Резина қоспаларының вулканизациясы реограммасының негізінде резинаның қасиеттерін қалай бағалауға болады?

Резина қоспаларының реологиялық сипаттамалары және физика-механикалық қасиеттері вулкандау реакциясының өту дәрежесіне (уақыт) тәуелді (1-сурет). Осы процестің негізгі сатылары:

1) индукциялық кезең – вулкандаудың бастапқы кезеңі, бұл кезде жеке молекулалардың қосылуы жүреді (кеңістіктік тордың түзілуінсіз) және резина қоспасы тұтқыраққыш күйде бола отырып, әрі қарай өңдеу жарамдылығын сақтайды;

2) негізгі кезең – аққыштықтың жоғалуымен жүретін құрылымданудан бастап қасиеттердің қолайлы кешені алынатын вулкандаудың оптимумына дейінгі вулкандаудың ұзақтығы (БВ аймағы);

3) вулкандау шыңы – оптималды деңгейдегі қасиеттердің сақталу кезеңі;

4) реверсия – көлденең байланыстардың концентрациясының төмендеуі және термодеструкция нәтижесінде резина қасиеттерінің нашарлауы жүретін кезең (қайта вулкандау) – ГД аймағы.

1-сурет. Резина қоспаларын вулкандаудың реограммасы: а – кең вулкандау шыңы боынша; б – деструкциялантын каучуктар негізінде; в – құрылымданатын каучуктер негізінде.

Технологиялық қасиеттерді бағалау ұстанымдары бойынша маңызды көрсеткіштерге индукциялық кезең ұзақтығы (ерте вулкандаудың болуына дейін резиналық қоспаның бұрамдықты машинада және қалыптайтын головкада максималды мүмкін болау уақытын орнатады), сонымен қатар негізгі кезең (вулкандаудың режимін және вулкандау шыңының ұзақтығын анықтайды) жатады. Аталған вулкандаудың әр кезеңінің ұзақтығы резина қоспасының рецептурасына тәуелді және температура жоғарылаған сайын азаяды.

Вулкандау процесі кезінде вулканизациялық тордың түзілуі кезінде материалдың тығыздығының артуы нәтижесінде көлемдік сығылу байқалады. Оның шамасы вулканизатта байланысқан күкірттің көбеюімен артады.

Полимерлі материалдарды идентификациялау әдістерін бағалап, бір полимерді негізге ала отырып түрлендіріңіз.

Полимерлерді идентификациялау – полимердің ұқсастығын басқа бір танымал қосылыспен алдын ала таңдап алынған белгілерімен анықтау. Полимерлерді идентификациялауда (ұқсатуда) төменгі молекулалық заттарға қарағанда көбірек шамалар керек. Полимерлерді толық идентификациялау үшін кем дегенде мынадай сипаттамаларын заттың жоғары молекулалық қосылыстарға жатуын, полимерлердің химиялық құрамы, олардың соңғы және бүйіріндегі тортарының түрлерін, полимердің сызықты, тармақталған немесе үш өлшемді (гидрогелдер) түрлерінің қайсысына жататынын, молекулалық массасы және молекула-массалық таралуын, макромолекуланың негізгі буындарының изомериясын білу керек.

Полимерлерді жүйелі идентификациялау үшін 7 топқа бөледі және әр топты иденфикациялайды:

1. суда еритін полимерлер;

2. құрамында гологен топтары бар полимерлер

3. құрамында азот топтары бар полимерлер

4. фенол негізінде алынған полимерлер (ыдырағанда өнімдерінде фенол бар)

5. күрделі эфир топтары бар полимерлер (сабындану, коэффициенті 100 мг/г немесе карбон қышқылдарына сапалық реакция)

6. жәй эфирлі полимерлер (ыдырағанда өнімдерінде альдегидтері бар немесе Либерман-Шторх-Моравский сынамасы (проба))

7. көмірсутектер негізіндегі полимерлер.