Ар көшкінінің екпіні ұрса!

· Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;

· Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;

· Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген жалғыз аяқ жолмен жүру керек;

· Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;

· Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз;

· Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында) таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген жерге бармау керек;

· Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;

· Қар «карниздеріне» шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса, шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;

· Егер қар үйіліп жатса:

· Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек.

· Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;

· Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;

· Тау баурайын ізбе-із кесіп өту

· Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек

Қар көшкіні болған жағдайда:

· Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді

· Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек

· Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.

· Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.

· Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз.

· Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек.

· Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.

Опырылу– ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі. Опырылу (опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.

Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.

Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:

· Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.

· Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.

· Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.

Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:

· Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау

· Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз

· Опырылған тік жардың қасына жоламау

· Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту

· Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.

Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:

· Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау жағынан бастау керек.

· Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу

· Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін ағаштар, бұта, өсімдіктер отырғызу

Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына әкеліп соқтырады

Әр адамның негізгі парызыСел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз.Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.

Су тасқын, сел.Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:

· Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)

· Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)

· Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек. Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:

· алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;

· барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;

· қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған);

· жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;

· жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқыны кезінде:

· үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру,пештегі жанып жатқан отты өшіру;

· үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;

· бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;

· мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

Қар көшкіні –таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең –Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары). Көшкіннің болу белгілері

· Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;

· Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;

· Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы;

· Жер сілкінісі.