Бойынша емтихандық тесттік тапсырмалар 7 страница

Аутоиммундық гемолитикалық анемияның қандай түрінің болуы барынша мүмкін?

 

*жылулық гемолизиндермен

*+суықтық агглютининдермен

*екі фазалы гемолизиндермен

*толық емес жылулық агглютининдермен

*пароксизмальды түнгі гемоглобинуриямен

 

#249

*!46 - жастағы ер адам, суықтағаннан кейінгі қалтырау, үдемелі әлсіздік, ентігу, жүрек қағуы, аяқ–қол саусақтарының тоңуы, көгеруі, бозаруына, зәр түсінің күңгірттенуіне шағымданады. Объективті: аяқ-қол саусақтарының ұштары айқын бозарып, көкшіл тартқан. Көкбауыры қабырға доғасынан 4 см төмен. Қанда: эритроциттер - 2,6 млн., Нв -96 г/л, ТК -1,1, лейкоциттер - 15,6 мың, тромбоциттер - 240 мың, ретикулоциттер - 19%, ЭТЖ - 58 мм/сағ. Билирубин - 39,6 мкмоль/л. Ig М класының суықтық антиденелерінің титрі 1:137 С -та. Агрегат-гемагглютинационды және Кумбстың тікелей сынамасы теріс.

Төмендегілердің қайсысы тамыр ішілік гемолизді дәлелдеуі барынша мүмкін?

 

*уробилинурия

*билирубинурия

*ішкі ағзалардың гемосидерозы

*сүйек кемігі қызыл өсігінің тітіркенуі

*+плазмадағы бос гемоглобиннің артуы

 

#250

*!24 - жастағы әйел, босану кезінде қан кетіп, тоқтата алмағандақтан қайтыс болған. Бала кезінен «терісі көгергіш» болған, жылына 3-4 рет мұрнынан қан кеткен, 12 жасында жарақаттан кейін санының бұлшықеті арасында гематома болған. Коагулограммада: Дьюке бойынша қан кету ұзақтығы – 16 мин, VIII фактор концентрациясы - 2%, Виллебранд - 4%, IX - 58%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды 5%, индуцирленген: АДФ - 22%, ристомицин - 2%, тромбоциттер - 190 мың.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

 

*гемофилияның

*Верльгоф ауруының

*+Виллебранд ауруының

*Гланцман тромбастениясының

*Шенлейн-Генох ауруының

 

 

#251

*!32– жастағы әйел, тіс экстракциясынан кейін ұзақ, бірақ қайталанбаған қан ағуға шағымданады. Анамнезінде: мұрыннан қан кету. Объективті: денесінің алдынғы жағында және аяқтарында петехиялар мен экхимоздар. Қанда: эритроциттер - 2,9 млн., Нв -77 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 4,2 мың, т/я – 3%, с/я – 70%, лимфоциттер – 26%, моноциттер – 1%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ 17 мм/сағ. Қан ағу ұзақтығы 24 минут, қан ұю уақыты 4 минут. Миелограммада: мегакариоциттер анықталмайды.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

 

*гемофилияның

*жедел лейкоздың

*апластикалық анемияның

*Рандю-Ослер ауруының

*+аутоиммундық тромбоцитопениялық пурпураның

 

#252

*!22 – жастағы қыз, аяғындағы гемаррагиялық бөртпелерге және буындарындағы ұшпалы ауыру сезімге шағымданып түсті. 1 аптадан кейін ісіну, зәрінің түсінің өзгерісі пайда болған. Қарап тексергенде: васкулитті – пурпурлы қанағыштық Қанда: жедел фазалы реакциялар мен этанол сынамасы оң, ПДФ – 0,5 г/л, антитромбин III – 74 %, Виллебранд факторы кішкене жоғарлаған. Зәр анализінде: протеинурия, макрогематурия.

Осы аурудың диагнозын нақтылауғаендегілердің қайсысын зерттеу барынша ақпаратты?

 

*фибриногенді

*антитромбин III

*+Виллебранд факторын

*жедел фазалы көрсеткіштерді

*қанның белоктық фракцияларын

 

#253

*!18 – жастағы науқас, терідегі бөртпелерге, буындарының ұшпалы ауыруы, ішінің ауыру сезімі, түсі қара нәжіс, қызбаға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: аяғында басқанда жойылмайтын папуллезді-геморрагиялық бөртпелер. Буындары өзгермеген. Іші ауырмайды, жұмсақ, кей жерінде аздаған ауыру сезімі. Қанда: лейкоциттер – 12,8 мың, тромбоциттер – 420 мың, ЭТЖ – 21 мм/сағ, гиперальфа-2 және гаммаглобулинемия, фибриноген – 5,2 г/л. Коагулограмада – гиперкоагуляция.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

 

*Верльгоф ауруының

*Виллебранд ауруының

*Рандю-Ослер ауруының

*+Шенлейн-Генох ауруының

*Казабах-Меррит ауруының

 

#254

*!24 – жастағы әйелде, босанғаннан кейін кенеттен қызба, дірілдеп тоңу, қатты тершеңдік басталды. Анамнезінде қағанақ суы ерте кеткен және жағымсыз иісті. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға жылжыған, ЭТЖ жоғары, тромбоциттердің агрегациясы кенет жоғарлаған, этанол сынамасы оң. 4-ші тәулікте теріде петехиальді бөртпелер және жатырдан қан кету пайда болған. Қанда: тромбоцитопения, гипофибриногенемия, эфолық сынамада қанның ұюы ұзарған.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

 

*+ТШҚҰ синдромының

*жедел лейкоздың

*Шенлейн-Генох ауруының

*тромбоцитопениялық пурпураның

*тромбоциттік тромбоцитопениялық пурпураның

 

#255

*!Келесі көріністер: гемокоагуляционды шок, гемостаздың бұзылысы, геморрагиялық синдром, ағзалардағы микроциркуляцияның бөгемесі мен оның қызметінің бұзылысы және дистрофиясы, жедел бүйрек жетіспеушілігі, церебральді айналымының бұзылысы қандай ауруға барынша тән?

 

*гемофилияға

*+ТІШҚҰ-синдромына

*Верльгоф ауруына

*Виллебранд ауруына

*Рандю-Ослер ауруына

 

#256

*!38 – жастағы ер адам, ІІІ дәрежелі күйікпен түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары айқын бозарған. ЖЖЖ - 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б. 2-ші тәулікте мұрнынан қан кету, қан құйылулар мен теріасты гематомалар, олигоурия пайда болды. Қанда: эритроциттер - 5,6 млн., лейкоциттер - 12,4 мың, тромбоциттер - 102 мың, гемотакрит - 58 %, этанол сынамасы теріс, фибриноген – 1,2 г/л. Эфолық сынамасында қанның ұюы ұзарған, креатинин - 160 мкмоль/л. Зәрінде: протеинурия, микрогематурия.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

 

*гемофилияның

*+ТІШҚҰ синдромының

*геморрагиялық васкулиттің

*созылмалы гломерулонефриттің

*аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпураның

 

#257

*!28 – жастағы ер адам, 3 апта бойы күшейген әлсіздік, тершеңдік пен сипатталатын стоматитпен нәтижесіз емделді. Қарағанда: дене қызуы С, тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иек гиперплазиясы, жаралы-некроздық стоматит. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімсіз. Қанында: эртроциттер - 3,0 млн., Нв - 95 г/л, ТК - 0,95, лейкоциттер - 14,5 мың, бластар - 32%, таяқша - 1%, сегменттер - 39%, лимфоциттер - 20%, моноциттер - 8%, тромбоциттер - 90 мың. ЭТЖ - 24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакция оң.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

 

*жедел монобласты лейкоздың

*жедел миелобласты лейкоздың

*+жедел лимфобласты лейкоздың

*жедел аз пайызды лейкоздың

*жедел дифференцияланбайтын лейкоздың

 

#258

*!19 – жастағы жас жігіт, қызыл иегінің қанауына, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы . Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимоздар. Көмекейінде-өліеттенген жұғынды. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанда: эритроциттер - 2,5 млн., Нв - 75 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 29 мың, бластар - 98%, сегменттер - 2%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ - 66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң.

Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсеткіштердің қайсысы Барынша мәліметті?

 

*анемия

*+бластемия

*лейкоцитоз

*ЭТЖ жоғарылауы

*тромбоцитопения

 

#259

*!23 – жастағы пациент, үдемелі ентігу, мұрынынан қан кету, дене температурасының 38ºС дейін жоғарылауына шағымданады. ЖРВИ-дан 10 күннен соң жағдайы нашарлаған. Объективті: терісі бозғылт, іші мен сандарында петехиальды-дақты бөртпелер. Жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет минутына. Көкбауыр қабырға астынан 3 см төмен, ауыру сезімсіз.

Төмендегі белгілердің қайсысы аурудың толық ремиссиясын анықтауға көмектесуі барынша мүмкін?

