Зін өзі тексеру сұрақтары. 1. Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар

1. Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар.

2. Радиациялық қорғау шаралары

3. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.

4. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері

Дәріс №6. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар

Жалпы сұрақтар

1. Әсері күшті улы заттарға мінездеме.

2. Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.

Әсері күшті улы заттарға мінездеме.Мұндай нысандарға, бірінші кезекте, қорғаныстық, химиялық, мұнай өндейтін, целлюлозза – қағаз өңдіретін кәсіпорындар, тамақ өнеркәсібі және басқа бірқатар салалар жатады. Қатты әсер ететін химиялық заттардеп шаруашылық мақсатында қолданлатын және әртүрлі бұзылған немесе зақымданған технологиялық сыйымдылықтардан, қоймалардан және кұрылғылардың шығуы кезінде адамдардың жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.

Өздерінің зақымдау құрамдарына қарай ҚӘУЗ (қатты әсер ететін улы заттар) бір текті емес.

Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қатты улануы кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі көбіне жиі қолданылады. Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:

ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);

ерекше жалпы уландырушы күші бар заттар (көміртек тотығы, ніл қышқылы және т.б);

тұншықтырушы және жалпы уландырушы күші бар заттар (акрилонитрил, күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, күкіртті ангидрит және т.б.);

нейротропты улар (күкірт көміртегі, тетаэтил-қорғасын, фосфор органикалық қоспасы);

тұншықтырушы және нейротропты күші бар заттар (аммиак, гептил, гидразин және т.б.);

метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.

Химиялық қауіпті кәсіпорындардағы аварияның зақымдаушы факторларының таралу ауқымына қарай мынандай болып бөлінеді:

бір жердің шеңберінен аспайтын (жеке) – егер олар санитарлы-қорғанысты аймақ шекарасынан шықпаған болса;

жергілікті – олар жақын арадағы тұрғындық құрылыстың жекелеген учаскесін қамтиды;

аймақтық – халқы тығыз орналасқан қала, аудан, облыстағы көлемді ауданды алады.

ҚӘУЗ – дің аудан немесе бүкіл елге ғаламдық таралуы екі талай.

Өрт қауіпті заттарды топтастыруға сәйкес жану мүмкіндігінеқарай ҚӘУЗ – ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бөлуге болады. ҚӘУЗ – дің көп мөлшеріоларды өндіретін немесе пайдаланатын кәсіпорындарда болады. Химиялық қауіпті кәсіпорындарда ҚӘУЗ негізгі шикізат, аралық, жанама және соңғы өнім болып, сондай – ақ ерітінді және өңдеу құралы болып табылады. Бұл заттардың қоры сақтау қоймаларында (70 – 80 % дейін), технологиялық аппаратураларда, транспорттық құралдарда (құбырлар, цистерналар және т.б.). Кең таралған ҚӘУЗ – ға хлор мен аммиак жатады. Өндірістің көлемі мен концентрациясы есебінен үлкен шамадағы ҚӘУЗ – дің жиналуы болады, бұл – айтарлықтай ықтимал қауіп төндіреді.

Қауіпті химиялық нысандағы - авария кезіндегі үлкен қауіпті әртүрлі токсинді заттардың төгілуіалып келеді. Авария салдарының ықтималды көлемі ҚХН – ның түріне, ҚӘУЗ – дің түріне, олардың құрамына, мөлшері мен сақтау мерзіміне, авария сипатына, ауарайы және т.б. байланысты болып келеді. Мұңдай авариякезіндегі басты зақымдаушы фактор болып химиялық зақымдану және ондаған километрге жетуі мүмкін аймақ тереңдігі жатады. Авария кезіндегі туындайтын бір ерекшелік уландырушы заттардың жоғарғы концентрациясы кезінде адамдардың қысқа уақыт ішінде зақымдану мүмкіңдігі болып табылады. ҚХН – ға авариялар жарылыстар және өрттермен қатар жүруі мүмкін.

Химиялық авариялардың саны транспорттық оқиғалардың салдарынан көбейіп келеді. Бүгінгі таңда сұйытылған хлордың, тұзды және күкіртті қышқылын темір жол арқылы тасымалдау көлемі артып отыр.

Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді заттармен су көздерінің зақымдалуытудырып отыр. Ағатын канализация суының төгілуі үлкенқауіп тудырады. Олардың улылығы ҚӘУЗ қалдықтарына қарағандаанағұрлым төмен, өздерінің көлемі мен жиілігіне қарай олар үлкен зиян келтіруге қабілетті. Әдетте канализациялық қалдықтар адамдардың қысқа мерзімде зақымдануына алып келмейді, бірақ мутацияны тездетіп жәнеадамның имундық жүйесін әлсіретуге қабілетті.

Адамзат пен қоршаған табиғи ортаға үлкен қауіпті төгілген мұнай мен мұнай өнімдерітөндіреді. Төгілген мұнай өнімдерінің жұқа қабаты одан ауаның өтуіне кедергі жасайды. Егер мұнайөнімдерімен зақымданған қабат көп мөлшерде болса, онда оның астындағы бүкіл тіршілік өлімге душар болады. Сондықтан зақымданған аумақты залалсыздандыру жұмыстарын кешіктірмей жүргізу талап етіледі.

Табиғаттағы экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуын алып келетін өндірістік қалдықтар және басқа да улы заттармен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының қауіпі кем емес.

Химиялық авария– қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.

Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.

Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.

Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.

Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.

Қауіпті химиялық нысан – қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.

Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.