Жұмыс өндірісінің жобасы

Құжаттар озат тәжірибе мен құрылыс және техниканың жаңа жетістіктеріне негізделуі, оларда еңбек өнімділігімен механикаландыру деңгейін арттыру және еңбекті көп қажет ететін жұмыстар мен құрылыс құнын азайту жоспарларын орындаудың жолдарын қарастыруы керек. Мұндай құжаттар құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыс өндірісін ұйымдастыру жобаларынан тұрады. Жаңа объектілер тұрғызу, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және жаңғырту құрылыстарын ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) құрылысты салудың мерзімдерін анықтауға, күрделі қаржыны және құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемін жылдарға және кезеңдерге бөлуге, құрылыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қызмет етеді.

ҚҰЖ-ның алғашқы негізгі материалдарына мыналар жатады:

- Объекті бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді тораптық

графигі;

- Құрылыс бас жоспары;

- Құрылыс алаңына түсетін құрылыс конструкциялары, бұйымдары мен материалдары

жайлы график;

- Жұмысшы кадры мен құрылыс алаңындағы көліктердің графигі;

- Технологиялық карта;

- Өндірістік геодезиялық жұмыстың шешімдері;

- Бақылау сапасын жүргізетін құжаттар;

- Өндіріс жұмыстарының шешімдері, техника-экономикалық көрсеткіштері және

шешімдері туралы түсініктеме қағаз;

Құрылыс жұмыстарының дайындық кезеңіне жататын құжаттар:

А) күнтізбелік жоспар;

Б) құрылыс бас жоспары;

С) техникалық карта;

В) жұмысшы кадр мен құрылыс көліктері туралы график;

Д) құрылыс алаңына түсетін құрылыс конструкциялары, бұйымдары мен материалдары графигі;

Е) геодезиялық жұмыстар үшін қажетті белгілердің орналасуы туралы схема;

Ж) есептік шешімдер мен көрсеткіштер жазылған түсініктеме қағаз.

Құрылыс ұйымдастыру жобасы құрылыс ұйымының бас инженерімен бекітіледі. Қабылданған ҚҰЖ құрылыс алаңына жұмыс басталмай тұрып, 2 ай бұрын беріледі.

 

Жобалау тәртібі мен технологиялық карта құрамы

Үймереттер мен ғимараттарды немесе оның бөліктерін салудың жұмыс өндірісінің жобасына кіретіндер:

1. Құрылыс шарттарының анализі;

2. Объектілердің құрылыс-технологиялық сипаттамасы;

3. Құрылыс құрылымының өңдеуі;

4. Алдын-ала мерзімдік жоспары;

5. Техника қауіпсіздік және сапа түрлері бар технологиялық карта мен нормалары;

6. Құрылыс бас жоспары;

7. Еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі техникасы, үймереттер мен ғимараттарды бұзылудан

қорғау және қоршаған ортаны қорғау шаралары;

8. Қорытынды мерзімдік жоспары;

9. Сметаны құрастыру;

10.Техника-экономикалық көрсеткіштер есебі.

Технологиялық карта мен технологиялық нормаларды өңдеу келесі ретпен жүреді: құрылыс алаңын бірнеше учаскелерге бөлі. Учаскелер ретінде алынатындар:

- Температуралық блоктар немесе бірқабатты ғимарат аралығы;

- Көпқабатты ғимараттар бөлігі;

- Қабатқа сәйкес тұрғын-үй секциялары, қабаттар және ғимарат бөлігі;

- Іргетаспен жалғанған технологиялық жіктер.

Бірқабатты объектілер бірдей немесе бір топқа жататын учаскелерге ие болады. Мұндай объектілерде учаске ретінде ғимараттың ең аз бөлігі алынады. Мұндай аз көлемді учаскелерде жұмысты мұқият бақылап, сапасын қадағалап отыру ыңғайлы.

Технологиялық карталар графикалық бөлім мен есепті-түсініктеме қағазынан тұрады: картаның графикалық бөлігіне кіретіндер:

1. Алаңды учаскелер мен бөліктерге бөлу және көліктерді орналастыру;

2. Негізгі процестер өтетін аумақтың схемасын құру;

3. Бір бөлік үшін технологиялық картаның нормалар кестесі;

4. Алаңдағы өндіріс жұмыстарының графигі;

5. Қажетті ресурстар тізімі;

6. Рейстік жинақтың (монтаждау жұмысы үшін) монтаж бен тасымалдау графигі;

7. Сапаны бақылаудың операциялық схемасы;

8. Өндіріс жұмыстарына байланысты негізгі көрсеткіштер;

9. Еңбек және техника қауіпсіздігінің негізгі шаралары;

10.Негізгі процестерді атқарудағы техника-экономикалық көрсеткіштер.

Есепті-түсініктеме қағазындағы техникалық картада жұмыс әдісіне байланысты салыстырулар мен негізгі процестерді атқаратын көліктер жинағы, шаралардың мәтіндік түсініктемесі көрсетіледі.