Конст жоғары заңи күші

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Шетелдер конст нысандары

Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми, са- яси, құқықтық тұрғыда Конституция материал-дық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие. Нысандық мағына-да. Конституция нысан-дық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жү- зінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – консти-туциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік билік-тің қатынастарын мем-лекеттік – құқықтық рет- теу негіздері ресми түр- де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекет-тіліктің маңызды белгісі.
Елдің бүкіл заңнама-сының негізгі, мемлекет- тің ең жоғары заң күші- не ие Конституция осы саланың құқық ғылымын- да Заң жүзіндегі Конституция, іс жүзіндегі Конс-титуция болып ажыратылады және де Конс-титуция нысанына қа- рай сараланған Конс-титуция, сараланбаған Конституция, аралас тұрпаттағы Конституция болып бөлінеді. Заң жүзіндегі Конс- титуция. Ол – еліміз- дегі барлық әлеуметтік қатынастар шеңберін реттейтін құқықтық нор- малардың айқындалған жүйесі. Іс жүзіндегі Конс-титуция. Ол – осындай қатынастар, нақты қол-даныстағы қатынастар.
Сараланған Конс- титуция. Бұл – конс-титуциялық сипаттағы барлық негізгі мәселе-лерді реттейді және сол жөніндегі бірыңғай құ- қықтық акт болып са- налады. Оның барлық басқа заңдарға, норма-тивтік – құқықтық акті-лерге қатысты жоғары заңи күші бар, ол – ұлттық құқық жүйесінің қайнар көзі. Негізінен, өз- ге нормативтік – құқық-тық актілердің бәрі Конс- титуцияға сай келуге тиіс. Конституцияны қа- былдайтын орын – пар- ламент, Конституция-лық ассамблея. Сараланбаған Конституция. Ол – айқын-дауға тиіс мәселелердің жекелеген бірнеше заң-намалық актілермен рет- телуі. Заңгерлер оған Ұлы- британиядағы, Жаңа Зе-ландиядағы, Израильдегі жағдайды мысал етеді.
Аралас тұрпаттағы Конституция. Ол парла- менттік заңдарды, соттар-дың үлгі іс-тәжірибесін, конституциялық рәсімдер мен қағидалық түсіндіру-лерді қамтиды. Солардың бірі Конституцияның не- гізгі мәтінін құрайды. Яғни, аралас тұрпаттағы Конс- титуция ішінара саралан-ған құқықтық актілер. Авст- рияда, Канадада, Швеция- да, Чехияда, Финляндияда солай. Мысалы, Швеция-ның Конституциясы үш заңнан құралған: Бас-қару нысаны; Тақ мұра-сы туралы акт; Баспасөз бостандығы туралы акт. Конституция болжалды мерзіміне сәйкес тұрақ-ты Конституция, уақытша Конституция болып екіге бөлінеді.
Уақытша Конституция. Оны елдің түпкілікті конституциялық құрылы-мын әзірлеу қажет өтпелі кезеңде қабылдайды.
Мұн- да негізінен, билікті ұйым- дастыру жөніндегі басты қағидалар ғана мазмұнда-лады. Кейде мұндай Конс-титуцияны көптеген жылдар бойы қолданады.
Тұрақты Конституция. Оның қолданылу уақыты кейде өте қысқа болады.
Өзгерістер енгізу тә-сіліне байланысты Конституция икемді Конституция, қатаң Конституция болып бөлінеді.
Икемді Конституцияның жай заңдар қабылдау жолымен өзгертілуі мүмкін де, Қатаң Конституция арнаулы рәсімдемелер жолымен ғана өзгертіледі. Олар: парламент мүшеле- рінің басым көпшілік дауы- сын талап ететін, Консти-туцияға енгізілетін түзету-лерді бекіту үшін кейде ре- ферендум өткізуді қажет ететін күрделі сипаттар.

ТМД елдері Конституциясының құрылымы а) Кіріспе; ә) Жалпы ережелер (Конституция-лық құрылыстың негізде- рі); б) Адам мен азамат-тың құқықтары мен бос- тандықтары; в) Заң шы- ғарушы билік; г) Атқару- шы билік; д) Сот билігі.

е) Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бас-қару; ж) Конституциялық түзетулер; з) Қорытынды және өтпелі ережелер.