КӘСІПКЕРЛІК ІСКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

 

1. Кәсіпкерлік фирмалардың қаражаттық ресурстары және оның қайнар көздері, әрі олардың құрылу жолдары

2. Кәсіпкерлік іскерлікті қаражаттандыру түрлері

3. Кәсіпкерлік іскерліктің қаржыландырудың бір түрі – факторинг

4. Кәсіпкерлік фирманың инвестициялық іскерлігі

1. Қаражат – бұл кәсіпкерлік жүйесінің ең маңызды орын алатын мәселелерінің бірі. Бұл тауар шығарушылар мен тұтынушылар арасындағы ақша көмегі арқылы пайда болатын қатынастың түрі. Қаражат жүйесі өзіне бағынышта тағы да 2 жүйеден тұрады:

Негізгі (мемлекет, кәсіпорын қаражаттары) көпшіліктің қаражаты;

Қамтамасыз ететін (банкілер, биржалар, биржаның сыртындағы нарықтар).

Ақша қаражатының қозғалысы екі түрлі жағдайда болуы мүмкін:

кәсіпорынның құрылу кезінде қызметке кірісу кезінде;

шаруашылықтың ұйымдасқан құқықтық түріне қатысты.

Егер кәсіпорында жеке қаржы қаражаты жетпесе, онда ол мемлекеттен несие немесе бюджеттік супсидтік жәрдем ақша алуға тырысады.

Кәсіпкермен іс жүзінде өндірістік, инвестициялық, қаражаттық іскерлікте қаржылық ресурстар пайдаланылады. Олар тұрақты қозғалыста болады және банкілердің, фирма кассаларының есеп шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдықтары түріндегі ақшалы формада кездеседі.

2. Сырттай қаражаттандыру түрі, кәсіпкер фирмасына капиталдың сыртқы көздерден әкелінуі ретінде саналады. Негізгі түрлері – бұл құнды қағаздар эмиссиясы, банктегі несиелерге назар аударту, коммерциялық несиелерді пайдалану, қолдану, банкілерге үлестерді сату және басқа кәсіпкерлік құрылыстарға сату, қаражат көмегін өтеусіз түрде алу және т.б. болып табылады.

Қаржылық қаражат іскерлігі, оның ішінде ағымдағы түрі өзінің жүру барысында қоймалардағы қорлардың толығуына және тосын шығындардың төлеміне өз пайдасын тигізеді.

Мұндай сұранымдар қысқа мерзімді жағдайда болады және қысқа мерзімді қаражаттандыру түріне тікелей байланыста болады:

1. коммециялық несие;

2. банкілік акцепт;

3. факторинг;

4. коммерциялық құнды қағаздар;

5. ішкі бастаулар; дебиторлық қарызгерліктің кепілі бойынша несие беру және тауар-материалдық қорлар.

3. Факторинг банкінің немесе мамандандырылған компанияны, төленбеген қарызды талап ететін түрінің орнын басатын және соның ішінде контрагенттердің арасындағы тауарды өткізу процесінде және коммерциялық кредит шартындағы қызметтердегі жеткізушінің бухгалтерлік, ақпараттық, өткізушілік, сақтандырушылық, заңдылық т.б. фирмаға қызмет етуінің орнын басады.

Факторингтік операцияға 3 жақ қатысады:

1. факторингтік компания немесе банкінің факторингтік бөлімі, арнайы мамандандырылған мекеме.

2. фирма-клиент-фирма;

3. фирма-қарызгер-тауар сатып алушы.

Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатады, соның ішінде фирманың экономикасындағы, айналымдағы қаражатын.

Факторингтік операциялар ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық түрдегі факторинг – егер қарыз төлеуші факторинг компаниясын сату жөніндегі талабымен таныс болса, жабық факторингте клиент факторинг компаниясымен келісімге отырады, бірақ бұл туралы өзінің сатып алушыларына айтпайды.

4. Инвестиция – ақшалай қаражат, фирманың қозғалысының дамуын қамтамасыз ететін және төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі:

қаржылық және материалдық ресурстардың жиналу есебінен жеке меншік кәсіпкерлікті ұлғайтуға;

жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

кәсіпкерліктің жаңа аймағындағы жаңару ізділігін, қызметін әртараптандыру.

Капитал салу объектісіне байланысты:

1. нақтылық инвестициялар кез келген ақша қаражатын салудың нақты белсенді түрі;

2. қаржылық инвестициялар – бұл пайда түсіру үшін активтерді бағалы қағаз түрінде сатып алу.

Қысқа мерзімді инвестийиялар бұл бір жылға дейінгі кезеңге ақша қаражатын салу.

Ұзақ мерзімді инвестициялар бұл жобаларды жүргізуге салынған ақшалай қаражат.

Инвестициялық қызметтің бастау көзінің жүргізуші болып мыналар табылады:

1. инвестордың ішкі шаруашылық және қаржылық ресурстары;

2. инвестордың заемдық, қаржылық қаражаты, банкілік несие есебінде, бюджеттік несие есебінде және басқа қаражаттар есебіне саналады;

3. инвестордың жұмылдыру қаржылық қаражаты;

4. ақшалай қаражат.