Бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметіне кедергі жасау

1. Қазақстан Республикасы Конституциялык Кеңесінің қызметіне оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында қандай да болмасын түрде аэаласу -

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дел сол іс-әрекет -

Қылмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының конституциясында көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Конституциялық Кеңес өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес жэне мем-лекеттік органдардан, үйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан тэуелсіз, тек Конституцияға бағынады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Конституциялык. Кеңесінің қызметіне оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында қандай да бол- масын түрде араласу — қылмыс болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте бұл бап тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Қылмыс объективтік жағынан белсенді іс-эрекет арқылы - Конституциялық Кеңестің қызметіне, оның өз өкілеттіктерін жүзеге асырыуын кедергі жасау мақсатында кел келген түрде араласу арқылы көрініс табады. Яғни, қылмыс субъ-ективтік жағынан қасақаналыкден, эртүрлі пайдакүнемдік ниетпен істеледі.

Қьшмыс субъектісі - Конституциялық Кеңестің қызметіне заңсыз кедергі жасаған 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Ал адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дэл сол іс-әрекет - осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. Қылмыс субъектісі - қызмет бабын пайдалана отырып іс-эрекет жасаған тұлға.

Бап. Билік өкілін қорлау

1.Билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына бай­ланысты қорлау -

2.Жария түрде немесе буқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалган дел сол іс-әрекет -

Ескерту.

Билік өкілінің қызметтік жүмысы туралы сын турғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Қызмет бабындағы міндеттерін атқарып жүрген кезінде немесе оны атқаруына байла­нысты жария қорлау туралы қылмыстық жауаптылық 378-бапта көрсетілген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі қызметтік міндеттерін атқарып жүрген немесе атқаруына байланысты өкімет өкілінің заңды қызметі болып табылады.

Қосымша тікелей объект — олардың беделі мен абыройы.

Қылмыстық қү-қық бұзушылық объективтік жағынан қылмыс бабындағы міндеттерін атқарып жүрген немесе оны атқаруына байланысты екімет өкілін қорлау әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Билік өкілінің беделін, абыройын, адамгершілігін көпшілік алдында аяққа басатын, оларды масқаралайтын эрекеттерді қорлау дейміз. Оларға өкімет өкілі туралы ауызша немесе жазбаша, көзінше немесе сыртынан, болмаса баспасөз қүралдарын пайдала-нып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын аякка басатын эрекеттер жатады. Қорлауға, сондай-ақ өкімет өкілінің беделін түсіру мақсатымен жұрт көзінше оны тілдеу, бетіне түкіру, басқа да жөнсіз қимылдар арқылы оның беделін түсіру жатады. Осы бапта айтылған өкімет өкілін кррлау олардың қызметтік міндетін атқару кезінде не атқаруына байланысты болуы керек. Яғни Бұл жерде осы қылмыстың жасалу себебі өкімет өкілінің өз қызметін жүзеге асыруына, атқаруына тікелей байланысты. Қылмыстық қүдық бү-зушылықтың объективтік жағының тағы бір белгісі өкімет өкілін қорлау жария түрде — көпшілік алдында болуы қажет. Көпшілік алдындағы қорлау деп өкімет өкілін қорлауды бөтен адамның көріп, естіп тұруы немесе бір топ адамның осы эрекетке куэ болуы. Бұл жерде басқа бір адамның көзінше қорлау көпшілік алдындағы қорлау деп саналады. Жаз­баша қорлау деп баспасөз құралы арқылы көпшілікке мэлім болған жағдайларды айта-мыз.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тек қана тікелей қасаканалықпен жүзеге асырылады. Кінэлі адам өкімет өкілін оның қызмет бабындағы міндеттерін орын-дауына байланысты көпшілік алдында жария түрде қорлағанын сезеді жэне соған саналы түрде жол береді жэне аталған адамдардың абыройын, беделін түсіруді тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, кез келген азамат болады.

Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуни-кациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дэл сол іс-эрекет (ҚК-тің 378-бабы 2-тармағы) осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады.

Қылмыстық кодекстің осы бабында жэне басқа да баптарында өкіметтің өкілдері деп, оған қызмет жағынан тэуелсіз адамдарға қарсы қатысты заңмен белгіленген тэртіпте өкім ету өкілеттігі берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы танылады.

Қылмыстық Кодекстің 378-бабының ескеруіне сэйкес:

Билік өкілінің қызметтік жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа экеп соқпайды.