Сайлауға дайындық жіне өткізу тәртіптері

Сайлау процесі – бұл сайлауды дайындау және жүргізу бойынша дауыс беру құқығының нормалармен реттелген түрлі субъектілер іс-әрекеті. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:

сайлауды тағайындау, яғни дауыс беру күнін белгілеу Парламенттік сайлау тәртіп бойынша президентпен тағайындалады, ал Президентті сайлау Парламенттің бір палаталарымен тағайындалады;

аймақтық сайлау құру, яғни территориялдық бірліктен бір немесе бірнеше депутат, лауазымды тұлға сайланады. Аймақтың сайланушы депутаттар санына байланысты аймақтар бір мандатты және көп мандатты болып бөлінеді;

Сайлау учаскелерін құру. Сайлау учаскелері дауыс беру бірлігі. Сайлау округтері құрылғаннан кейін, олар көптеген ұсақ бірліктерге бөлінеді. Сайлау учаскелері қаладағы аумақтың және селолық жерлердегі тұрғындардың пунттерін қамтып, сонда тұратын сайлаушылардың дауыс беруін қамтамасыз етеді.

Сайлаушыларды тіркеу — сайлауда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімін жасау. Оны жүзеге асыру түрлері: міндетті (тізімді сәйкестелген органның жасауы. Мысалы: алдын-ала тіркелуі (сайлаудан 1 жыл бұрын тізімі жасалып, кейіннен өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мысалы: Канада, Ұлыбритания); өз ерікті (сайлаушы сәйкестелген органға өзі келіп тіркеледі).

Кандидаттарды ұсыну — сайлау өтпей тұрып кімді сайлайтынын анықтауды қажет ететін, сайлау процесінің жауапты кезеңі. Негізгі әдістері: саяси партиялардың ұсынуы, сайлаушылардың ұсынуы, өзін-өзі ұсыну.

Сайлау алдындағы үгіт — насихаттың нысандары: митинг, кандидаттардың, оның жақтаушылары мен оппоненттерінің радиодан, теледидардан сөйлеуі, баспасөзде мақала жариялауы; кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі; кандидаттардың арасындағы теледебаттар; баспа өнімдерін тарату және т.б.

Сайлауды қаржыландыру: жартылай мемлекеттік бюджеттен; жартылай саяси партиялардың қаржысынан; жартылай кандидаттың өзінің сайлау қорынан беру арқылы жүзеге асырылады.

Дауыс беру — сайлау науқанының шыңы. Дауыс беру сайлау тағайындалған күні сайлау учаскелері бойынша арнайы мекемелерде жүргізіледі.

Дауысты санау. Алдымен сайлау учаскелерінде, одан кейін сайлау округтерінде (сайлау учаскелері оларға өздерінің мәліметтерін жібереді және онда олар округ бойынша қосылады); округ бойынша дауыс беру нәтижесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіліп, онда қорытынды жасалады; шығарылған қорытынды аумақтық сайлау комиссиясына жолданып, онда бүкіл ел бойынша сайлаудың қорытындысы шығарылады. Сайлау қорытындысы сәйкестелген мемлекетте қабылданған сайлау жүйесі бойынша анықталады.

Сайлау жүйесі - сайлау қорытындысы шыққаннан кейін мандаттарды кандидаттарға бөлу тәсілі. Сайлау жүйесі (жалпы мағынада) — қауымдық биліктің органдарын сайлаумен байланысты ретке келтірілген қоғамдық қатынастар. Сайлау жүйесінің қызметі азаматтардың депутаттыққа кандидаттарға қатысты өз еріктерін көрсету бостандығын қамтамасыз ету. Әлемде сайлау жүйесі пропорцинальды және мажоритарлы болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің айырмашылығы сайлаушылардың дауыстарының саны мен сайланған депутаттардың санының арасындағы теңсіздіктің (диспропорция) деңгейі.

28)Можаритарлық сайлау жүйесі — көпшілік қағидасы жатқан сайлау мандаттарын бөлу жүйесі. Ол бір және көп мандатты төңіректерде қолданылып, 40-тан астам елдерде пайдаланылады. Ол көптеген ішкі жүйелерге бөлінеді.

Салыстырмалы көпшілік ішкі жүйесі – бұл басқа кандидаттарға қарағанда неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланады деп есептелінетін ішкі жүйе. Мұнда сайлауға сайлаушылардың міндетті қатысу минимумы бекітіледі.

Абсолютті көпшілік ішкі жүйесі — бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың абсолютті көп даусын жинаған кандидат сайланды деп есептелетін ішкі жүйе, яғни 50%+1 дауыс. Мұнда дауыс беруге қатысуға міндетті сайлаушылардың минималды пайызы бекітіледі.

Білікті көпшілік ішкі жүйесі – бұл білікті көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептелетін ішкі жүйе, яғни 2\3, 3\4 т.б. дауыс.

29)Пропорциональды сайлау жүйесі. Пропорциональды жүйеде депутат партиялық тізім негізінде сайланады және сайлаушылар нақты партияға дауыс береді. Мәні: сайлаушылардың даусы үшін жеке кандидат емес, саяси партиялар күреседі; партиялар «партиялық тізімді» ұсынады, онда сол партияның мүшесі, сонымен қоса олардың мандатқа ие болу кезегі көрсетіледі; партиялар арасындағы мандаттар, олардың арасында партиялардың сайлау кезіндегі дауыс берушілердің дауысына пропорциональды бөлінеді, яғни партиялар көп дауыс жинаса, сәйкестелген түрде көп мандатқа ие болады. Оның ерекшелігі: көппартиялық пен саяси плюрализмді нығайтады; парламенттің қалыптасуына әсер етеді; саяси күштердің қоғамдағы орнын ашады; саяси аренадан ұсақ партияларды ығыстырмайды. Кемшіліктері: партияға дауыс бергенде, тек олардың басшыларын ғана біледі; нақты депутат пен сайлаушылардың арасында тікелей және кері байланыстың болмауы. Ең бірінші бұл жүйе Ұлы Француз революциясы кезінде ұсынылды және ең алғаш рет 1889 жылы Бельгиядағы сайлауда қолданылды.Пропорциональдық сайлау кезіндегі қорытынды бойынша мандаттарды партиялар арасында бөлудің екі әдісі қарастырылады. Олар: сайлау квотасы және бөлу әдісі.

Сайлау квотасы әдісі жалпы берілген дауыстардың санын есептегеннен кейін, оны сайлау орындарына /мандаттарына/ бөлу арқылы анықталады. Бір мандатты алу үшін дауыс санын анықтау және квотаны әр партияға берілген дауыс санына бөлу арқылы қандай партия неше мандатқа ие болатынын білуге болады. Мысалы, бір округте 200 мың дауыс берілсе және 8 депутаттық орын болса, онда сайлау квотасы 25 мыңға тең болады. Сайлау квотасы анықталғаннан кейін әр партиялық тізім бойынша, осы квота неше рет қамтылса, сонша мандатқа ие болады. Мысалы, бір сайлау округінде 5 депутаттық орынға 5 партия (А,В,С,Д,Е,) күрессе, ал олардың ішінде А-75 мың, В-51 мың, С-25 мың, Д-26 мың, Е-23 мың дауыстарға ие болды деп қарастырайық. А партиясына берілген дауыстар санын (75 мың) сайлау квотасына (25 мыңға) бөлгенде 3-ке тең, яғни А партиясы 3 мандатқа ие болады. В партиясы 2 мандатқа, С партиясы, Д партиясы және Е партиясының әр қайсысы бір мандатқа ие болады.