Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.

Дәріс кешені

(мемлекеттік компоненті)

(таңдауы бойынша, міндетті)

 

Орал – 2009ж.

 

Құрастырушы: оқытушы «Кушалиев Д.К.»

 

«Машина жасау технологиясы» кафедрасы

«Машина жасау факультеті М-205 »

 

Кредит саны – 3

Дәріс – 15 сағат

Бақылау түрі – емтихан

 

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

 

1-ші дәріс

 

Тақырыбы: «Кіріспе. Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулердің даму тарихы»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1.Пәннің мазмұны

2.Пәннің тапсырмалары

3.Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.

 

1. Қазіргі кезеңде көптеген өнімдердің техникалық деңгейі мен сапасы бүгінгі күн талабына, халық шаруашылығы қажеттіліктеріне сай емес.

Өндіріс орындарының ескірген, төмен сапалы өнімдерді шығаруы ғылыми -техникалық дамудың қарқынды түрде алға басуын тежейді, өндіріс тиімділігін төмен-детеді,әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге септігін тигізбейді.

Бұл мәселелерді шешуде стандарттаудың маңызы зор.

Стандарттау дегеніміз-ғылымның, техниканың және экономикалық әр түрлі саласындағы үнемі қайталанылатын шешімдерді тауып, реттеуге бағытталған ең жоғарғы деңгейдегі іс-әрекет.

Стандартауға өнімдер және оларды өндіру мен қолдануды қамтамасыз етудің ережелері және қоғамдық өндіріс пен әлеуметтік өмірге байланысты Министрлер кабинеті бекіткен нысандар жатады. Қоғамдық өндірісте дәстүрлі түрде стандарттауға жататын нысандар:

- өндіріс-техникалық бағыттағы өнімдер;

- халық тұтынатын тауарлар (құралдар, станоктар, аспаптар, механизмдер);

- өндіріс орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің көрсетіп отырған қызметтері.

Стандарттауға байланысты көптеген басшы органдар бар, олар:

- біріңғай уақыт пен эталондық жиіліктердің мемлекеттік комиссиясы;

- стандарттау және оны өткізудің әдістемесі жөніндегі ғылыми –зерттеу инсти-туттарының обылыстық орталықтары;

- Стандарттау және оны өткізудің әдістемесінің этлондарын оқытып, зерттеу және халыққа ұғындыруды жүзеге асыратын оқу орындары мен баспалар мен басылымдар;

Стандарттауға және оны өткізудің әдістемесін күнделікті өмірге тиімді енгізу үшін ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау мен сертификаттау Комитеті басты бағыттарда жүйелі жұмыстар атқаруда:

- Кешенді стандарттау бағдарламасы негізінде стандарттауды одан әрі дамыту;

- Сенімділікті қамтамасыз ететін стандарттар жүйесін қайта қарап, жетілдіру;

- Машиналар мен технологиялық кешендер жүйесінің технико –экономикалық бағытта даярлап, стандарттау тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу;

- Тиімділік пен тез жұмыстанудың деңгейін көтеру;

- Өндірістік бақылау мен өлшеу құралдарының көлемін ұлғайту;

- стандартқа сай емес өнімдер шығаратын өндіріс орындарында тексеру шараларын оздыру;

- Сапасыз өнімдер шығаратын өндіріс орындарына қатаң санкциялар қолдану.

ҚР-ның Мемлекеттік Стандарттау мен Сертификаттау Комитеті тікелей басшылық ететін Мемлекеттік комиссия мен Ғылыми - Техникалық Кеңес отандық стандарттау және сертификаттау жүйесін әлемдік озық үлгілер дәрежесіне жеткізу бағытында жұмыстанады және халықаралық стандарттау мен сертификаттау ұйымдары құжаттарының қажет тұстарын тікелей пайдалану туралы мәселелерді ұсынып, енгізеді, мысалы:

- Стандартқа сай Сапа бағдарламасын жасақтау;

