КӘСІПКЕРЛЕР БӘСЕКЕЛЕСТІГІ

1. Бәсекелестің функциясы және мазмұны

2. Бәсекелестің түрлері

3. Бәсекелестікті жүргізу тәсілі және бәсекелестік сараптама

4. Мемлекеттік антимонопольдык реттеу жүйесі

1.Бәсекелестік – бұл өндірушілер мен жеткізушілердің, кәсіпорындар мен фирмалар арасындағы қолайлы өндіріс шарты және өзінің кәсіпкерлік іскерлігінің таңдаулы нәтижесін өткізу мақсатындағы күресу.

Бәсекелестік жинақталған түрде төмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Реттеуші. Бәсекелестік тауарлар ұсынылымына, олардың тұтынушылар сұранымына сай бола алатындығына ықпал етеді.

2. Аллокациялық. Бұл функция – қорлар және өндірілген тауарлардың соңғы есепте саналған және олардың толық түрде кері қайтаруды қамтамасыз ете алатын шоғырланған жерінде байқалады.

3. Инновациялық және адаптациялық қызметі – бизнесмендерді тиімді түрде пайда түсіруге негіздеп, олардың қаражаттарын инновацияға яғни, технология машина түрін жаңартуға, тұтынушы сұранымының өзгеруіне икемделуге байланысты жұмсалуына ықпал етеді.

4. Бөлуші. Бәсекелестік кадрларды және тауарларды зерулік дәрежесіне байланысты бөлу.

5. Қадағалаушы. Бәсекелестік кезінде бірді-бір сатушы/тұтынушы нарықта өктемдік жағдайға ие бола алмайды және өзінің шартын жүргізе алмайды.

 

2.Бәсекелестіктің түрін топтастыру сан жағынан және нарықтағы өндірушілердің салмақ үлесінен қатысты болады.

Жетілген және жетілмеген бәсекелестіктің түрлерінің сәйкестігін ажыратамыз. Жетілген бәсекелестіктің негізгі түрлері:

Бәсекелестікке қатысушылардың санының есепсіздігі, нарыққа еркін түрде ену, араласу және одан шығу құқығы бар.

Абсолютті мобильюі материалдық, еңбектік, қаржылық және басқа да ресурстар бойынша – бәсекелестікке қатысушы өзінің ақшасын текке салмайды, кірістің ұлғаюы үшін салады.

Толық түрде мағлұмат алуы.

Абсолютті бір текті, бір атты өнімдер жекелей айтқанда сауда белгісінің немесе басқа жеке тауар сапасының мінездемесінің болмауы сатушыны.

Еркін бәсекелестікке қатысушылардың бірде-бір басқа қатысушылар арқылы бекітілген шешімге қарсылық көрсетіге ырқы жоқ.

Нарықтағы жетілмеген бәсекелестік нақтымонополияны, монополистік бәсекелестікті, олигополияны тудырады.

 

3.Бәсекелестік стратегия – бұл іскер стратегияның синонимі немесе кез келген шаруашылықтағы бөлім қолданылып, соның ішінде белгілі бір мақсат пен жетістіктерге жету үшін және өзінің саласындағы жағдайда бәсекелестікке бейімділігін ыңғайлау үшін қолданатын ережелердің жиынтығы.

Л.Г. Роменскийдің еңбегінде бұл стратегияның мынадай төрт түрі көрсетілген:

1. Виоленттік стратегия – ірі стандартты тауардармен қызметтер өндірісінде жұмыс істейтін фирмаларға тән.

2. Коммутанттық стратегия – ірі қарапайым бизнесте ұсақ масштабтағы қолданылатын түрі.

3. Патенттік – жеке дара жолға түскен, тек бір сала бойынша ғана жұмыс істейтін фирмаларда қолданылады.

Сараптаманың мақсаты – бәсекелестіктердің стратегияда қандай өзгерістер қолданатындығын бағалау. Сараптама төрт түрлі диагностикалық компонентті ұсынады:

1. Алдағы мақсаттар – мұндай мақсатты білу бәсекеге түсінушіні өзінің қазіргі жағдайымен және қаражатының шешімдерімен толық танысып, қанағаттануына мүмкіндік береді.

2. Болжам – екі категорияға бөлінеді. Бұл баға бәсекелестің жеке өзіне және бәсекелестің ұсынысына, салыстырмалы салаға және басқа оған жұмыс істейтін компанияға беріледі.

3. Ағымдағы стратегия – бәсекелестіктің стратегиясын жеделдетілген бағдарлама ретінде анықтауға болдаы.

4. Мүмкіндіктер. Бәсекелестер мүмкіндігінің сараптамасы диагностиканың процесінде аяқталады.

 

4.Мемлекеттік антимонопольдік реттеу жүйесі нарықтық экономикалық қағидаларды қолданатын барлық елдерінде құрылады.

Антимонопольдік реттеу – шоғырлау деңгейін реттуге және өндірісті монополиялауға, стратегияны және кәсіпорын тактикасына В.Э.Д, бағалы және салықтық реттеуге тікелей қатысы бар. Антимонопольдік заңдылық ҚР Конститутциясына негізделіп, ҚР Азаматтық кодексінің нормаларынан тұрады және Қазақстан Республикасының «монополиялық іскерліктегі шектеулері мен бәсекелестіктері туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. Бұл заңдылықтардың барлығы – ескерту жағдайларынан, шектеу және монополиялық іскерліктің қиылысуын, теріс пиғылды бәсекелестікті ескеруден және табиғи монополия субъектілерінің іскерлігін реттеуге қатысты. Монополиялық шектеуді – антимонопольды орган Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеуі бойынша Агенттілік департамент, бәсекелестілікті қорғау және шағын бизнесті қолдауды жүргізеді. Негізгі қызмет міндеттері, өкілеттігі, жауапкершілігі Қазақстан Республикасының «Монополиялық іскерлікттегі шектеулері мен бәсекелестіктері туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының басқа да заңдылық актілерімен анықталады.