Дәріс № 4 Жер қатынастарын реттеу.

Жер қатынастарын реттеу, Жер кодексі және оның негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен белгіленгендігіне қарамастан, жер қатынастары мәселелерін шешу үнемі екінші кезекке қалдырылып отырады. Қазақстан Еуразия құрлығының кең аумағын алып жатыр: жер көлемі — 272,5 млн. гектар. Біздің ел — әлемнің ең ірі елдерінің ондығына енеді. Сонымен қатар жермен қамтамасыз ету бойынша еліміздің 1 тұрғынына 17 гектарға жер телімі (оның ішінде егістіктер — 1,5 гектар) тиесілі екен.

Еліміздің жер қорында барлығы 7 жер санаты бар. Өткен жылғы қарашаның 1-іне дейінгі мәлімет бойынша, жер қорының 1,60 миллион гектары (1 пайызы ) тұлғалардың жеке иелігінде. Қалғаны — 99 пайызы мемлекеттің меншігінде.

Жер санатының тек 4 түрінің болжамды нормативтік бағалау құны (ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, босалқы жерлер, елді мекендер жері, өнеркәсіп жерлері) 4,5 триллионға бағаланады екен.

Жер ресурстарын тиімді басқару мақсатында ең алдымен дұрыс мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру қажет. Жер ресурстарын ұтымды пайдалануға ықпал ететін факторлардың бірі — жер мониторингі. 2011 жылғы мәлімет бойынша, республика аумағында барлығы 975 бақылау пункті (стационарлық және жартылай тұрақты стационарлық) бар. Дегенмен, жердің жағдайын көрсететін стационарлық бақылау алаңдары аумақтық-аймақтық жүйесі әлі толық құрылып болған жоқ. Табиғи жайылымдық аймақтарда жер мониторингі (Алматы облысынан басқа) жүргізіліп жатқан жоқ. Осыған байланысты табиғи жайылымдық аумақтарда, оның ішінде Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында мониторинг жүргізу үшін қосымша қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде, — деді Қадырхан Отаров.

Жер ресурстарын басқарудың ең негізгісі — топырақ зерттеу және геоботаникалық іздестіру жұмыстарын жүргізу.

Топырақтың құнарлылығының азаюы табиғи фактордан басқа, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды пайдаланбау, агротехникалық талаптарды сақтамаудан да болып отыр. Жерге тыңайтқыштар енгізу жер иелері мен пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүргізілуі керек. Әрине, бұл ретте тыңайтқыштарды қолдану жұмыстарына субсидия беру мемлекеттік бағдарламасы әрі қарай жалғасуы қажет. Жалпы еліміз бойынша 15-16 миллион гектар жер тыңайтылуы тиіс, Жер ресурстарын басқарудың бірегей ықпалды әдістемесі — жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Ол негізінен жер заңнамасының талаптарының бұзылуын анықтау үшін, олардың болашақта пайдалануы үшін жүргізіледі. Аймақтардың жер қатынастарын реттейтін негізгі құжаты — елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу, қалалардың шекараларын және қала маңы аймақтарын белгілеуге байланысты жер заңнамасының нормалары қажетті деңгейде жүзеге асырылмайтыды — Елімізде 64 қала мен тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 63 ауылдық елді мекендердің ғана бас жоспары бекітілген. Ал қалған 19 қала мен 78 кентте бас жоба жоқ. Қалалардың шекарасы тек қана Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды және Тараз қалаларында белгіленген. Ал қала маңындағы аймақтар тек Астана, Алматы, Орал, Ақтау және Павлодар қалалары айналасында ғана белгіленген.

Жер ресурстарын басқарудағы және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тағы бір өзекті мәселесі — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану. Бұл мәселелерді шешу наурыздың 29-ында күшіне енген «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану» Ережесімен реттелген.

Жерлерді ұтымды пайдалану бойынша өңірлік бағдарламаларын жасаудың алдында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланудың өңірлік тиімділігін анықтау қажет. Ол үшін жергілікті атқарушы органның жер қатынастары басқармалары техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуі тиіс.

Агенттік шалғайдағы мал шаруашылығы мәселелерін реттеуді мақсат еткен ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын дайындады. Агенттіктің стратегиялық жоспарына сәйкес, 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер түгенделеді. 3 жыл ішінде барлық ауыл шаруашылығы алқаптары зерттелетін болады.