Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары

«Кемтар бала қалыпты баланың деңгейіне жетуі үшін қазіргі ерекше құралдарды қолданған жөн» (Л.С.Выготский ).

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесінде калыпты балаларды оқытуда пайдаланатын дәстүрлі әдістер жеткіліксіз. Сол себепті арнайы, өзгеше құрал-тәсілдерді пайдалану қажеттілігі өзекті мәселе. Кезкелген оқу пәннің мазмұны көптеген өзгешілігімен сипатталады. Бұл жағдай әр пәнді оқытуда түрлі тәсіл мен кұралдардың ерекше нұсқаларын пайдалануды білдіреді.

Тарихи емдеу мен түрлі түзетуде түрлі өнер құралдарын антикалык заманнан пайдаланған туралы дәректер бар.

Ежелгі Грекияда көркем өнер аркылы адам тұлғасына әсер етудің тиімді кұралы ретінде қарастырылған. Әдемі әсем заттарға, сүреттерге қарау адам бойында тек жақсы қасиеттерді қалыптастырады деген ойды білдірген. Атақгы грек философтары Пифагор (ҮІ ғ. б. э.д.), Аристотель, Платон (ІҮ ғ. б.э.д.) ән күйдің емдік күшіне аса көп көңіл бөлген. Музыкалық аспаптар арқылы дене және психикалық ауруларды емдеу туралы көзқарастары еңбектерінде дәлел тапқан. Ән мен бірге би арқылы емдеу тәсілі де пайдаланған.

Музыкалык емдеу әдісі ежелгі Қытай, Үндістан елдерінде кең тараған. Музыкалық ырғақ қытайлық ән күйде пентатоника деп аталады және табиғаттың негізгі бес белгісіне сәйкес: жер, темір, ағаш, от, су. Олар болса адам ағасындағы бес мүшеге сай, көк бауыр, өкпе, бауыр,жүрек, бүйрек. Сол себепті ағзадағы қай мүше ауырса соған сәйкес келетін музыкалық ырғақты пайдалану қажет.

Кейіннен XIX ғасырдың басында француз психиатр дәрегері Жан Этьен Доминик Эскироль психикалық ауруларды емдеу тәжірибесіне ән күйді қосқан.

Арнайы педагогикада шет елдік мамандар Э.Сеген, Ж. Демор, О.Декроли, ресейлік арнайы педагогтар Л.С.Выготский, А.И. Граборов, В.П. Кащенко дамуында кемістігі бар балаларды окыту мен тәрбиелеуде өнер құралдарын пайдалану кажеттілігі туралы ойларын білдірген.

Арнайы педагогика мен психология саласындағы зерттеулер мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағымды әсер етуі туралы нәтижелер көрсетеді.

Зиятында аутқуы бар балалармен жұмыс жасауда ән күйді пайдалану ақыл-ойын, зейін тұрақтығын дамытуға мол мүмкіндік береді (С.М. Миловская, И.В.Евтушенко).

Зиятында аутқуы бар балаларға көркем өнердің әсер етуі (О.В. Гаврилушкина, И.А. Грошенков, О.В. Боровик), мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балаларға (Е.А. Екжанова), тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балаларға (Г.В. Кузнецова), аутистикалық жағдайдағы балалар (О.С.Никольская) сүрет салу сенсорикалық дамуына, ұсақ моторикасына, сөйлеу тіліне, қарым-қатынас дамуы арқылы жүзеге асады.

Естуінде ауытқуы бар балалардың таным процестерін дамыту үшін көркем өнердің мүмкіндіктер ашады (М.Ю. Рау, Е.А. Сошина).

Ән тындау. ән-күй ырғақ сабақтардың естуінде ауытқуы бар балалардың есту арқылы қабылдауын дамытады (Е.З. Яхнина).

Қазіргі уақытта арнайы педагогикада оқыту құралдары арнайы білім беруде бекітілген принциптерге нақты сәйкес келуі талап. Сондықтан, әр оқыту тәсіл мен кұралдын тиімділігі оқушыға қол жетерлік болуы мен таным және жас ерекшеліктерін ескеру көрсеткіштерімен анықталады. Арнайы педагог оқытуда қандай құралды пайдалану қажеттілігін оқу материалдын мазмұны, оқушылардын білім денгейі мен даму мүмкіндіктері арқылы біледі.

Білімді оқушыларға жеткізудің негізгі құралы мұғалімнің сөзі. Сол себепті, айтылған сөздердін бәрі оқушыларға толық түсінікті болуы тиіс. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың сөйлеу тіліне ерекше талаптар қойылады. Сөйлеу тілі анық, түсінікті, дыбыс айтуы дұрыс, кемшіліксіз болуы қажет және оқушылардың сөйлеу тілін белсендіру үшін тиімді әрекет жасай білуі арнайы педагог үшін аса маңызды талаптардың бірі.

Арнайы білім беруде мұғалімнің сөйлеу тілінен басқа да түрлері пайдаланылады, мысалы, естуінде ауытқуы бар балаларды оқытуда қажетті дактильді сөйлеу тілі мен жест арқылы сөйлеу.

Дактильді сөйлеу қол саусақтары бейнелейтің әріптер (дактилема) арқылы қарым қатынас. Әр дактилема сөйлеу тілінің біртұтас бірліктерді білдіреді - сөз, сөлемше т..б. олар қарым-катынас қүрал қызметін аткарады. Ести және көре алмайтын тұлғалар мен қарым катынас жасауда , аталмыш тұлға сөйлеп тұрған тұлғаның қолына өз қолын қойып тактильді сезім арқылы мәліметті оқып меңгереді.

Жест арқылы сөйлесу жүйесінің құрамы күрделі келеді. Бұл жүйе екі түрін ажыратады: сөйлесу және калькалық яғни басқа тілдің үлгісімен сөз жасау. Жест арқылы сөйлесу ресми түрде пайдаланбайды, тек қарым-қатынас құралы ретінде жүреді. Калькалық жест сөйлеуінде әр жест бір сөзді білдіреді, ал сөйлемдегі сөз реті қалыпты сөйлем құрамы сияқты.

Естуінде аутқуы бар тұлғаларға ақпарат жеткізудің тағы да бір құралы - ауызша сөйлеу тілін көру арқылы қабылдау, арнайы әдебиеттерде еріннен оқу деп айтылады. Бұл қосымша құрал нашар естийтін тұлғаларға есту арқылы қабылдауын жеңілдетеді, ал естімейтін тұлғар үшін зақымдалған есту қабілеттің орнын толықтыру қызметін атқарыды.

Кейбір ауыр жағдайларда ииктографиялық жазу да пайдаланады, әсіресе тірек-қимыл-қозғалысындағы терең кемістіктермен қатар сөйлеу тілінде ауытқушылықтар болған кезде (Блисс жүйесі сияқты).

Сонымен арнайы оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсіл жүйесін пайдалану қажет.