Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?

Олигомерлерден сұйық қалыптау арқылы алынатын кең таралған полимерлік материалдардың бірі полиуретандар болып табылады. Полиуретандарды реакциялық қалыптаудағы бастапқы заттар ретінде изоцианатты компонент пен құрамында гидроксил тобы бар компоненттер жатады, олар берілген қатынаста араластырғышта араласады . Бұл реакциялық масса нәтижесінде түзілетін қосылыстың негізгі көрсеткіші изоцианатты индекс болып табылады, ол пайыз түрінде стехиометриялық қажетті изоцианат мөлшеріне алынған мөлшерінің қатынасы арқылы есептеледі.

Компонент ағындарының массалық қатынасының ағынын бақылау үшін құйма құрылғысындағы жүйені дозалаудан кейін әрбір компоненттің екі стаканға үлгілерін алып отырады.

Олигомер композицияларының технологиялық қасиеттері реакциялық қалыптау әдісімен өңделеді, нәтижесінде үздіксіз режимде сапалы араласуға қабілеттілігі анықталады.

Реакциялық олигомерлі композициялардың сапалы араластыруға қабілеттілігін өңдеу температурасы кезінде компонент тұтқырлығын бағалау арқылы жүзеге асыруға болады. сонымен қатар , композицияның өмір сүру қабілеттілігінің уақытымен және араластырғыштағы компонент ағынының массалық қатынасы арқылы да бағалауға болады. компоненттердің тұтқырлығы шекті өлшемнен аспау керек . Ал өмір сүру қабілеттілігінің уақыты t0 яғни азтұтқырлыққа ие сұйықтықтың сақталуы аралстырғыш басындағы мәннен он есеге дейін артық болуы керек.

Өмір сүру қабілеттілігінің уақыты , технологиялық әдістемелердің қабылданған шарттарына байланысты төмендегі суретте көрсетілген әдіс арқылы анықталуы мүмкін.

Сурет. Олигомерлі композицияларды қатырғандағы тұтқырлықтың өзгеруі.

Олигомерлі композициялардың құрылымдану үрдісін бақылау үшін ,әсіресе сұйық каучуктердікін , вибрационды әдістер қолданған ыңғайлы, нәтижесінде серпімділік модулін толықтай бақылауға мүмкіндік аламыз.

Осындай өлшеулерді Монсанто фирмасының Кон реометр құрылғысында немесе отандық Вискоэл виброреометрінде жүргізуге болады.

Вискоэл құрылғысы виброблоктан және бір бірімен байланысқан өлшеуіш блоктан тұрады. Виброблок термостатталған өлшеуіш ұяшықтан тұрады, ол жерге тексерілетін үлгі салынып , вибродатчикпен байланысқан инелі немесе пластинкалы шатыр енгізіледі.

Вискоэл құрылғысының олигомер композициясының тұтқырлығының өсуін бағалауға арналған вибраблогының сызбасы:

1- вибродатчик; 2- вибродатчикті бекітетін кронштейн; 3- негіз; 4- термокамера; 5- термокамераны көтеруге арналған құрал; 6- термостатты қосуға арналған штуцер; 7- қыздырғыштың сигналды лампасы; 8- реттеуші пышақтар; 9- инелі шатыр; 10- шток; 11- өлшеуіш ұяшық

Үлгінің құрылымдану үрдісінде самописцта динамикалық тұтқырлықтың немесе динамикалық модульдің абсолютті мәндерінің өзгерісі және полимерлік материалдың синтез бен қату сатысындағы реологиялық қасиеттерді сипаттайтын шығын бұрышы жазылады.