Пародонт ауруларының жүйесі

I. Қызылиектің қабынуы – воспаление десны–гингивит. Көбінесе қызылиекте жергілікті және жалпылай қолайсыз ықпалдардың әсерінен туындайтын және тіс-қызылиек бекімінің бұзылуынсыз дамитын қабынбалық үрдіс.

Түрлері: катаральды, өсе (гипертрофияланып) және жаралана қабыну.

Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орта, ауыр.

Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі, ремиссиялануы.

Таралуы: шектеулі, жайылған.

II. Пародонттың қабынуы – воспаление тканей пародонта – пародонтит. Парадонттың сүйек және жұмсақ тінді құрылымдарының үдемелі бұзылысқа ұшырауымен сипатталатын ауруы.

Ауырлығы: жеңіл (пародонтальдық қалтаның тереңдігі 4мм дейін), орташа (пародонтальдық қалтаның тереңдігі 4-6мм), ауыр (пародонтальдық қалтаның тереңдігі 6мм терең).

Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі (сонымен қатар абсцестенуі), ремиссиялануы (фаза ремиссии), тұрақтануы (фаза стабилизации).

Таралуы: шектеулі, жайылған.

III. Пардонтоз – пародонтоз. Пародонт тіндерінің дистрофиялануымен (семуімен) сипатталатын ауруы.

Ауырлығы: жеңіл, орта, ауыр.

Ағымы: созылмалы, ремиссиялануы.

Таралуы: жайылған.

IV. Пардонт тіндерінің (олардың ішінде сүйек тінінің) үдемелі ыдырауға (лизиске) ұшырауымен сипатталатын идиопатиялық аурулары: Папийон-Лефевр синдромы (кератодермия), Хенд-Крисчен-Шюллер ауруы (созылмалы ксантоматоз), Летерер-Зиве ауруы (жедел ксантоматоз), Таратынов ауруы (эозинофильді гранулема). Бұл аурулардың барлығын «Х» гистиоцитоздар қатарына жатқызады

V. Пародонтомалар – пародонттағы ісіктер және ісікке ұқсас аурулар (қызылиек фиброматозы, пародонтальдық киста, эпулис, эозинофильді гранулема және б.).

Ағымы: созылмалы.

Таралуы: шектеулі (ошақты), жайылған.

Ескерте кететін жай, Ресей стоматология Академиясының пародонтология секциясы Президиумының 2001 жылы ұсынған пародонт ауруларының жүйесін де тиімді жүйе деп санауға болады. Бұл жүйе жоғарыда келтірілген жүйеге негізделген және аздаған ғана өзгерістер енгізілген.

Бұл өзгерістер қызылиек қабынуының ауырлық дәрежелерін көрсетудің қажеттігі жоқ екенін, тек қызылиектің өсе қабынуы кезінде жұмсақ тіндердің тіс сауытының ұзындығының 1/3 дейін, ½ және ½ жоғары немесе төмен өскендігін көрсетуді және қабынудың домбыққан, фиброзды түрлерін ажыратуды қарастырады.

Пародонтоздың ағымы тек созылмалы болады деп бағалап, ремиссиялану сатысын ажыратпайды, патологиялық үрдістің ауырлығын тіс түбірінің ашылу деңгейіне байланысты анықтауды ұсынады: аурудың жеңіл сатысы – тіс түбірі 4 мм ашылған, орташа сатысы – 4-6 мм, ал ауыр сатысы – 6 мм көбірек ашылған.

Соңғы жылдары шетел авторлары (Lisqarten, 1986 Watanabe, 1991) ұсынған пародонт қабынуының жүйелері де болашақ стоматологтарды қызықтыруы тиіс. Олар төмендегідей:

I. Пародонттың препубертаттық қабынуы (7-11 жас)- препубертатный пародонтит (7 – 11 лет):

· шектелген түрі (локадизованная форма);

· жайылған түрі (генерализованная форма).

II. Жасөспірімдер пародонтының қабынуы (11-21 жас)-

ювенильный пародонтит (11-21год):

· шектелген түрі (локализованная форма -ЛЮП);

· жайылған түрі (генерализованная форма –ГЮП).

III. Ересектер пародонтының жеделағымды қабынуы (35 жасқа дейін)-быстротекущий пародонтит взрослых (до 35 лет):

· анамнезінде жасөспірім кезінде пародонттың жеделағымды қабынуы орын алған;

· анамнезінде жасөспірім кезінде пародонттың жеделағымды қабынуы болмаған.

IY. Ересек адамдар пародонтының қабынуы (жастары шектелмеген).

 

Ызылиек қабынуы

Қызылиек қабынуы балалар, жас өспірімдер және жасы 30-дан аспаған жастар арасында жиі кездеседі, көбінесе жергілікті және жалпылай ықпал ететін факторлар әсерінен дамиды. Жалпылай әсер етуші ықпалдар қатарына организмнің реактивтілігін төмендететін әртүрлі жүйелер мен жеке ағзалардың (эндокриндік, жүрек-тамыр, ас қорыту, бөлу жолдары, қан құру, жүйке жүйелері) қызметтерінің бұзылуын, витаминдер жетіспеушілігін, аллергиялық және жұқпалы ауруларды, жүктілік токсикозын жатқызуға болады.

Жергілікті ықпалдар тобын құраушы және пародонт тіндеріне, соның ішінде қызылиекке тікелей әсер етуші факторлар: ауыз іші гигиенасын дұрыс сақтамау нәтижесінде микроорганизмнің көбейіп, патогендік қасиеттерінің жоғарылауы, тіс қақтары (микробты қақ) мен шөгінділерінің құрылуы, тіс-жақ сүйек жүйесінің ауытқулары, дұрыс қойылмаған пломбылар, емделмеген тісжегі қуыстары, қозғалмалы сүт тістер, ортопедиялық және ортондонтиялық құрылғылар, химиялық препараттар, иондаушы радиация.