Талқылауға арналған сұрақтар

1. Жеке пайдалар (шығындар) және сыртқы пайдалар (шығындар) деген не? Қоғамдық пайдалар (шығындар) қалай анықталады?

2. Жағымсыз сыртқы әсер деген не? Жағымды сыртқы әсер деген не? Олардың салдары қандай болады?

3. Коуз теоремасын ашыңыз (түсіндіріңіз).

4. Меншік құқық нарығының құру механизмін және салдарын ашып көрсетіңіз.

 

Есептер, жаттығулар, тестілер

Сыртқы әсерлер пайда болады...

а) нарық тепе-теңдік салдарынан

б) өндірістің қоршаған ортаға келтіретін зиянның салдарынан

в) нарық бағаларына қосымша пайдалар мен шығындардың кірмейтіндігінен

г) фирмалардың нарық билігінен

2. Төменде келтірілген сыртқы әсерлерден жағымдылары:

а) мұнай саңылауында бұрғылау технологиясын бұзу нәтижесіндегі Каспий теңізінде мұнайдың кемуі

б) химия комбинатымен қоршаған ортаны ластау

в) қораларын тазартқаннан кейін науарларды өзенге тастауы

г) тұрғындарды егу

д) экономиканың милитаризациясына мемлекет шығындарын көбейту

Сыртқы әсерлер әкеледі...

а) ресурстарды нәтижесіз үлестіруіне

б) бәсекелестің шарттарын бұзуына

в) тұтынушы артығын өндіруші алып қоюына

г) нарық билігінің пайда болуына

Тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР

Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы

Игіліктердің қосылатын/қосылмайтын, бәсекелес/бәсеке­лес­­сіздерге жіктеуі барлық игіліктерді жеке және қоғамдық түрлерге бөлу мүмкіндігін береді. Игіліктерді қосылатын/қосылмайтындарға жіктеу негізінде олардың тұтыну оңайлығы дәрежесі сияқты өлшем жатыр. Игіліктің қосылмайтындығы бір субъекті тұтынатын игілікті екіншісінің тұтынуын болдырмайтындығын ұйғарады. Осы себептен, қосылмайтын игіліктерді тек қана нарықтық айырбастау арқылы тұтынуға болады. Игіліктің қосылатындығы оның барлығымен немесе көп субъектілермен тұтынуын білдіреді. Сондықтан қосылатын игіліктер ақысыз тұтынылады.

Игіліктердің бәсекелес және бәсекелессізге бөлу өлшемі ретінде тұтынушылар арасында игіліктерді үлестіру сипаты болып табылады. Бәсекелес игіліктердің сипаты: олардың өндіру шекті шығындары жағымды (оңды). Бәсекелессіз игіліктер – өндірісінің шекті шығындары «0» тең игіліктер. Бәсекелес игіліктің қосымша бірлігін өндіру үшін шығындарды көбейту қажет, ал бәсекелессіз игіліктің қосымша бірлігін өндіруі ешқандай шығындармен байланысты емес. Осындай игіліктің мысалы – маяк (белгі беретін шам), осы шамды пайдаланатын қосымша кеме пайдалану шығындарға ештеңе де қоспайды.

Таза жеке игіліктер – тұтынуға қол жететін және тек өз иесіне ғана пайдалылық әкелетін игіліктер. Олар қосылмаушылық пен бәсекелестік сипаттарға ие. Таза қоғамдық игіліктер – олардың тұтынуын нарық механизмі арқылы болдырмайтын сипаттары бар. Олар: қосылмаушылық пен бәсекелессіздік. Қоғамдық игіліктің классикалық мысалы – маяк (белгі беретін шам). Басқа мысалдар – ұлттық қорғаныс, телевизиялық сигнал (белгі). Бірақ көптеген қоғамдық игіліктер таза болып келмейді: олар не бәсекелес, не қосылмайтын. Бәсекелессіздік пен қосылмаушылық қасиеттерінің ара қатынастығына байланысты айырады:

1) Жалпы (коммуналдық) игіліктер немесе бірге тұтынатын игіліктер – қосылатын, сонымен бірге бәсекелес қоғамдық игіліктер. Мысалы, қоғамдық тұрақтағы автомобильдерді қоятын орындар бәріне де беріледі, бірақ автомобиль қоятын орынды біреу алған соң, ол орынды басқалар алалмайды. Тағы бір мысал: орта мектепте оқу.

2) Қосылмайтын қоғамдық немесе ұжымдық пайдалар– бәсекелессіз, бірақ қосылмайтын игіліктер. Кабель теледидарға қосылу үшін төлем оны қосылмайтын қоғамдық игілікке айналдырады.

3) Шамадан артылатын қоғамдық игіліктер– тұтынушылардың тек белгіленген ғана санына бәсекелессіз болатын қоғамдық игіліктері, сонан соң олар бәсекелеске айналып, олардың басқалар үшін пайдалылығы азаяды. Мысалы, бұған көлік инфрақұрылым объектілері – жолдар, көпірлер және т.б. жатады. Иеленушілер саны көбейген сайын, жолды пайдалану шамадан артылып, оның пайдалылығы төмендейді (қозғалыс жылдамдығы азайып, автомобильдер көбейген сайын көп қиындықтар туады).

4) Клуб игіліктері– ол игіліктерді пайдалану бір ұйымдардағы мүшелікпен шектелген.