Бап. Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету

Басқа мемлекеттердің саяси партияларын немесе кәсіптік одақтарын қаржыландыру, оларга үй-жай немесе мүлік беру, сол сияқты өзге дежәрдем көрсету, егер Бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның неме­се мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделерінің елеулі түрде бузылуына әкеп соңса -

Басқа мемлекеттердің саяси партияларын немесе кэсіптік одақтарын қаржыландыру, үй-жай немесе мүлік беру, сол сияқты өзге де жэрдем корсету, егер Бұл эрекеттер аза-маттар мен ұйымдардың қүдықтары мен занды мүдделерінің не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бүзылуына экеп соқса, кінэлі адам қылмыстық жауаптылыққа Қылмыстық кодекстің 406-бабы бойынша тартылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 4-тармағында «Республи-када басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кэсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кэсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық үііымдардың қаржыландыруына жол берілмейді», - делінген.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың тікелей объектісі шет мемлекеттердің саяси пар­тиялары мен кэсіптік одақтарына жэрдем көрсетудің заңды белгіленген ережелерін бүзу болып табылады.

Қылмыстық құқық бүзушылык объективтік жағынан мынадай эрекеттер арқылы жүзеге асырылады: басқа мемлекеттердің саяси партияларын, кэсіподақтарын қаржыландыру, оларға үй-жай, мүлік беру, өзге де жэрдем (жиылыстар өткізуге, жарғысын дайындауға, оларға қажетті акпараттық мэліметтер, жабдықтар мен ь^үралдар беру т.е.с.) корсету.

Қылмыстық қүқык бұзушылыктың объективтік жағының міндетті белгісі, оның зар-дабы - азаматтар мен ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделерінің, не қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы болып табылады. Іс-эрекет пен одан пайда болған зардаптың арасында себепті байланыс орын алуы қажет.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен істе-леді. Кінэлі адам шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жэрдем көрсетуге болмайтынын сезеді, біледі, бірақ солай істеуді тілейді.

Қылмыстық қүқык бүзушылықтың субъектісі — 16-ға толған адам.

Тарау. СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАРДЫҢ ОРЫВДАЛУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстық құкық бүзушылыктардын жалпы сипаттамасы және түрлері

1997 жылғы Қылмыстық кодекстің қабылдануына байланысты бұрынғы Кодекс бойынша қылмыстық қүқық бүзушылық болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тэрбиелеу профилакторийінен қашып кету (бұрынғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторын-да, тэрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттар-ды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылды.

Бұрынғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-тармағы істі тергеуге не­месе қарауға заңсыз араласқаны үшін жауаптылық белгіленген қылмыс қүрамы енді жаңа Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген сот төрелігін жүзеге асыруға жэне алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау құрамымен қамтылатын болды. Анықтама жүргізуші адамды, тергеушіні, прокурорды, судьяны немесе халық заседателін қорлау (Қазақ КСР ҚК-тің 191-бабының 3-тармағы) қү_рамы ішінара жаңа Кодекстегі сотты құрметтемеу (342-бап) жэне өкімет өкілін қорлау (320-бап) құрамдарына қосылады.

1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 340-бабындағы - сот төрелігін немесе алдын ала т^ргеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету эрекеттері үшін жауаптылық көзделген құрамға Қазақ КСР Қылмыстық кодекстің 173-бабының 1-тармағындағы ішкі істер органы қызметкері, халық жасақшысы, анықтама жүргізуші адам, тергеуші, судья, прокурор жэне халық заседателі өміріне қастық эрекет жасау қүрамы ішін ара қосылып кеткен.

2014 жылы қабылданған Жаңа Қылмыстық кодекстің осы тарауында сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын камтамасыз ететін көптеген жаңа нормалар бар (411,413, 415, 435-баптар).

Жаңа Қылмыстық кодексте сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың анықтамасы берілмеген.

Қылмыстық күкык теориясы бойынша сот төрелігіне және жазалардың орындалу тэртібіне қарсы қылмыстық кү_қық бұзушылықтар деп - осы міндеттерді жүзеге асыра-тын органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бірқалыпты, заңды қызметіне қол сүғатын қасақана іс-эрекеттерді айтамыз.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың топтық объектісі - сот төрелігін жэне жазалардың орындалуын қамтамасыз ететін органдардың дұрыс кызметі болып табылады. Объективтік жағынан бұл түрғыдағы қылмыстық қүқық бұзушылықтар эрекет немесе эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық кұрылысы жөнінен барлық құрамдар (тек кана ҚК-тің 425-бабында көрсетілген - хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тэркілеуге жататын мүлікке қатысты зансыз эрекеттер құрамынан баскасы) формальдық құрамға жатады. Осыған орай осы тараудағы қылмыстар нақты кылмыстық құқық бұзушылық қүрамы диспозициясында көрсетілген эрекет немесе эрекетсіздіктерді істеген сэттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан алғанда Бұл тараудағы қылмыстық құқық бүзушылықтар тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық ниет жэне мақсат көптеген қылмыс құрамы үшін кажетті элемент болып саналмайды.

Қылмыстық құқык бүзушылыктың субъектісі жай немесе лауазымды адамдар болады.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісіне карай талданып отырған қылмыстар мына төменде көрсетілген 5 топқа бөлінеді:

1) Сот төрелігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасай-тын қылмыстары: көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (412-бап). Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (413-бап). Көрінеу заңсыз үстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (414-бап). Жауап беруге мэжбүр ету (415-бап). Көрінеу эділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (418-бап).

2) Заң бойынша эділсоттылықты жүзеге асыруға жэрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары: көрінеу жалған сөз жеткізу (419-бап). Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (420-бап). Куэгердің немесе жэбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (425-бап). Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (423-бап). Судьяға жэне қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мэліметтерді жария ету (424-бап). Хатталған немесе иелік етуге ты­йым салынған не тэркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз эрекеттер (425-бап).

3) Сотталғандар мен баскадай қылмыстық-қү_қықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары: бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (426-бап). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалта-ру (427-бап). Қылмыстық-атқару мекемесі экімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (428-бап). Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тэртібін бұзу (429-бап).

4) Сот эділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: сот төрелігін жүзеге асыруға жэне алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (407-бап). Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өміріне қол сүғу (408-бап). Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланыс-ты қорқыту немесе күш корсету эрекеттері (409-бап). Сотты құрметтемеу (410-бап). Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приста-вына, соттың атқарушысына жала жабу (411-бап). Айғақтарды бүрмалау (416-бап). Пара немесе коммерцияльщ сатып алуга арандату (417-бап). Жалган жауап беруге не­месе жауап беруден жалтаруга, жалган қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мэжбүр ету (422-бап). Сот үкімін, сот шешімін өзге де сот актісін орындамау (430-бап). Қылмысты жасыру (438-бап). Қылмыс туралы хабарламау (439-бап). Адвокаттар мен озге де адамдардың азаматтарды қорғау жэне оларға заңгерлік көмек корсету жөніндегі занды қызметіне кедергі жасау (435-бап).