Бойынша емтихандық тесттік тапсырмалар 3 страница

Төменде келтірілген аурулардың қайсысы науқаста дамыған?

 

*Ішкі ағзалaрдан ісіктің метастазы

*+Гепато-целлюлярлы карцинома

*Гемохроматоз

*Эхинококкоз

*Гемангиома

 

#83

*!28 жастағы ер адам, балықшы, іштің ұстама тәрізді ауыру сезіміне, куніне бірнеше рет тұрақсыз нәжіске, салмағының азаюына, кушейетін әлсіздікке шағымданады. Кейде нәжісте кеспе тәрізді ак қосындылар және қан анықталады. Кей кезде тері қышуы мазалайды. Об-ті: тері және шырыштары сары реңкі боз, уртикарлы бөртпелермен қасығанның іздері, балтыр-табан буындары аймагында ісінулер анықталады. Іші жүмсак, кіндік аймағында ауыру сезімді. Қанда: эритроциттер – 2,8 млн., Нв-78 г/л, ТК-1.2

Науқаста БАРЫНША мүмкін болатын ауру:

 

*+Дифиллоботриоз

*Сальмонеллез

*Описторхоз

*Дизентерия

*Спру

 

#84

*!19 жастағы ер адам балалық шағынан бері сиыр сүтін көтере алмайды, іштің ұстама тәрізді ауыру сезімге, жағымсіз қышкыл иісті және көпіршікті көп мөлшердегі нәжіске, айқын метеоризмге шағымданады. Жағдайынын нашарлауы майлы сут өнімдерін қабылдаған соң 1,5- 2 сағаттан кейін пайда болады, сол себебтен сүтті ішпей жүреді.

Төменде көрсетілген қандай фактордың жетіспеуі БАРЫНША тән?

 

*Панкреатикалык липазаның

*Энтерокиназаның

*Трипсиннің

*Пепсиннің

*+Лактазаның

 

#85

*!17 жасар қызда балалық кезіннен іштің ұстама тәрізді ауыру сезімі, куніне 10 ретке дейін ақшыл копіршікті сылақ тәрізді жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм байқалады. Жағдайы әсіресе ұнды тағам жеген соң нашарлайды. Қараганда: арық, ауыз ұштарында жарықтар-«ауыздықтар», терісі құрғақ, тырнактары бұлынғыр, терінің ашық аймақтарының гиперпигментациясы; кіндік аймағында ауыру сезім және құрыл-шұрыл анықталады. Қанда: эритроциттер- 3,2 млн., Нв-100 г/л; ТК-0,75. Копрология : стеаторея, креаторея, нейтралды майлар, крахмал дәндері.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы осыган БАРЫНША сай?

 

*Созылмалы панкреатит

*Созылмалы гастрит

*Крон ауруы

*Дисбактериоз

*+Целиакия

 

#86

*!30 жастагы әйел арықтау үшін препаратты ұзак уақыт қабылдағаннан соң жүрек айну, тәулігіне 3 ретке дейін өткір иісті қою-қоңыр түсті көп мөлшерде сүйық нәжіс, нақты локализациясы жоқ іштегі ұстама тәрізді ауыру сезім, әлсіздік, субфебрилитет пайда болды. Жағдайы майлы және ақуызды тағам ішкен соң нашарлайды. Копрология: реакциясы сілтілі, көп мөлшерде қорытылмаған тағам қалдықтары, эмульгацияланған майлар, креаторея.

Наукаста кандай патология ДАМЫДЫ?

 

*Холецистит

*Панкреатит

*Дуоденит

*+Энтерит

*Колит

 

#87

*!35 жасар ер адамда іштегі ауыру сезімі, артралгиялар, жиі суйык нәжіс, зерттегенде увеит және стоматит аныкталды. Ішектін рентгеноконтрасты зерттеуінде тізу емес үзілген тарылу, стриктуралар, контурларынын деформациясы, козгалысының шектелуі және ащы ішектін терминальды болігінде және сокыр ішекте ішек рельфінін «тас көпір» тәрізі түйіршіктенуі.

