Сурет салудың түрлі жолдары

Кейбір жағдайларда Flash МХ-те жұмыс аймағының Crid (Тор) қасиетін пайдаланған ыңғайлы. Ол үшін жұмыс аймағына барып, тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек және пайда болған контекстік мәзірдің Crid Show Grid (Тор Торды көрсету) командасын орындау керек (17-сурет).

 

 

Сурет 17 Тор қасиеті

 

Пайда болған контекстік мәзірге назар аударыңыз. Пайдаланылған командалардан басқа мұнда тағы екі маңызды команда бар:

1. Scan to Grid (Торға байлау)

Бұл қасиетті іске қосқан кезде сызылатын сызық автоматты түрде ұяшық қабырғалары мен центріне 18 – суретте тартылады. Бұл тік қабырғалы және сүйір бұрышты геометриялық фигураларды сызу кезінде пайдаланылады.

 

 

 

Сурет 18 Торға байлау

 

2. Edit Grid (Торды баптау). Ашылған терезеде баптайды (19-сурет):


Сурет 19 Торды баптау

¾ Color (Түс)- тор түсі. Егер фон және объектінің түстері тор түсімен сәйкес болып қалған жағдайда, оның түсін өзгертуге тура келеді.

¾ Snap accuracy (Байлам түрі). Байлауды ұйымдастырудың бірнеше түрі. Always Snap (Әрқашанда байлаулы) режимін қарастырайық. Мұнда жасалған жол тек ұяшық жақтаумен жүреді.

Properties (Қасиет) палитрасындағы Custom (Берілген) батырмасын басқанда сызықты «қолмен» баптау терезесі шығады (20-сурет).

Сурет 20 Қасиет терезесі

 

¾ Zoom 4x (Масштаб 4х) Сызық терезеде өзінің өлшемінен төрт есе үлкейтіліп көрсетіледі.

¾ Thickness (Қалындық) Айналдырманың басты параметрі. Сызық қалындығы пикселмен өлшенеді.

¾ Type (Сызық типі). Толықтай сызықтың түрлері. Оның келесі түрлері бар:

¾ Solid (Тегіс). Қалыпты жағдайдағы сызық.

¾ Dashed (Пункттік). Бөліктерден құралған сызық.

¾ Dotted (Нүктелік). Нүктелік сызық.

¾ Ragged (Жыртылған).Тәуелсіз бөліктерден құралған сызық.

¾ Stipple (Нүктелік пунктир).Бірнеше нүктелердің орналасуынан құралған сызық.

¾ Hatched (Штрихты). Вертикаль штрихты сызық.

¾ Thickness (Қалындық). Сызық қалыңдығы.

¾ Space (Аралық).Штрихтардың ара-қашықтығы.

¾ Jiggle (Бұрмалану). Бұрмалану күші.

¾ Rotate (Қайталау). Қайталау.

¾ Curve (Қисықтық).Қисықтық

¾ Length (Ұзындық). Ұзындық.

Flash автоматты жасалған анимациялардың қозғалысын бәсендету немесе үдету мүмкіндігін береді. Ол кадрлардың кезектестігіне сәйкес Properties (Қасиет) палитрасындағы Ease (Бәсендету) параметрінің көмегімен жүзеге асады. Ол – 100 ден (бастапқы жылдамдық нөлге тең, соңғы кадрда ол максимальды) 100 ге (бастапқы жылдамдық максимальды, соңында ол нөлге құлайды) дейін өзгертуге мүмкіндік береді.

Автоматты қозғалыс анимациясын, қозғалу кезінде символдың айналуын беруге болады. Сәйкес кадрдың қасиетіндегі Properties (Қасиет) палитрасының Rotate (Айналу) мәзіріне жүгінеміз.

Берілген мәзір келесі айналу нұсқаларын ұсынады :

¾None (Бос). Объект автоматты айналмайды. Баптау қалыпты жағдайда белсенді болады.

¾Auto (Автоматты). Траектория бойымен қозғалып, айналу бағыты және оның жиілігі автоматты түрде жүйеде анықталады.

¾CW сағат тілімен бағыттас айналу.

¾CCW сағат тіліне қарсы айналу.

CW және CCW параметрлері үшін кадрлардың кезектесуі кезіндегі анимация бойына қанша толық айналым жасайтындығын беруге болады. Оны қаралып отырған мәзірдің оң жағындағы times (рет) терезесіне беру керек.