 

*қандағы гемоглобин деңгейінің қалыпты болуы

*шеткі қанда бластемияның болмауы

*+миелограммада бласты клеткалар 5 %-тен көп емес

*миелограммада бластты клеткалар 10%-тен көп емес

*лейкемиялық инфильтрация белгілерінің бір ағзадан көп болмауы

 

#260

*!40 – жастағы ер адам әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауру сезімінсіз. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн., лейкоциттер - 96 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер - 4%, метамиелоциттер - 8%, таяқша - 12%, сегменттер - 52%, эозинофилдер - 5%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%, тромбоциттер - 200 мың. ЭТЖ - 56 мм/сағ.

Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы ауруды емдеудің тиімділігін бағалауға барынша мүмкіншілік береді?

 

*ЭТЖ

*+лейкоциттер

*эритроциттер

*тромбоциттер

*ретикулоциттер

 

#261

*!53 – жастағы әйел, басы, жүрек тұсының ауыруына, күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі гиперемияланған. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ - 74 рет мин., АҚ - 180/110 мм с.б.б. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, ауру сезімсіз. Қанда: эритроциттер - 6,9 млн., Нв - 198 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 11,3 мың, таяқша - 7%, сегменттер - 60%, эозинофилдер - 4%, лимфоциттер -25%, моноциттер - 4%, тромбоциттер - 480 мың, ЭТЖ - 1 мм/сағ.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін ?

 

*+эритремия

*Пиквик синдромының

*гемоглобинопатияның

*артериалды гипертензияның

*шартты гемоконцентрациялық эритроцитоздың

 

#262

*!40 – жастағы ер адам, әлсіздік, тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, сол қабырға астындағы тұйық ауыру сезімге шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауырмайды. Қанында: эритроциттер – 3,0 млн., лейкоциттер – 96 мың, тромбоциттер - 200 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер – 84 г/л, метамиелоциттер - 8%, таяқша -12%, сегменттер - 52%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%. ЭТЖ – 56 мм/сағ.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*+созылмалы миелолейкоз

*созылмалы лимфолейкоз

*жедел миелобластты лейкоз

*тромбофлебитикалық спленомегалия

*миелоидты типті лейкемоидты реакция

 

#263

*!Түстік көрсеткіштің төмен болуы, сарысулық темірдің жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы, қант диабеті қандай ауруға БАРЫНША тән:

 

*талассемияға

* -тапшылықты анемияға

*темір тапшылықты анемияға

*+сидероахрестикалық анемияға

*пароксизмальді түнгі гемоглобинурияға

 

#264

*!48 – жастағы ер адам бас айналуы, әлсіздік, аяқ-қолдарының ұюы мен әлсіздігіне шағымданады. Анализінде созылмалы гастрит. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, склералары субиктериялы. Жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖСЖ – 93 рет мин. Тілі – «географиялық». Аздаған гепатоспленомегалия. Қанында: эрит. – 2,4 млн., Нв – 79 г/л, ТК – 1,3, лейк. – 3,6 мың, тромб – 134 мың, ЭТЖ – 34 мм/сағ.

Төмендегі себептердің қайсысы анемияның дамуына әкелуі БАРЫНША мүмкін?

 

*асқазан жарасы

*асқазан эрозиясы

*беткейлік гастрит

*+асқазан бездерінің атрофиясы

*гипертрофиялық гастрит

 

#265

*!23 – жастағы студент қызда диспансерлеу кезінде сарғыштық, сипа,анда байқалатн көкбауыр анықталды. Қан анализінде: гемоглобин 110 г/л, ретикулоциттер – 17 %, жалпы билирубин – 68 мкмоль/л (4 мг %). Зәрі қошқыл, өт пигменттері жоқ.

Бойжеткенде қандай синдромның дамуы БАРЫНША мүмкін?

 

*цитолиздің

*+гемолиздің

*Жильбердің

*Дабина-Джонсонның

*мезенхимальді қабынулық

 

#266

*!27 – жастағы жас қыз, оң өкпенің тотальді пневмониясымен ауруханада ем алады. 6-шы күні науқастың жағдайы күрт нашарлады, склерада қан құйылулар, аяқ-қолда жайылмалы петехиальді бөртпе пайда болды. Қанда: лей – 21 мың, нейтрофильдер токсикалық дәнді, тромбоцит – 80 мың, ЭТЖ 36 мм/сағ. Гемостаз жүйесін зерттеу: тромбинді уақыт – 10 сек., АПТВ – 35 сек., фибриноген – 8,0 г/л, этанолды және протаминсульфат тесті – оң, ПДФ – 0,4 г/л, антитромбин III – 60 %.

