Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері

Монополияның қоғамдық шығындары – қоғамның пікірі бойынша монополияның өмір сүруінің (болуының) жағымсыз салдары немесе нарықтың монополиялық құрылымы нәтижесіндегі қоғамдық әл-ауқаттың төмендеуі. Оларға жатады: «өлі салмақ» шығындары, Харбергер үшбұрыштары мен х – нәтижесіздігі. Монополия жағдайында нағыз бәсекелестікпен салыстырғанда, тұтынушылар жоғарылау баға бойынша өнімнің аз көлемін алады. Өндірістің аз көлемі дегеніміз оған қатысатын өндіріс факторларының аз саны. Ресурстарды жартылай пайдалану салдарынан қоғам көтерген шығындар «өлі салмақ» шығындары деп аталады. Олар ММ1 Е көлеміне сәйкес (72 сурет). Жоғарылау бағаның екінші салдары – тұтынушы артығының қысқаруы (азаюы), ол РмАМ1 үшбұрышпен көрсетілген. Алайда, өндіруші артығы, керісінше, өседі – ол РмМ1, ММ1, МС қисық сызығы мен координат өсі араларындағы фигураға сәйкес. Бұл көлемдер Харбергер үшбұрыштары деп аталады. Американдық экономист А. Харбергер олардың көмегімен монополияның қоғамдық шығындарын бағалауға тырысты. Тұтастай алғанда, Харбергер үшбұрыштардың өмір сүру (бар болу) идеясынан, «өлі салмақ» шығындарынан сияқты келесі түйін шығаруға болады: бағаның монополиялық белгілеу механизмі, Парето бойынша, тепе-теңдікті бұзып, қоғамдық әл-ауқатты төмендетеді. Монополия жағдайларында нәтижеліліктің төмендеуі мына себептерден болады: бәсекелес күштердің қысымы (әсері) жоқтығынан монополистің технологияны жетілдіруге, өнімнің сапасын көтеруге ынтасы төмендейді. Х. Лейбенстайн жасаған бұл болжау Х – нәтижесіздік деп аталады. Оны Й. Шумпетер жартылай жақтады. Шумпетердің дәлелі бойынша, монополия жағдайларында өндірісті жетілдіру және өнімді жақсарту үдерістері жалғаса береді, егер бәсекелес заңы әрекетте болса, монополистің жоғары пайдасы көптеген қаражатты дамуға жіберуіне мүмкіндік береді, бірақ Х – нәтижесіздік монополияның көптеген жағдайларында өзін көрсетеді. Барлық жоғарыда айтылғандар нарықтық (монополиялық) биліктің салдары болып табылатыны мәлім, яғни сатушының (немесе сатып алушының, егер монопсония жөнінде айтылса) нарық бағасына ықпал жасау, әсер ету қабілеттілігі. Оны өлшеу үшін келесі көрсеткіштер қолданады:

1. Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,

мұнда IL – Лернер индексі

РМ – монополиялық баға

МС – шекті шығындар

ED – сұраныстың бағалық икемділігі

Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:

IL = (PM – АC)/PM

Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.

2. Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:

IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 , мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған.

3. Джини коэффициенті – фирмалардың пайыздық санына келетін нарықтың пайыздық үлесін көрсетеді де мына формула бойынша анықталады:

G = D/N, мұнда D – нарық көлемінің кумулятивті пайызы

N – нарықтағы фирмалар санының кумулятивті пайызы.

Егер Джини коэффициенті 0 тең болса, нарықтағы барлық фирмалардың үлестері бірдей, Джини коэффициенті 1 тең болса, нарықта 1 фирма ғана бар. Коэффициент 1-ге неғұрлым жақын, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары.