Сертификаттаудың заңды және нормативтік базасы.

Сертификаттау жұмыстарын нормативтік құжаттарды (заңдықты, методикалық және техникалық) қолданбай жүргізу мүмкін емес.Сертификаттау заңдылықтары ҚР-ның Сертификаттау туралы заңдарынан тұрады.

Қазақстан Республикасының экономикасының өзгеруіне байланысты халықаралық заңдарына сәйкес 2003 жылы 10 маусымнан бастап ҚР –ның Сертификаттау туралы Заңы өзгертіліп толықтырылуы. Заңда сертификаттау мақсаттары, сертификаттаудың ұлттық органдары анықталды және олардың басты бағыттары талқыланған немесе қаралған. 2000жылы 29 қарашадан 1787 үкіметімен тағайындалған «ҚР-ғы өнімдердің бақылауға сәйкес » өнімдердің тізімі бекетілді. Ол өнімдер адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды заттар.СМС жөніндегі комитет нормативті құжаттарды құрастырып шығарды. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат дегеніміз- сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелеріне қатысты формаларды, ережелерді сипаттамаларды белгілейтін құжат.

ҚР-да 2003 жылы 1 қаңтарда 100 нормативтік құжат жұмыс жасайды.ҚР МСЖ нормативтік базасына келесі құжаттар кіреді:

· Сертификаттайтын өнімге сәйкес стандарттар, құрылыс нормалар мен ережелер , ақпаратты анықтағыш материалдар және басқа құжаттар;

· өнімді сынау әдісіне байланысты нормативтік құжаттары;

· сапа жүйесіне өндірісте нормативтік құжаттар;

· ҚРМСЖ салааралық нормативтік құжаттар;

 

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

8-ші дәріс

Тақырыбы: «Өнімнің сәйкестігін бекіту»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Өнімнің сәйкестігін растау.

2. Сертификаттау түрлері.

1. Өнімнің сәйкестігін растау.Сәйкестікті растау- сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік деклорациясы түрінде өнімнің қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін құжаттай растау процедурасы.

Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжакттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатын береді. Сәйкестікті растаудың ұйымдастыру - әдістемелік негізі бүкіл сертификаттау обьектілеріне қатысты таралатын ережелерді және берілген процедураларды және ұйымдастыру, өткізу тәртібін реттеуді қарастырады.

Отандық және шетел өнімдердің сәйкестігін растау ҚРМСЖ белгіленген ортақ ережелерге және схемеға сәйкес жүзеге асырылады, өнімнің шығу елі мен жерінен, өндіріс процесінің сақталуынан, тасымалдануынан, таралуынан, келісім шарт түріне немесе ерекшелігіне тәуелсіз. Шетел өнімдерінің сәйкестігін растау, егер осыған сәйкес сертификаттау нәтижесін мойындау туралы шарт болған жағдайда шетел сертификатын немесе сәйкестік белгісін мойындау арқылы жүзеге асырылады.

Егер республикада бұндай мойындау сертификаты болмаған жағдайда, өнім үлгілеріне ҚР нормативтік құжаттарында белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштері талаптарына сәйкес келуіне сынақ жүргізеді.

Өнімнің сәйкестігін растауды, сонымен қоса шетел өнімдерінің сәйкестігін растауды сертификаттау жөніндегі аккредиттелген сертификаттау органы, егер ол болмаған жағдайда – Мемстандарт жүзеге асырады.

Өнімге сертификаттау сынақтарын өткізуге тек аккредиттелген сынақ зертханалары тартылуы тиіс. Сынақты өткізу кезінде анықталатын көрсеткіштер үш топқа бөлінеді:

· Сәйкестендіру мақсатындағы көрсеткіштер;

· Міндетті сертификаттау үшін қауіпсіздікті және басқа міндетті талаптарды растау мақсатындағы көрсеткіштер.

· Ерікті сертификаттау кезіндегі басқа көрсеткіштер.

Сертификаттау жұмыстары кезіндегі шыққан шығындары оның нәтижесіне байланыссыз, өтініш беруші мен сертификаттау жөніндегі орган саласында толтырылған келісім-шарт бойынша өтініш беруші төлейді.

2. Сертификаттау түрлері. Өнімнің сәйкестігін растау ҚР-ның териториясында ерікті және міндетті сипатта болады.

Міндетті сертификаттау дегеніміз- адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Мемлекеттік басқару органдарының ұсынысымен Мемстандарт дайындайды. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің сәйкестік сертификаты жоқ болған жағдайда өткзуге, жарнамалауға тыйым салынады. Міндетті сертификаттауға жататын импортталған өнімді беруге жасалатын келісім шартты мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуі тиіс.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің бастамшылығы бойынша өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Міндетті сертификаттау тізімінде 1000-ға жуық өнім және 6 қызмет көрсету түрі кіреді. Заңға сәйкес осы тізімге енгізілген отандық және шетел өнімдері сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік деклорациясы болған жағдайда ғана сатылуы рұқсат етіледі.

Қазақстанда міндетті сертификаттау басым, ал шетелді ерікті сертификаттау басым.ҚР территориясында өндірілетін, сатып алынатын және әкелінетін бірінші кезекте міндетті сертификаттауға жататын біртекті өнім топтарының тізімі;

· Балалар тауарлары, медициналық техника, емдік препараттар мен өсімдіктер, жанармай шикізаты, тұрмыстық химия тауарлары, парфюмерия, косметика, улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар, машинажасау және құралдар жасайтын өнімдер, ауыл шаруашылығы техникасы, жол және құрылыс техникасы, жекелей қорғау құралдары, құрылыс материалдарымен конструкциялар, өрт жарылыс қауіптілігі бар заттар, материалдар, бұйымдар, автокөліктер т.б .

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

9-ші дәріс

Тақырыбы: «Халықаралық және аймақтық сертификаттау»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Халықаралық сертификаттау.

2. Аймақтық сертификаттау.

 

1.Көптеген дамушы елдер –халықаралық сертификаттау жүйесінің қатысушылар қатарында. Олар сертификаттау сынақтарын өткізеді және сәйкестік сертификаттарын өткізеді. Халықаралық сертификаттауды өнімді сертификаттауға байланысты екі бағытқа бөлуге болады:

· өнімді сертификаттауға нормативтік –техникалық базаны құруға;

· өнімді сертификаттауды ұйымдастыру- нұсқаулықпен қамтамасыз ету құрастыру;

Бірінші бағыттағы негізінен халықаралық стандарттау ИСО, МЭК жұмысында өнімді сертификаттауға бағытталған. ИСО 40-50 жыл арасында өнімді сертификаттауға қолданатын бірнеше мың халықаралық стандарттар құрастырды. Халықаралық сертификаттау даму барысында саудада техникалық кедергілерді жою мақсатында халықаралық ұйымдар қатары маңызды роль атқарады. Соның бірі халықаралық ұйым құн және сауда бойынша генеральді келісім болып табылады. ГАТТ. 1993ж ГАТТ Бүкіләлемдік сауда ұйымы қайта құрылды. Қазіргі уақытта БСҰ мүшесіне 123 мемлекет кіреді. Халықаралық ұйымға Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымы жатады. Бұл ұйымның мақсаты бүкіл әлем халықтарының денсаулығын жоғарлату. Бұл ұйым БҰҰ ның жүйесіне кіреді.

Сапасыз өнімнен тұтынушыларды қорғау арқасында тұтынушылар одағының халықаралық ұйымы құрылды. Оның мүшесі болып әлемнің көп мемлекеттерінен 160 тұтынушы ассоцияциясы бар.

Спорттық аңшылық қаруларды сертификаттауда халықаралық ұйым болып қаруларды сынау бойынша халықаралық тұрақты комиссия саналады.

Халықаралық ұйымдар арасында сертификакаттаумен айналысатын жеке ұйымдардың ролі маңызды. Олардың ішінде Регистр Ллойда – тәуелсіз корпорация, сертификаттау ұйымдарының ішінде екі жүз жылдаай бірінші орында келеді; ТЮФ-Серт Германияның жалпы техникалық бақылауымен құрылған ұйым және сапа жүйесінің жұмыстарымен айналысады; норвегиялық фирма Дет Норске Веритас – ДНВ- ең үлкен сертификаттау ұйымдарының бірі болып саналады және жұмыс жасағалы жүз жылдан астам; СЖС- ауылшаруашылық өнімдері, мұнай және мұнайхимия өнімдері, шикізат материалдар саудаснын басқару,тасымалдау бойынша халықаралық тәуелсіз ұйым; Инчкейп- сертификаттаумен тәуелсіз сынақтан өткізумен айналысады және ескі компанияларды біріктіретін алдыңғы қатардағы корпорация. Инчкейп- мұнай, мұнайөнімдерін, электртауарларды, минералдарды, астық пен мақта өнімдерін бағалау және сынау облысында әлемдік көшбасшы болып саналады.

2.Халықаралық саудада ұлттық сертификаттаудың талаптарының әртүрлілігіне байланысты көптеген елдер сертификаттау бойынша аймақтық ұйымдар құра бастады. Олардың мақсаты сертификаттау облысындағы ішкі және сыртқы саудада ұйымдастыру – нұсқаулық құжаттармен және бір стандарттарды құрастыру.Кейбір аймақтық ұйымдарға мінездеме бере кетейік. Европалық одақ ЕС-европалық қоғамның жалғастырушысы, 1993жылы құрылды.Қазіргі кезде ЕС 15 мемлекетті біріктіреді. Еуропалық одақтың саясатын қолдауды қамтамасыз ететін аймақтық еуропалық деңгейде әртүрлі ұйымдар жұмыс жасайды. Сол ұйымдарға жататындар; Сапа бойынша еуропалық одақ ЕОК, стандарттау бойынша еуропалық комитет СЕН, сынақ зертханалары бойынша еуропалық ұйым ЕВРОЛАБ, сынау және сертификаттау бойынша еуропалық ұйым ЕОИС, бағалау және сапа жүйесін сертификаттау бойынша еуропалық комитет ЕКС және т.б. Аймақтық ұйымға 1992 жылы ТМД мемлекеттері бекіткен стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық одақ жатады.

Бірнеше аймақтық ұйымдар тізімі: Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің халықаралық ассоциациясы АСЕАН- өндірісте және саудада стандарттау және сертификаттау облысында аймақтық қиындықтарды шешу мақсатында 6 елден құралған мемлекетаралық ұйым; Стандарттау бойынша африкалық аймақтық ұйым АРСО – 23 африкалық мемлекеттерде стандарттауды, сертификттауды және сынауды дамыту мақсатта 1977 жылы құрылды; Стандарттау және метрология бойынша араб ұйымы АСМО – 1968 жылдан бері жұмыс жасайды, Оның жұмысына 17 араб елі қатысады. Панамерикандық стандарттар комитеті КОПАНТ- Орталық және Латын Америкасының 19 мемлекетімен 1961 жылы бекіткен; Стандарттау бойынша Скандинаваарлық ұйым ИНСТА– 1952 жылы стандартау бойынша Дания, Норвегия, Финляндия және Швеция елдерінің ұлттық ұймдарының бастамасы мен құрылды.

 

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

10-ші дәріс

Тақырыбы: «Аккредиттеу»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Аккредиттеу облысының даму тарихы.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесін сертификаттауға қатысушыларды аккредиттеу.

 

1.Аккредиттеу облысының даму тарихы. Саудадағы техникалық кедергілерді жою үшін сертификаттау мен сынақ нәтижелерін өзара мойындау көбіне аккредиттеу арқылы жүзеге асырылады.

Аккредиттеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның хұқылы екендігін ресми тануы. Өнімді сынау қойылған талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін кепілдік. Осыған байланысты ұлттық аккредиттеу жүйесін құрудың бірінші кезеңі тәуелсіз сынақ зертханалары мен тығыз байланысты.Аккредиттеу облысының жұмыстарының бастамасы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан басталады. Еуропалық мемлекеттерінде 70 жылдары аккредиттеу жұмыстары өткізілді.1977 жылы зертханаларды аккредиттеу бойынша Халықаралық конференция ИЛАК құрылды. Халықаралық саудада аккредиттеудің және сертификаттаудың алатын роліне байланысты БСҰ мен келісе отырып, ИЛАК та жылсайын конференция өткізуге шешім қабылдады. Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстардың қортындысын растайтын форум аккредиттеу бойынша халықаралық форум болып табылады. IAF. IAF 19 мемлекеттің аккредиттеу бойынша ұлттық органдарын біріктіреді. Австралия, Канады, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай және т.б. IAF құру мақсаты - ұлттық зертханалардың өткізілген сынақ қортындысын өзара растауға үлес қосу.

1982 жылдан бастап аккредиттеу және сертификаттау облысына стандарттар қолдана бастады.1990 жылы сертификаттау ережелерін және сәйкестікті өзара растауды іске асыру үшін еуропалық одақ мемлекеттері сертификаттау және сынау бойынша еуропалық ұйым құрды. ЕОИС.ЕОИС ты құру мақсаты- сапа жүйесіндегі және өнімді сәйкестігін бағалау облысындағы саясатты анықтау болып табылады.

2.Аккредиттеу жүйесінің ережелері ҚР СТ 7 мемлекеттік стандарттар жиынтығында тағайындалған. Бұл стандарттарда ИСО\МЭК халықаралық стандартардың ережелері,Еуропалық стандартары және ИЛАК жұмыстары белгіленген. Шетелдерде аккредиттеу нәтижелерін мойындауды қамтамасыз ету мақсатында ИСО 17 025 -99 ″ сынақ өткізу және калибрлеу зертханаларының компетенциясында негізгі талаптар″ және ИСО\МЭК 65-96 ″ өнімді сертификаттау жөнінідегі органдарға қойылатын негізгі талаптар″ халықаралық стандарттары қабылданған.ҚР-да аккредиттеу сласындағы заңдылықтарға және техникалық регламенттер талаптарына және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.ҚР-да аккредиттеу жұмыстарын ұйымдастыру құрлымы келесі суретте көрсетілген.

 

 

  Мемсткандарт

 

Сарапшы органдар
Сәйкестікті бағалау субьектілері
     

 

Сынақ зертханалары Сәйкестікті растау органдары Сарапшы аудиторлар

 

Аккредиттейтін орган Мемстандарт болып табылады. Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеу жұмыстарын жүргізу кезінде келесі функцияларды орындайды:

· Аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаты жүргізу;

· ҚР-да акккредиттеу жұмыстарын жүргізеді;

· Аккредиттеу саласындағы ҚР-ның заңдылықтары және басқа нормативтік құжаттар жобаларын шығарады;

· Сарапшы аудиторларды акккредиттеуге дайындауды ұйымдастыру;

· Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуге қарсылық білдіру туралы шешім қабылдайды;

· Аккредиттеу аттестатының қызметін тоқтады;

· Сәйкестікті бағалайтын аккредиттеу органдарын және аккредиттелген сарапшыларды мемлекеттік реестіріге енгізеді немесе олар туралы ақпаратты жариялайды;

· Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарда ҚР –н белгілі дәрежеде таныстырады.

Сарапшы органдарға аккредиттеу жөніндегі сарапшы орталықтар жатады-ол ұйымдастыру –құқықтық түріне және меншік түріне байланыссыз аккредиттеуші органның тапсырысы бойынша аккредиттеу жұмыстарын орындауға құқығы бар ұйымдар.

Аккредиттеу қызметіне аккредиттеу жөніндегі сарапшы – аудиторлар қатысады.Олар сәйкестікті бағалау немесе экономика саласында жұмыс істеу тәжірбиесі және білімі бар, жоғарғы білімді, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін арнайы оқудан өткен, аттеастатталған тұлға.

Сарапшы аудиторларды аттестаттаудан Мемстандарт жүргізеді келесі қызмет бағытында:

· Сапа жүйесін және кәсіпорындарды сертификаттау;

· өнімді сертификаттау;

· қызмет көрсетуді сертификаттау;

· сертификатттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу.

 

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

11-ші дәріс

Тақырыбы: «Метрологияның мазмұны мен мағынасы»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Қазақстан Республикасындағы метрогияның қысқаша тарихы.

2. Ғылымдағы және өндірістегі метрологияның ролі.

 

1.Метрология дегеніміз –(латын тілінен аударғанда метро-өлшеу,логос-ғылым) өлшеулер туралы түсінік беретін өлшем бірліктерін қамтамасыз ету құралдарын зерттейтін және өлшеудің дәлдігіне талаптар қоятын ғылым.

2003 жылы Қазақстан метрологиясы 80 жыл өрлеу жолын атап өтті. Қазақстанның өлшеу туралы тарихы Ресей метрологиясымен тығыз байланысты. Ең бірінші Қазақстан аумағында 1923 жылы аспаптардың жарамдылығын анықтайтын Семей бөлімшесі болды. Қазақстан басқа аумақтары ҚР-ның сыртқы елде Саратов, Оренбург қамтамасыз етеді. 1929 жылы 1 қазанда Семей бөлімшесі таразы және өлшемдік бойынша Қазақстандық аймақтық поверкілік палата болып өзгертілді.Оның басқарушысы Вильковиский Н.Э. Қазақ КСРО Комисарлық Одақтың шешімі бойынша 1930 жылы Қазақстандық аймақтық палата Семейден Алматыға көшірілді. Бұл кезде Қазақстанда күрделі емес аспаптар таңбаланды: таразы, кір тастары, ұзындық шамалары, манометрлер. Қазақстандағы экономиканың өрлеуімен байланысты поверкалық органдардың саны да өсті. 1931 жылы Қазақстандық аймақтық палатасы Қазақстандық аймақтық стандарттау бюрасы болып өзгертілді. Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшемдік аспаптар мен шамалар бойынша 14 облыстық басқарма кіреді. Қызметкерлер құрамы облыстарды қосқанда 129 адамды құрады. 1955 жылы Алматы мемлекеттік бақылау зертханасы құрылды, ол мемлекеттік бақылаудағы республикалық зертхана болып аталды. Қазақстандағы метрологиның негізгі дамуы 60 жылдары басталды. Сол жылдары 2ші 3ші разрядты зертханалар белсенді салына бастады және жаңа құралдармен жабдықталған.1972 жылы Қапшағай қаласында радиациялық аспаптарды поверкілеу бойынша зерхана салынды.Өскеменле, Ақмолада,Шымкентте, Жамбылда зерханалар тұрғызылды.1975 жылы республикалық метрология және стандарттау орталығы (АЦСМ) ұйымдастырылды. 1977жыл КСРО –ның Мемстандарты АЦСМ ға өндірістегі мемлекеттік стандарттар үлгісін ұйымдастыруды тапсырды. Республикада 8 млн өлшеу жабдықтары тасымалда жүрді.Мемлекет 17 жұмысшы эталон, 13 мың жоғарғы дәлдіктегі өлшем бірліктер үлгісімен жабдықталған. Ресейлік және Украиналық метрологиялық институттар 1992 жылға дейін өлшем бірліктермен қамтамасыз етті. Осыған байланысты республиканың Мемстандарты алдында күрделі тапсырмалар тұрды. Негізгісі осы күнге дейін жеткен өлшеу кезеңдерін сақтап қалу, ұлттық нормативтік құжаттарды ұйымдастыру.

Жоғарғыларды іске асыру үшін ҚР-ның үкіметі 1993 жылы18 қаңтарда Өлшем бірліктер туралы Заңын қабылдады.Үкіметпен мемлекетің өлшем бірліктер жүйесінің даму бағдарламасы қабылданды.Қазақстан 1994 жылдың қазанында заңдық метрологияның халықаралық ұйымына тең құқылы мүшесіне кірді.

2. Метрология ғылымы 3ке бөлінеді:

1. теориялық

2. қолданбалы

3. заңды

1.Теориялық метрология-бұл бөлімі фундаментальды зерттеулер сұрақтарымен, өлшем бірлігі жүйесін құру, физикалық тұрақтылықты, жаңа өлшеу әдістерін шығарумен айналысады.

2.Қолданбалы метрология- бұл бөлімі теориялық зерттеулер нтижелерін әр түрлі қызмет саласында метрология шеңберінде практикалық түрде қолдану сұрақтарымен айналысады.

3.Заңды метрология –бұл бөлім өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған ережелермен нормалар жиынтығы құрайды.

Өлшемсіз жұмыс жасайтын бірдебір практикалық область жоқ.Қандайда болмасын талдауда, жоспарлауда, жобалауда, бақылауда, дайын өнімді реттеуде, технологиялық операцияны ақпараттағанда, барлық өндіріс айналысында ақпаратты әртүрлі физикалық шамаларды, параметрлерді,көрсеткіштерді өлшеу арқылы алынады.Талап етілген дәл өлшеу ақпаратты алу дұрыс қабылданған шешім қамтамасыз етеді. Дұрыс емес ақпарат өнім сапасының төмендеуіне,апаттарға, ғылыми ізденіс жұмыстарында дұрыс емес қортындыға алып келуі мүмкін. Барлық өлшейтін адамдар,кәсіби метрологтар өлшеуден алынған қортындыға сенгісі келеді.Тек сенімсіздік өлшеуді қайталауға, басқа мамандардың қатысуына тура келтіреді.Көптеген салада өлшеуге байланысты, шығын көлемі жылдық салымның 30пайыз құрайды.Қазіргі таразы өлшеу аспаптарының ауытқуы мынадай,өлшеу кезінде өндірістегі барлық өлшенетін өнімнің 1пайызы есепке алынбай қалады.Мұнай,газ, бензин көп көлемде есептелмейді. Электр энергиясының есептегішінің ауытқуы 2 пайызға тең, яғни электэнергиясының 2 пайызы есептелмейді.Егер бұл пайыздарды тоннаға айналдырсақ, астыққа, мұнай, газ,шойын, болат, килавват онда жыл сайын шығатын шығын миллион болады. Метрологиялық қызметтердің болмауы көптеген шығындырға әкеліп соғады.

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

12-ші дәріс

Тақырыбы: «Өлшем бірліктерді қамтамасыз ету»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Өлшем бірліктерді қамтамасыз ету.

2. Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі.

 

1.Өлшемдердің бірлігі- бұл нәтижелері заңды түрде белгіленген және өлшеу қателігі белгіленген шектен шықпайтын өлшем бірлігі. Өлшеудің қатесін қате деп айтуға болады ма. Жоқ, себебі ол оператордың жіберген қатесі. Себебі біздер дәл, нақты өлшей алмаймыз, өлшеу жабдықтары мен әдістері жоқ болғандықтан, нақты мәнінің орнына өлшенген мәнмен қанағат етеміз.

Өлшем бірлікті қамтамасыз ету – бұл өлшем бірліктердің заңды актілермен сәйкес жетістікке жетуге бағытталған, және тәртіптер мен нормалармен, мемлекеттік стандарттар мен басқада нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

Өлшем бірлікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – ҚР-ның экономикасын дұрыс емес өлшемдерден және азаматтардың құқығын қорғау.

Өлшем бірлікті қамтамасыз етудің басқа мақсаттары мыналарды қамтамасыз етеді:

· отандық және шетелдік өнімдерді,процестерді, қызмет көрсетулерді сапамен және қауіпсіздіктпен;

· ғылыми және ізденіс жұмыстарындағы өлшемдердің нақтылығын;

· материалды және энергетикалық ресурстардың есептердің нақтылығын;

· қоршаған ортаны қорғауда, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,адам қауіпсіздігін бақылауда өлшемдердің қортындысын нақтылығын қамтамасыз ету.

Өлшем бірлікті қамтамасыз ету – адамдардың қауіпсіздігін,транспорт жұмыстарының сапасын,басқа да өлшеу ақпараттарына кепіл болады.

2.Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі- бұл ҚРның өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша нормаларды,субьектілерді, жабдықтарды мемлекеттік жүйеде бақылау.

Өлшемдік ақпарат деген түснік бар.Ол өнімдердің, бұйымдардың, материалдардың,техникалық жабдықтарды қолдана отырып алынған сандық мінездемесі туралы кез-келген ақпарат.

Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты-өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды шешуде құқықтық,нормативтік, ұйымдастырушылық, техникалық және экономикалық жағдайларды жасау.

Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізгі тапсырмалары болып төмендегілер табыладыы:

· өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша басқару жұмысында қолайлы ұстанымдарды құрастыру;

· метрология облысындағы түсініктерді, терминдер және анықтамаларды орнату;

· өлшеу облысын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің обьектісіне жататындар:

· шама бірліктер;

· шама бірліктерінің эталондары;

· өлшеу жабдықтары;

· өлшеу жабдықтарына, әдістеріне, өлшеу қортындыларына қойылатын талаптар;

· өлшеуді орындау методикасы;

· нормативтік құжаттар;

Шама бірліктер.Қазақстан Республикасының территориясына қолдануға Халықаралық бірліктер жүйесінің шама бірліктері ғана жіберіледі. Халықаралық бірліктер жүйесіне кірмесе,онда стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкілетті органның шешімі бойынша қолдануға жіберіледі.

Мемлекеттік эталоншама бірліктерін сақтауға және ҚР териториясында өлшем жабдықтарының мөлшерлерін алмастыру мақсатында арналған.

Өлшеу жабдықтары ҚРның қолданылуға жіберілетін шамаларды, бірліктерді анықтауға және қойылатын талаптарға, тасымалдау жағдайына арналған.

Өлшеуді орындау методикасымемлекеттік метрологиялық бақылаудың саласында қолданылады.

Нормативтік құжаттарҚРның территориясында қолданылатын, стандарттау,метрология және сертификация бойынша уәкілетті орган бекіткен.

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

13-ші дәріс

Тақырыбы: «Өлшеуді орындау методикасы және өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізі »

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Өлшеудің орындалу методикасының құжаттары.

2. Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізі.

 

1.1971 жылы КСРО ның Мемстандарты өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды өткізе бастады.Өлшем бірліктерді қамтамасыз етуге ауысу себебі мынадай себептермен түсіндіріледі. Өлшемдердің ауытқуы тек қана аспаптардың ауытқуынан тұрмайды, ол операторлардың және әдістердің ауытқуынан тұрады. Өлшеудің ауытқуына өлшеудің өткізу жағдайы көп әсер етеді. Өлшем бірлікті қамтамасыз етуде тек қана өлшеу жабдықтарын қолдану емес, сонымен қатар өлшеуді орындау нұсқауларын қолдану керек. 1972 жылы МЕМСТ 8.010-72 бекітілді. « Стандарттауға және өлшеуді орындау нұсқауларын аттестаттауға қойылатын жалпы талаптар». Сол кезден бастап өлшеуді орындау нұсқаулары деген түсінік пайда болады. МЕМСТ бекеіткеннен кейін нұсқау құжаттары және стандарттар пайда болды. 1993 жылы 18 қаңтарда ҚРда өлшем бірліктер туралы Заңы қабылданды.

ҚР СТ 2,1-2000 «Анықтамалар мен терминдер» сәйкес өлшеуді орындау нұсқауы дегеніміз- таңдалған әдіске сәйкес өлшеу қортындысы жоғарғы дәлдікпен қамтамасыз етілетін, өлшеу кезіндегі орнатылған тәртіптер мен операциялар жиынтығы. Өлшеу қортындысы жоғарғы дәлдікпен алыну, ауытқулары ауытқу шектерінен аспауы өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің ең басты жағдайы болады. Жай өлшеу жабдықтарын қолданып тіке шамаларды өлшегенде өлшеуді орындау нұсқауларының құжаттары талап етілмейді.электр шамаларын өлшегенде. Бұндай жағдайда конструкторлық немесе технологиялық құжаттарды және өлшеу жабдықтардың негізгі метрологиялық мінездемесі көрсеткені жеткілікті.

Қазіргі уақытта өлшеуді орындау нұсқауы әр түрлі техникалық құжаттарда жарияланады; стандарттар немесе олардың бөлімдерінде, сынаудың нұсқауларында және бағдарламаларында, бұйымды тасымалдау бойынша тәртіптерді, технологиялық карталарда.

 

2.Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізі. Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізін құрайды:

· Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметтері қолданатын шама бірліктердің мемлекеттік эталондары және шама бірліктердің эталоны;

· Қазақстан Республикасының территориясында қолданатын өлшеу жабдықтар, соның ішінде материлдардың құрамы мен құрлымның стандартты үлгілері.

Өлшеу жабдықтары – нормативті метрологиялық мінездемесі бар шама бірліктерін сақтайтын, уақыт аралығында мөлшерлері өзгертілмейтін өлшеуге арналған.

Шама бірліктердің эталоны дегеніміз – стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган бекіткен өлшеу жабдығы, ол шама бірліктерді сақтауға, сол шамаларды басқа өлшеу жабдықтарына арналған.

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

14-ші дәріс

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Өлшем бірлікті қамтамасыз етудің нормативтік негізі.

2. Өлшем бірлікі қамтамасыз етудің ұйымдық негізі.

 

1.ҚР-ның өлшем бірлікті қамтамасыз етудің нормативтік негізі нормативтік құжаттардан тұрады.

ҚР-ның өлшем бірліктердің қамтамасыз етудің нормативтік құжаттары төмендегілерді реттейді қарастырады, тәртіпке келтіреді:

· Шама бірліктерді;

· Шама бірліктердің мемлекеттік эталондарын;

· Өлшеу жабдықтардың поверкілеу мен калибрлеу әдістерін;

· Өлшеу жабдықтардың метрологиялық мінездемелерін;

· Өлшеу дәлділігінің қажеттілігі;

· Өлшеуді орындау нұсқауы;

· Материалдардың құрлымы жайлы мағлұматтарды және бағалау нұсқауларын;

· Стандартты үлгілер материал құрамына қойылатын талаптар;

· Сынауды, метрологиялық аттестацияны, өлшеу жабдықтарын поверкілеуді, нормативтік құжаттарды метрологиялық сараптамалардан, конструкциялық және технологиялық құжаттарды өткізу тәртібі және ұйымдастыру;

· Метрологиялық облысындағы терминдер мен анықтамаларды;

Нормативтік құжаттар екіге бөлінеді:

· Негізқалаушы- олар тәртіптер мен жалпы талаптарды орнатады;

· Реттеуші – арнайы бір өлшеудің тәртіптерін талап етеді;

Нормативтік құжаттар стандарттау, метрология және сертификаттау облысындағы заңмен сәйкес қарастырылып және қолданылады.

ҚР-да қолданылатын нормативтік құжаттарды уәкілетті органмен бекітеді.

Мысалға төменде көрсетілген.

2.Өлшем бірлікті қамтамасыз етудің ұйымдық негізі болып ҚР –ның метрологиялық қызметтер болып табылады.Олар мыналардан тұрады:

· Мемлекеттік метрологиялық қызметтерден;

· Мемлекеттік уақыт және жиілік қызметтерден;

· Мемлекеттік стандартты үлгілер материалын құрамы және құрлымы қызметтерінен;

· Материалдар туралы стандартты анықтама мемлекеттік қызметі;

· Мемлекетік басқару органының метрологиялық қызметі.

 

Мемлекеттік метрологиялық қызметтертұрады:

· Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органнан;

· Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан.

Уәкілетті орган ҚР-ның өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік басқару жұмыстарын жүзеге асырады. Уәкілетті органның негізгі тапсырмалары мен мақсаты болып:

· ҚР-ның метрологиялық қызмет жұмыстарын бағыттау;

· Өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және біріктіру;

· Республикаға қолдануға жіберілетін, шама бірліктер жүйесін орнату;

· ҚР-ның өлшем бірлікті қамтамасыз етуді мемлекеттік жүйесін жетілдіру.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (МҒМО)

МҒМО-тың негізгі мақсаты мен тапсырмалары болып төмендегілер табылады:

· Метрология облысындағы ғылыми-техникалық, практикалық және ұйымдастыру – нұсқаулық жұмыстарын өткізу;

· ҚР-ның шама бірліктерін жетілдіру және құрастыру;

· өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттарды халықаралық талаптармен сәйкестендіріп жетілдіру және құрастыру;

· республикада метрологияны дамыту бағытта жұмыстарды өткізу.

Мемлекеттік стандартты үлгілер материалын құрамы және құрлымы қызметтерінің негізгі мақсаты:

· материалдардың құрлымы мен құрамы өлшеу дәлдік талаптарын және бірлікті қамтамасыз ету;

· Материалдарының құрамы мен құрлымын стандарт үлгілерін енгізу, дайындау, құрастыру.

