Оқушының бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.
Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.
Кiтапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік,кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 дан, кешкі сағат 9 ға дейін.Оқушылардың бос уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Балалар ұйымдары дегенімін не?

2. Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

3. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасына тоқталыңыз.

4. «Атамекен» бағдарламасының мақсаты, бағыттары қандай?

5. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

 

Лекция №14.

Тақырыбы:Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

2. Педагогикалық-психологиялық диагностика жасау әдістемесі.

Лекция мақсаты:педагогикалық-психологиялық диагностика жасау әдістемесімен танысу, талдау жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зертеу. Қазіргі жағдайда мектептің оқу-тәрбие жұмысын жақсартудың басты жолдарының бірі – психологиялық-педагогикалық диагностиканың принциптерін есепке ала отырып құру.

Диагностика – педагогика процесінің міндетті компоненті. Ол оқушыларды терең білімге, оларға әсер етудің мазмұн, формаларын, әдістерін, құралдарын жетілдіруге алып келеді. Сонымен қатар, диагностика – дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады.

Мектептегі психодиагностика міндеті тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліетері туралы мәлімет беру. Бұл мәлімет баланың өздері үшін де олармен жұмыс істейтін мұғалім, тәрбиеші, ата-аналар үшін де пайдалы. Психодиагностиканың міндетіне баланың психикалық дамуының ерекшеліктерін, іскерлік пен дағдысын, жеке бас аралық ерекшеліктерінің даму деңгейінің жас нормалары мен қоғам талаптарына сай екенін анықтау кіреді.

2. Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүзеге асыру, мұғаліммен мынадай компоненттерді қамтитын белгілі бір психодиагностикалық мәдениетті талап етеді: Педагогтың жалпы психологияны, жас ерекшеліктер психологиясын және педагогикалық психологияны білуді диагностикалық зерттеу объектісі болатын, психологиялық болмысты түсіндіру, сондай-ақ тестілеуді өткізумен, оның нәтижесін хабарлаудағы объективтілікті талап етеді.

Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекетінің интерпретациясы психодиагностикалық процедура құрылымы төменгі бөлімдерден тұрады:

ü Зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәні мен міндетін ашу тәсілі;

ü Салыстыруға және қарым-қатынасқа қажетті жеке нәтижелерді талдау алгоритімі;

ü Психологиялық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкідік болатын нұсқаларын талдау.

Тәрбиелік процесті бақылау ең алдымен оқу процесінің барысында жүреді, өйткені тәрбие жұмысы сабақ үстінде жүргізіледі. Тәрбиелік процесті бақылауда сынып жетекшісінің сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйірмелердің, секциялардың іс-әрекетін, сондай-ақ осы жұмыстың жалпы нәтижелерін зерттеу ерекше орын алады.

Тәрбиелік процесті бағалау үшін көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелілігінің негізгі ұғымдары енгізіледі.

Оқушы тәрбиелілігі- оның жекелік дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесі. Тәрбиелік процестің нәтижесін анықтау- оқушылардың тәрбиелілік деңгейін анықтау деген сөз.

Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін арнайы дигностикалық әдістер арқылы білуге болады. Олар: сауалнама (анкета), шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдістер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенін және мөлшерін) анықтайды, өйткені олардың барлығы баланы "ерікті таңдау" орнына қояды және бұл таңдау арқылы ол жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтірікті, әсемдік пен ұсқынсыздықты ажырата алады.

Тәрбиелілікті әңгіме-сұқбат, бақылау арқылы анықтауға болады. Әңгіме топпен де, жеке оқушымен де жүргізіледі. Сұрақтар ашық не жабық, тура не жанама болуы мүмкін. Бақылау кезінде баланың сыртқы көрінісі, мимикасы, тілі, қылықтар, қоршаған ортамен қатынасы байқалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Диагностика дегеніміз не?

2. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

3. Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүзеге асыру мұғалімнен қандай психодиагностикалық мәдениетті талап етеді?

4. Психодиагностикалық процедура құрылымы қандай бөлімдерден тұрады?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция №15.

Тақырыбы:Тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы

2. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі

3. Тәрбие жұмыстарында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану

 

Лекция мақсаты:тәрбие жұмыстарында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану жолдарымен танысу, талдау жасау.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5- тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін , парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген.

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңбер мұғалімнің өзіндік білім алуына ықпал етеді:

• ақпаратпен күнделікті жұмыс;

• шығармашылыққа деген ынта-жігері ;

• қазіргі ғылымның жылдам дамуы;

• өмірде ,қоғамда болып жатқан өзгерістер;

• бәсекелестік

• қоғамдық пікір

• материалдық ынталандыру

• қызығушылық

Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу, зерттеу қызметінің мүмкінтіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.

Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар:

• кәсіптік (пәнді оқыту бойынша)

• психологиялық-педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау)

• технологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті).

• әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары)

• құқықтық

• эстетикалық

• тарихи

• шет тілдері

• ақпараттық-компьютерлік технологиялар

• денсаулықты сақтау

• қызығушылықтары, хоббиі

Креактивтік (шығармашыл) мұғалім бұл тізімді өзінің бағыттарымен толықтырады.

1.Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық- педагогикалық іс- әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.”Тәжірибе” және “практика” ұғымдар ұқсас емес.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу- тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу,сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зертеудің көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.Оман тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зертеушінің жеке дара қасиеттерін есепке алаотырып сүйенуге болады.

Озат педагогикалық тәжірибенізерттеу, жинақтау және тарату жұмысы – ғылыми-педагогикалық конференция немесе педагогикалық оқулар түрінде жылына бір рет өткізілетін уақытша эпизодтық іс-шара емес, бұл- мұғалімдер, тәрбиешілер мен білім бөлімінің әдіскерлерінің күнделікті қызметінің элементі. Білім бөлімінің жұмыс тиімділігі мен сапасы бұл қызметтің дұрыс жолға қойылғанына байланысты , сондықтан бұл қызметті нақты бір кезеңмен жүзеге асыру қажет.

Озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу мен жинақтаудағы негізгі жұмыс сатылары (Р.Г.Амосов бойынша)

· ОПТ-ні зерттеу мақсатын анықтау;

· Заңдылыққа сәйкес педагогикалық тәжірибелердің негізгі түрлері мен әдістерін іріктеу;

· ОПТ-і зерттеудің әдіс-тәсілдерін таңдау;

· Ұсынылып отырған тәжірибенің маңыздылығын түсіндіретін болжамдар ұсыну;

· Зерттеудің диагностикалық ерекшеліктерін бөліп көрсету;

· Тәжірибені танып білу үрдісі кезінде ерекше жағдайларды ескеру;

· Тәжірибені зерттеу жоспарын құру;

· ОПТ-ге нақты сандық және сапалық сипаттама беру;

· Алынған нәтижелерді талдау;

· Тәжірибенің болашақтағы дамуын анықтап, ұсыныстар жасау.

Педагогтардың тәжірибесін танып біліп, басқалар үшін маңыздылығын арттыру үшін ОПТ-і зерттеу бағдарламасын (сауалнамалар,сұрақ-жауап алу) жасау қажет.