- Машина жасау индустриясында сынақ жұмыстарын біріңғай талапқа сүйене отырып, халықаралық дәрежедегі стандарттау мен сертификаттауға сай оздыру;

- Машина жасау индустриясында қазіргі заман талаптарға сай диогнастикалық құралдармен қамту;

- Халықаралық стандарттау мен сертификатау талаптарына сай орталықтарын құру;

2. Стандарттаудағы негізгі тапсырмалары:

- дайындаушылар,тұтынушылар, ұйымдастырушылар, тапсырыс берушілер арасын- дағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету;

- өнім сапасына, жұмыс процессіне, мемлекеттік және тұтынушының, адамдардың денсаулығы мен мулкіне, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді талаптарын орнату;

- өнімнің (құрылғылық, электрлік, электрмагниттік, ақпараттық) өзара алмастырмалық талаптарын орнату;

- өнімнің, бұйымның, материалдардың мінездемелермен көрсеткіштерін келістіру;

- метрологиялық ережелердің, нормалардың, қосымшалардың талаптарын орнату;

- бақылауды (сынауды, өлшеуді) нормативті –техникалық қамтамасыз ету және өнімді, жұмысты, қызмет көрсетуді сертификаттау, сапаны бағалау;

- ҚР-ның заңдарын стандарттау саласы бойынша жабдықтар мен тәсілдерімен орнатуға атсалысу;

 

Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.

Жұмыстың көлеміне байланысты стандарттау халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

Халықаралық стандарттау дегеніміз- кез-келген мемлекет органдары қатыса алатын стандарттау жұмысы. Халықаралық стандарттаудың нәтижесі болып қатысқан мемлекеттер қолдана алатын халықаралық стандарттар.

Мемлекетаралық стандарттау дегеніміз- мемлекетаралық стандарттаудың обьекті- лері болып табылады.

Аймақтық стандарттау дегеніміз- мемлекеттің бір экономикалық немесе география-лық аймағының органдары қатыса алатын стандарттау жұмысы. Аймақтық және халық- аралық стандарттауды мемлекеттердің мамандарымен жүргізіледі.

Ұлттық стандарттау дегеніміз- бір ғана мемлекетте бола алатын стандарттау.

Стандарт. Стандарттаудың халықаралық ұйымы келесі анықтаманы енгізді: «Стандарт- бұл тағайындалған органмен бекітілген оңтайлы шешімге жетуі үшін бағытталған нор-мативтік құжат». ҚР-ның Стандарттау туралы Заңына сәйкес Стандарт дегеніміз– екі жақтың негізінде келіскен, бірнеше рет қолданылатын тәртіптерді орнатқан, жалпы ұстанымдары бар құжат.

Стандарттау саласындағы нормативтік құжат дегеніміз- стандарттау саласындағы әртүрлі ережелерді,мінездемелерді, принциптерді (ұстанымдарды) тағайындайтын құжат.

Жүздеген халықаралық ұйымдар стандарттау мен сертификаттау ұйымдары тұтынушылар мүддесін қорғайтын біріңғай құжаттар дайындап, өзгермелі өндірістік жүйелерді, техниканы, машиналар мен приборлар жүйесін күні бұрын құрастырылған бөліктерді пайдаланып, жобалауды жүзеге асырмақ. Болашақта стандарт жүйесі қауіпсіздікке, тех-никалық үйлесімділік пен алмастырымдылыққа, экологиялық ұстанымдарға негізделген.

 

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

2-ші дәріс

 

Тақырыбы: «Стандарттау түрлері және нормативтік құжаттар»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1.Стандарттау әдістері.

2.Стандарттау функциялары.

3.Стандарттаудың нормативтік құжаттары.

 

1.Стандарттау әдістері дегеніміз - стандарттаудың алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған, тәсілдердің жиынтығы. Стандарттау әдістеріне – шектеу әдісі (симплификация), типтеу, унификациялау, агрегаттау және стандарттау(параметрлік) әдістері жатады.

