Бап. Қазақстан Республикасының Туңғыш Президентіне - Елбасына тиіспеушілік ке-пілдігін бузу

Қазақстан Республикасының Тұңгыш Президентіне - Елбасына жэне онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиіспеушілік кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, түргын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік қүралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс қуралдарына тиіспеушілік кепілдігін, банктік шоттарының бан-ктік қупиялыгы мен тиіспеушілігі, сондай-ақ оларга тиесілі қужаттарга тиіспеушілік кепіл-дігін қандай да болсын түрде бұзу -

Қылмыстық объектісі - Қазақстан Республикасының Түңғыш Президентінің -Елбасының, оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиіспеушілік кепілдігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың жэбірленушісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы, онымен бірге түратын отбасы мүшелері.

Қылмыс объективтік жағынан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-не - Елбасына жэне онымен бірге түратын отбасы мүшелеріне тиіспеушілік кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын жэне қызметтік үй-жайларына, жеке жэне қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына тиіспеушілік кепілдігін, банктік шоттарының банктік қүлиялығы мен тиіспеушілігі, сондай-ақ оларға тиесілі кү_жаттарға тиіспеушілік кепілдігін қандай да болсын түрде бү_зу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс занда көрсетілген осы іс-әрекеттердің біреуін істе-ген сэттен аяқталды деп табылады. Қылмыс құрамы формальдық.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналыкпен істеледі. Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне қол суғу және оның қызметіне кедергі жасау

1. Қазақстан Республикасының Президентін көпшілік алдында қорлау немесе оның абы­ройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сугу -

2. Буқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялықжелілерді пай-далана отырып жасалган дал сол іс-әрекет -

3. Қазақстан Республикасы Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оган немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын түрде ықпал ету -

Ескерту.

Қазақстан Республикасы Президентініңжүргізіп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сэйкес Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жэне сыртқы саясатының негіз-гі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде жэне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды түлға. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны эрі кепілі (40-баптың 1, 2-тармақтары).

Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды (46-бап, 1-тармақ). Республика Президенті мен оның отба-сын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету жэне қорғау мемлекет есебінен жүзеге асыры­лады (46-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясының жогарыда көрсетілген нормаларына сэйкес .Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық ко-дексінде Республика Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу жэне оның қызметіне кедергі жасаушылық үшін жауаптылыкты көздейтін арнаулы бап көрсетілген.

Қылмыстық қүдық бұзушылықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасы Президентінің басқару қызметіне байланысты ар-ү_жданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қатынастар.

Қылмыстық құкьіқ бұзушылықтың жэбірленушісі - Республика Президенті, оның жақын туыстары.

Қылмыстық кү_кық бұзушылықтың объективтік жағы Қазакстан Республикасы Прези­дентш жария түрде қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сүгу арқылы сипатталады.

Республика Президентін жария түрде қорлау деп басқа біреудің немесе көпшіліктің көзінше ел Президентш эдепсіз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетін дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мінез-күлықтарға қайшы келетін басқа да әрекеттер жасау аркьілы, ауызша немесе жазбаша түрде тіл тигізулер болып табылады.

Президенттің абыройы мен қадір-касиетіне қол сұғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтін жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершілігін, қадір-қасиетін көрінеу аякда басатын, оны жү_ртшылық алдында масқаралайтын, беделін түсіретін жалған лақаптар айту, тарату сияқты эрекеттерді айтамыз.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады жэне ол Президентті жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын эрекет жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық кұқык бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне әр түрлі ниетпен жасалады. Қылмыстық ниет іс-эрекетті саралауға эсер етпейді, бірақ жаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстық күқьтк бұзушылыктың субъектісі — 16-ға толған адам. Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын түрі - бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған нақ сол эрекет үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 375-бабының 2-тармағында көрсетілген.

Бу_қаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, телехабар жэне баска да көпшілікке арналган осындай құралдар жатады.

Қылмыстық кодекстің 375-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасы Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ыкдал еткені үшін жауаптылық көзделген. Бұл жерде қьілмыстың істелу мақсаты - Республика Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Жақын туыстарға (Президенттін аға-іні, қарындас, нағашы, күйеу баласы, құда, жұбайының осындай жақын туыстары) жатады. Президенттің өзіне немесе жақын туыстарына ыкпал ету - туыстық, таныстықты пайдалану арқылы, жалған хабар жеткізу немесе сенімге қиянат жасау нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 375-бабының ескертуіне сэйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға экеп соқпайды.

Бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын оның депутаттың міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты көпшілік алдында қорлау -

2. Бүқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялықжелілерді пай­далана отырып жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының өз міндеттерін атңаруына ке-дергі жасау мақсатында оган немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын түрде ыкпал ету

Ескерту.

Қазақстан Республикасы Парламент! депутатының депутаттық қызметі туралы сын түрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Қылмыстық қүқық бүзушылыктың тікелей объектісі - Қазакстан Республикасы Парламентінің мемлекеттік заң шығару қызметіне байланысты ар-ркданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жэбірленушісі Республика Парламентінің депутаты.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың объективтік жағы, субъектісі жэне субъектив-тік жағы, ауырлататын жэне аса ауырлататын түрлері бойынша Қылмыстық кодекстің 375-бабындағы көрсетілген құрамдағы белгілермен үқсас. Айырмашылық - қылмыстың жәбірленушісінде ғана. 375-бапта қьшмыстан жэбірленуші Республика Президенті, ал 376-бапта Республика Парламентінің депутаттары. Депутаттың ар-үжданы мен қадір-қасиетіне қол сүғу, қорлау оның депутаттың міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқаруға байланысты жүзеге асырылады. Мұндай болмаған ретте іс-эрекет жеке адамға қарсы қылмыс ретінде саралануы мүмкін.

Бүқаралық ақпарат қүралдарын немесе акпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дэл сол іс-эрекет — осы қылмыс қүрамының ауырлататын (376-бап 2-тармағы) ал Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының өз міндет-терін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын түрде ықпал ету - эрекеттері қылмыс күрамының аса ауырлататын (ҚК-тің 376-бабы 3-тармағы) түрі болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 376-бабының ескертуіне сэйкес Парламент депутатының депутаттық қызметі туралы сын түрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық құқық бүзушылық жауаптылыққа экеп соқпайды.