Білім беру мазмұны түсінігі, мәні

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). (ҚР "Білім туралы" Заңы, 4 тарау, 13-бап).

Арнайы білім берудің мазмұны тарихи сипаты қоғамдағы ғылым мен техниканың және білім беру саясатының бағытымен анықталады.

Арнайы білім беру мазмұның жетілдірудің негізі жолы қазіргі психологикалық және педагогикалық, теориялық және тәжірибелік зерттеулерді тиімді пайдалану. Олар оқушылардын дене және психикалық дамуының зор мүмкіндіктерін, оларды түзетіп, дамытуды жүзеге асырудың жолдарын көрсетеді.

Жалпы білім беру мазмұны - оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде. Ал оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар нақты тарихи және әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталады. Арнайы мектептегі білім мазмұны - арнайы мектептің мақсат-міндеттерімен, сондай-ақ оқушылардын таным әрекет ерекшеліктеріне тәуелді. Арнайы білім мазмұны мектепте берілетін ғылыми білімдер жүйесін қалайды. Баланың болашағы, оның зият дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс - әрекетіне қатынасы көп жағдайда білім беру мазмұнымен анықталады.

Қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алу үшін мекемелерді таңдауға құқылы, сол себепті бұл жерде оқудың әр кезеңінде білім, икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу жағдайларын ескеру қажет. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі қажеттілігі қалыпты тұлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету.

Арнайы білім беру - бұл дамудағы кемістіктің сипатымен, ағза мүшелері мен анализаторлардың сақталуымен кемістіктің пайда болған уақыты және терендігімен, баланың және отбасы өмір сүрудің әлеуметтік-мәдени жағдайларымен анықталатын білімнің көлемі, сапасы және нәтижесің білдіретін терең дараланған арнайы процесс .

Мүмкіндіктері шектеулі баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екеншілік реттегі кемістіктің алдың алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толықтыру қажет. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше қажеттіліктерін толық қанағаттандыру арқылы жүреді.

Мысалы, естімейтін баланың дамуындағы жағымсыз салдарын алдын алу үшін бірқатар жаңа білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету керек, олар:

- қалған есту қабілетін дамыту және қалдық естуін пайдалануға үйрету;

- сөйлеуші адамның сөзін ерін қимылы арқылы сөйлеу тілін қабылдауға үйрету;

- түзетушілк педагогикалық қолдау көрсету арқылы бұрын қалыптасқан сөздік қорын жоғалтауын қадағалау;

- дыбыссыз кеңістікте бағдар алып жүруге үйрету.

Баланың есту, көру, қозғалыс, т.б даму мүмкіндіктерінің шектеулігі сапалы сипатта екенің ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажетсінеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламалын меңгеруімен тоқтамай, жеке өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым-қатынас жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-құлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру және болашақ өмірге деген позитивті көз қарасын қалыптастырады.

Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім беру жағдайлары:

- арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, соның ішінде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары. Арнайы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық – медициналық – педагогтік консультациялар ұсыныстарын ескере отырып айқындалатын психикалық және дене кемістіктерін, сонымен қатар танымдық мүмкіндіктерін ескереді. Ұзақ уақыт бойы емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөсірімдер үшін жалпы білім беретін арнайы түзету оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі;

- әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану арқылы түзетушілік-педагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру;

- толыққанды өмір сүру ушін барабар жағдайларды қамтамасыз ету;

-түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық қолдау көрсетуі;

- психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Балалар кемістіктің деңгейі мен таным мүмкіндіктеріне сәйкес және білім алу үшін арнайы жағдайлардың сапасына тәуелді, білімнің түрлі деңгейлерін менгере алады. Біздің елімізде білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде келесі білім беру деңгейлерін қамтиды:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

- бастауыш білім беру;

- негізгі орта білім беру;

- орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

- орта білімнен кейінгі білім беру;

- жоғары білім беру;

- жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Ал мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар уақытымен түзеу арқылы қолдау көрсетілген жағдайда білім берудің өз дамуына сәйкес деңгейлерін меңгере алады. Кейбір естімейтін, нашар естийтің, көрмейтін, нашар көретін және тірек-қимыл қозғалысында, эмоция-ерік дамуына, сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалар жалпы орта білім беру деңгейін меңгеруге қабілетті және жоғары оқу орнында оқи алады.

Зиятында ауытқушылықтары бар тұлғалар орта білімнің қарапайым денгейін меңгеріп, өмір сүру үшін қажетті еңбекке даярланады. Зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғалар жеке білім беретің оқу бағдарламалары бойынша оқытылады, негізгі міндет оларды әлеуметтік ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыру (өзін күту, қарапайым тұрмыстық икемділіктер).

Сонымен арнайы білім берудің мазмұны тек даму кемістіктеріне ғана емес сонымен қатар білім алушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет.