Шаблон көмегімен презентация құру

Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблон түрінде сақталып қойылған. Осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентацияларымызды құруға болады. Ол үшін программаның алғашқы сұхбат терезесінен Презентация шаблоны (Шаблон презентации) операциясын таңдаймыз. Осыдан кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайындары (Дизайны презентации), Презентациялар, Wep парақтар астарлы беттерден тұратын Презентацияны құру (Создать презентации) сұхбат терезесі шығады. Презентациялар дизайындары (Дизайны презентации) комендасын таңдаған терезеде әртүрлі атаулармен сақталынған презентация үлгілерінің тізімі беріледі. Презентация шаблондарын маус көмегімен белгілеген кезімізде, экранға таңдалынған шаблон үлгісі көрінеді. Өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын басамыз. Шаблон арқылы құрылған презентацияға тиісті мәтіндерді, арнайы эффектілерді қосып көркемдейміз.

Бос презентация (Пустую презентацию)

Бос презентация, яғни ешқашан көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекеттері:

Power Point программасын іске қосқанда шыққан алғашқы сұхбат терезеден Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы

Файл – Құру (Файл - Создать) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы:

Стандартты саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.

Слайд белгілеуінің 24 варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажетті слайд үлгісін таңдаймыз.

Презентация слайдтарын қарастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетік Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері

Power Point программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

Слайдтар режимі (Режим слайда)

Құрылымдар режимі (Режим структуры)

Слайдтарды сұрыптау режимі (Режим сортировщика слайдов);

Бетке ескертпе жазу режимі (Режим страниц заметок)

Слайдтарды көрсету режимі (Режим показ слайдов).

Слайдтар режимі (Режим слайда) – презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізуге болады.

Құрылымдық режим (Режим структуры) – презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режимде презентацияға мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай аламыз.

Слайдтарды сұрыптау режимі (Режим сортировщика слайдов) – презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ынғайлы. Нақты слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.

Бетке ескерте жазу режимі (Режим страниц заметок) – презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы жағына орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

Слайдтарды көрсету режимі (Режим показ слайдов) – дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған арлық анимациалық эффектілер экранда көрінеді.

Осы режимдерді іске қосу үшін менюдан Түр (Вид) командасын орындаймыз немесе терезенің төменгі сол жақ бұрышында осы режимдердің батырмасы орналасқан, соларды шерту арқылы көшіруге болады.

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 10

Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.

Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерінқолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

§ Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін

анықтайтын тегтер;

§ Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерінің тегтері.