Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау бойынша ұсынымдар

І. ОПТ-і жинақтау әдістемесі.

* педагогтың қызметімен танысу, ұзақ бақылау, сабаққа, тәрбиелік іс-шараларға қатысу;

* Оқушылардың білім,білік,дағдыларын, тәрбие деңгейін,жалпы даму динамикасын талдау;

* оқу-тәрбие үрдісінде нәтижеге қол жеткізген әдіс-тәсілдерді , балалардың танымдық қызметін және басқару тәжірибесін анықтау;

* балаларды шамадан тыс жүктеудің жоқтығына көзді жеткізу;

* жұмыс тәжірибесінде жаңалықтың барын анықтау;

* зерттелетін және жинақталатын тәжірибеніңозат педагогикалық тәжірибеніңбағалау көрсеткіштеріне сәйкестігін анықтау;

* оң нәтижелерге қол жеткізген жағдайларды сипаттау және талдау;

* ОПТ педагогикалық кеңесте талқылау және талдау, шешімдер қабылдау;

* әдістемелік іс-шараларда ОПТ тарату, тәжірибені көрнекі түрде рәсімдеп, әдістемелік кабинетке тапсыру.

ІІ. Жинақталған ОПТ-і рәсімдеу:.

· Басшының қолы қойылған мұғалімнің мінездемесі. Аты-жөні. Білімі. Қандай оқу орнын, қашан бітірді? Педагогикалық өтілі. Марапаттары. Біліктілік санаты.

· Мінездемеде педагогтың жеке тұлғалық қасиеттерін, жұмысында қол жеткізген жетістіктерін атап көрсету керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар қандай?

2. Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз не?

3. Озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу мен жинақтаудағы негізгі жұмыс сатылары(Р.Г.Амосов бойынша)

4. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтауда басшылыққа алынатын алгоритм қандай?

5. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау бойынша ұсынымдарға тоқталыңыз.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

11. Ш.Амантурин. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.

12. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары (Методикалық нұсқау). /

Құрастырған: Ж.Н.Нұржанова, - Алматы, 1991.

 

 

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:

1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Практикалық сабақтардың барысында студенттерде әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастары қалыптасады, оқыту мен тәрбиелеудің нақты теориялық міндеттерін шешудің жолдары мен құралдарын табуды үйренеді.

Практикалық сабақтарда теориялық сұрақтарды талқылау ұйымдастырылады, студенттердің дайындаған рефераттары, баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланады, сонымен бірге студенттердің зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелері тыңдалады. Әртүрлі педагогикалық әдебиеттердегі негізгі, жалпы теориялық білімдер нақтыланады.

Кейбір практикалық тапсырмалар педагогикалық практика өтілетін мектепте орындалады. Онда студенттер белгілі бір педагогикалық үдерісті бақылап, оған талдау жасайды. Мектеп тәжірибесін жан-жақты және мақсатты түрде зерттеп үйрену ұйымдастырылады.

Практикалық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдайларды шешу ұсынылады, іскерлік ойындары ұйымдастырылады, педагогикалық міндеттер шешіледі, оқу-тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың әртүрлі нұсқаулары талқыланады. Студенттер оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдануды, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды үйренеді, өздігінен іздену жұмыстарына машықтанады.

Практикалық сабақтарға дайындалу барысында әр студент:

- ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

- реферат, баяндама дайындауға;

- практикалық тапсырманы орындауға;

- тәжірибелік жұмысты (мектепте қатысқан сабақтың, тәрбие жұмысының барысын жазу және оған талдау жасау) орындауға міндетті.