Шетелдердің конст құқық қайнар көздері

Шетелдердің конст құқық ұғымы,пәні,жүйесі

Әрбір мемлекеттің Конституциялық құқық саласы ретінде оның ұлттық құқықтық жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Конституциялық құқық пәні адамдар арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды, мемлекет және қоғамдық құрылымның негізін құрайтын қатынастарды белгілейді. Конституциялық құқықтық әдісі болып қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің түрлері, тәсілдері, амалы аталынады. Оларға: орнату; рұқсат беру; міндеттеу; тиым салу жатады.

Құқықтық тәртіпті нығайту және реформалау кезінде құқықтық ғылымның ұсынған шешімдері егерде ол салыстырмалы құқықтық әдіске сүйеніп шешсе нәтижелі болуы ықтимал. Сондықтан осы салыстырмалы құқықтық әдіс, қай шетелдің құқықтық жүйесінің қандай күрделі мәселелерінің қандай жолмен шешілгендігін ескере отырып, оны ұлттық құқықтың сәйкестелген саласында қолдануға болады.

Конституциялық құқық құқықтануда үш аспектіде қарастырылады:

— нақты мемлекеттің құқық саласы ретінде;

— ғылым ретінде;

— жоғары заң білімі жүйесіндегі оқу пәні ретінде.

Осы үш мағына тығыз байланыста болғандықтан біртұтас болып табылады. Олардың қызметін біріктіретін конституциялық құқықтың ғылымы.

Құқық саласы ретінде Конституцияларда, заңдарда, Президент декреттеріндегі іштей үйлестірілген заң нормаларының жүйесі болып табылады және қоғамдық қатынастардың ең біріншіден, қоғам мен мемлекет құрылымының жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негізгі белгілі тобын реттейді.

Ғылым ретінде ол кітаптарда, мақалаларда, ғылыми еңбектерде Конституциялық құқық мазмұныныа қатысты әртүрлі теориялар, көзқарастар, болжамдардың жиынтығы болып келеді.

Оқу пәні ретінде бұл пән жоғары мектептерде дәріс беруге арналған. Оқу курсы Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Бірінші, Жалпы бөлімінде шет мемлекеттеріндегі Конституциялық құқықтық негзі институттары жалпы және салыстырмалы түрде оқылады, Ерекше бөлімінде – жеке мемлекеттерінің және әлемнің ірі мемелекеттерінің және ТМД елдерінің Конституциялық құқықтарының негізі оқылады. Конституциялық құқық – ішкі құрылымдарын айқындайтын бір-бірімен байланысты бөлімдермен элементтерден тұратын жиынтық. Негізгі бөлімдермен элементтеріне: оның жалпы қағидалары, институттары мен нормалары жатады.

Жалпы қағидалар – Конституциялық құқық жүйесінің негізін құрайтын және оған бірыңғай ағым беретін шет мемлекеттеріндегі Конституцияның мәтінінде бекітілген қағидалар.

Конституциялық — құқықтық институттар – қоғамдық қатынастардың біркелкі саласын реттейтін нормалардың жиынығы, мысалы, мемлекет басшысы институты, адам мен азаматтық құқықтық мәртебесінің институты, жергілікті басқару институты және т.б.

Конституциялық — құқықтық нормалар – Конституциялық – құқықтық қатынастарды реттеу мақсатындағы мемлекет қалыптастырған және санкцияланған міндетті мінез-құқық ережелері.

 

Шетелдердің конст құқық қайнар көздері

Шет мемлекеттерінің Конституциялық құқығының ең жоғарғы қайнар көзі болып – Конституция болып табылады. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, халықтың мемлекеттік мүддесін білдіретін ең жоғарғы түрі, мемлекеттің жоғары заң күші бар заңы. Шет мемлекеттердің конституциялық құқығының қайнар көздеріне мыналар жатады.

- Заңдар. Конституциядан кейін заң күші бар және Конституциялық құқықтың ең таралған қайнар көзі болып табылады. Заңдар Конституциялық, органикалық және ағымдығы болып бөлінеді.

- Конституциялық заңдар. Кейбір мемлекеттерде Конситуцияға өзгерістер енгізеді, Коснитуцияны толықтыратын заңдар ретінде (бұрыңғы Чехословакия), немесе жай заңдардан жоғары тұратын, бірақ Конституцядан төмен жоғарғы заң күші бар Конституцияның маңызды мәселелері бойынша қабылданатын заңдар (Италия), немесе өтпелі жағдайларды қамтитын және Конситуциямен бірге қабылданатын заңдар.

Органикалық заңдар – мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдар.

Ағымдағы заңдар – жеке қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға сүйенетін заңдар (мысалы, сайлау құқығы, депутат мәртебесі, азаматтық, т.б,)

Атқарушы биліктің нормативтік – құқықтық актілері. Оған мемлекет басшысының, үкіметтің, министрлердің және т.б. шығаратын заң актілері жатады;

Конституциялық бақылаудың нормативтік – құқытық актілері Конситуцияға ресми түсіндірме береді;

Соттық преценденттер ұқсас істерді қарау кезіндегі соттарға міндетті үлгі болып табылатын жеке істер бойынша, яғни соттың қаулылары қаралынады;

Конституциялық құқық нормаларын мазмұндайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімі (муниципалды құрылымның мәртебелері, жарғылары);

Конституциялық салт – ресми мәілметтерде жоқ, бірақ мемлекеттің үнсіз санкциясы бойынша ұзақ уақыт қолданып келе жатқан тәжірибеде қолданатын ережелер;

Халықаралық құқық нормалары, халықаралық және мемлекет ішіндегі шарттар;

Діни қайнар көздері ерекше жеке мұсылман елдерінде Конституцияның орнын Құран қолданылады;

Құқықтық доктарина– Конситуциялық – құқықтық мәселері бойынша заңгер – ғалымдардың ресми пікірлері.