Дәріс № 14 Ресурстық және аумақтық болжамдау.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
жер ресурстарының сандық құрамы туралы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату;
жер ресурстарының сапалық құрамы туралы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату;
электронды нысанда жер кадастрлық мәлеметтермен ақпараттың қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату;
экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып жер қорын пайдалануды жетілдіру, мақсатты тағайындалуына сәйкес санаттар бойынша есеп жүргізу;
мемлекеттік жер кадастрын жасау және жүргізу, оны автоматтандырылған технологияларға көшіру;
топырақты сақтау және қалпына келтіру, жер жағдайына жағымсыз антропогендік әсерлерді жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру есебінен жердің сапалық жағдайын жақсарту;
босалқы жерлер санатындағы топырақ сапасы жақсы және орташа егістікке жарамды жерлердің (тыңайған жерлер) алқаптарын ауылшаруашылығы айналымына тарту үшін шаруашылық айналымға енгізу;
жерді ұтымды пайдалану және қорғауды, оңтайлы жер пайдаланудың экологиялық нормативтерін енгізу іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру кезінде ландшафтық-экологиялық тәсілді кезең-кезеңмен іске асыру;
әлеуметтік-тиімді жер нарығына және жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды экономикалық ынталандыруға көшу болып табылады.

Дәріс № 15 Жерге орналастыру жобаларындағы жер ресурстан басқару сұрақтары.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының,бірінші кезекте, а.ш. мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орн-дың басты міндетін-ғылыми тұрғыдан негізделген,экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті террит-лық реттілікті қалыптастыруды себептейді. ҚР-ның жер заңдарында, жерге орн жер қат-ын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдас-ға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады.

Жерге орналастырудың негізгі міндеті-ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурс-ң ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.

Қазіргі кездегі жер ресурстарын басқару бұл жер қатынастарын жерге орналастыру арқылы жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыруға жер жарығын қалыптастыруға бағытталған құқықтық эекономикалық және ұйымдық техникалық шаралар жүйесі болып табылады. Осымен қатар ол жер ресурстарын зерттеуін карто-ы жер кадастрын жер мониторингін жүргізуді жердің болашақта пайдалануын иболжаумен жоспарлауды жерді аймақтауды және қорғауды қамтиды. Нарықтық экономика жағдайында жер тек жеке меншік объектісі ғана емес табиғи ресурс өндіріс құралы және кеністіктік базис. Осы байлықты тиімді пайдалану жер ресурстарын басқару жүйесінсіз мүмкін емес. Қалыптасқан жер ресурстарын басқару жүйесі мемлекетінің қоғамның құқықтық саяси экономикалық экологиялық және әлеуметтік жағдайын ескереді. Жер қорын мемлекеттік басқару жүйесінің ерекше маңыздылығы бар бағыты болып табылады ол жерді қорғаумен пайдалану тиімдігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті ұйымдастыру шарты. Жер қорын мемлекеттік басқару функциялары:

-жер мониторингін жүзеге асыру

-жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу

-мемлекеттік жер кадастрын жүргізу

-жер қорының, қызмет мақсатын анықтау, жерді қорғауды жоспарлау

-жер қорына билік ету

-жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

-жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету

-жер нарығымен жер құқығын қалыптастыру мен қорғау.

 

 

Дебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1.050907-«Кадастр» мамандығының студенттеріне арналған «Жер ресурстарын басқару» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы – Алматы, 2006 ж.

2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2004.

3. Жер қатынастары және жерге орналастыру бойынша нормативтік акттер жинағы. – Алматы: Каржы-Каражат, 1996.

4. Варламов А.А.. Жер қатынастарының мемлекеттік реттеуі./ А.А Варламов, Н.В. Комов, В.С .Шаманаев, В. Хлыстун - М.: «Колос», 1998. - 264 с. (ЖОО студенттерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары).

5. Есполов Т.И., Жер ресурстарын басқару / Т.И Есполов., Ж.Т. Сейфуллин – Алматы: 2004.

6. Спектор М.Д. Жерге орналастыру және жер қатынастары / М.Д. Спектор – Астана: 2005.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Комов Н.В. Управление земельными ресурсами России (Справочное пособие) /Н.В. Комов. – М.: 1995. – 301.с.

2. Гендельман М.А. Жерге орналстырудың ғылыми негіздері. / М.А. Гендельман. – М.: Колос, 1995.