Қай патологияға ТӘН?

 

*Созылмалы энтерит

*Уиппл ауруы

*+Крон ауруы

*Дисбактериоз

*Целиакия

 

#88

*!4 ай бұрын тамақтық токсикоинфекцияны басынан өткізген 33 жасар ер адам тәулігіне 10 рет қара түсті сұйық нәжіске, іш кебуге, сасық иісті газ шығуына, жүрек айнуға шағымданады. Жағдайының нашарлауы етті тағамдар жегеннен кейін болады. Қарап тексергенде: тері абындылары құрғақ, іші жұмсақ, кіндік маңы аймағында аздаған ауру сезім, балтыры ісінген. Нәжіс анализі: сілтілі реакция, құрамында көптеген бұлшықет талшықтары, май бар.

Төменде келтірілген жағдайларға жоғарыда келтірілген симптоматика тән?

 

*Ішек перистальтикасының жылдамдауы

*Глютен жетіспеушілігі

*Мальабсорбция синдромы

*+Шіру диспепсиясы

*Ашу диспепсиясы

 

#89

*!20 жасар қызда ашық түсті сылақ тәрізді жабысқақ нәжіс, іш кебу және керіп ауру сезім, анорексия, етеккірдің жоғалуы байқалады. Жас кезінен бастап жағдайының нашарлауы ұн тағамдар, манка және сұлы ұнтағыннан соң пайда болады. Об-ті: арықтаған, тері жамылғысы бозарған, құрғақ, ауыз бұрышында «жарықтар», койлонхиялар, дененің ашық аймағында гиперпигментация. Қанда: эрит- Hb-85г/л, жалпы белок-51г/л, калий-2,5 мэкв/л, кальций-5,0 мэкв/л, натрий-110 мэкв/л. Копрологияда: полифекалия, стеаторея. Қандай емдік емдәм БАРЫНША тиімді?

 

*Сүтті және сүт тағамдарды шектеу

*Акуыз және микороэлементтерге бай

*Өсімдік клетчаткасын шектеу

*Көмірсуларды шектеу

*+Аглютенді емдәм

 

#90

*!34 жастағы әйел іштегі толғақ тәрізді дефекациядан кейін басылатын ауру сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, метеоризм, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Қарағанда: іші кепкен, жұмсақ, кіндік аймағында және сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Нәжісінде үлкен көлемді шырыш қосындылары бар. Рентгенологиялық зерттеуде патология анықталған жоқ.

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы ішектің тітіркену синдорымын анықтауға БАРЫНША мәліметті?

 

*Іш қуысы ағзаларының УДЗ

*Компьютерлік томография

*Колоноскопия биопсиямен

*+Ректальды манометрия

*Ирригоскопия

 

#91

*!36 жастағы ер адам іштегі және аноректальды аймақтағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, тәулігіне 10 ретке дейін сұйық шырыш қосындылары мен қан аралас нәжіске, артралгия, көзінде бөгде зат тұрған сезіміне, дене температурасының қа дейін көтерілуі және әлсіздікке шағымданады. Қарау: тері жамылғысы құрғақ, бозарған, иридоциклит; іші кепкен, жұмсақ, сол жақ мықын аймағында айқын ауру сезімді, балтырларында пиодермия. Қанда: эритроциттер-3,0 млн., лейк -10,9 мың, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Ректороманоскопияда: шырышты қабаты ісінген, қызарған, дәнді, қан тамырлық сурет анықталмайды, жаралар, псевдополиптер, ірің.

Науқаста төменде келтірілген диагноздың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін:

 

*+Бейспецификалық жаралы колит

*Созыпмалы спастикалық колит

*Псевдомембранозды колит

*Крон ауруы

*Дизентерия

 

#92

*!37 жастағы ер адамда ботқа тәрізді қоймалжың, тәулігіне 7-8 ретке дейін қан аралас нәжіс, іштің төменгі бөлігіндегі тұйық ауру сезім, дефекация кезіндегі ауырсыну, арықтау, көздерінің және буындардың ауыру сезім, қызба, әлсіздік. Қарауда: увеит; ауыздың шырышты қабатында афталар, тоқ ішек деңгейінде ауру сезім. Анус аймағында терең саңылау тәрізді жаралар. Колоноскопияда: тоқ ішек шырышты қабаты қызарған, ісінген, тез қанталайды, терең жаралы-жарылулар, шырышты қабат қатпарлары «кедір-бұдыр көпір» сияқты, ішектің сегментарлы тарылулары анықталады.

Эндоскопиялық көрініс белгілері көрсетілген колиттің гистологиялық қай түріне БАРЫНША тән:

 

*+Созылмалы гранулематозды

*Бейспецификалық жаралы

*Созылмалы спастикалық

*Псевдомембранозды

*Ишемиялық

 

#93

*!ЖИА-мен ауыратын 73 жастағы әйелде тамактан кейін 40-60 минуттан соң немесе тез жүргенде іштің жиі толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды; кейде түнгі уақытта мазалайды, іш кебумен, дефекация шақырумен бірге жүреді. Соңғы уақытта 2-2,5 сағатқа созылатынын, тұрақсыз нәжіс, қан араласқанын айтады. Пальпацияда іші кепкен, сол жақ бүйір және мықын аймағы ауырсынады. Копрограммада: аздаған шырыш, қан жолақтары.

Берілген клиникалық белгілер қандай патологияға БАРЫНША тән:

 

*Созылмалы колит гипермоторлы қызметімен

*Созылмалы колит гипомоторлы қызметімен

*Созылмалы жаралы колит

*Псевдомембранозды колит

*+Ишемиялық колит

 

#94

*!Кәрі адам іштің ауру сезіміне, нәжісінде қан араласқанына, тез арықтауына шағымданады. 2-жыл алдын пайда болған іштің оң жақ бөлігіндегі сыздап ауру сезімі соңғы уақытта айқындала бастаған. Ирригоскопияда: ішектің жоғарғы әкеткіш бөлігінде құысына қарай томпайып тұрған тарылуы, қабырғасының ригидтілігі, гаустралардың жоғалуы анықталады, тарылудан төмен ішек кеңейген, зақымданған жерде контрасттың жиналғаны байқалады.

Келтірілген рентгенологиялық көріністер төменде көрсетілген патологияның қайсысына БАРЫНША тән:

 

*Созылмалы спастикалық колитке

*Бейспецификалық жаралы колитке

*+Тоқ ішектің қатерлі ісікке

*Крон ауруына

*Мегаколонға

 

#95

*!29 жастағы әйелді жасөспірім шақтан бері 8-9 күндей іш қату, лоқсу, бастың жиі ауруы, ұйқысының бұзылуы, жалпы әлсіздік мазалайды. Іш айдайтын дәрілердің әсері аз, науқас тазалау клизмасын жасауға мәжбүр. Қарап-тексергенде: терісі құрғақ, дөрекі, гиперпигментация аймақтары бар. Іші жұмсақ, сигма тәрізді ішек аймағында пальпацияда аз қозғалмалы тығыз түзілім анықталады. Төменде көрсетілген зерттеу әдісінінің қайсысын тағайындау БАРЫНША жөн:

 

*Іш қуысының УДЗ-ны

*Компьютерлік томографияны

*Колоноскопия биопсиямен

*Ректальды манометрияны

*+Ирригоскопияны

 

#96

*!48 жастағы әйел өршулері жиі ағымды бронхоэктаз сырқатпен ауырады. Соңғы мезгілде ауыздың кебірсу сезіміне, іштің кебуі және толғақ тәрізді ауырсынуына, ботқа тәрізді 3-4 ретке дейін кейде қан аралас нәжіске, қынаптын қатты қышынуына және бөлінділердің пайда болуына шағымданады. Об-ті: ауыздын шырышты қабатында және тілінде сарғыш папулалар бар. Іші кепкен, оң жақ мықын аймағында жергілікті ауру сезімімен шұрылдау. Колоноскопияда: көлденең ішектің ісінген шырышты қабаты үстінде ақ түсті табақшалар, некроз аймақтар байқалады.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

 

*+Ішектің шырышты қабақшасының қырындының микроскопиясы

*Қанның биохимиялық зертеуі

*Копрологиялық зерттеу

*Жалпы қақырық анализі

*Жалпы қан анализі

 

#97

*!47 жастағы жаралы емес колитпен ауыратын ер адамда іштің сол жақ мықын аймағында пайда болатын ауру сезім, тез салмағының төмендеуі, күңгірт малина тәрізді қан аралас нәжіс. Объ-і: іші жұмсақ, пальпацияда сол жақ мықын аймағында аз қозғалмалы тығыз консистенциялы түзілім анықталады.

Төменде көрсетілген асқынудың қайсысының болуы БАРЫНША тән:

 

*Тоқ ішектің төмендеген бөлігінің стриктурасы

*Ішектік қан кету

*Токсикалық мегаколон

*Ішекаралық асцесс

*+Тоқ ішек қатерлі ісігі

 

#98

*!18 жасар ер адамда саяхаттау кезінде кенет сұйқ нәжіс тәулігіне 4-5 рет, іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды. Бактериальды диарея анықталды, ципрофлоксацинмен ем тағайындалды.

Төменде көрсетілген препараттың қайсысын дисбактериоздың алдын-алу мақсатында қолдану БАРЫНША тиімді?

 

*Сульфасалазин

*Фуразолидон

*Левофлоксацин

*Хилак-форте

*+Лактобактери

 

#99

*!78 жастағы ер адам, асқазандағы ауырлық сезіміне және тамақтанғаннан кейінгі ауырлық сезімге, ауамен кекіруге; жалпы әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Анамнезінен: гипотиреоз, инсулин тәуелді қант диабеті. Қарап тексергенде тері жабындылары бозғылт, эпигастрий аймағында әлсіз ауыру сезім. ЖҚА: Нв – 98 г/л, эрит. – 2,8 мың, ТК – 1,1. ЭФГДС: асқазан шырышты қабатының атрофиясы. Төмендегі факторлардың қайсысы науқаста анемияның дамуына әкелуі мүмкін?

 

*Ішекте тағамнан темірдің сіңірілінің төмендеуі

*Темір құрамды тағамдарды аз қолдану

*+Ішкі Кастл факторының жок болуы

*Асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі

*Трансферрин концентрациясының төмендеуі

 

#100

*!Әйел 35 жаста, эпигастрий аймағындағы жайсыз сезімге (чувство дискомфорта), ауамен кекіруге, тамақтанудан кейінгі толу сезіміне шағымданады. ФГДС – суреттегі көрініс

Диагнозды қандай зерттеу әдісі нақтылайды?

 

*Париетальды жасушаларға антиденелерді анықтау тесті

*Асқазан шырышты қабатына тікелей биопсия жасау

*+H.pylory анықтау

*Асқазанды фракционды зондтау

*Эндоскопиялық pH-метрия

 

#101

*!45 жастағы әйел эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады, ол тамақтанумен байланысты емес және жүрек айнуға шағымданады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, эпигастрий аймағы тітіркенгіш. ЭФГДСте – асқазан денесінің төменгі үштен бірінде және антральды бөлігінде дөңгелек пішінді 0,5 - 1,0 см болатын көптеген полиптер анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау барынша тиімді?

 

*Тәуліктік pH-метрия

*Гастрин деңгейін анықтау

*Асқазан сөлін зерттеу

*+Биопсия материалын цитологиялық зерттеу

*Асқазан сөліндегі сүт қышқылының мөлшерін зерттеу

 

#102

*!Ер адам 43 жаста, іштегі, тамақтанғаннан кейін 2-2,5 сағаттан кейін пайда болатын, кейде түнде болатын эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Сонымен қоса қыжыл мен қышқылмен кекіру мазалайды ЭФГДСте қандай өзгеріс болуы мүмкін?

 

*Асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы және қабынуы

*Асқазанның кардиальды бөлігінде жара

*Асқазанның үлкен иірімінде жара

*+Асқазанның антральды бөлігінде жара

*Асқазанның кіші иірімінде жара

 

#103

*!Әйел 58 жаста майлы тамақ ішкеннен кейін бірнеше уақыттан соң оң қабырға астына, оң жауырынына берілетін ауру сезімі пайда болды, өт аралас жеген тамағын құсты (1 рет). Объективті: науқас аяғын астына басып, оң бүйіріне қарай мәжбүрлі қалыпта отыр. Оң қабырға астын пальпациялағанда қатты ауру сезімі. Науқасқа шақырылған участкелік дәрігер гепабене (силимарин және фумарин-өт айдаушылар) берді. Дәрігердің шешімінің дұрыстығын бағалау.

 

*Дұрыс, бұл ауру сезімін басады

*Дұрыс, холестаз синдромын басады

*Дұрыс, бірақ әлі де спазмолитик керек

*+Дұрыс емес бұл науқастың жағдайын нашарлатады

*Дұрыс емес, бірақ қауіп жоқ

 

#104

*!45жастағы семіздігі бар әйел соңғы 3 айда, төмен калориялық белоктық емдәмнің нәтижесінде 10 кг арықтаған.Онда оң қабырға астындағы ауырлық және ауру сезімі пайда болды. УЗИ көрінісі: диаметрі – 1 см.

Қандай емдік тактика тиімді?

 

*+Урсодезоксихол қышқылы

*Тамақтану сипатын өзгерту

*Холецистэктомия

*Силимарин

*Одестон

 

#105

*!Әйел, өттас ауруы бойынша холецистэктомия жасатқан. Майлы және кептірілген тамақтарды шектеп диета сақтайды. Бірақта оны оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, тұрақсыз үлкен дәрет (іш қатуы іш өтумен ауысады), метеоризм мазалайды. Постхолецистэктомиялық синдромның алдын алу үшін қандай дәрілік препараттар тағайындауға болады ?

 

*Антибиотиктер

*Прокинетиктер

*+Өт айдаушылар

*Н-2 гистамин рецепторларын бөгеушілер

*Ферменттер

 

#106

*!Ер адам 56 жаста, УЗИ-де өт қапшығының көлемінің ұлғаюы, қабырғаларының қалыңдауы, өт жолы қуысында–қою өт. Қандай диагноз болуы мүмкін?

 

*Холестерозз

*Даббин-джонсон синдромы

*Созылмалы калькулезді холецистит

*+Созылмалы тассыз холецистит

*Фитц-Хъю-Куртис синдромы

 

#107

*!Ер адам 47 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, әсіресе майлы тағамнан кейін, тұйық сипатты қатты ауру сезім пайда болады. Сонымен қатар қыжыл, кекіу, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық (пониженного питания), терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Мейо-Робсона нүктесінде ауру сезімі бар. Науқаста қандай лабораторлы тексерулер өткізілу керек ?

 

*Липидті профиль

*ГГТП және СФ деңгейі

*Трансаминаза деңгейі

*+Амилаза және липаза деңгейі

*Алкогольдегидрогеназ деңгейі

 

#108

*!Ер адам 49 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, әсіресе майлы тағамнан кейін, тұйық сипатты қатты ауру сезім пайда болады. Сонымен қатар қыжыл, кекіу, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық (пониженного питания), терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Мейо-Робсона нүктесінде ауру сезімі бар. Науқасқа қандай тексерулер өткізілуі керек ?

 

*+Копрология

*Нәжісті жасырын қанға тексеру

*Нәжісті дисбактериозға тексеру

*Бактерологиялық зерттеу

*Нәжісті гельминттерге тексеру

 

#109

*!50 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, әсіресе құырылған тамақтан кейін, алкоголь қабылдағаннан кейін тұйық сипатты қатты ауру сезім пайда болады. Сонымен қатар қыжыл, кекірі, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Науқас арық (пониженного питания), қолдарының дірілі, гепатомегалия, Шоффар аймағындағы ауру сезімі. Науқаста берілген патологияның дамуының мүмкін болатын себебі?

 

*Өттас ауруы

*В және С Вирус гепатиті

*Аутоиммунды патология

*+Алкогольмен әуестену

*Тұқымқуалаушылық

 

#110

*!Әйел 48 жас, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы, беліне берілетін ауру сезіміне, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, шөлдеуге шағымданады. Жақында қынап кандидозын емдеген. Объективті: арық (пониженного питания), терісі құрғақ, «рубин тамшылары», пальмарлы эритема, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезімі.УДЗ: Ұйқы безінің ұлғаюы, эхотығыздығының біртекті емес күшейюі. Науқасқа төменде келтірілген қандай лабораторлық тестерді жүргізу керек ?

 

*ТТГ, Т3, Т4 деңгейін анықтау

*Липидті профильді анықтау

*+Гликемия профилін анықтау

*Кальций деңгейін анықтау

*СА19-9, СЕА анықтау

 

#111

*!Әйел 57 жаста, УДЗ- де өт қапшығының майда тастары өт шығу жолының қуысын 1/3 жауып тұрғаны анықталды. Көп майлы тамақ жегеннен кейін эпигастрии аймағындағы белдемелі ауру сезімі, жүрек айну, 1 рет жеген тамағы аралас құсу болды. Жедел жәрдем бригадасы платифилин инъекциясын жасағаннан кейін жеңілдік алып келген. Бірақ кейіннен склераларының сарғаюы пайда болды. Болашақта ауырлық синдромының алдын алу үшін қандай емдік тактика көрсетілген?

 

*+Урсодезоксихолилі қышқыл

*Тамақтану сипатын өзгерту

*Холецистэктомия

*Силимарин

*Креон

 

#112

*!Ер адам 49 жас, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады. Кеше алкоголь қабылдаған. Сонымен қатар қыжыл, кекірі, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Науқас арық (пониженного питания), қолдарының дірілі, гепатомегалия, Шоффар аймағындағы ауру сезімі. Берілген патологияның өршуі кезінде алғашқы 1-3 тәулікте қандай тамақтану режимін қолдану керек?

 

*Аз порциялы бөліп – бөліп тамақтану

*Сүтті тамақтарын шектеу

*Ақуыздарды шектеу

*Майларды шектеу

*+Толық ашығу

 

#113

*!35 жастағы ер адамда шағымдары: жалпы әлсіздік, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астындағы және эпигастральді аймақтағы ауырлық сезімі, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, тері қабатының, склерасының сарғаюы, терінің қышуы, зәрінің қараюы, қызыл иектің әлсіз қанауы. Зәрі қарайған. Іш қату бар. АЛТ – 18,9 мкмоль/л, жалпы билирубин – 171,6 ммоль/л, тура – 121 ммоль/л, тура емес – 50,6 ммоль/л, альбумин – 36 г/л. Протромбин индексі – 57%. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗде: Бауырдың эхотығыздығы жоғарлаған. Оң бөлігі 133 мм; сол бөлігі 97 мм. V. Portae диаметрі 12 мм. Көкбауыр .

Мүмкін болатын диагноз?

 

*Бауырдың алкогольды ауруы

*Созылмалы вирусты гепатит

*+Вирустық этиологиялы бауыр циррозы

*Екіншілік билиарлықбауыр циррозы

*Біріншілік билиарлық бауыр циррозы

 

#114

*!Науқас Б. 23 жаста, тез шаршағыштыққа, тәбетінің нашарлауына, әлсіздікке, іштегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарлауына, қалтырауға, жүрек айну, құсуға, мұрыннан қан кетуге, бас ауыруына, кеудесіндегі және буындарындағы ауыру сезіміне, іш қатуға, менструациясының болмауына шағымданады. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, тығыз консистенциялы. ЖҚА: Эритроциттер – , гемоглобин – 85 г/л. ТК - 0,81. Тромбоциттер – /л. Лейкоциттер – /л лимфоциттер – 61%, моноциттер –4%, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Аурудың этиологиясын анықтау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізілуі тиіс?