Науқаста төмендегі асқынулардың қайсысының пайда болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*+ТШҚҰ – синдромының

*жұқпалы-токсикалық шоктың

*жедел бүйрек жетіспеушілігінің

*жедел тыныс жетіспеушілігінің

*тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураның

 

#267

*!22 – жастағы науқас тамағының ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: 2 апта бойы фолликулярлы баспамен сырқаттанған, ем нәтиже бермеген. Объективті: дене қызуы – С, тері жамылғысы бозарған, ылғалды. Жаралы-некрозды тонзиллит. Жақасты, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімсіз. Қанда эр – 2,9 млн., Нв – 88 г/л, ТК – 0,9, лейк – 11,9 мың, бласттар – 17 %, т/я – 1 %, с/я – 28 %, лимф – 26 %, мон - 9 %, тромб – 100 мың, ЭТЖ – 37 мм/сағ. Цитохимиялық зертеу: миелопероксидазаға реакция – оң.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*сублейкемиялық миелоздың

*+жедел миелобласты лейкоздың

*жедел лимфобласты лейкоздың

*жедел төмен пайызды лейкоздың

*жедел дифференцияланбайтын лейкоздың

 

 

#268

*!57 – жастағы ер адам, жүргенде ентігу, жүрек қағу, дене температурасының 37 С-қа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Объективті: бозғылт. Аңқасы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, борпылдақ. Тондар тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖЖЖ 98 рет минутына. Бауыр оң қабырға доғасынан 5 см төмен, ауыру сезімсіз. Көкбауыр кіндік деңгейінде, тығыз, ауыру сезімді. Қанда: эр – 3,1 млн., Нв – 92 г/л, ТК – 0,95, лейк – 100 мың, бласттар – 20 %, промиелоциттер – 5 %, миелоциттер – 12 %, метамиелоцитер – 7 %, таяқша - 4 %, сегмент – 27 %, эоз – 7 %, базоф – 9 %, лимф – 8 %-тромб-56 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*сублейкемиялық миелоз

*+созылмалы миелолейкоз

*созылмалы лимфолейкоз

*жедел миелобласты лейкоз

*миелоид типті лейкемоидты реакциялар

 

#269

*!54 – жастағы ер адам, басының ауыруына, бетінің қызаруына, ыстық душқа түскенде саусақ ұштарының қышынуына шағымданады. Объективті: гепатоспленомегалия. Қан анализінде: эр – 5,2 млн., Нв – 188 г/л, лейк – 11,9 мың, тромб – 480 мың. ЭТЖ – 1 мм/сағ. Эритропоэтин деңгейі төмен, нитрофильдердің сілтілі фосфатаза белсенділігі жоғарылаған.

Анықталған клинико-зертханалық көріністер мынған БАРЫНША тән:

 

*+эритремияға

*Бадда-Киариға

*созылмалы миелолейкозға

*ӨСОА кезіндегі салыстырмалы эритроцитозға

*гемоглобиннің оттегіге жоғары ұқсастығымен гемоглобинопатияға

 

#270

*!67 – жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырышты қабаттар бозғылт - субиктериялық. Беті ісінген. Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 102 г/л, ТК - 1,1, лейкоциттер - 2,5 мың, тромбоциттер -110 мың. ЭТЖ - 32 мм/сағ, макроцитоз, Кебот сақиналары. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты типті қан түзілу.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*Апластикалық анемияның

*+ -тапшылықты анемияның

*Темір тапшылықты анемияның

*Маркиафава-Микел ауруының

*Аутоиммундық гемолитикалық анемияның

 

#271

*!48 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, қолтық асты және шап лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Қанда: Нв-108 г/л, эритроциттер- лейкоциттер- , лимфоциттер-94%, моноциттер-6%, тромбоциттер- , ЭТЖ–47 мм/с.

Гемограммада осы ауруға БАРЫНША тән өзгерісті көрсетіңіз:

*анемия

*лейкоцитоз

*лейкемиялық құлау

*+абсолютты лимфоцитоз

*базофильді-эозинофильді ассоциация

 

#272

*!27 – жастағы әйел бала кезінен «терісі көгергіш» болған, жылына 3-4 рет мұрнынан қан кеткен, 12 жасында жарақаттан кейін санының бұлшықеті арасында гематома болған. Босану кезінде қан кету пайда болды. Коагулограммада: Дьюке бойынша қан кету ұзақтығы - 16 мин, VIII фактор концентрациясы - 2%, Виллебранд - 4%, IX - 58%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды 5%, индуцирленген: АДФ - 22%, ристомицин - 2%, тромбоциттер - 190 мың.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

 

*Гемофилияның

*Верльгоф ауруының

*+Виллебранд ауруының

*Гланцман тромбастениясының

*Шенлейн-Генох ауруының

 

