Бап. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату

1.Парамен коммерциялың сатып алуға арандату, ягни коммерциялық немесе өзге де уйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамга қылмыс жасау дәлелдемелерін ңолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімінсіз аңша, мүліктік игіліктер мен артықшылыңтар беруге әрекет ету-

2.Парақорлыққа арандату, ягни мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамға не оган теңестірілген адамга не лауазымды адамга не жауапты мемле-кеттік лауазымды атқаратын адамга ңатысты жасалган дел сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі — лауазымды адамның немесе коммерциялық жэне өзге де ұйымдардың баскару функциясын атқаратын адамдарының заңды қызметі.

Қосымша тікелей объект - осы адамдардың ар-намысы, қадір-қасиеті.

Қылмыстық қүіқық бұзушылықтың затына ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулер жатады (қылмыстың заты туралы толық түсінік ҚК-тің 366-бабында берілген).

Қылмыстық құқық бұзушылыктың объективтік жағы параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату, яғни қылмыстың жасалуына не бопсалауға қолдан айғақтар жа­сау мақсатында лауазымды түлғаға не коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын атқарушы адамға оның келісімінсіз ақша, бағалы қағаздар беру, өзге де мүліктер немесе оған мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуге тырысу эрекеті арқылы көрініс табады.

Бұл жерде кінэлінің әрекеті лауазымды тұлғаға не коммерциялық өзге де ұйымдарға басқару функцияларын атқаратын адамға пара беруге оқталу арқьшы көрінеді, бірақ заңда тура көрсетілгендей, мұндай пара беруге оқталу көрсетілген адамдардың келісімін-сіз істеледі жэне олардың тарапьшан Бұл әрекетке тойтарыс беріледі, яғни пара затын алу немесе сатып алу фактісі мүлдем болмайды.

Сондай-ақ жэбірленушілерге заңсыз мүліктік немесе мүліктік сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тырысу эрекеттері де жүзеге аспай қалады. Кінэлі адам осы эрекеттерді занда көрсетілген адамдарды қолдан жасалған айғақтар негізінде қылмыс жасады деп айыптау арқылы оларды эшкерелеп, лауазымынан немесе коммерцнялық өзге де үйымдардағы басқару қызметінен аластатуды немесе қылмыс істеді деп бопсалау арқылы көрсетілген адамдарды қорқытып, өзінің пайдасына белгілі бір іс-әрекеттерді істету немесе істеуден бас тартқызу мақсатын көздейді.

Кінәлі адамдар мүлдай эрекеттерді эділсоттылықты жүзеге асыратын адамдар жөнінде де істеуі мүмкін.

Қылмыстық кұқык бұзушылық формальдық кұрамға жатады, сондықтан да ол параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату әрекетін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық қүқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе-леді. Кінэлі адам занда көрсетілген адамдарды параға немесе коммерциялық сатып алуға тырысу арқылы, оларды пара алғаны жэне сатылғаны жөнінде жалған айғақтар жасау аркылы қылмысқа арандататынын немесе бопсалайтынын сезеді жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстык күқык бү-зушылықтың субъектнвті жағының тағы бір белгісі кі>ілмыстық мақсат. Ол заңда - қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына не бопсалауға колдан айғақтар жасау мақсаты деп көрсетілген.

Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу

1.Куэні, жәбірленушіні олардың жалган айғақтар беруі мақсатында не сарапшыны оның жалган қорытынды немесе жалган айгақтар беруі мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның қате аударма жасауы мақсатында парага сатып алу -

2.Куәні, жәбірленушіні жалған айгақтар беруге, сарапшыны жалган қорытынды беруге немесе аудармашыны қате аударма жасатуға мажбүрлеу, сол сияқты аталган адамдарды айғақтар беруден жалтаруға осы адамдарды немесе олардың жаңындарын бопсалаумен, өлтіру, денсаулығына зиян келтіру, мүлкін жою қатерін төндірумен уласқан мәжбүрлеу -

3.Осы баптың екінші бвлігінде кезделген, аталган адамдардың өміріне немесе денсаулыгына қауіпті емес куш қолданып жасалган іс-әрекеттер -

4.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган не аталган адамдардың өміріне немесе денсаулыгына қауіпті күш қолданып жасалган, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр кылмыс жасады деп айыптауга бай-ланысты іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі сот, анықтама, тергеу органдарының дү_рыс қызметі, қосымша тікелей объект процеске қатысушылардың заңды қүқықтары мен мүдделері.

Қылмыстық қүқық бұзушылық объективтік жағынан алғанда мазмұны жағынан екі түрлі қылмыс нысанының жасалуы арқылы көрініс табады. Оның біріншісі куэні, жәбірленушіні олардың жалған жауап беруі мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруі мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бүрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу (422-баптың 1-тармағы).

Сатып алу - заңда көрсетілген адамдарға кез келген материалдық заттарды, игіліктер-ді кінэлінің өзінің немесе басқа адам арқылы беруі, немесе беремін деп уэде беруі болып табылады. Егер сарапшы немесе аудармашы лауазымды тұлға болса, онда олардың саты-луы пара алу ретінде сараланады.

Куэні, жэбірленушіні жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мэжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтіремін, денсаулығыңа зиян келтіремін деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкін жоямын деп қорқытумен үштасқан, жауап беруден жалтаруға мэжбүр ету осы кылмыстың жасалуының екінші бір көрінісі болып табылады (422-баптың 2-тармағы).

Мэжбүр етуге жэбірленушінің еркіне тікелей эсер ететін оның өзінің қалауы бойын-ша, ерікті түрде эрекет етуіне жол бермейтін эрекеттерді қолдану жатады.

Заңда мұндай мэжбүр етудің тэсілдері: бопсалау, өлтіремін, денсаулығына зиян кел-тіремін, осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкін жоямын деп қорқытумен үлітасқан эрекеттер көрсетілген.

Бопсалау жэне қорқыту жэбірленуші үшін нақты іске асатын, объективтік ақиқат ретінде қабылдануы қажет.

Қылмыстық құқық бүзушылық формальдық құрамға жатады жэне ол сатып алу не­месе мэжбүр ету эрекеттері орын алған сэттен жалған жауап беру немесе жалған жау­ап беруден жалтару, жалған қорытынды беру не қате аудару болғанына не болмағанына қарамастан аяқталған деп саналады.

Қылмыстық қүқық бү-зушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді. Кінәлі адам занда көрсетілген адамдарды сатып алу немесе мэжбүр ету арқылы заңсыз эрекеттер істейтінін сезеді жэне соны тілейді.

Қылмыстық қү_қық бұзушылықтың субъективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың мақсаты жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беру­ге не қате аударуға қол жеткізу болып табылады.

Қылмыстық қү-қық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

ҚК-тің 354-бабының 3 жэне 4-тармақтарында осы қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын 2 түрі:

1) осы баптың екінші бөлігінде көзделген, аталған адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолданылып жасалған эрекет;

2) осы баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топпен не аталған адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылып, сол сияқты сыбайлас жемкорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен байланы-сты жасалған эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Адам өмірі мен денсаулығы үшін күш қолданудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 125-бабында берілген, ал қылмыстық топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданудан кісі өлімі немесе ауыр дене жарақаты пайда болса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 99-бабы, 422-баптың 4-тармағы немесе 106-бап, 422-баптың 4-тармағы).