Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация

ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай­маққа кең жайылып кетуі мүмкін.

Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және меди­циналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пай­да болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары – бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.

Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б

Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде деорын алады.

Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

Карантин– зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

Обсервация– оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі

Көшіру, обсервация және карантин.Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық – эпидемологиялық қызмет жүзеге асырады. Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын алу шаралары обсерва­ция кезінде мыналарды қарастырады:

· сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;

· оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;

· зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;

· денсаулық сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшіру кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;

· күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша – санитарлық өндеу жасау.

Обсервация жасау кезінде өткізілетін карантинді белгілеу кезінде шаралар қосымша режимді шаралармен күшейтіледі, оларға жататындар:

· халықтың басқа топтарынан оқшаулау мақсатында халықтың карантинге алынған топтары орналастырылған ауданды қоршауға алу және күзету;

· карантин ауданын азық – түлік тамақтарының белгіленген режимімен, сумен жабдықтау көздерін күшейтуді қамтамасыз ету үшін арнайы коменданттық қызмет құру керек;

· апат болған ауданда жұмыстарын жалғастырып жүрген, шаруашылықпен айналысудың барлық қажетті объектілерін, карантин аймағымен шекаралас жерде қанат жайған жіберу және жеткізіп беру пункттері арқы­лы жабдықтау