоғамдық әл-ауқатты өсірудің жалғыз тәсілі – екінші субъектінің пайдалылығын көбейту. Әл-ауқат экономикасының теоремасы күрделі математикалық есептердің көмегімен дәлелденеді. Бірақ, тіпті бәсекелес ортада да Парето – нәтижелілік тәжірибеде емес, көбінесе теорияда өмір сүреді. Оның объективтік себептері бар. Олар 4: нарық билігі, қоғамдық игіліктер, сыртқы әсерлер мен ақпараттың бір-біріне сай болмауы. Біріншісін біз қарадық, қалғандарына келесі тақырыптар арналған. Әл-ауқат экономикасының талдауына көшер алдында Парето – нәтижелілік қоғамдық әл-ауқаты мен әлеуметтік әділдікпен қалай өзара қатынаста болғандығын көрейік.

1. Әр жеке адам тілейтін үлестіруді Парето – нәтижелілік қамтамасыз ете ме? Қоғамдық әл-ауқаттың өлшеміне сай ма? Ол үшін 97 суретке назар аударайық. Графиктегі Н нүктесі Парето – нәтижелі емес: оған сәйкес үлестіру бойынша мәмілеге қатысушы жағдайының жақсаруы екіншісінің жағдайы төмендегенін ұйғарады. Сонымен бірге, Н нүктесіндегі үлестіру В тұтынушыға көбірек пайдалылық әкеледі (А тұтынушымен салыстырғанда). Сондықтан В тұтынушы осындай үлестіруді Е нүктесіндегі үлестіруден әділдеу деп санайды. Нәтижелі үлестіру әділ үлестіру деген емес. Экономикалық нәтижелілік пен әлеуметтік әділдік қазіргі замаңғы экономикасының ең өткір мәселесінің бірі. Экономикалық теорияда әділдікке деген 4 негізгі көзқарас қалыптасты:

1. Үлестірудің эгалитарлық үлгісіне сәйкес (фр. egalite – теңдік) өркениет теңдікке ұмтылу керек, яғни игіліктердің тең үлестіруіне. Бұл көзқарасты марксистер алып, оның нәтижелеріне өзіміз куә болдық. Оның жақсы жақтары да, кем жақтары да болады.

2. Унитарлық көзқарас –ол қоғамның барлық мүшелерінің жалпы пайдалылығын өсіретін үлестіруді насихаттайды.

3. Нарықтық көзқарас –нарықтық үлестіруді жақтайды тең болмаса да, экономикалық нәтижелі. Нарықтық үлестірудің нәтижелері әділ, кім қабілетті және еңбексүйгіш, сол көпке ие болады.

4. Ролсуандық көзқарас –қоғамның ең аз қамтамасыз етілген мүшелерінің пайдалылығы өсіріледі. Бұл көзқарас теңсіздікті туғызады (ең жоғары қамтамасыз етілген азаматтар жоғары салық төлейді). Бәрі де бай бола алмайды, бірақ ешкім де кедей болмау керек. Біз әл-ауқат экономика теориясын жіктей аламыз. Ол әділдік түсінігіне деген утилитарлық және нарықтық амалдардың қосындысының мысалы болып табылады. Осыдан оның барлық кемшіліктері туындайды. Қазіргі заманда көптеген нарықтар – олигополиялық және монополистік бәсекелес нарықтар. Олар нағыз бәсекелес нарықтардан ерекшеленеді. Әл-ауқат экономика теориясының артықшылығы: ол ресурстарды (қорларды) үлестіру мәселесіне анық және айқын амал ұсынады.