Шектеу әдісі -бұл қоғамдық өндірісте одан әрі өндіруге және қолдануға тиімсіз деп табылған нақты обьектілерді анықтауға бағытталған кәсіп.Бұл әдіс экономикалық тиімді және өтімді бұйымдар мен материалдардың номенклатурасын қысқартады.

Типтеу әдісі –құрылғылардың, технологиялық ережелерді, құжаттардың түрлерін дайындап - жасайтын кәсіп.Типтік шешімдер құрылыста, машина жасауда, технологиялық реттеуде, ұйымдастыру және басқару кәсібінде кеңінен қолданылады.Әдіс технико-экономикалық тиімді және жаңа обьектілерді дайындауға, олардың сапасын арттыруға уақыт шығынын қысқартады және еңбек пен қаржы шығынын азайтады.

Унификациялау әдісі –бірдей функционалды арналған типтік бөлшектер,агрегаттар санын қысқартатын кәсіп - өнімді унификациялау деп аталады. Унификацилаудың негізгі бағыттары:

- Бұйымдардың, машиналардың, жабдықтардың, аспаптардың, түйіндер мен бөлшектердің қатарларын дайындау;

- Унификацияланған технологиялық процесстерді дайындау;

- Унификациялау бойынша жұмыстардың нәтижесі әр түрлі рәсімделеді;

Унификациялау деңгейінің бір көрсеткіштерінің бірі болып - унификация коэффициенті табылады, ол төмендегі формула бойынша есептелінеді:

 

Мұндағы: n- бұйымдағы бөлшектердің жалпы саны; дана.

n – алғаш дайындалған оригинал бөлшектердің саны.

Бұнда бөлшектердің жалпы санына оригиналдықтан басқа стандартты бөлшектер кіреді.

 

Агрегаттау әдісі –геометриялық және функционалдық өзараалмастырмалық негізінде, әртүрлі бұйымдарды дайындау кезінде көп мәрте қолданылатын машиналарды, аспаптарды және жабдықтарды стандартты түйіндерден құрастыру әдісі.Агрегаттау машинажасауда, радиотехникада кеңінен қолданылады.

Стандарттау әдісі- унификациялау, типтеу, агрегаттау және шектеу әдістері базасында обьектілер номенклатурасын халық шаруашылығына тиімді құрастырып, нәтижесін стандарт түрінде рәсімдейді.

2.Стандарттау функциялары.Әлеуметтік және техникалық, экономикалық мақсатқа жетуі үшін стандарттау белгілі функияларды орындайды.

1. Реттеу функциясы. Ол обьектілерді алуан түрлілігін, нормативтік құжаттардың қысқартып, шектеуге негізделген.

2. Сақтау функциясы.Өнімді тұтынушылардың, дайындаушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3. Рессурстарды сақтау функциясы. Ол материалдық, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстарды шектеп, ресурстар шығынын үнемдеуге негізделген нормативтік құжаттарды орнату арқылы орындалады.

4. Коммуникативтік функция. Ол адамдардың, соның ішінде мамандардың құжат-құралдардың, аппарат жүйелерін компьютерлік,спутниктік және жолдама беру жолдарын пайдалану бойынша өзара қарым- қатынасына негізделеді.Бұл функция саудадағы кедергілерді жойып, экономикалық және ғылыми- техникалық қатынасқа ықпалдауға бағытталған.

5. Өркениеттеу функциясы. Өнім мен қызмет көрсетудің сапасын жоғарлатуға бағытталған. Мемлекеттік стандарттар талаптарынының қатаңдығы, ел тұрғындарының өмір ұзақтығына тікелей байланысты.

6. Ақпараттық функциясы. Стандарттау материалдық өндірісті, ғылымды, техниканы және басқа сфераларды да, техникалық және басқарма аппараттарының тасымалдағышы ретінде өндірісті каталогтарымен, өнімдердің этлондарымен, үлгілермен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді.

7. Құқықтық функциясы. Стандарттау обьектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарт түрінде заңды және жалпы қолдану арқылы заңды түрге енгізуге негізделген.