Бөлімнің инвестициялық жоспарлау секторының жобаларды жоспарлау, қарау және іріктеуге арналған кешенді тәсілі

Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.

Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:

Ø аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;

Ø бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады; басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі;

Ø аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .

Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан, экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық-әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет. Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.

Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестік-тердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады.

Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:

ü кәсіпорын - аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.

ü облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принципі мен экономикалық есептердің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.

ü жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты.

Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін-өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.

Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады. Жоспар алдындағы зертеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерін анықтау болып табылады.

Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнiмдiлiгi төмендеп, жұмыс күшiнiң сапасы кемидi; қоғамда әлеуметтiк тұрақсыздық пен қарама - қайшылық артады. Әлеуметтiк саясат әр елде әр түрлi әдiспен қалыптасады. Әлеуметтiк саясат қоғамның әрбiр мүшесiне заңды түрде анықталып бекiтiлген тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн табыс көлемiн алу туралы кепiлдiк бередi. Бұл жерде әлеуметтiк әдiлеттiк принципi iске асады. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбiр мүшесiне өз мүмкiншiлiгiн толық iске асырып, табыс табуына жағдай жасауға мiндеттi болады. Әлеуметтiк саясаттың нәтижелiк көрсеткiштерiн халықтың өмiр сүру деңгейi сипаттайды. Халықаралық жiктеу әдiсiне сәйкес тұрмыс деңгейiн өлшеп – сипаттайтын көрсеткiштер құрамасы мынандай: жиынтық ұлттық өнiмдегi (ЖҰӨ) тұтыну қорының үлесi; Ұлттық табыстың жалпы көлемi және халық санына бөлiнiп есептелген деңгейi; азық – түлiк пен өндiрiс өнiмдерi бойынша анықталған нақты тұтыну үлгiсi (стандартты); еңбек жағдайы және еңбекпен қамту деңгейi; денсаулық сақтау және бiлiм беру саласының жағдайы; әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру салаларының даму деңгейi; тұрғындардың орташа өмiр сүру ұзақтығы; тұрғын үймен және тұрмыс қызметтерiмен қамсыздандыру деңгейi; коммуникацияның (көлiк, жол, байланыс т.б.) дамуы; экология және адамның өмiр сүру ортасының жағдайы және басқалар. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты – қоғамның әлеуметтiк экономикалық өмiр сүру жағдайын реттеудiң бiр бағыты. Ол елдегi жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екi жақты қызмет атқарады. Бiр жағынан, әлеуметтiк саясатта тiкелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрiнiс алады, өйткенi экономикалық iс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екiншi жағынан, әлеуметтiк саясат экономикалық өсудiң факторы болып келедi