#273

*!19 – жастағы жас жігіт, қызба, іш аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі, буындарының ауруы, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: балтыр терісінде басқанда кетпейтін паппулезді-геморрагиялық бөртпе. Іші жұмсақ, кіндік аймағында ауыру сезімі бар. Қан анализинде: лейк – 13,2 мың, тромб – 386 мың, ЭТЖ – 27 мм/сағ, гипер- және -глобулинемия, фибриноген – 6,4 г/л. Коагулограммада – паракоагуляциялық сынамалар оң.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*Кули ауруының

*Верльгоф ауруының

*Виллебранд ауруының

*Рандю-Ослер ауруының

*+Шенлейн-Генох ауруының

 

#274

*!42 жастағы әйел бас айналуына , әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, геморагия жоқ. Анамнезінде: “Жатыр миомасы” диагнозымен гинекологта есепте тұрады. Соңғы 2 жылда көп көлемде менструальды қан кету байқалған. ЖҚА: Hb- 67г/л, Эритроциттер – ,ТК - 0,63. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 19,4 мкмоль/л.

Анемияның генезін анықтауда қайсы сынама маңызды?

 

*Тимол сынамасы

*+Сарысуындағы темір

*Қан сарысуындағы жалпы белок

*Аспартатаминотрансфераза

*Гликолизирленген гемоглобин

 

#275

*!65 жастағы әйелдің қан анализін зерттегенде анықталды: Нв - 80 г/л, Эритроциттер – /л, ТК – 0,64, лейкоциттер-4,2 мың, тромбоциттер-192 мың, ЭТЖ-16 мм/сағ., анизоцитоз, пойкилоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: сарысулық темір - 46,3 мкмоль/л, жалпы билирубин – 18,0 мкмоль/л, ферритин – 120,1 нг/мл. Миелограммада сидеробласттар-42%. Қандай анемия туралы ойлауға болады?

 

*Гемолитикалық

* -тапшылықты

*Гипопластикалық

*Теміртапшылықты

*+Сидероахрестикалық

 

#276

*!Жүкті әйел 26 жаста, жүктілік мерзімі 24 апта. ЖҚА: Нв - 86 г/л, Эритроциттер - л, ТК - 0,78, Лейкоциттер – л, Тромбоциттер- 320 000, ЭТЖ -27 мм/сағ. Диагнозды негіздеу және емдеу жоспарын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу көрсетілген?

 

*Гликолизирленген гемоглобин

*+Сарысудағы темір, ферритин

*Глюкоза, жалпы белок, ЛДГ, амилаза

*Креатинин, мочевина, қалдық азот

*Билирубин, АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза

 

#277

*!76 жастағы ер адамның қан анализінде: Нв - 87 г/л, Эритроциттер – л, ТК - 1,2. Биохимиялық қан анализінде: сарысулық темір - 32,2 мкмоль/л, жалпы билирубин – 21,0 мкмоль/л, Грегерсен реакциясы – теріс. Анамнезінде 16 жыл бұрын Бильрот II бойынша асқазанға резекция жасалған (асқазан жарасы болған). Бұл жағдайда қандай анемия түріне күмәндануға болады?

 

*Cидероахрестикалық анемия

*Теміртапшылықты анемия

*+ -тапшылықты анемия

*Гемолитикалық анемия

*Апластикалық анемия

 

#278

*!83 жастағы әйелдің қан анализінде: Нв - 78 г/л, Эритроциттер – , MCV – 110, ТК – 1,1, лейкоциттер – , тромбоциттер – 124 000, анизоцитоз++, пойкилоцитоз++. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин 35 мкмоль/л, тура билирубин – 28 мкмоль/л. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, қол саусақтарының жансыздануы. Қан кету болмаған. Қарағанда тілі тегіс “лакталған”. Қандай анемия туралы ойлауға болады?

 

*Теміртапшылықты анемия II дәрежесі

*Теміртапшылықты анемия I дәрежесі

*Cидероахрестикалық анемия

*+ тапшылықты анемия

*Апластикалық анемия

 

#279

*!35 жастағы ер адам стационарға айқын әлсіздікке, бас айналуға, мурыннан қан кетуге шағымданып түсті. Қарағанда тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылт, аяқ-қолдарында және денесінде әртүрлі көлемдегі көгерулер бар. Қан анализінде Эритроциттер – л; Нв-53 г/л; тромбоциттер л, Лейкоциттер – л, Нейтрофилдер: с/я –17 %, т/я – 1%, Моноциттер – 3%, Лимфоциттер – 79%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Диагнозды негіздеу және емдеу жоспарын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу көрсетілген?