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

 

15-ші дәріс

Тақырыбы: «Халықаралық және аумақтық метрологиялық ұйым»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Халықаралық метрологиялық ұйым.

2. Аймақтық метрологиялық ұйым.

 

1.Өнім сапасын бақылаумен сынау, сертификаттау, метрологиялық лабароторияларды аккредиттеу, ұлттық өлшеу жүйелеріне негізделген әрекеттермен байланысты. Өнімнің стандарт талаптарына сәйкестігін бағалауда әр түрлі параметрлерді өлшеу жүргізіледі. Өнімнің шығысынан бастап оны сақтауын, тасымалдауға және қолдануға дейін өнімнің талаптарға сәйкестігін тағайындайтын сертификаттау сынақтары кезінде өлшеу тәжірбиесі мен методикасы нәтижесінің сәйкестігіне тікелей әсерін тигізеді, яғни өлшемдердің біріңғайлығы қамтамасыз етілсе метрология халықаралық сауда мәселелеріне араласады. Бұл сұрақ метрология бойынша халықаралық ұйымдары үшін ең маңызды болып табылады. Осы ұйымдардың қызметі нәтижесінде дүние жүзінің көптеген елдерінде халықаралық физикалық өлшем бірліктердің жүйесі қабылданды. Халықаралық метрологиялық ұйымдар ИСО және МЭК пен тікелей байланысты жұмыс жасайды. Бұл оның халықаралық кең тарауына септігін тигізеді. Аса үлкен немесе халықаралық метрологиялық ұйымдар – халықаралық өлшем мен салмақ ұйымы (МОМВ) және халықаралық заң метрологиялық ұйымы (МОЗМ). 1875 жылы 17ел метрикалық конвецияға қол қойды. Бұл конвецияның мақсаты - өлшем бірліктің ұлттық жүйесін унификациялау және ұзындық пен массаны біріңғай эталондық тағайындау. Осы конвенция негізінде үкімет аралық, халықаралық, өлшем мен салмақ ұйымы құрылды.Ұйымның ресми тілі – француз тілі. Метрикалық конвенция әлі күнге дейін жұмыс істейді. Оның мүшелігіне 50 ден астам ел кіреді. Конвенцияға сәйкес ғылыми зерттеу лабароториясы ретінде халықаралық эталаондар: метр мен кг прототиптерін иондаушы сәулелер бірліктерін сақтап ұстайтын халықаралық өлшем мен салмақ Бюросы (МБМВ) енгізілді. Бұл Бюро Францияда Севр қаласында орналасқан. Оны халықаралық өлшем мен салмақ комитеті (МКМВ) басқарады. МБМВ 100 ден астам елдердің қызметін реттейді. Бұл ұйымның жұмысының ғылыми бағыты метрикалық өлшеу жүйелерін жетілдіру. МБМВ әрқашан халықаралық эталондарды жетілдіріп, дәл өлшеулердің жаңа әдістерімен құралдарын ойластырады және қолданады, мүшелік елдердегі метрикалық зерттеулерді бағыттап отырады. МБМВ ғылыми және тәжірбиелік әрекетінің бағдарламасын бірліктерді тағайындау анықтау сұрақтары бойынша халықаралық орган өлшем мен салмақ бойынша негізгі конференция бекітеді. Негізгі конференция 4 жылда 1 реттен жиналады. Конференциялар арасындағы уақытта МОМВ ды конференцияда сайланатын өлшем мен салмақ халықаралық комитеті басқарады. Комитет құрамына дүние жүзінің әйгілі физиктері мен метрологтары кіреді. Мүшелердің жалпы саны 18. МКМВ құрамында 8 консультациялық комитет жұмыс жасайды. Олар негізгі конференция үшін шешімдермен материалдар дайындайды. Комитет атаулары МОМВның қызметі саласын көрсетеді: электр энергиясы бойынша комитет, метрды, секунды анықтау үшін, масса бойынша, термометрия бойынша, бірлік бойынша, фотометрия және эталондар бойынша комитеттер.МОМВның ғылыми жобалары үлкен тәжірбиелік мәніне ие. Халықаралық бірліктер жүйесінің қабылдануы 1960ж, 1967 жылы секунданың жаңа анықтамасы қабылданды және жиіліктің жаңа стандарты қабылданды. Соңғысы уақыт пен жиіліктің ұлттық эталондарының дәлдігін 100-1000 есе арттыруға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде космостың ұшулардың дәлдігін қамтамасыз етуге оңтайлы әсер етті.

 

 

Кафедра отырысында талқыланды «06» 10 2008 ж. № 3 хаттама