КОММЕРЦИЯЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР

 

1. Коммерциялық мәмілелердің түрі және ұғымы

2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру әдістері

3. Коммерциялық мәмілелердің технологиялық жүзеге асыру

4. Сату, сатып алу келісім шарттың негізгі бөлімдері және олардың мазмұны

1.Кәсіпкерлердің қимылының сызбасын құрайтын негіз - экономика- кәсіпкерлік мақсаттың алға жылжуының құқықтық түрі. Мұндай түр арқылы мәміленің нақты түрі айқындалады, соның ішінде әріптестің қолданған ісіне және кәсіпкерліктің мақсатына жауап беруі кіреді.

Мәміле – бұл бағалы заттар мен коммерциялық айырбас.Мәмілелер пайдалы немесе пайдасыз және қажеттілігі көп, әрі қажеттілігі аз болуы мүмкін. Мәміленң коммерциялық шешімі, нәтижесі оны тағайындаудан, іске асыру процесінен қалыптасады.

Барлық коммерциялық мәмілелер екі түрге бөлінеді: негізгі және көмекші.

Көмекші түрлерге мыналар жатады:

* тауарларды сату- сатып алу (өнімдерді);

* сатып алу – сату, ғылыми техникалық білім алмастыру (патенттер, лицензиялар, «ноу-хау»);

* техникалық қызметті сатып алу және сату (техниканың жаңарту түрі, уникальды нысандардың құрылысы кезіндегі бірлескен қимылдар және т.б.);

* өндіріс факторларының жалға берілуі;

* тауарларды, жұмыс және қызметтерді жалдау;

* халықаралық туризм ұйымы.

Қарама-қарсы сауда – бұл мәмілелердің жеке түрінің жиынтығы, сонымен бірге өзара тауар жеткізу балансының жетістігіне негізделген (тауар сатудағы жауапты тауарларды жеткізуді пайдалану(.

Қарама- қарсы сауданың әртүрлілігі:

* баспа-бас жеткізу

* қарама-қарсы жеткізу;

* коммерциялық триангуляция.

Коммерциялық триангуляция – бұл қажетті тауарды іздеу барысын екіден жоғары жақтардың (қатысушылардың) баспа-бас операциясына қатысқан жағдайында туындайды.

2. Коммерциялық тәжірибеде мәмілелер жүзеге асыру әдісінің екі түрлі негізі жиі қолданылады:

- өндірушімен тікелей;

- делдал арқылы.

Тура сауда мәмілелері – бұл операция тауар жұмыс қызметі жөнінде тұтынушылар мен өндірушілер арасында тікелей түрде өтеді.

Кәсіпкерлік іскерлік тауар өндірісімен тікелей байланысты болғанда төмендегідей ерекшелікте болады:

дәстүрлік мінездеме;

жаңалық еңгізу мінездемесі.

Жаңалық енгізу – негізгі капиталдың жаңаруы (өндірістік қорлардың) немесе шығарылатын өнімдердің ғылыми техника-технология жетістіктеріндегі; жаңару негізіндегі шығаратын өнімдер. Бұл қоғамдық өндірісті жетілдірудің заңды, объективті процесі.

Сауда делдалдары – бұл коммерциялық фирма (жеке тұлға) сатып алу бағасының айырым есебінен пайда түсетін және таратудан немесе комиссиондық делдалдық сый ақы есебінен (сатушының немесе сатып алушының төлемі бойынша).

Тура (тікелей) байланыстар – бұл келісімдік қатынас - тауар өндіруші мен оны тікелей пайдаланушы арасындағы жағдайға байланысты болатын.

Агенттендіру. Делдалдылықта кәсіпкерлік іскерлік нақты түрде жүргізіледі.

Агент – бұл тұлға тұтынушының немесе тауар өндірушінің атынан оларға қажетті, керекті қимыл жасайтын адам.

Брокерлік. Егер агенттер принципиалдық қажеттілігі бойынша ұзақ уақыт негізінде қызмет етсе, онда агенттің бір делдалдық қызметі (сатып алушы немесе сатушы үшін) брокерлікті ораындаған болып есептелінеді. Мұның негізінде қызметі сатушылар мен сатып алушыны жүздестіру, олардың өзара келісімге отыруын жүзеге асыру. Брокер өзіне ешқандай міндеттеме алмайды және мәміле бекітуге қатыспайды, ол тек қажетті екі жақты жүздестіреді.

Комиссия. Кей кездерде агент көтермеші комиссия ретінде өз бетімен тауарларға билік жүргізеді, оларды комиссияға қабылдайды.

Комиссиондық операция – бұл делдалдық сауда операциясының әртүрлілігі, соның ішінде бір жақтан (комиссионер) екінші жақтың тапсырмасы бойынша (комитент) жеке өзінің атынан, бірақ комитенттің есебінен жүргізілуін айтамыз. Мұндай жақтардың қатынастары комиссия келісімімен реттеледі.

Комиссионер делдал – бұл жеке және заңды тұлға, анықталған сыйақы үшін пайда келтіру мақсатында мәміле жасайтын және пайданы комитент үшін келтіріп, тек оның комитенттің өзінің есебінен, бірақ өзінің атынан мәмлені жүзеге асыратын тұлға.

Комитент – бұл (қарапайым өндіруші немесе тауар иесі) басқа бір тұлғаға тапсырма беруші (комиссионерге), белгілі бір мәміле бекітуді немесе бірнеше мәміле бекітуді комиссионердің атынан жүргізетін, бірақ есебінен өзі (комитент) төлейтін тұлға.

Дистрибъютер – бұл өзінің күнделікті, тұрғылықты клиенттеріне өндірушілерден алынған тауарларды өткізуге мамандандырылған делдал.

Дилерлік – бұл делдалдық операцияның түрі. Дилер тауарларды өзінің атынан қайта сатуды жүргізеді. Дилерлік үлес, пайда алынған заттардың бағаларының айырмасының есебінен құрылады және тауарларды сатуды дилер өзі жүогізеді.

3. Коммерциялық мәмілелерді жүргізуді бірнеше сатыға бөлуге болады:

контрагентті іздеу және таңдау;

сатып алу және сату келісім шартына қол қоюға дайындалу;

сату-сатып алу келісім шартын бекіту;

сату-сатып алу келісім шарты негіздерін жүзеге асыру.

Контрагентті талдау – бұл маңызды шешім, мұның шешімімен мәміленің нәтижесі шығады.

Келісім – бұл әріптестер байланысы арқылы жүретін бекітімнің түрі. Кәсіпкерлікте міндетті түрде құрылтайшы келісімді (бұл құжат жеке және заңды тұлғалардың өз еріктермен құрылғандығын білдіретін, жаңа құқықтық ұйым құрылысты мекеменің нақты кәсіпкерлік ойды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын жазбаша құжат ), кәсіпкерлік келісім (бұл әр жақтың өз еркімен кәсіпкерлікті жүзеге асыру ниетінде, қандайда бір құқықтық ұйым құрылымын біріктіруге келіспеген келісімнің түрі ), шаруашылық келісім (бұл әр жақтың өзара бітімге келуі, міндеттеме бекітуі әрі жақтың әр қайсысы бұдан яғни мәміле негізінен өзіне тиімділік түсіреді).

4. Келісім шарт мәміленің жүзеге асу шартын айқындайды, оның жауапкершілік, орындау жақтарының тәртібін көрсетеді.

Келісім шартта міндетті түрде шарттар қойылады:

жеткізудің заты мен көлемі;

тауардың саны мен сапасын анықтау тәсілі;

жеткізудің шарты және орны;

келісім шарттың бағасы;

валюта төлемдерінің атауы және төлемнің шарттары;

тауарды қабылдау және өткізу тәртібі;

жеткізу кепілі және мадақтау немесе айыппұл санкциялары;

екі жақтың келіспеушілік кезіндегі төрешілік;

әр жақтың заңды мекендері және басқа тұрғылықты жайлары;

уәкілетті тұлғалардың қолдары.

Мұнан басқа келісім шартта кездеседі:

1. залалды қайтару тәртібі;

2. жауапкершіліктен босату қағидасы;

3. келісім шарттың бұзылғанындағы, тоқталғандағы тәртіп.