Рылыс өндірісін басқару

 

 

Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы.

Жұмыстар өндірісінің жобасы. Үйлер мен ғимараттарды салу

технологиясын вариантты жобалау.

Құрылысты және жұмыс өндірісін ұйымдастыруды жобалаудың құрамы, мазмұны және тәртібі СНиП 3.01.01-85 «Құрылыс өндірісін ұйымдастырудың» негізгі ережелеріне сәйкес реттеліп отырылады. Құжаттар озат тәжірибе мен құрылыс және техниканың жаңа жетістіктеріне негізделуі, оларда еңбек өнімділігімен механикаландыру деңгейін арттыру және еңбекті көп қажет ететін жұмыстар мен құрылыс құнын азайту жоспарларын орындаудың жолдарын қарастыруы керек. Мұндай құжаттар құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыс өндірісін ұйымдастыру жобаларынан (ЖӨЖ) тұрады.

Жаңа объектілер тұрғызу, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және жаңғырту құрылыстарын ұйымдастыру жобалары (ҚҮЖ) құрылысты салудың мерзімдерін анықтауға, күрделі қаржыны және құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін жылдарға және кезеңдерге бөлуге, құрылыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз өту мәселелерін шешуге қызмет етеді.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) осы жобаны бекітетін және толық жүзеге асыратын ұйыммен немесе бас жобалаушымен шартқа отырған мамандандырылған ұйыммен бірлесе отырып екі сатылы етіп жасалады.

Құрылысты ұймдастыру жобасы (ҚҰЖ) тапсырма берушіні, мердігерлер мен не қаржыландыруды, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар үшін міндетті құжат болып табылады.

ҚҰЖ-ның алғашқы негізгі материалдарына мыналар жатады: техникалық-экономикалық негіздеулер (ТЭН) немесе техникалық-экономикалық есептеулер (ТЭЕ); инженерлік ізденістер; мердігерлермен келісілген материалдарды, құралымдарды және механикаландыру құралдарын пайдалану жөніндегі шешімдер; материалдар және жабдықтармен қамтамасыз ету шарттары және оларды тасымалдау; объектілер құрылысының іске қосылатын жиынтықтарын белгілеу; құрылысты электр қуатымен және сумен қамтамасыз ететін кездер туралы деректер және тапсырма беруші мен мердігерлердің басқа да талаптары (уақытша тұрғын үй, өндірістік үймереттер мен ғимараттар, тағы басқалар); құрылыстың нұсқаулы мерзімдері.

Жұмыс көлемдері мен материалдық және энергетика ресурстарына деген қажеттілік, үймереттер мен ғимараттардың ұқсас жобаларының мәліметтері, қазір пайдаланылып жүрген анықтамалардағы ресурстардың ірілендірілген сметалық құны мен қаржыларды пайдалану көрсеткіштерін назарға ала отырып оңайлатылған әдістермен есептеліп шығарылады.

Жұмыстар өндірісінің жобасы. Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) жұмыстың өзіндік құнын және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды азайтуға, құрылыс мерзімін қысқартуға құрылыс машиналарының, механизмдердің және жабдықтардың пайдалану деңгейін арттыруға, жұмыс сапасын жақсартуға көмектесетін, құрылыс-құрастыру жұмыстарын атқарудың тиімді индустриалды әдістерін анықтауға қызмет етеді.

ЖӨЖ-н мердігерлік ұйым немесе оның тапсырмасы бойынша жоғарғы құрылыс басқармасының немесе оның меншігіндегі құрылыс фирмалары немесе облыстық құрылыс басқармаларындағы технологиялық жобалау ұйымдары жасайды.

ЖӨЖ-ын жасау құны жобалау жұмыстарының сметалы есебінен төленетін аса күрделі объекттерден басқа жағдайларда қосымша шығындар есебінен төленеді. Жұмыс өндірісінің жобасынсыз объектілер салуға рұқсат берілмейді.

Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) техонологиялық құжаттардың негізгі үш түрінен тұрады: мерзімдік жоспарлар, құрылыстың бас жоспарлары мен технологиялық карталар, объектінің көлеміне, пайдалану мақсатына және күрделілігіне қарай жобада бұл құжаттардың нақтылануы түрлі дәрежеде болып, бәрі бірдей көрініс таба бермеуі де мүмкін.

Жұмыс өндірісі жобасында жұмыс көлемі құжаттарға, өзгешеліктеріне және сметаларына қарай анықталады. Ресурстардың барлық түрлерінің есебі өндірістік мөлшерлерге сәйкес жүргізіледі.

Үймереттер мен ғимараттарды немесе оның бөліктерін салудың жұмыс өндірісінің жобасына:

а) объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді тораптық графигі;

б) құрылыстың бас жоспары;

в) объектіге құрылыс құралымдарын, бұйымдарды, материалдарды және олардың жеткізілу графигі;

г) объекті бойынша жұмысшы кадрлары мен негізгі құрылыс машиналарының қозғалысының графигі;

д) технологиялық карталар (схемалар);

е) геодезиялық жұмыстар өндірісі жөніндегі шешімдер;

ж) алмаспайтын тасқынды бригадалық мердігерлік әдіспен орындалатын жұмыстар жөніндегі шаралар;

з) су және жылумен, энергия қуатымен және жарықпен қамтамасыз ететін уақытша жүйелер тарту жөніндегі шешімдер;

и) технологиялық саймандар тізімі, осы сияқты жүктерді түсіріп, жылжытудың, қажетті жерге әперудің үлгісі;

к) негізделіп қабылданған шешімдер, жұмыс өндірісінің әдістері мен тәсілдері, ресурстар мен техникалық-экономикалық көрсеткіштер туралы түсініктеме кіреді.

 

Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау

Вариантты жобалау нақтылы объектіні салу технологиясы және ұйымдастыру жөніндегі көптеген шешімдердің ішінен мақсатқа толық жауап беретіндей ең тиімді деген жобаны таңдауға мүмкіндік береді. Салыстырылатын варианттардың тиімділігін бағалаудың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері: құрылыстың өзіндік құны, еңбек сыйымдылығы және құрылысты салу мерзімі болып табылады.

Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің технологиясын жобалау тәжірибесі көрсетіп жіргеніндей, ұйымдық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде қандай да болсын шешім қабылдаудың нәтижелері қандай болатынын күні бұрын кешенді түрде есепке алудың маңызы зор. Мәселе құрылыс жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруы құрылыстың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізуінде болып отыр. Мысалы, жұмыстың өзіндік құнының қандай болуы, құрылыс мерзімінің қаншалықты созылуы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі және басқа да аса маңызды көрсеткіштер осыларға тәуелді.

Өзіндік жұмыстың құны – құрылыс жұмыстары өндірісіне кеткен шығынның ақшалай түрі. Жұмыстардың өзіндік құнына заттай еңбек (материалдық элементтер, энергия, негізгі қорлардың аммортизациясы) және тірі еңбек (жалақы және қосымша ақылар) кіред. Жұмыстардың өзіндік құны осы өндірістің техникалық және ұйымдық жетілдірілуінің деңгейін бейнеелейтін басты көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Ол мына төмендегі формула бойынша анықтлады:

К = (Ж+М+П+Т) Кк,

Мұндағы Ж – жұмысшылардың тапқан жалақысы, М - материалдардың, бұйымдардың және құралымдардың құны, бұған дайындау-қоймалық шығын мен объектінің жанындағы қоймаға материалдардың әкелу құны да қосылады; П – машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайдалануға кететін шығындары; Т – көлік шығындары, Кк – қосымша шығындарды есепке ала отыратын коэффициент, оның ішінде әкімшілік-шаруашылық шығындары, өрттен қорғаушылар мен күзет қызметкерлерін ұстауға кететін қаржы, ескірген саймандар мен құралдарды жөндеуге, алмастыруға, материалдар мен құралымдарды пайдалануға кететін т.б. шығындар кіреді.

Машиналар мен механизмдерді пайдалануға кететін шығындар мына формула бойынша есептеледі:

П = Б+ПжналТн

мұндағы Б – машиналарды тасымалдауға, жинақтауға және оларды бөлшектеуге, машиналардың жұмс істеуі үшін қажет уақытша қондырғылар жасауға кететін бірмезгілдегі шығындар (кран жүретін жолдар, электр желілерін тарту және басқалар); Пж – жылдық пайдалану шығындары (механизмдердің амортизациясына бөлінген қаржы және т.б.); Пал – алмасудағы пайдалану шығындары (машиналардыі жұмыс істеуін қамтамасыз ететін машинистердің және басқа да адамдардың еңбегіне төленетін ақы, энегоресурстардың – электр қуатының, отынның, сығымдалған ауаның, жағар май мен сүрту материалдарының құны, күрделі жөндеу және соған ұқсастар, қосымша бөлінген қаржылары барлардың басқа барлық жөндеу түрлеріне кететін шығындар); Тн – процесті орындау кезінде машиналарды пайдалану алмасулардың мөлшерлі саны; Тж – бір жыл ішінде машиналардың жұмыс істеу алмасулардың мөлшерлі саны.

Жұмыстың еңбек сыйымдылығы – жұмыстарға кеткен еңбек шығындарымен сипатталады. Еңбек сыйымдылығы бірлігінің өлшеміне адам-сағат (ад-с) немесе адам-күн (ад-к) алынады. Олар жұмыс өндірісіндегі мөлшерлі жұмыс уақытының шығынын көрсетеді. Жұмыстардың барлық түрлері бойынша жұмыс бірлігінің еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері БМБ-да көрсетілген.

Вариантта – қабылданған машиналар жинағы негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге едәуір дәрежеде әсер етеді. Вариантты жобада алынған машиналар жинағының тиімділігіне үлесті келтірілген шығындар аз болса, солғұрлым тиімді болмақ.

Үлесті келтірілген шығындар:

КүлбнКк

мұндағы Кб - өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге; Ән – күрделі қаржының экономикалық тиімділігінің мөлшерлі коэффициенті (Ән=0,12); Кк – үлесті күрделі қаржы, теңге.

 

 

Өндіріс жұмыстарының мерзімдік жоспары – жалпы құрылыстық арнаулы және құрастыру жұмыстарының реттілігі мен ұзақтығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының нормативті уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының құрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылану деңгейі жобалық құжаттардың қандай мақсаттарға арналғанына байланысты болады.

Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспарды жасау үшін қажет бастапқы мәліметтер қатарына мыналар жатады:

- құрылыстың мөлшерлі ұзақтығы немесе нұсқаулы тапсырма;

- жұмыс сызбалары мен сметалар;

- негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, өндірістік-техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар.

Мерзімдік жоспарлау негізінде жұмыс барысына бақылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үйлестіріп отырылады.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жақтық – есептік (1.1 кесте) және оң жақтық – графикалық. Графикалық бөлімі сызбалы немесе тор көзді болуы мүмкін.

 

Жұ-мыс Жұмыс көлемі Еңбек шығыны, адам-күн Қажетті машиналар Жұмыс ұзақты-ғы, күн Сме-налар саны Смена-дағы жұмысшылар-дың саны Бри-гада құра-мы Жұ-мыс гра-фигі
өлшем бірлігі саны аттары Маш- см саны

 

Жұмыс көлемі - жұмысшы орындары мен сметалар анықталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ-де қабылданған бірлікпен бейнеледі. Егер еңбек сыйымдылығы өнімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар көлемі күн түрінде (смета бойынша) анықталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда – оларға сәйкес келетін өлшемдермен есептеледі.

 

Құрылыстық бас жоспар

Ішінде негізгі құрастыру және жүк көтеретін механизмдердің, құрылыс кезеңінде салынып, пайдаланылатын уақытша үймереттер мен ғимараттардың, жабдықтардың орналастырылуы көрсетілген құрылыс алаңының бас жоспары құрылыстық бас жоспары деп аталады.

Ол құрылыс шаруашылығы объектілерінің құрамын анықтау және оларды орналастыру үшін пайдаланылады. Басжоспарда құрылыс мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етудің жолдары да мұқият қарастырылады. Ол техникалық құжаттардың өте маңызды құрамды бөлігі және алаңды ұйымдастыру мен уақытша құрылыс көлемін реттейтін негізгі құжат болып есептеледі.

Құрылыстық бас жоспар жалпыалаңдық және объектілік болып екі түрге бөлінеді. Объектілік құрылыстық бас жоспар жалпыалаңдық құрылыстық бас жоспарға кіретін барлық салынып жатқан үймереттер мен ғимараттарға арналып, бөлек жасалады. Күрделі үймереттер үшін объектілік құрылыстық бас жоспар түрлі кезеңдерге және жұмыс түрлеріне (жер жұмыстары, жерасты ғимараттарын немесе жерасты бөлігін салу, жабын жұмыстары және басқа) арналып жасалуы мүмкін.

 

 

№28 дәріс